Реферат Қазақстанда машина жасаудың дамуы



Дата04.11.2022
өлшемі22.06 Kb.
#463984
түріРеферат
Тмо 19-12 Байдулла Ш реферат Тех маш



Реферат
Қазақстанда машина жасаудың дамуы
Жасаған:Байдулла Ш
Тобы:Тмо 19-12

Жоспар:
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
2. Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау
3. Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау
Тау-кен металлургиясы, Темір жол машиналары, Ауыл шаруашылығы машиналары, Электр жабдығы, Автомобиль жасау
5. Саланы дамытудың негізгі проблемалары.Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.

6. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Қажетті ресурстар.
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.
Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған, сонымен қатар қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту және машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 Қаулысы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі ­.Ө. Исекешевке жүктелсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 18-тармағы
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бағдарламаның паспорты.
Атауы: Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама.
Әзірлеуге арналған негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 5-тармағы
Жауапты орындаушы: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Мақсаты: Қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту
Міндеттер: 1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және
жаңа өндірістер құру
2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді
пайдалану
3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және
дамыту
4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті
кадрлармен қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімдері: 2010 — 2014 жылдар
Нысаналы жалпы қосылған құнды 74 %-ға өсіру. Саладағыиндикаторлар еңбек өнімділігін жылына бір адамға 7 592 мың теңгеге дейін ұлғайту. Өндіріс көлемін 588 млрд. теңгеге дейін ұлғайту.

Қаржыландыру: Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының және қаражаты, кәсіпорындардың өз қаражаты, отандықкөлемдері және шетелдік инвестициялар мен республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылады. 2010 — 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет есебінен қаржыландырудың қажетті көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде:
2010 жылы — 439,173 млн. теңге;
2011 жылы — 1 991, 009 млн. теңге;
2012 жылы — көзделіп отырған жоқ;
2013 — 2014 ж.ж. — 2013 — 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде көзделеді.

Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау. Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі; компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр жабдығы өндірісі; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі; өзге де көлік құралдары өндірісі; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.
2008 жылғы ішкі өндіріс көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Экспорт көлемі — 154,5 млрд. теңге, ол өз кезегінде экспорттың жалпы көлемінің 2 % — ын құрайды.
2009 жылдың қорытындылары бойынша 282,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6,8 %-ға төмендеген. Оның ішінде машиналар мен жабдықтар 115,5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61,5 млрд. теңгеге, көлік құралдары 105,5 млрд. теңгеге өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген машиналар мен жабдықтар көлемі құндық көріністе 9,8 %-ға, электр жабдығы — 13,4 %-ға төмендеп, ал көлік құралдары 1,4 %-ға ұлғайған. Машина жасау секторы 2008 жылға дейін барынша жоғары қарқынмен өсті, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шекті. Бұл бірінші кезекте машина жасау өніміне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өніміне сұраныс өсімінің өзекті драйвері мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуі және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы бері тұтынушы сала компаниялары бірінші кезекте операциялық қызметтің тиімділігін сақтай отырып, өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстіне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттік ресурстардың қол жетімділігін төмендетуге әкелді, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсіп өніміне сұраныстың азаюына әкелді.
Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 1990 жылғы 15,9 %-дан 2008 жылы 3,0 %-ға дейін төмендеді, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсіп, 3,2,%-ды құрады
Өңдеуші өнеркәсіптегі машина жасау саласының үлесі 9,5 %-ды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы көлемінде машина жасау өнімін өндірушілері тек 6 %-ды құрайды. Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі — ТжКБ) орындарында (8 біліктілік бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 — Машина жасау мамандығы бойынша) жүргізіледі.
Бүгінгі күні машина жасау саласының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша кадрларға деген қажеттілік осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды.

Қазақстандағы машина жасау өніміне деген қазіргі сұраныс импорт есебінен толықтай қанағаттандырылады, ол ішкі өндіріс пен импорттан 5 еседен астамға артық: 2009 жылы импорт көлемі 1655,7 млрд. теңгені , ал ішкі өндіріс 282,5 млрд. теңгені құрады.
Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресей болып табылады — оның үлесі машина жасау өнімі импортында 19 %-ды және экспортта 31 %-ды құрайды. Ресейден басқа машина жасау өнімінің негізгі импорттаушылары: Германия (11 %), Қытай (11 %), АҚШ (10 %) және Жапония (6 %) болып табылады. Қазақстаннан машина жасау өнімі экспортының негізгі бағыттары Ресейден кейін: Ұлыбритания (экспоттың 15 %-ы), Түркия (13 %), Германия (7 %) және Швейцария (6 %) болып табылады. Импорт құрылымында автомобильдер, станоктар, мұнай-газ, тау-кен шахта және металлургиялық машиналар жасау өнімі, ауыл шаруашылығына арналған тұрмыстық техника мен техника 40 %-дан асады.
Экспорт құрылымында компоненттер, электр техникасы мен электр жабдығы, сондай-ақ автомобильдер басым.
Өндірістің дамушылығы мен бәсекеге қабілетінің көрсеткіші ретінде машина жасау өнімінің сыртқы сауда айналымы саланың экспортқа бағдарланушылығының әлсіздігін көрсетіп отыр. Машина жасау өнімінің импортқа айтарлықтай тәуелділігі де саланың төмен дамығанын көрсетеді.

Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау. Қазақстанда машина жасауды одан әрі дамыту стратегиясын дамыту мен айқындауды объективті талдау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қолда бар мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді нақты айқындау қажет.
Машина жасау өніміне ішкі сұраныс көлемі Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі мен металлургиясы үшін 2008 жылы 145 млрд. теңгені құрады. Сұраныстың елеулі бөлігі машина жасау өнімінің импорты есебінен қанағаттандырылып, ішкі өндіріс көлемі 27 млрд. теңгені құрады (сұраныстың 18 %-ы).
Импорт алмастыруға бағытталған мемлекеттік саясат 2008 жылдары Қазақстан Республикасының өзіндік өндірісінің ішкі сұраныс үлесін өсіруге ынталандырды, ол 2006 жылы 2 есеге дейін өсіп, 16 % құрады (2006 жылы 8 %). Одан әрі мемлекеттік қолдау көрсету және салада ннжинирингтік қызмет пен технологиялар трансфертін дамыту кезінде ішкі өндіріс ішкі сұранысты 2014 жылға қарай 30 %-ға дейін қанағаттандыруы мүмкін
Тау-кен шахталары жабдығы зауыттарының жай-күйіне жүргізілген талдау олардың бірқатары бұрын шығарған номенклатураларды қалпына келтіруге немесе жаңа өндірісті ұйымдастыруға қабілетті екенін көрсетеді.
Тау-кен металлургиясы машиналарын жасауда отандық өнімі ішінде барынша перспективалық салалар: өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығы, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, редукторлар, таспалық конвейерлер, прокат жабдығының ауқымды номенклатурасы, қосалқы бөлшектер өндірісі және т.б. болып табылады.
Қазақстан Республикасында тау-кен және металлургиялық машина жасау өніміне сұраныс көлемі орташа жылдық серпінмен 7 % өседі деп болжанып отыр.
Сегмент өніміне сұраныстың өсуінің негізгі факторлары мыналар болып табылады:
пайдалы қазбалар көлемі мен болат және басқа да қорытпалары көлемінің ұлғаюы;
тау-кен металлургия секторының негізгі қорларын жаңарту қажеттілігі.

Қорытынды 
Машина жасау кешені — шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар шығарумен айқындалады. Машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт бар. Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады. Қазақстанда қазіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс. Өйткені дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні анық. Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударып отырғандықтан, біз үшін, ең алдымен диқандарымыз бен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз ету өте-мөте маңызды. Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасынан өзінің лайықты орнын аламын десе, машина жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгертуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер.

  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009

  • Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур

  • Мендебаев, Т. М. Машина жасау технологиясының негiздерi: [жоғары оқу орындары техн. мамандықтарының студ. арналған оқу құралы] / Т. М. Мендебаев. — Алматы: Эверо, 2005. — 321 б.

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

  • Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет