2.2.Малды есеңгірету әдістері
Қазіргі кезде малды есеңгіретудің әр түрлі жолдары бар:электр тогымен, механикалық жолмен, газ қоспасымен және басқа да химиялық заттар арқылы. Біздің елімізде ең кең тараған әдіс малды электр тоғы күшімен есеңгірету болып табылады.Ол электр тогын мал организмі арқылы өткізіп, электр наркозын туғызу,есеңгірету негізінен 3-5 минутқа созылады.
Ірі қараны электр тогымен есеңгірету. Электр тоғымен есеңгіретудің әсерінен қан тамырлары сергектендіріліп, қанның толық шығуына жағдай туғызылады. Ет комбинаттарында ірі қараны электр тоғымен есеңгіретудің үш түрі бар. Есеңгірету бокс деп аталатын арнаулы төбесі ашық бөлмеде жүргізіледі. Ол сою цехының мал кірер жеріне орналастырылады. Бокстың ұзындығы 240 см, ені 65-90 см, артқы қабырғасы және бір қабырғасы ашылады. Малды боксқа кіргізген соң оны есеңгіретіп, бокстың бір жағы көтеріледі де ашылған қабырға арқылы мал жерге құлайды. Бокс негізінен екі сиырға арналған, алдымен соңғы, сонан соң бірінші мал есеңгіретіледі
Ірі қараны механикалық жолмен есеңгірету.Малды механикалық есеңгірету үшін ағаш балға, істік (қанжар), пневматикалық, арнаулы пистолеттер қолданылады. Есеңгірету кезінде бас сүйектері бұзылмауы тиіс. Механикалық есеңгіретудің электр тоғымен есеңгіретумен салыстырғанда біршама артықшылығы бар. Атап айтқанда, сүйектің сынуы, мүшелер мен ұлпалардың қанталауы кездеспейді. Еттің сапасы жоғары болады. Бірақ малды бұлай есеңгірету жұмысшылардың жоғары дәрежелі мамандығын қажет етеді және жұмысы ауыр. Механикалық есеңгірету үшін массасы 2,5 кг, сабы 1 м болатын ағаш балға қолданылады. Балғамен байлаулы тұрған малдың мандайынан, оң мүйіз бен сол көздің және сол мүйіз бен оң көзді жалғастыратын сызықтардың түйіскен жерінен соғады. Ұру күші дәл болған жағдайда бас сүйек бұзылмайды және мида қанталау болмайды, есеңгірету 2-4,5 минутқа созылады. Ал соғу күшті болса сүйек сынып, миға қан құйылады, оны тағамға пайдалануға жарамайды. Пневматикалық балға пайдаланғанда соғу күші біркелкі болып, миға зақым келмейді.
Пластиналық конвейерде (4. 2-сурет) дәнекерленген рама 9 бар, оның үстіне бір жағында домалау мойынтіректері бар мойынтіректер тіректерінде 8 екі жетекші жұлдызшалары бар жетекші білік 7, ал екінші жағынан бұранда- типті кернеу станциясы 2, оның мойынтіректерінде керме жұлдызшалары бар білік 1 айналады.. Екі тартқыш шынжыр 3 жұлдызшалардың үстіне лақтырылып, металл пластиналармен 12 бірге бекітіледі, нәтижесінде үздіксіз қозғалатын пластина белдігі пайда болады. Жетекші станция электр қозғалтқышынан 4, червякты беріліс қорабынан 5 және шынжырлы жетектен 6 тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |