Реферат №2 «Азық-түлік өнімдері өндірісінің жабдықтары»



бет1/4
Дата29.04.2024
өлшемі1.48 Mb.
#500077
түріРеферат
  1   2   3   4
Жамиева Ш рк2 (1)


Қазақстан республикасы ауыршаруашылығы министрлігі

КЕАҚ « Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті»


«Зооинженерия және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі»факультеті


«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы






Реферат №2
«Азық-түлік өнімдері өндірісінің жабдықтары» пәнінен
Тақырыбы:РЗ-ФУВ үздіксіз жұмыс істейтін ірі қара малдың ұшасынан теріні сыпыруға арналған қондырғы
Орындаған:Жамиева Ш
ТПП-21-09 тобы
Қабылдаған:Тәжен Қ.П
Алматы2023жыл

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.............................................................................................4
1.11Малды сою жәнеұшаны бөлу цехы.......................................................................6
1.2 .Жансыздандыру.................................................................8
1.3.Есеңгірету.............................................................................9
1.4 Ауыл шаруашалығындағы ет өндіру үлесі.........................10
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ.....................................11

КІРІСПЕ

Адам қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы зор. Ет құрамында экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты организмге қажетті заттар болады. Адам организімінің өсуі мен қалыпты өмір сүруі үшін құнды белоктар өте қажет. Экстрактивті заттар еттен әзірленген тағамдарға ас қорыту сөлдерінің айтарлықтай бөлінуі және астың жақсы қорытылуы үшін дәм мен хош иіс береді.Біздің елімізде халық қажетін өтеуге және ет өндіруді арттыруға баса назар аударылады. Республикамыздың фермалары мен шағын мал шаруашылығында және құс фабрикаларында жоғары сапалы ет өндіруді шұғыл арттыруға қажетті жағдайлар жеткілікті. Көптеген шаруашылықта мал мен құстың жоғары өнімді тұқымдары, оларды жайып семіртетін едәуір мол жайылым бар. Бірсыпыра шаруашылықтарда бордақылау алаңы салынған. Онда ересек малдар бордақыланады. Біраз шаруашылықтарда мал шаруашылығы өнеркәсіптік комплексінің құрылысы аяқталуға жақын. Алайда республикада ет өндіруді арыттыру жөнінде біраз табыстарға қол жеткенмен, халықтың бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық қанағаттандырылмай отыр. Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет өндіру бірдей жолға қойылмаған. Фермалар мен шағын мал шаруашылықтардың мал мамандары малды өз төлі есебінен өсіру, арзан жайылым шөбін пайдалана отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану, мал бордақылау және т. б. маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән бермей келеді.Мал етін өндіруді күрт арттыру үшін мал мен құстың тірідей салмағын және олардың қондылығын көтеру шарт. Ол үшін ең алдымен малды күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды үстеп азықтандыра отырып, жайып семіртуді ұйымдастыру қажет. Төлді, ересек малды және құсты өнеркәсіптік негізде қарқынды түрде бордақылау, өнімі төмен сиырларды етті тұқымдардың жоғары өнімді бұқаларымен өнеркәсіптік будандастыруды істе қолдану керек. Сонымен бірге табындардағы селекциялық жұмыстарға шаруашылықтың барлық резервтерін пайдалана білу қажет.Ет өндіруді арыттыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат тәжірбие жетістіктерін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың ғылыми зерттеу мекемелері соңғы жылдарда мал мен құстың еттілігін арттыру жөнінде бірсыпыра тиімді әдістерді зерттеді. Осы әдістерді өндіріске енгізу белгіленген жоспарды орындауға және халықтың етке деген қажетін өтеуге мүмкіндік береді. Ет өндіруде және оны сатып алуда республика бойынша сиыр еті мен қой етінің үлес салмағы-85%, ал қалған 15% шошқа етінің, жылқы еті мен құс етіне тиеді. Бірақ республкамыздың кейбір облыстарында (Алматы, Жамбыл, Шымкент, Атырау) қой етінің үлес салмағы 55%-тен сәл ақ асады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет