Реферат Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері»


Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге



бет3/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.87 Mb.
#177214
түріРеферат
1   2   3   4   5

1.3. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге

асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы
Алдыңғы қатардағы батыс елдері әрқашан салық жүйесін сыртқы экономикалық қатынастардың реттеушісі ретінде қолданған, яғни әлемдік нарықта ұлттық корпорацияның бәсекелестігін жоғарылатуын қатамасыз ететін қажетті экономикалық құралдардың жиыны. Сыртқы экономикалық қатынастарды реттеу мақсатында қолданатын алғашқы салықтардың бірі салық бажы мен тарифтер табылады. Бірінші деп алатын түсінік бұл жерде тура тарихи мағынада, яғни ол ежелгі Греция мен Римге әкелетін тауарларға салықтар халықаралық сауда қатынастарының экономикалық реттеуші рөлін атқарады. IV ғасырдың аяғына дейін кедендік баждар мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көзі болып табылады. Алайда, дамушы батыс мемлекеттерде кедендік баждардың фискальды мәні төмендер аетті. АҚШ – та 1798-1791 жылдар аралығында баж сомалары $ 4 млн бағаланды, бірақ ол федералды бюджеттің 99,5% - бөлігін құрады. ХХ ғасыр қарсаңында баж көлемі 229 млн $, яғни мемлекеттік бюджет табысының 41 %-ін құраған. 1986 жылы жиналған баж сомасы 13 млрд $ алайда американ бюджетінің табысы 1,6 %-ке тең болды. 1980 жылдың ортасында баждардың үлес салмағы: Ұлыбританияда – 1,2%; Жапонияда, Германияда-2,5%; Францияда 7,6% -ті құрады. Ал Қазақстанға келсек, 1997 жылда мемлекеттік бюджет табысының кедендік баждың үлес салмағы 2,85%; 98-3,5%; 2000 жылы- 3,15%-ті құраған.

Екі әлемдік соғыс арасында ұлттық нарықты шетелдік тауарлардан шектеу мақсатында тәжірибеде протекциондық баждарды қолдану кең өріс алған. Бұл 1929-1933 жылдардағы «Үлкен депрессиямен» байланысты болды. Батыс мемлекеттерде жоғарғы кеден баждары мен кедендік тарифтерді қолдануға 30-жылдардағы әлемдік экономикалық реакция берді, АҚШ-та (1930ж) сол жылдары бүкіл тарихта болмаған «смута-хаули» заңдарына сәйкес ең жоғары кеден баждары енгізілген. Бұл әлемдік нарықты изоляциялау үшін жасалынды, яғни сыртқы экономикалық байланыстың халықтық жұмысбастылығына теріс әсер етуінен ақша айналымының тұрақтануына және ұлттық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау. Бұл заң кризистен шығуға қамтамасыз етуімен «Үлкен депрессия».

Алайда ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе, соғыстан кейінгі кезеңнің сыртқы сауда және к-се экспорты арқылы ұлттық экономиканың дамуының әсерінен АҚШ-та Батыс Европа елдерінде, Жапонияда сыртқы сауда қатынастарын дамыту жолында кедендік және салықтық барьерлерді толық немесе жартыдай жою қажеттілігін сезді, сонымен қатар бұл қызмет сферасында еркін құқықты шектеу және айқындалған халықтық сенімділік жүйесін жасау.

1948 жылы «Сауда мен тарифтер бойынша бас келісім» (ГАТТ) заңы күшіне енді. Бастапқыда ол уақытша сипатта болып және екі жақты келіссөздер арасында мүше болған елдер бір-біріне тарифтік жеңілдіктер және олардың өзара саудасын либерализациялау үшін ұйымдастырылған. (ГАТТ) СТБК 50 жыл бойы халықтық сауда механизмін реттеуші жалғыз жалпымен қабылданған көп жақты келісім болып келді.

Осы кезең аралығында көптеген елдер үшін халыққа экономикалық қатынастарды прогрессивті интеграциясына және «экономиканың ашықтығына» байланысты жоғарғы дәрежеге көтерілді. Ол Қытайдың сыртқы саудасының экономикасының өсуіне күшті двигателіне айналды, сонымен қатар осыған байланысты Қытайды әлемдегі елдердің ішінен жоғарғы өсу темпіндегі елдерге айналды. Ұлыбритания ХІХ ғасырдың ортасында еркін халыққа сауданы қолдау іс-әрекеті оның индустриализацияларуын және дамытуға ынталандырушы құрал ретінде маңызды мәнге әкелді. Салыстырмалы түрде ашық және жаңа саясатын жүргізген елдерге қарағында жай дамушы елдерді зеттеу көрсеткендей: өзінің ұлттық салаларын қорғауда импорттық шектеулерді қолдануы нәтижесінде, өсу темпінің байлылығына қанағат тұтады.

1998 жылы Европалық қауым шеңберінде 6 елдер кеден одағын құрды, онда бірыңғай кедендік тарифтік жүйе қалыптасып, ол елдерде өзара кеден баждары алынбаған. Бұл одақ тек 1995 жылы ғана тоқтатылды. Осы уақыттан соң Европаық қауым, Европалық одақ деп аталынып, оған 15 мүше елдер кірді. Қазіргі уақытта кеден баждары тек қана басқа мемлекеттермен бәсекелестікте экономиканы қорғау мақсатында жұмыс істейді. Мемлекет табыс алу үшін тағайындалған қаржылық баж бұл елдерде жүзеге асырылмайды.

Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (БСҰ) – ГАТТ-ың мұрагері (1995 жылдың қаңтарында құрылған).

БСҰ өзара ұтымды достастықтағы елдер үшін жағдайдың қалыптасуын және тәртібін жүзеге асыратын негізгі құралдардың бірі болып табылады.

БСҰ мүшелері болып жалпы әлемдік сауда көлемінің 90%-ін құрайтын 170 мемлекет кіреді. Бұл осы ұйымға қажеттілігі негізінен масштабтылығына байланысты деп айтуға болады.

Қазіргі уақытта импорттық кеденді баждардың іс-әрекеті әр ел бойынша ерекшеленеді.

Экономиканың бәсекелестік деңгей қабілеттілігі төмен елдерде енгізілген баж деңгейң жоғары, ал ұлттық өндіріс шығындары салыстырмалы түрде жоғары, сапасы әлемдік деңгеймен салыстырғанда төмен экономиканы дамыған елдерде өнеркәсіптік тауарлар үшін импорттық баждар жоғары.

Бұл келесі мәліметтерден көрінеді. (1-кесте)

1998 жылғы елдер кескініндегі импортты кедендік баждар (% есебінен) дамушы елдердегі енгізілген баждар бәсекелестігі дамыған экономикалық елдерден өнеркәсібін қорғау үшін бекітілген.

Шикізат және энерготасымалдаудың кейбір түрлері өндірістің көптеген өнімдерінің ақырғы материалы болып табылады. Мысалы, мұнайды өңдеуде, бензин, жағанмай, мазут, тағы басқа өнімдер алынады. Мұнай синтетикалық жіптер және пластмассалар өндірісінде ақырғы материал болып табылады. Бұл өнімдер, яғни шикі мұнай импорттың объектісі болып табылады.

Экономикалық дамушы елдерде шикізатты және энерготасымалдағышты импорттауды бажсыз немесе минималды баждарды қолданып жүзеге асырылатын негізгі импортерлері болып табылады. Өнімді импорттауда баждар ставкалары жоғарылайды, ол шикізатты өңдеу дәрежесіне пропорционалды өседі: яғни әрбір келесі сатыда өнімді өңдеуде баждардың жоғарғы ставкаларын белгілейді, бұндай тарифтік жүйенің құрылуын тарифтік эскалация деп атайды.

Отандық өндірушінің қорғау қажеттілігі (ЕС) елдер нарығын, жалпы ауыл шаруашылық саясатын жүргізуге негіз болды. Ішкі және импорттық бағалар арасындағы айырманы өтеу (жабудың) базалық құралдары болып отыр. Кеденді баждар және компенсациондық төлемдер табылады, сонымен қатар Европадан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушыларға компенсациалық төлем. Мысалы, Финляндияда отандық кәсіпорындарды қорғау туралы басқа елдермен салыстырғанда жоғары. Жапонияда қатаң жүйе қалыптасқан. Жапонияның ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға шектеулі ресурстарының болуына қарамастан, ауыл шаруашылық өнімдерін импорттайтын елдердің бірі болып, отандық аграрлы секторды қорғауға болатын, соның ішінде, импорттық квотаны, тарифті, импортқа салықты орнату арқылы кеңінен кешенді шаралар өткізуде.

Импорттық азық-түлік тауарларына жоғары баждарды бекіту арқылы мемлекет ішкі азық-түлік нарығын қолдап отырды, ондағы баға әлемдік нарықтағы бағадан біршама жоғары. Жапонияда тек майлы және фуражды бидайға ғана еркін енгізіледі.

1992 жылдан бастап Қазақстанның сауда қызметін либерализациялау саясатын қолданды, яғни тарифтік емес шектеулерді алып тастау ішкі асудадағы монополиялық құрылымды жою, соның ішінде стратегиялық негізгі ресурстарды экспорттаумен айналысатын мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары. Қазіргі кезде республиканың барлық шаруашылық субъектілеріне өздерінің сыртқы нарыққа шығу құқығын берген Қазақстанда либерализациялау процесі келесідей жағдайлармен болатын;



  • экспорттық тауарларға квоталарды, алып тастау;

  • лицензияланатын өнімнен тізімін қысқарту;

  • барлық тауар түріне экспорттық бажды алып тастау;

  • тәжірибеден кедендік және салықтық жеңілдіктерді алып тастау;

  • дамыған және дамушы елдерге преференция нұсқасын қолдану, яғни импорттық кедендік баждарды төлеуден толық немесе жартылай босатуды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасында кедендік істің қағидаларын кедендік кодекс бекітеді, ол бойынша Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттарының бөлігі болатын біртұтас кедендік саясатты жүзеге асырады. Кедендік саясат мемлекеттік биліктің орталық органдарын жүргізуге бағытталған.

Республиканың кеден саясатының мақсаттары болып:



  1. Қазақстанның нарығын қорғау;

  2. Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау

  3. Экономиканың дамуын ынталандыру

  4. Экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге көмектесу

  5. Бәсекелестікті қолдау және монополияны шектеу

  6. Экспортты ынталандыру және импорт алмастыратын өндірістік қолдау;

  7. Шетел инвестицияларын тарту;

  8. Сауда саясатының міндеттерін шешу;

  9. Мемлекеттік билік орталық органдары белгілеген басқа да мақсаттар.

Халықаралық экономикалық интеграциясын дамыту және нығайту жағдайында Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттер мен кедендік одағын, еркін сауда зонасын құрады, халықаралық құқық нормасына сәйкес кедендік мәселелер бойынша келіссөздерге отырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі кедендік іске жалпы басшылық етсе, ал тікелей басшылықты республиканың орталық кедендік органы жүзеге асырады. 1997 жылдың 14-қаңтарында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кедендік комитеті туралы» қаулыға сәйкес мемлекеттік кедендік комитет Қазақстан Роеспубликасының біртұтас кедендік органдар жүйесін басқаратын, сонымен қатар тікелей кедендік іске басшылық ететін орталық атқарушы орган. 1999 жылдан Кедендік Комитет Мемлекеттік кіріс министрлігінің қараауында, ол мемлекеттік бюджеттің кіріс жағының (бөлігінің) қалыптасуына бақылау жасайды.

Қазақстан Мемлекеттік Кедендік Комитеті кедендік төлемдерді алу тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік декларацияға сәйкес кедендік бақылауға ұсынылған тауарларға төлемдердің төлемін тексереді.


  1. Тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм.




    1. Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді салу тәртібімен шарты.

Кедендік бюджеттің өлшемін есептеуде айқындалған кедендік тарифтер бойынша (кедендік ставкалары) қойылады. Кедендік ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды, олар әдетте тауардың ТНБЭД бойынша кодына және тауарды шығарушы елге байланысты дифференцияланады. Кедендік баждың базалық ставкалары Қазақстанның сауда – саяси қатынастарында болған мемлекеттерге тауарды импоттауда қолайлы жағдай режимін ұсынады. дамушы елдерден әкілінген тауарлары үшін кедендік баждарға преперенциялды ставкалар қолданылды. Қазіргі кезде олар базалық ставка мөлшерінің 75 % шегінде анықталатын.

Дамыған елдердің ТМД елдерінен шыққан тауарлар үшін кедендік баждарға нөлдік ставка қалды.

Егер Қазақстан Республикасы қолайлы жағдай режимін бермеген елдерге және тауарды шығарушы ел белгісіз болған жағдайда кедендік баждарға максималды ставкалар қолданылды (базалық ставкалар екі есе көтерілді).

Белгілі бір топқа жататын елдер тізімін Қазақстан Республикасымен саудалық режим негізін мемлекет анықтайды.

Кедендік тәжірибеде кедендік баждарды есептеуде халыққа қағидалар және тауарды шығарған елді анықтау ережесін қолдайды.

Кедендік баждардың ставкалары сыртқы операцияларды, әртүрлі мәліметтерді және тағы басқа факторларды жүзеге асыратын тұлғаларға байланысты емес дифференцияланбайды.

Кедендік төлемдердің ставкалары есептеу тәсіліне байланысты олар келесі түрлерге бөлінеді.

Адвалорлы (латын тілінен advalgrem – құнынан) баж салынатын тауардың кедендік құнына процентпен есептеледі.

Спецификалық – салынатын тауарға бекітілген бірлік мөлшерінде есептеледі. Спецификалық евро мен белгіленеді.

Комбинацияланған – жоғары да аталған екі кедендік салымның түрінің сабақтасуы (үйлесуі).

Кедендік тарифте, кедендік баждарға (тауардың бағасына процент бойынша) адвалорлық ставка және тауардың санына (немесе көлемі мен, салмақ бірлігімен сипатталатын құнынан) баждардың спецификалық ставкасы бекітіледі, қажет жағдай баждың комбинацияланған ставкалары белгіленеді. Кедендік бажбен есептелінген валюта тауарға салынатын анықталған кедендік құнына сәйкес валютада болу керек. Тауардың кедендік бажын есептеген кезде кедендік рәсімдеуге төленуге тиіс әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылады. Есептеу әдіс – тәсілдері тауар қай ставка түрі бойынша: кедендік баждармен салынуына байланысты: яғни адвалорлық бойынша; спецификалық бойынша немесе комбинацияланған бойынша.

Егер тауар адвалорлық ставка бойынша салынатын болса, онда кедендік баждардың мөлшерін есептеуге негіз болып тауарларды кедендік құны табылады. Бұл жағдайда кедендік баж мөлшері келесідей формуламен анықталады.

ТПа=ТС*СТПа / 100 (1)

Мұнда Тпа – кедендік баж мөлшерінің адвалорлық ставка бойынша есептелінуі.

ТС – тауардың кедендік құны

СТПа – адвалорлы кедендік баж ставкасы (тауардың кедендік құнына % есебінен).

Егер тауар спецификалық ставкалар бойынша салынатын болса, онда кедендік баждардың мөлшерін есептеуге негіз болып – тауардың саны (салмағы, көлемі т.с.с.) табылады. Кеден баж мөлшері бұл жағдайда мына формуламен есептелінеді.

ТП= КТ * СТПс Оке / ОК вк (2)

Мұнда ТПс – кедендік баж мөлшерінің спецификалық ставка бойынша есептелінуі.

КТ – тауар саны (тоннамен, литрмен, санымен т.с.с.)

СТПс – кедендік баждың декларацияны қабылдау күніне сәйкес

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындаған теңгенің Евро-ға қатысты ресми курсы.

Оквк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітілген келісім шартының теңгеге қатысты валютаның ресми курсы. Кедендік баждардың аралас ставка бойынша салынатын тауарлардың кедендік баж мөлшерін есептеу 3 саты арқылы жүзеге асырады. 1 сатыда кедендік баж мөлшері адвалорлық ставака бойынша (форма / а № 1) есептелінеді. 2 сатыда кедендік баж мөлшері спецификалық ставка бойынша (форма / а №) есептелінеді. Ескере кететін жағдай кеден баж мөлшерін есептеу бірінен соң бірі кері болуы мүмкін: алғашқыда спецификалық ставка бойынша ал содан кеін адволорлы ставка бойынша есептелінеді. Бұл жағдайда бірінен соң бірі есебі пренципалды мағынасы болмайды. 3 сатыда, 2 сатыда есептелінген кедендік баж нәтижелері қарама – қарсы қойылады. Тпа және ТПс мөлшерлері бір – бірімен салыстырылады. Осы 2 мөлшердің ішінен біреуі үлкен болса сол төленуге тиіс кедендік баж ретінде алынады. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткізілетін тауарлар ҚР кедендік тарифтерге сай кедендік баждармен салынуы керек.



Кедендік баж ставкалары бірыңғай олар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өретін тауарлардың ауысуынан тұлғалардың өзгеруіне тәуелді емес, кейбір жағдайды ескермегенде.

Кедендік баждан басталады.


  1. Халыққа жүктерді, багаждарды, жоаушыларды тасымалдау әрдайым жүзеге асырылатын көлік құралдары, сол сияқты материалдық-техникалық, керек-жарақтар, жанармай, азық-түлік сонымен бірге аралық аялдама пункттерінде эксплуатация кезінде қажетті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген нормалар шегінде осы көлік құралдарымен болған аварияны ликвидачиялауда шетелден әкелінген басқа да мүліктер;

  2. Материалды-техникалық керек-жарақтар, жағармай, азық-түлік және ҚР бекіткен теңіз аулау жұмысының нормасы шегінде Қазақстандық және жалға алынған Қазақстандық кәсіпорында мен кеме ұйымы өндірістік қызметті Қазақстан Республикасының кеден территориясынан шығарылатын басқа да мүліктер.

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар, ұлттық валюта.

  4. Қазақстан Республикасының кедендік территориясына акцеуделген тауарлардан басқа әкелген тауарлар немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген гуманитарлы көмек ретінде осы территориядан шығарылған тауарлар.

  5. Қазақстан Республикасының кедендік территориясына акцеуделген тауарлардан басқа әкелген немесе мемлекеттік, үкіметтік, халыққа ұйымдар желісі арқылы қайырымдылық мақсаттарға өтуі көмек көрсету ретінде осы елге территориясынан шығарылған тауарлар.

  6. Қазақстан Республикасының шетелдік инвестиция туралы заңнамасына сәйкес, кедендік баждан босатылатын тауарлар.

  7. ҚР Ұлттық Банкі өз қажеттілігі үшін әкелінген тауарлар.

  8. Кедендік режим шеңберінде кедендік төлемдерден босатуды қарастыратын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін тауарлар.

  9. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген бажсыз тасымалдауды норма шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жеке тұлғалардың өткізетін тауарлары.

  10. Республикалық және жергілікті бюджеттің сонымен қатар мемлекеттік сыртқы заемдар қаражаттары есебінен алынған техникалық құрал-жабдықтар;

  11. Қазақстан Республикасы территориясында тарату үшін әкелінген шетелдік мемлекеттік лотериялар.

  12. Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы органымен келісуі мұнай мен байланысты операцияны жүргізуді қарастыратын контрактілерге сәйкес Қазақстан Республикасының территориясына жер қойнауын пайдаланушылардың өз қажеттілігі үшін әкелінген тауарлар.

  13. Шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген азаматтың, сонымен бірге халыққа келісім шартқа сәйкес, олармен бірге тұрып жатқан жанұяларын қоса, өкілеттіктің әкімшілік техникалық персоналының және өз дипломатиялық пайдалауы үшін әкелінген тауарлар.

Кедендік қызмет мемлекеттің экономикасында және қаржылық операцияларында өте маңызды роль ойнайды және фискалды функцияларды орындауда да маңызы аз емес қазіргі күнде кедендік комитетте алға сенімді қадамдар жасап отыр. Әсіресе бюджетке түсіріп жатқан түсімдері ерекшелінеді.

Өткен 2005 жылдың қаңтар-мамыр аралығында жоспардың орындалуы 74,8% болса, ал маусым-тамыз айларында 91,1%-ін құрады. Ал қырқүйекте 96,2%-ды құрап жоспарды орындады. Үшінші кварталда кеден комитеті 3 млрд теңгені 300 млн теңгені, ал қыркүйекте 3 млрд 700 млн теңге болды.

 



Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшінқажетті шикізат, материалдарды, құрал-жабдықтарды импорттау (Спирт ішімдікті, темекі өнімдерін, сонымен қатар, өңдеуді қажет етпейтін тауарларды импортауды қоспағанда) Қазақстан Респубдикасының отандық және шетелдік тнвесторларының инвестициясы бойынша мемлекеттік агенттіктердің арасындағы келісімге сәйкес бұл тауарлар кедендік баж төлемдерінен төлеуден толық немесе жартылай босатылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен сауда-саяси қарым-қатынасты жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының преференциялдық кедендік тариф ставкалары бойынша бажды төлеуден босатылуы; тауарға қатысты баж ставкаларын төмендету немесе преференциалды импорт (импортқа) квотаны белгілеуі мүмкін:

Қазақстан Республикасымен кедендік одақты немесе еркін сауда зонасын құрған мемлекеттерден шыққан тауарлар.

Қазақстан Республскасының Үкіметімен ұлттық преференция жүйесін пайдаланатын (5 жылда бір рет кезеңде қарастырылған) дамушы мемлекеттерден шыққан тауарлар.

Шекаралық саудада айналаларын тауарлар. Таифтік преференциялар тек Қазақстан Республикасының Үкіметінің рұқсатымен ғана беріледі.Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларының префералды импорттына (экспортына) квотаны белгілеуі мүмкін.



2.2. Тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдері

Қазақстан Республикасының кедендің шекарасынан өтетін тауарлардың кедендік құқын анықтау дұрыстығы кедендік бажды алу проблемасының бірі болып табылады.

Осы тауардың кедендік құнын анықтауды бекіткен тәртіпке сай кедендік бақылау ережесіне сәйкес декларант жүзеге асырылады. Кедендік құнды декларациялау кедендік құн декларациясының формасы мен процедурасын кедендік комитет жүзеге асырады (форма ДТС-1 және ДТС-2) сонымен бірге 500$АҚШ эквивалентіне тең немесе төмен тауар номенклатурасының құны бойынша бекітілген мәліметтерге, құнның дұрыстығына күмәнді болған жағдай ларды қоспағанда кедендік құн декларациясы толтырылмайды.

ДТС толтырылмайтын тауар номенклатурасы бойынша кедендік құн счет-фактуралар инвойстар, тауарлы көлік накладнойлар және тауарлардың кедендік құнын нақты анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды қолдану арқылы анықтауға болады.

Егер тауарлардың белгіленген кедендік құнының декларациясында, яғни ГТД-ң 42 графасында көрсетілген мәліметтердің дұрыстыңы күмән келтірсе, мысалы: егер мәлімет бағасы қалыптасқан баға деңгейінен 30 немесе одан көп проценттен асып кетсе, рәсімдеуді өткізетін кедендік орган декларанттан ДТС-ты толтыруды және қажетті барлық құжаттарды көрсетуді талап етуге құқылы.

Белгіленген кедендік құнын тексеру, қосымша ақпараттарды алу қажеттілігі жүктің тоқталуына негіз болмайды. Жүкті рәсімдеу қарапайым тәртіпте жүзеге асырылады, сонымен қатар ДТ-1, ДТС-1 немесе ДТС-2 формаларында тауарлардың кедендік құнын тексеретін қызметкердің міндетті түрде болуы керек.

Кедендік мекеме декларантқа кедендік құнын анықтау үшін көрсетілген құнын растайтын құжаттарды табыс етуге белгілі бір уақыт берілуі мүмкін.

Жүкті рәсімдейтін кедендік мекеме қызметкерлері жүкті шығарудан кейін жүктің кедендік құн мөлшерін анықтау мақсатында иексеру жүргізуі мүмкін. Тексеру нәтижесінде кедендік құнын қайта есептеп, сонымен қатар кедендік төлем сомасы да қайта есептелініп және төленбеген баж және алым сомалары талап етіледі.

Кедендік бағалау жүйесі негізінен ерекшелігі мәлімдеме деректі кедендік құн ретінде келісілген құн негіз болып табылады. Сол себепті 125 баптың қаулысында көрсетілгендей, декларант берген кедендік құн мен мәліметтер құжат түрінде куәландырылған ақпаратпен расталуы тиіс. Бұл №1 әдісті қолдануда көрсетілген сома деректі төлемге және сатып алушы төлейтінін растайтын құжат болуы керек.

Қазақстан Республикасы кедендік территориясы шегінен шығарылмайтын тауарлардың кедендік құны счет-фактурада көрсетілген тауардың бағасы, сонымен қатар егер счет-фактураға енгізілген нақты шығыстар негізінде анықталады:



  1. Қазақстан Республикасының кедендік территориясына шығарылмайтын тауарларды портқа дейін апару шығындары (тасымалдау құны), тауарды тиеу, түсіру бойынша шығындар, сақтандыру сомалары.

  2. Сатушы көтерген шығындар комиссионды және брокерлік сыйақы.

Егер ТНВВЕД-ке сәйкес континерлермен басқа да көп айналымды дара құны бағаланатын тауарлармен бірге біртұтас деп қарастырылса, қаптау материалдарымен қаптау бойынша жұмыстар құны мен қаптың құны.

Қазақстан Республикасына әкелінетін тауардың кедендік құны сауда және тарифтер бойынша бас келісімнің жалпы кедендік бағалау қағидасына негізделеді.

Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы» қаулыға сәйкес барлығы 14 кедендік режим жұмыс жасайды. Олар:


  1. Еркін айналыс үшін тауарды шығару.

  2. Тауар реимполрты – Қазақстандық тауарларды қайтадан кедендік бажсыз шығару.

  3. Тауар транзиті – тауар Қазақстан Республикасының кедендік территориясында кедендік бақылау арқылы кедендік баждарды, салықты және экономикалық саясат шараларын алусыз өте алады.

  4. Кедендік қойма сақтау кезеңі экономикалық саясат шараларын және салықты, кедендік бажды алусыз әкелген тауарларды сақтау.

  5. Бажсыз сауда дүкені Қазақстан Республикасының кедендік территориясында бөлшек сауда тауарларын кедендік бажсыз және салықсыз өтеуге рұқсат беріледі.

  6. Тауарды уақытша әкелу және уақытша шығару Қазақстан Республикасының тауарды толық немесе жартылай кедендік баждан және салықтан босату арқылы Қазақстан Республикасының кедендік территориясында немесе оның шегінен тыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін.

  7. Еркін кеден зонасы және еркін қойма. Бұл тауарларын шекаралық территорияға сәйкес орналастыратын және қолданатын немесе кедендік бажды және салықты алусыз орын ауысатын мемлекеттік тауар үшін кедендік режим.

  8. Тауар экспорты т.б.

Тауардың шығуын анықтау тәртібін, тарифтік преперенцияны табыстауды Қазақстан Республикасының кедендік комитеті белгілейді.

ТМД мемлекеттерімен сыртқы сауда

2005 жылдың қаңтар- маусымында ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 5790,4 млн. АҚШ долларын құрады және 2004 жылғы қаңтар – маусымымен салыстырғанда 21,5%-ға өсті, соның ішінде экспорт –2155,3 млн. АҚШ доллар, 8,8%-ға өсті, импорт –3635,1 млн. АҚШ доллар, 30,5%-ға өсті.

Жалпы тауар айналымындағы ТМД мемлекеттерінің үлесі 27,3% (2004 жылғы қаңтар- маусымында - 33,5%) құрады.

Қазақстан Республикасы мен ТМД елдер арасындағы екі жақты еркін сауда келісіміне сәйкес осы мемлекеттерден шығатын тауарлар осы келісім негізінде Қазақстан Республикасының территориясына әкелінген кедендік баждармен салынбайды. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезде декларант Қазақстан Республикасының кедендік құнын көрсетеді. Импорттайтын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін бағалау келесідей 6 әдіс-тәсілі қолданылады:



  1. Шығарылатын тауардың мәміле бағасы бойынша.

  2. Ұқсас тауарлардың мәміле бағасы бойынша.

  3. Бірыңғай тауарлардың мәміле бағасы бойынша

  4. Құнды шегеру арқылы.

  5. Құнды (қосу).

  6. Резервтік әдіс.

Көрсетілген әдіс-тәсілдердің ішінде 4 және 5-ті қоспағанда тізілімі өзгертілмеуі керек, ал оның тізіміне (бірінен соң бірі) декларанттың қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін. Егер осы әдістің біреу арқылы кедендік құны анықталса, қалғандарын қолдану қажет. Сатып алу-сату мәмілесінің кедендік құнын анықтаудың басты тәсілі болып, әкелінген тауарлардың мәміле бағасының бағалауы бойынша анықталады (№1 тәсіл). Бағалауда әрқашан 1-тәсілді қолдануын тексеруден бастау керек.

Егер белгілі бір жағдайларға байланысты негізгі тәсіл қолданылмайтын болса (төменде қарастырылған жағдайларда) онда жоғарыда аталынып кеткен тәсілдерді қолдануға болады. Сонымен қатар, әрбір кедендік бағалау тәсілдері егер кедендік құн алдыңғы тәсілмен тәсілмен анықталмаса, 2 және 3-тәсілдері кедендік құнның ақырғы базасы ретінде анықталатын ұқсас және сол тауарлардың бағасына анқытауда қолданылады. Кедендік құнның ақырғы базасын анықтау ретінде ақпаратты таңдау критериясы болып оның бағаланатын мәміленің шартына жақындығы табылады.

4 және 5- тәсіл кедендік құнның әр түрлі есептік базасын қарастырады:

4-тәсіл тауар өзгеріссіз жасалатын баға арқылы анықталады;

5-тәсіл тауарды өндіруге кеткен шығындар бойынша анықталады.

Сонымен байланысты осы екі тәсілді анықтау белгілі бір қиындықтармен байланысты; соның ішінде қажетті ақпаратты алу, оны пайдалану тізімін (бірінен соң бірі) декларант анықтауы мүмкін.

Жоғарыда айтылған кеден құнын анықтаудың әдістерін қолдана алмаған жағдайда 6-әдіс резервтік әдіс ретінде қолданылады.

1-5 әдістерді қолдану мүмкіндігі болмағанда кедендік қызметкерлердің өзі импортталған тауарларға кеден тауарларын бағалауаы мәжбүр болған жағдайда да 6-резертік әдісті қолданады.

Кедендік бағалаудың жүйесін қолданатын елдердің тәжірибесі көрсеткендей, көп жағдайда (90 процент) 1-әдіс, яғни мемлекет бағасы бойынша бағалаудың әдісі қолданылады. Қалған әдістердің үлесі бірдей бөлінген.


  1. Әкелінген тауар бойынша мәмілелер бағалар негізіндегі бағалау әдісі.

Сатып алу-сату шарты бойынша көп жағдайда бірінші әдіс қолданылады. «Оның мәні әкелген тауарлардың мәміле бағаларының негізінде айқындалатын кедендік құнда айқындалады». Мемлекет бағасы (тауардың трансакциялық құны) – импорт еліне экспортқа тауарларды сату барысында олар үшін нақты төленген, төленуге тиісті бағаны түсінеміз (ол баға түзетілед). Нақты төленген, төленуге тиісті баға деп – тауарларды кедендік рәсімдеу кезеңінде төлем жасалынбаған және де сатып алуның сатушыға нақты төленген болмаса төленуге тиісті төлемінің жарты сомасы.

Төмен келесідей нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:



  1. Аудару

  2. Аккредитив

  3. Инкасса

  4. Аралас

Сонымен қатар валюталық заңнамасына қайшы келмеген жағдайларда аванстық төлемдер қолданылуы мүмкін.

Мемлекеттік несие есебінен тауарларды қою барысында аталған нысанда 1-әдісті қолдануға болады (егер тәртіппен қарастырылған шектеулер болмаған жағдайда). Жанама төлемнің үлгісі ретінде сатушының сатып алушы алдындағы қарызды өтеу есебіне тауарларды импорттық қоюды да келтіре аламыз. (Яғни, біздің жағдайымызда мәселенің құндық сипат ыбар деп санауымызға болады, бірақ та төлем алдын ала жасалынған, ал бұдан ақша сомаларының қозғалысы болғанын айта аламыз).

1-әдісті қолданудың шарттары:

Бұл әдісті бағаға түзету енгізілгеннен ғанағ кейін ("+", "-") және де келесі 5 шарт орындалған жағдайда ғана қолдануымыз мүмкін.


  1. Тауар импорт еліне экспорт үшін сатылғанда, яғни тауарларды шекара арқылы орын ауыстыруы орын алғанда және де орындалған сатып алу-сату шарты халықаралық сипатқа ие болғанда.

  2. Келесі аталған шектеулерден басқа импорттер құқына қатысты шектеулер болмаған жағдайда.

  • Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген шектеулер

  • Географиялық аумақтың шектеулері

  • Тауарлардың бағасына мәнді әсерін тигізбейтін шектеулер;

  1. Ықпал есепке алынуы мүмкін емес шарттардың орындалуына мәселенің бағасына байланысты емес (тәуелсіз).

  2. Кедендік құнды анықтауда декларант қолданған мәліметтер құжатты түрде расталуы міндетті.

  3. Экспорттер мен импорттер өзара тәуелді тұлғалар болып табылмайды.

Шарттардың әрбіреуін алып қарастырайық 1-ші шартты есепке алу барысында екі жағдайдың мәні бар:

  • импорт еліне сату және экспорт 1-ші әдісті қолданудың шарты – тауарларды сату фактісінің болуын, яғни сатып алу шартына сәйкес экспорт елінен шекара арқылы тауарлардың тасымалдануы жүзеге асырылады.

  • Сатып алушылардың тізбегі барысында мәміленің бағасы ретінде еркін айналысқа тауарлы шығарысып келетін сатып алу бағасы алынады.

Жоғарыда аталған жағдайларды есепке ала отырып, 1-әдіс сатып алу-сату шартына кірмейтін келесі сыртқы экономикалық мәмілелерге қолданыла алмайды:

а) Тауарларды ақысыз қою;

б) Тауарларды консигнация шартына қою;

в) Тауарларды делдалдар арқылы қою (делдалға сатпай).

г) Бас компаниялардың еншілес формалар мен фирмалардың тауарды қою.

д) Бартерлік және компенсациялық операциялар шеңберінде тауарларды қою.

Бұл жағдайда тауар бағасының эквивалентінің ролін басқа тауар атқарады, яғни мәміленің бағасының ақшалай нысаны жоқ және де сәйкесінше төлем және банктік құжаттар негізінде тауарлар үшін ақшалай есеп айырысу да жоқ. Кеден құнын анықтауда 1-ші әдісті қолданыла алмайды;

е) Жол шарты бойынша тауарларды қою. Бұл жағдайда тауарларға меншік құқы берілмейді, себебі жолға беруші, яғни тауарлардың иемденушісі пайданың белгілі бір бөлігін алып, тауарды да қайтара алуы мүмкін.яғни сатып алу-сату фактісінің жоқтығы 1-ші әдісті қолдануға мүмкіндік бермейді.

ж) Уақытша шығару мақсатында туарларды қою;

з) Өндіріс қалдықтарын басқа елдерге шығару;

Жасалған мәмілелерге сәйкес, белгілі бір қалдықтардың басқа елге коммерциялық емес утилизация мақсатында шығару, мысалға ядролы қалдықтарды жою мақсатында басқа елге шығару. Бұл жағдайда да 1-ші әдісті қолдана алмаймыз.

к) Кепіл есебіне тауарларды қою.

Кепілді мерзім кезінде қойылған тауарлардың белгілі бір жеке механизмдері жұмыс істемей қалды, бұл жағдайда оларды ауыстыру мақсатында жаңа деталльдар қойылады. Белгіленген шарттар орындалған жағдайда кеден құнын анықтауда 1-ші әдісті пайдалана алады. Импортты құқығына қатысты шектеулер болған жағдайда әкелінген тауарларға 1-ші әдіс қолданылуы мүмкін. осыған байланысты 1-ші әдісті қолдануды әкелетін және тежейтін шектеулерді ажырату қажет.

Сатып алушының әкелінген тауарларға қатысты төменде келтірілген шектеулердің 3 түрі ғана кеден құнын анықтауда 1-ші әдісті қолдануға мүмкіндік береді:

а) Қазақстан Республикасы заңдылығымен белгіленген шектеулер, аталған жағдайда, мысалға белгілі бір тауарды импорттауға құқы бар тұлғаларға қатысты шектеулер болуы мүмкін: жекелеген жағдайларда, ядролы, химиялық, нашақорлық заттарды импорттауды тек белгіленген тұлғалар (ұйымдар) ғана жүзеге асыра алады.

б) тауарлар қайта сатылуы мүмкін, географиялық аймақтардың шектеулері. Бұл жағдайда территориялық шектеулер және тұлғаларға қатысты және бұнда әрбір сатушының әр біреуі өзінің тауарларын тек өзінің территориясында ғана сата алу шарты қарастырылған.

в) тауарлардың құнына мәнді ықпал етпейтін шектеулер.

Шектеулердің түрлерін бағалауда негізгі критерий мәміленің бағасына белгілі бір шарттың ықпал етуі. Егер де мәнді бір ықпал болмаса, ол 1-ші әдістің қолдануына кедергі бола алмайды.

Шетелдік тәжірибеде көрсеткендей, тәжірибеде мәлімет бағасына әсер етуші шектеулер жайлы арыз беру болған жоқ. Егер де бағаға әсер еткен шарт жайлы арыз бермес және де құжатты түрде осы шарттың әсерінен бағаның сандық өзгеруі белгіленсе, онда 1-ші әдісті қолдануға болады; егер де құжатты түрде сандық өзгерісті дәлелдей алмасақ, онда бағалаудың басқа әдістеріне көшу керек.

3 шарт 1-ші әдісті қолдану – тауарларды сату не болмаса құн бағасы келесі жағдайларға тәуелсіз болған жағдайларға тәуелсіз болған жағдайда мүмкін:

а) сату шарты

б) қоюдың шарты

Бұл жағдайда мәміленің шартын қарастырған кезде СЭҚ қатысушыларының барлығына таралатын, яғни жалпы белгіленген сипатқа ие болатын және де жалпы белгіленген болып табылмайтын яғни ішінара сипатқа ие болатын шарттарды ажырату қажет.

Төменде 1-ші әдістің қолданылуын тежей алмайтын сыртқы экономикалық қызметте орын алатын қоюдың жалпы белгіленген шарттарын қарастырған:



  • қоюдың жалпы белгіленген барлық шарттары (инкотермыс-ФОБ, СМФ, ДАФ және т.б.).

  • қоюдың жүзеге асырылыуының және мәміле жасаудың жалпы белгіленген шарттары мысалға: «Экспорт (экспорттық қорытынды) бар болғанда және сатып алу», «Белгілі бір күнге тауарды қою шартына сатып алу» сонымен қатар мәміленің бағасына ықпал етпейтін және сыртқы сауда операциялары үшін жалпы белгіленген болып табылатын басқа да шарттар.

  • сатушыға сатып алушының техникалық өңдеу не болмаса импорт елінде даярланған чертеждерді беру;

  • импортталатын тауарды өткізумен байланысты белгілі бір іс әрекеттерді сатып алушының өз есебінен жүргізуі (мысалға: жарнама бойынша қызметі т.б.)

  • мәміле жасау барысында бағаланатын тауарлардың құнын анықтауға мүмкіндік бермейтін шарттар қарастырылатын жағдайда 1-ші әдіс қолданылмайды. Ондай шарттарға:

  • импортталатын тауарлармен қатар басқа да тауарларды белгілі бір мөлшері сатып алушы сатылатын жағдайда, сатушының импортталатын тауарларға баға берілуі;

  • импорталатын тауарларға қатысы жоқ төлем нысаны негізінде бағаның белгіленуі;

  • тек белгілі бір сатушыдан ғана сатып алуды көздейтін келісім шарт (сатып алу – сату шарты).

  • сатып алу-сату шарты - тауарларды өзара қою (сату) шартында ғана мәміле болғанын белгілейді.

2. Ұқсас тауарлар мен жасалған мәміленің бағасын бағалау әдісі.

2-ші әдісті қолдану барысында кеден құнын анықтауда база ретінде ұқсас тауарлар мәмілелерінің бағасы алынады. Ұқсас (идентикалық) тауарлар болып барлық қатынаста бірдей тауарларда және келесі нышандар бойынша: физикалық мінездемелер анрықтағы репутациясы мен сапасы шыққан елі және өндіруші.

Кедендік бақылау әдісін қолдану барысында:


  1. Бағаланатын тауарлар өндірілетін елде тауарлар өндірілмеген жағдайда, оларға бағалы тауарлармен ұқсас болып танылмайды.

  2. Бағаланатын тауарды өндірушісімен өндірілетін ұқсас тауарлары болмаған жағдайда ғана басқа өндіруші өндірген тауарларды есепке алуы мүмкін;

  3. Тауарлар ұқсас болып танылмайды:

  • егер олар бойынша жобалау конструкциялық жұмыстарды, дизайн, эскиздер мен чертеждер.

  1. Сатып алушы сатушыға ақысыз я болмаса төмендетілген құн мен өндіріспен байланысты және Қазақстан Республикасына экспорт сатуға пайдалануға берілетін болса;

  2. Қазақстан Республикасында орындалған және соған байланысты олардың құнын тауарлардың құны тауарлардың кедендік құнына қосылмайды;

Сыртқы бейнесінде сәл ғана айырмашылық болса ұқсас тауарлар деп тануға кедергі болмайды, егер жоғарыда аталған талаптарға бұл тауар тауып берсе;

Сыртқы бейнесіндегі сәл ғана айырмашылықтар (түсі, конфигурациясы т.б.) бұндай тауарларды ұқсас тауарларға жатқызбауға негіз болмайды.

Әртүрлі тұлғалар өндірген тауарлар декларантта не болмаса кеден мекемелерінде ұқсас тауарлар жайлы мәліметтер болмаған жағдайда ұқсас болып танылады.

Коммерциялық шарттардағы не болмаса сандық айырмашылықтар салдарынан түзетуді кеден мекемелеріне берілген дәлелдемелердің негізінде жүргізу қажет екенін есте ұстау қажет. Бұндай объективті дәлелдемелерге: өндірушінің преикуранттары т.б.

Егер де дәл сол мқлшерде және де сол коммерциялық деңгейде тауарларды әкелу оқиғасы болмаса, онда басқа мөлшерде және басқа деңгейде әкелінген тауарлардың құнын пайдалана аламыз.

Егер де Қазақстан Республикасының кедендік территориямына тауарларды әкелу, әуежайға не басқа жерге апару (әкелу) бойынша ұқсас тауарлар үшін шығындардың құны бағаланатын тауарларға арналған бұндай шығындар құнынан өзгеше болса, онда ұқсас тауарлар мен мәселе бағасы бойынша анықталатын кедендік құн сәйкесінше түзетілуі қажет.

Түзетулер құжатты түрде расталған мәліметтер негізінде жүзеге асырылуы керек.

Егер де бұл әдісті қолдану барысында мәмілені бір бағасынан көп мәні анықталатын болса, онда желінген тауарлардың кедендік құнын анықтауда ең төмені қолданылады.

Тәжірибеде 2-ші әдіс өте сирек қолданылады, өйткені ұқсас тауарлар жайлы ақпарат табу (жоғарыдағы талаптарға сай келуі) өте қиын.

Егер де идентивті (идентикалық, ұқсас) тауарлар табылмаған жағдайда, ендігі кезде бірыңғай тауарларға мәміле бағасын пайдаланатын 3-ші әдісті қолданамыз.



  1. Бірыңғай тауарлармен мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін қолданғанда, кедендік құнды анықтаудың негізгі болып желінген тауарлармен бірыңғай болып келетін тауарлар бойынша мәміле бағасы алынады.

Бірыңғай тауарлар әрине барлық қатынаста бірдей болмайтын, бірақ ұқсас мінездемелері байқалатын және де бағаланатын тауарлар секілді функцияларын атқара алатын тауарлар. Бірыңғай тауарларды анықтауда келесі белгілер (нышандар) есепке алынады: сапа нарықтағы репутациясы және тауарлық белгілер болуы, пайда болу елі.

Осындай берілгендердің негізінде клесідей қорытынды жасауға болады:



  • покрышкалардың сауда маркалары өзгеше болса, онда мұндай тауарлар ұқсас тауарлар болып табылмайды.

  • Бірақ, егер де покрышкалар барлық қатынастарда бірдей болмаса, дегенмен ұқсас мінездемелер болған жағдайда, өз қызметін бірдей атқаруға мүмкіндігі болса және де бірдей стандартты, сапасын, нарықтағы репутациясын сауда маркасын есепке ала отырып, бұндай тауарларды бірыңғай деп қарастыруға болады.

3-ші әдісті қолданғанда 2 әдісті қолданудағы қағидалар пайдаланаылады.

Егер дәл сол мқлшерде және сол коммерциялық деңгейдегі тауарлардың әкелу оқиғасы болмаса, онда бақса да сандық мөлшерде және басқа коммерциялық деңгейде әкелінген бірыңғай тауарлардың құны пайдалануы мүмкін (жеке бағасы осы айырмашылықтарда есепке ала отырып түзетіледі).

Кедендік бағалаудың ағымдағы әдісін қолданады:


  1. Тауарлар бағаланатын тауарлармен бірыңғай болып саналмайды, егер ол тауарлар бағаланатын тауарлардың өндірілген елінде өндірілмесе;

  2. Бағаланатын тауарлардың өндірушісі тауарларды өндірмеген жағдайда ғана басқалармен өндірілген тауарлар есепке алынады;

  3. Тауарлар бірыңғай болып саналмайды, ол оның жобалау, констукторлық жұмыстар, эскиздері мен чертеждері және дизайні.

Сатып алушы сатушыға ақысыз я болмаса төмендетілген құнмен берген жағдайда: Қазақстан Республикасында орындалса және де соған байланысты оның құны кедендік құнға қосылмайды.

  1. Құнды кеміту (азайту) шегеру негізінде кедендік құнды анықтаудың әдісі.

Құнды кеміту (азайту) негізінде кедендік құнды анықтау әдісі бойынша кеденді құнды анықтау бағаланатын идентикалық және бірыңғай тауарлар алғашқы қалпын өзгертпей сатылатын болған жағдайда жүзеге асырылады.

Кеміту әдісін қолданғанда негіз ретінде таурадың кедендік құнын анықтау барысында бағаланатын ұқсас немесе тауарлардың ең көп партиямен сатылатын тауардың бір бірлігінің бағасы болып табылады.

Тауар бірлігінен келесі компоненттер шегеріледі:


  1. Төленуге келісіммен я болмаса төленген комиссиялық сыйақылар: Қазақстан Республикасы сатумен байланысты шығындарды табу және пайда алу мақсатында есептелген үстемелер;

  2. Тауарларды сатумен және әкелумен байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиісті бағыттардың, салықтардың, алымдардың және басқа төлемдердің сомасы;

  3. Қазақстан Республикасында жүзеге асыра алатын жүктеу және сақтандыруға, транпортировкаға т.б. кететін шығыстар.

Сол сынып пен түрдің тауары – белгілі бір өнеркәсіп саласымен өндірісімен және бірыңғай тауарларды қосатын және де тауардың бір тобына разрядына жататын тауарларды білдіреді.

Құндарды қосу негізінде кедендік құнды анықтаудың әдісі.

Құндарды қосу негізінде кедендік құнды анықтау әдісін пайдаланғанда, кедендік құнды анықтаудың негізі ретінде – қосу жолымен есептелген тауардың бағасы болады:


  1. Бағаланатын тауарды өндірумен байланысты дайындаушының материалдар мен шығындарға кеткен құны;

  2. Қазақстан Республикасына қою барысында экспорт еліне өндірілген бағаланатын тауарлар секілді сол сынып және түрге жататын тауарлардың сату барысындағы бағаға кіретін пайданы және жалпы шығындардың сомасы;

  3. Әуежолға, портқа не болмаса басқа жерге тауарларды жеткізу шығындарының құны.

Кедендік құұнды анықтаудың резервтік әдісі.

Егер де кедендік құн жоғарыдағы келтірілген 5 әдіс бойынша декларантпен анықтай алмаған жағдайда, кедендік мекемелерде осы 5 әдісті қолдануы мүмкін емес деп анықтаса, онда бағаланатын тауардың кедендік құны 1-5 әдістемелері икемді қолдану жолымен анықталады.

6-шы әдіс бойынша анықталатын кеденді кқұн алдында анықталған кедендік құндарға максимальды деңгейде негізделуі қажет. Резервтік әдісті қолдану барысында, кеден мекемелері декларантқа бағалық ақпарат береді (ұсынады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет