Рецепт құрылымы және рецепт жазу қағидалары Рецепт (Receptum)



бет1/4
Дата04.12.2023
өлшемі28.93 Kb.
#485413
  1   2   3   4
Рецепт құрылымы және рецепт жазу қағидалары


  1. Рецепт құрылымы және рецепт жазу қағидалары

  • Рецепт (Receptum) – Рецепт-бұл науқасқа қолдану тәсілдері көрсетілген дәрі-дәрмек босату және жасалу жайында дәріханаға дәрігер тағайындаған пішін бойынша жасалған жазбаша өтініш қағазы.Рецепт арнайы бланкта жазылады.Рецепт жүйелі 9 бөліктен тұрады.


  • Рецепт құрылымы. Рецептіде қолданылатын көмекші сөздер,үстеулер,есімдіктер.



  1. Inscriptio I-емдеу мекемесінің аталымы (мөрі) және коды.

  2. Inscriptio II –рецепт жазудың мерзімі (күні,айы,жылы).

  3. Nomen aegroti- науқастың аты-жөні.

  4. Nomen medici- дәрігердің аты-жөні.

  5. Invocatio- дәрігердің Recipe (ал) сөзімен дәріханаға жолдаған жазбаша ұйғарымы.

  6. Designatio materiarum- рецептуралық жазылым, дәрі дәрмектің аты, берілу саны. Бұл рецептің негізгілігі және латын тілінде жазылады.

  7. Subscriptio-дәрілік пішіндердің атауы (май,ұнтақ және т.б.) немесе фармацевтке басқа тапсырманың берілуі.

  8. Signatura- белгілеу, яғни ауруға түсінікті тілде дәріні қалай қабылдау туралы нұсқау.

  9. Nomen medici-дәрігердің мөрмен куәландырылған қолы.

Осы міндетті жазылатын 9 бөліктің ішінен 5,6 және 7-бөліктер және 8-бөліктің алғашқы сөзі латын тілінде жазылады.

Рецептің латын тіліндегі бөлігін жазу ережелері
6-бөлік – дәрілік заттардың белгісі және олардың саны (жазбаша) -рецептің латын бөлігі Rр.: (Recipe:-Ал) міндетті шартты қысқартумен басталады.Бұл «recipere-алу» (осы етістіктен шыққан «receptum» — сөзбе-сөз «алынған» деп аударылады) етістігінің бұйрық рай тұлғасы.Кейін дәрі-дәрмектің жасалуына қажетті дәрілік заттардың аты және олардың саны көрсетіледі.
Рецепт жазғанда белгілі келесі талаптарды, ережелерді орындау керек:
а) Әр заттың аты жаңа жолдан және бас әріппен жазылады.Дәрілік заттар, құралдар, және өсімдіктер атаулары бас әріппен жолдың ортасында жазылады. Оң жағынан саны белгіленеді.
Мысалы: Recipe: Tincturae Valerianаe 10 ml
Tincturae Convallariae 15 ml
б) Әр заттың аты ілік септігінде тұрады (Genetivus),өйткені ол грамматика жағынан мөлшердің (саны ) белгілеуіне байланысты. Мөлшерді белгілейтін қалыптасқан сөз табыс септікте (Accussativus) тұрады ,яғни ол recipe – ал етістіктің тура толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:
Ал (нені ?) үш тамшыны (табыс с. көпше т.) (ненің?)
Жалбыз майының (ілік септік.)

Recipe: Olei Menthae guttas III ( olei – ілік септігі , 2-септеу .).
Қатты және сусымалы заттар граммен көрсетіліп , араб сандарымен жазылады, ал сұйық заттар миллилитр (араб санымен), тамшылармен (рим санымен) белгіленеді. Мысалы:
Ал (нені ?) 10 миллилитрді (ненің ?) інжугүл тұндырмасының.
Recipe: Tincturae Convallariae 10 ml.
в) Егер екі немесе бірнеше дәрілік заттар бірдей мөлшерде жазылып берсе, санын тек бір рет қана көрсетеді-соңғы зат атауынан кейін, бірақ санның алдында шартты қысқарту аа (ana – бірдей) жазылады ;
г) Граммдар және оның бөлшектері араб санымен ондық бөлшектер түрінде белгіленеді; мысалы : 3,0 ; 0,3 ; 0,03 және т.б; тамшылар рим санымен , олар «тамшы» (табыс септікте ) деген сөзден кейін тұрады : guttas I, guttas II, guttas III және т.б.
д)Іс- әрекет, белсенділіктің биологиялық өлшемінде (қысқ ЕД ) дозаланған дәрілік заттарды жазғанда сандары ондық, жүздік, мыңдық, миллиондық араб санымен белгіленеді.
Мысалы:
Recipe: Phenoxymethylpenicilini ( ілік с. 2-септеу.)
100000 ЕД.
е) Дайын дәрілік заттардың (таблеткалар, балауыздар) мөлшері стандарттық болып келсе көрсетілмеуі мүмкін. Бірақ рецепте дәрілік пішіннің аты көпше түрінің табыс септігінде (Acc.Pl )тұрады.
Мысалы: Ал (нені?) «Пентальгин» таблеткаларды 20 санымен.
Recipe: Tabulettas «Pentalginum» numero 20
Осыған ұқсас мөлшері көрсетілген бір ингредиентпен таблеткалар жазылуы мүмкін.
Ал: Бромкамфора таблеткаларды 0,25 20 санымен .
Recipe: Tabulettas Bromcamphorae 0,25 numero 20.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет