Реферат ы қызылорда, 2012 ж



Дата13.06.2016
өлшемі267.87 Kb.
#132993
түріРеферат
ӘОЖ 159-051:37.015:371.12:343.848 Қолжазба құқығында

Қыдырбаева Гүлхан Арынқызы


Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психолгтың қызметі.

«6M010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның




Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қызылорда, 2012 ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент Ұ.Б.Ағыбаева

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының

кандидаты Ш.А Тулебаева

Диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Музыка-педагогикалық факультетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, №____ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы өзгерістермен яғни, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастардың ерекшеліктерімен сипатталады. Қазіргі кезеңдегі жасөспірімтердің әлеуметтік жағдайға бейімделуіне, мінез-құлықтарының қалыптасуына, тұлға ретінде дамуына әсерін тигізетін тиімді жолдарын көрсету, анықтау да басты проблемалардың бірі болып табылады.

Егемен еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында” [1.214], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”,“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”, “Білім мазмұнын гуманитарландыру” тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында Республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс барысында оқушыларға психологиялық дайындықтың қажет екендігі мәлім.

Бүгінгі біздің қоғамымызда адам жанын алаңдататын мәселелер көптеп кездесуде. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың да салдарынан дүниеге қиын балалар легі де толастамай отыр.

Қазақ халқы отбасы, бала тәрбиесіне ежелден үлкен көңіл бөлген халық. Зере сияқты бір аймақты аузына қаратқан дана әжелелеріміздің арқасында дүниеге Ұлы Абай танылды емес пе?! Бұл үлкен де бөлек әңгіме. Ал қазір бала тәрбиесі мен қазіргі өмір ағыны бір-бірімен қабыспай отыр.

Девиантты мінез-құлықтың қандай да түрлі формасы болсын, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Маскүнемдік, есірткіні пайдалану, агрессивтілік, жалпы алғанда заңға қарсы мінез-қүлықтың барлығы бір блокты бейнелейді. Сонымен қатар жеткіншектердің бір девиантты іске еліктеуі оның басқа да түрлеріне араласу деңгейін жоғарылатыды.

Заңға қарсы мінез - құлық өте қатал түрде болмасада қалыптың бұзылу деңгейімен, психалық денсаулықтың бұзылуымен байланысты болып келеді. Ал бұл кейде кейбір жағдайларда көрсетілгендей, әлеуметтік факторларға да сәйкес келіп орырады. Мектеп табалдырығындағы қиындықтар девиантты топтың немесе өмірлік травмалық жағдайлар да әсерін тигізбей қоймайды.

Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлық проблемасы-педагогикалық психологиядағы ең күрделі шешімдердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шынайы қиындығы қазіргі қоғам дамуы кезінде кең етек алып отыр. Демократиялық және экономикалық қайта өрлеу дәуірінде адам санасы да біржола түбегейлі өзгерістерге енді. Бұл кезең әсіресе жасөспірімдер мен жеткіншектерге ауыр тиді. Себебі, олар жас ерекшелігіне байланысты тұрақсыз, қолайсыз жағдайларды басынан өткереді. Соған сай біз мінез-құлық ауытқылушылығын сөз еткенде ең алдымен жасөспірімдерді есепке аламыз.

Жасөспірімнің психикалық дамуындағы онтогенез кезеңінде олар түсіністікті қажет етеді, сонымен бірге үлкендер тарапынан дүрыс психологиялық қолдау күтеді. Жасөспірім мінез - құлқындағы ауытқушылықты түрлі деңгейде көрсетуі мүмкін. Бұл оның жеке ерекшеліктері (мінез акцентуациясы, темперамент қасиеті, психикалық ауруларымен ауыруы, эмоционалды ерік сферасының бұзылысы, т.с.с), отбасындағы жағымсыз процестерге (бала тәрбиелеудегі жүйесіздік, маскүнемдік, ата-аналардың айырылысуы, т.б), мектептегі қиындықтарға (оқушыға деген жағымсыз қарым-қатынас, мұғалімдермен конфликтіге келу, оқушылар ұжымымен келіспеушілік) байланысты дамып отырады. [2.120] Мінез-құлық ауытқушылығы санамен қатар көмекші жеткіншек топтары мен ересектердің жағымсыз әсерінен туындап отыруы мүмкін. Сонымен біз жасөспірімдер мен жеткіншектердегі мінез-құлық ауытқушылығына девиантты мінез-құлық деген атау бергенді жөн көрдік.

Девиантты мінез-құлықты қоғамда ортақ қабылдаған нормаларға қарсы әрекеттер жүйесі және ол психикикалық процестердің тұрақсыздығынан көрінеді деп қарастыруға болады. Бұл әсіресе өз мінез-құлқын эстетикалық бақылаудың ауытқушылығынан өз-өзін өзектілеу процесінен бұзылысынан көрінеді (В.Д.Менделеевич.).

Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық формалары әр түрлі болып келеді. Мектеп психологы девиантты мінез-құлықтың уақытша және күнделікті формаларымен (девиация ұзақтығының критерийлеріне байланысты), тұрақты және тұрақсыз формаларымен (моно және полифеноменологиялық формалар критерийлеріне байланысты) кездесуі мүмкін. Девиациялар саналы және санасыз (қабылдану деңгейіне байланысты), құрылымды және құрылымсыз (ұйымдастырылу критерийлеріне байланысты), төтенше және жоспарланған (мақсатты критерийлеріне байланысты), экспансивті және экспансивті емес (қоршаған адамдар өміріне ену деңгейіне байланысты), эгоистік және альтруистік (өзін және жан жағындағы адамдарға қызығушылығының бағытталуына байланысты), болуы мүмкін.

Психолог девиантты мінез - құлқы бар жасөспірімнің отбасында қадағалап отыруы тиіс. Бұл тек нашақорлар мен маскүнемдердің отбасысы ғана емес, соңғы кезде балалар арасындағы мінез-құлық ауытқушылығы бар отбасыларда да кездесіп отыр.

Барлық нәрсеге қол жеткізу позициясы, заттық философия, баланы тәрбиелеу адами саналылықтың жоғалуы жасөспірімдердегі қажіттіліктердің фрустрациясына алып келеді. Олар ата-аналарынан артық мейрімділікті қажет етеді. Соның салдарынан мұндай жасөспірімердің қорғаныш реакциясы мінез-құлықтың адекватты емес формаларына әкеп соқтыруы мүмкін.

Егер девиантты мінез-құлықтың көрінуі өзіне назар аудартпаса және үлкендердің сәйкес әсер етуін күтпесе онда мұндай мінез-құлық жасөспірімнің мінез-құлық репертуарында бекуі әбден мүмкін. Сол себепті ертерек дивиантты мінез-құлықты диагностикалау аса маңызды болып табылады.

Барлық кезде де, барлық экономикалық формацияларда да мұғалімдердің жұмыстануы тек оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен қатар олардың адамгершілік бейнесі және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу болып табылады.

Қазіргі таңда тұлғаның ролі мен қалыптасуының алар орны ерекше, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдердің өз өмірлік әрекеттері мен жеке уақыттарын ұйымдастырулары өте маңызды.

Аталған тақырыпқа деген қызығушылық теориялық және тәжірибелік жағынан қажет болғандықтан туындап отыр. Девиантты мінез-құлықтың «болашақтың үрейіне» айналғандығы ересектерге де, балаларға да, тіпті жалпы қоғамға да белгілі. Девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдер өз уақыттарын тиімді ұйымдастыра алмайды, сонымен қатар ойлаулары мен мақсатқа бағытталуы және де уақытқа деген құндылықты қатынастары жеткілікті қалыптаспаған. Қазіргі таңдағы жастар өмірін ұйымдастыратын мекемелер дұрыс жұмыс істемегендіктен бұл атаулы мәселе күннен күнге күрделене түсуде.

Осыған байланысты оқытушылар мен психологтардың оқушылармен жүргізген жұмыстары олардың моральдық нормасы мен тәртіптік талаптарына сәйкес келуі керек.

Мектептегі практикалық жұмыста мұндай оқушыларды «мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар», «педагогикалық төмендетілген», «әлеуметтік төмендетілген», «қиын тәрбиеленетін» оқушылар деп аталады.

Егер девиантты мінез-құлықтың көрінуі өзіне назар аудартпаса және үлкендердің сәйкес әсер етуін күтпесе онда мұндай мінез-құлық жасөспірімнің мінез-құлық репертуарында бекуі әбден мүмкін. Сол себепті ертерек девиантты мінез-құлықты диагностикалау аса маңызды болып табылады.

Девиантты немесе ауытқушы мінез-құлық психологтарда және басқа да ғылымдар да әлі де зерттеулерді қажет ететін өзекті мәселенің бірі. [3.28] Девиантты мінез-құлық тақырыбы пәнаралық және пікір-таластық сипатты көрсетеді. Әлеуметтік норма түсінігімен терминнің кездесетіні мәселені күрделендіреді, себебі норманың шектері шартты түрде берілген, ал адам барлық көрсеткіштері бойынша қалыпты болуы мүмкін емес. Көптеген көзқарастар жасөспірімдердің девиантты мінез-құлығының диагностикасы және әлеуметтік-психологиялық көмекпен игеруі ретінде практикалық тапсырмаларды шешуде қалыптасады.

Жасөспірімдердің мазасыздығы мен агрессивтілігі, яғни девианттылығы бүгінгі күнге дейін зерттелу үстінде. Осы кезеңде жасөспірімтерде конфликтілік, тәртіпсіздік, өз-өзін ұстай алмаушылықтың тым жоғарылауы анықталады. Жасөспірімдер өзі деңгейлес құрдастарымен қарым-қатынас жасауда, қажетті тәжірибені меңгермеу салдарынан, оған артылған жауапкершіліктен қорқып мазасызданады.

Жасөспірімдердің мазасыздануын, агрессивтілігін жеңу процесінде психологтар, қоршаған ортасы, яғни құрбы-құрдастары маңызды роль атқарады. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық мәселелерінің қазіргі күйі туралы ғылыми негізделген, анықталған көзқарастар бар. Девиантты мінез-құлықты түсіндіру үшін түрлі психологиялық концепциялардың құндылығын мойындап, біз негізгі ретінде когнитивті мінез-құлықты көзқарасты бөліп шығарамыз.

Бұл зерттеуде материалды қабылдауда нақты қиыншылықтар бар. Біріншіден, бұл «девиантты мінез-құлық» түсінігінің көп мағыналылығы және осыған байланысты терминологиялық білместік. Екіншіден, бұл іштей бәрімізге тән жеке бостандық пен социумның қажеттіліктерінің арасындағы қайшылық. Девиантты мінез-құлық феноменінің бар болуы «бостандық немесе қажеттілік» дилеммасы қоғамның күтуіне қарамастан әрбір адамның жеке таңдаудың пәні болып табылатын фактісін тұжырымдайды [4.53].

Біздің елімізде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекетті қалыптастыруға ұмтылумен бірге, ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен білімділігін арттыру көзделіп келеді, ал бұл мәселелердің іске асуына небір әлеуметтік, психологиялық кері факторлар әсерін тигізбей қоймайды. Қазіргі кезде өмірдің мәнін жоғалтқан көптеген жасөспірімдерімізде сенімсіздік пен көмексіздік пайда болады. Олар жан күйзелісінен арылу үшін олар ішімдік, темекі, наркотикалық заттарды пайдалануға дейін барады.

Бұрын түсінбей немесе көрінбей жүрген мәселелер қазіргі кезде үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқушылығы - психологиялық-педагогикалық мәселелердің бірі. [5.62] Бұл мәселенің үлкен қоғамдық маңыздылығы нарықтық экономикалық деморатиялық мемлекеттің құрылу кезеңіне сәйкес келеді. Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы-қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі.

Қоғамдағы психологиялық проблемалардың бірі жасөспірімдердің қазіргі таңдағы мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар немесе девиантты мінез-құлық, дағдарыстар білім беру мен тәрбиеге және үлкендермен, жора жолдастарымен қарым-қатынас жасау барысында аса көзге түсіп, маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Осы орайда жасөспірімнің психологиялық проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп өзекті мәселелердің бірі.

Аномия түсінігін Э.Дюркгейм енгізген. Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді [6.46].

Өткен ғасырдағы көрінбейтін үлкен апат бұл «антибатыр» синдромы, яғни бұнда біздің батыр тұлғаларымыз жойылып, қоғам нағыз потриот роліндегі модельдің болмауына алып келеді. Антибатыр көптнген жастар үшін рольдік модельдерге айналды. Барлық басылымдар мен фильмдерден көрінетін негізгі қозғаушы күш – ақшаға деген махаббат барлық зұлымдықтың бастамасы болып табылады.

БАҚ – бұл ақылға әсер ететін ең күшті күш. Қазіргі жастар антипедагогикамен ауыратын тәрізді. Бұрында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Филиппин, Полинизия, Африка, Америка халықтарына небір түрлі жыныстық қатынастар тарату кездейсоқ болмағанымен, сол елдердің халықтары қазіргі кезде өздерінің отандық тәжірибелеріне ұялады. Ер адам мен әйел адам бейнелері мен жыныстық қатынас туралы қате түсінік салдарынан жастар ересектік өмірдің интимдік жағына күлкімен, әзілмен қарайды. Балалар жезөкшелігі мен сутенерлігі туралы басылымдардағы мақалалар тоғыз жолмен шектелмейді.

Негізінен аномия индивидтің барлық тұжырымдарына өзгерістер алып келіп, оның моралды қалыпты ұстанымдарын түпкілікті өзгертетін жеке тұлғалық дағдарыстан да пайда болуы мүмкін.

Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі.Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады [7.19]. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір мәселелі ситуация , дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды.

Қазіргі кезде адам тап болатын өзге мәселелер мен дағдарыстар қалыпты емес жағдайлардан туындайды.Оларға уақытынан бұрын болған өлім, ажырасу, жұмысынан айрылу, сотталу, инфляция, жұмыссыздық, соғыс жатады [8.35].

Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие, себебі біреулері дағдарыстың шешімін тауып, әрі қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап, шешу мүмкіндігіне байланысты.

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуында нақты іс-әрекетті ұйымдастырушы психолог, ата-ана, мұғалім болғандықтан, олардың кәсіби даярлығына, ғылыми психолого-педагогикалық негіздерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі белгілі бір маман иесі немесе қарапайым ғана қоғамдық ортаның мүшесі десе де болады, олардың тұлғалық түр сипатын даярлауда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда олардың психофизиологиялық негізін жетілдірудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып келеді [9.45].

Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыру, дағдарыстардың алдын алу үшін келесі мәселелерді ескеруіміз қажет, яғни саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуда, жүйелі іс-әрекет жасауға мүмкіндік беру. Мінез-құлық дағдарысын психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастыратын болсақ кез-келген жеке адам басқа адамдармен олардың ой-пікірімен, бағдарымен, жағымды эмоцияны сезінген кезде жүріс-тұрыста ауытқушылықтар болмайтындығы сөзсіз.

Сонымен қатар бұл мәселені педагогика, психология, әлеуметтану, практикалық психология салаларының позициясынан зерттеу қажеттілігін негіздеуге ұмтылыс жасалды. Көздеген осындай проблемалардың негізін және ғылыми тұжырымын жасаушылар да жоқ емес.

Атап өтетін болсақ, уақыт ағымы алға тартқан бұл міндет жастардың, соның ішінде жасөспірімдердің тұлға ретінде қалыптасуындағы мінез-құлық дағдарысын жетілдіру мақсатында орталау білім беру орталығының оқу-тәрбие процесінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігін айқындайды.

Бюллер жасөспірімнің психикалық дамуының «Дағдарыстық кезең» ұғымы дамудың жалпы барысындағы маңыздылығын анықтау үшін қолданылады. Л.С.Выготский өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін зерттей келе, бұл кезеңді «тәуелділік дағдарысы» деп атады. Бұл дағдарыс түрі жасөспірімдердің тек 10-12%-де кездеседі. Э.Кречмер, У.Шелдон пікірлерінше дененің айқын құрылысы тұлғалық қасиеттерді анықтайды. Д.Н.Исаев өзінің еңбегінде Э.Марш пен Э.Уилсонның қазіргі гендік инженерияның өкілдері адамның мінез-құлқына жауапты арнайы гендерді бөліп және сипаттауға әрекет жасаған теориясына тоқталады.

Биология және медицина саласындағы технологиялық жетістіктер адамдардың қабілеттері мен іс-әрекеттерін физиология мен миға тікелей әсер ету жолы арқылы бақылау жасап, өзгертуге болатынын айтады. А.Нидлман организмдегі қорғасынның жоғары деңгейі-қоғамға қарсы мінез-құлықтың пайда болуына тәуелді фактор болып табылады дейді.

Танымал күрделілік девиантты мінез-құлық психологиясы бойынша қазақ тіліндегі әдебиет жеткіліксіз, сол сияқты оған әсер ететін тиімді технологиялар да жеткіліксіз. Сондықтан да бұл мәселенің шешілуін күрделендіріп, өзектілігін дәлелдейді. Біздің жұмысымыз бар ғылыми көзқарастарды талдау және жасөспірімдердің девиантты мінез - құлығын игерудегі бағдарламаны ұсынып көру болып табылады.



Зерттеу мақсаты: Жасөспірім балалардың девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау және практик психологтың ұйымдастыру жұмыстарын көрсету.

Зерттеу нысаны: Жасөспірім балалар (13-14 жас аралығында).

Зерттеу пәні: Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психологтың қызметі.

Зерттеу болжамы: Егер практик психолгтың коррекциялық жұмысы жүйелі, жоспарлы жүргізілсе, онда девиантты мінез-құлықты алдын - алуға және реттеуге болады.

Зерттеу міндеттері:

  1. Девиантты мінез-құлықтың теориялық мазмұнын ашу барысында әдебиеттерге шолу жасау;

  2. Практик психолгтың девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсету;

3. Жасөспірім балалардың девиантты мінез - құлығын, ерекшеліктерін анықтауда эксперименталды-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

4.Девиантты жасөспірімдермен психокоррекциялық жұмысты өткізу және оның тиімділігін анықтау.



Зерттеу әдістері: Басса-Дарки әдістемесі, Спилбергер бойынша мазасыздықты зерттеу әдістемесі және психокоррекциялық жұмыс бағдарламасы.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бұл тақырыптың нәтижесін болашақта практик-психологтар кеңес беруде, жасөспірім балалар мен жұмыс жасауда, әсіресе соның ішінде девиантты мінез-құлықты түзетуде психокоррекция бағдарламасын қолдануға болады.

Практикалық базасы: Қызылорда қаласы, Ақжарма аулындағы Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернаты.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу:

1.Қыдырбаева Г.А., Ағыбаева У.Б. «Мектеп психологының кеңес беру жұмыстарының психологиялық ерекшеліктері». Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз мемлекет құрудың Қазақстандық моделі: ерекшеліктері, жетістіктері, даму стратегиясы» Қызылорда.21 қазан, 2011ж.

2.Қыдырбаева Г.А., Ағыбаева У.Б. «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психолгтың ролі», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың ғылыми мақалалар жинағы.Қызылорда 2012ж.

Диссертация жұмысының құрылымы: Диссертация жұмыс кіріспеден, екі тараудан теориялық және эксперименталды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының кіріспесінде зерттеудің тақырыбының өзектілігі, зерттеу объектісі, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеті, зерттеу әдістері, зерттеу көздері, практикалық мәнділігі, кезеңдері көрсетілді.

Бірінші тарауда девиантты мінез-құлықтың теориялық негізі мен психологиялық сипаты қарастырылды,практик психологтың негізгі жұмыс бағыттары көрсетілді.

Екінші тарауда практик психологтың жасөспірімтердің девиантты мінез-құлқын анықтауда эксперимент жұмыстары жүргізілді, яғни әдістемелер іріктеліп, жүргізіліп, нәтижесі талданып, өңделді. Жалпы жұмыс қорытындыланды, пайдаланған әдебиеттер тізімі жазылды.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады - делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық - заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз - қоғамда қабылданған ержелерге бағынбау, ауытқу [10.145].

Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады.

Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді. Көптеген ғылымдарда «қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты», «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез-құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез-құлық деп түсіндіреді.



Психологтың жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Психопрофилактикалық жұмыс - ата-аналармен оқушылар, ұстаздардың психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында пайдалану мен жеке басының дамуына септігін тигізетіндігін, әрбір баланың жас кезеңдеріне байланысты жан-жақты дамуына жағдай жасау, интеллектуалдық және жеке тұлғалың қалыптасуына кедергі болатын жәйттарды анықтау, әрі олармен жұмыс жүргізу [32. 124].

Оқу-тәрбие орталықтарының типтеріне байланысты психологтың өткізетін психопрофилактикалық жұмысы төмендегілерді қамтиды;

1.Кабинетке келген балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруден өткізу;

2.Жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін, бейімділігін, ынтасын ашу мақсатында баланың тәртібіне дамуына психологиялық анализ жасау;

3. Баланың психикалық дамуында кедеңсіз құбылыстарды болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізу;

4. Тілін дамыта отырып, психологиялық өзгерістерді дамыту.

5.Баланың балабақшаға үйренуі(адаптация) бойынша ата-аналарға кеңестер беру.

6.Жоғарғы топтан мектепке баруға дайындық кезеңінде кездесетін проблемаларды шешуге тырысу, әрі ата-аналарға кеңестер беру (болашақта мектептегі өзінің қатарынан қалып қоймас үшін).

7.Коррекциялық бағдарламалардың, әдістердің дамуына психикалық ауытқушылығы бар балаларман жұмыс істеу бағытында пайдалану, әрі көмек беру.

8.Көкейкесті кездейсоқ жағдайларда балаларға, жас жасөспірімтерге психологиялық көмек көрсету.

Психодиагностика барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және психологиялық зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.

1.Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, пси-хикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырады.

2.Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жүзеге асырады.

3.Жетілдіру және психологиялық коррекция жұмыстарының бағ-дарламасына психологиялық және педагогикалық бөлімдер кірістіріледі. Психолог психологиялық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педа-гогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.

4.Жетілдіру және психологиялық коррекция жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша өткізуге болады:

- жеке балалармен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;

- балалар тобымен арнайы жұмыс жүргізу процесінде;

- тәрбиелік іс - шаралар бағытында;

- баланың ата - анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады [33. 56].

Ауытқулар мен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе пси-хологиялық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстары жүзеге асады және саралау (дифференциальдық) диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік - тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді.

Дамыту және психокоррекциялық бағдарламалар екі бөлікті қамтиды. Біріншісі психологиялық, екіншісі педагогикалық. Психологиялық бөлік психолог арқылы жүзеге асырылады, әрі жоспарланады.Ал педагогикалық бөлік ұстаздармен, ата-аналармен психолог біріге отырып жүзеге асырады.

Дамыту және психокоррекциялық жұмыстар психологтың арнайы жұмыстарында, ата-ананың қатынасымен әр баламен жекеленіп немесе топпен жүзеге асырылады.

Дамыту және психокоррекциялық жұмыстар жүзеге асырылады, егер ол жүйке-жүйенің немесе психикалық ауытқулардың нәтижесінде пайда болмаған болса.

Психокоррекциялық және дамытушылық жұмыстар:

1. Баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған коррекциялық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру;

2. Дамыту және психокоррекциялық бағдарлама психологиялық және педагогикалық бөлімдерден тұрады: а) жеке баламен арнайы жұмыс; ә) топ баламен жұмыс.

3. Бала психикасының және жеке басының дамуына бағыттлаған бағдарлама жасау.

Кеңестер беру жұмысы-бала тәрбиесі мен оқыту мәселелері бойынша мектеп әкімшілігін, ұстаздар мен ата-аналарға кеңестер беру;

Кеңес беру жұмыстары:

1.Баланың мектепке келуі, бейімделуі, бір сыныптан екінші сыныпқа

көшуі туралы ата-аналарға, ұстаздарға кеңестер беру.

2.Балалардың әлеуметтік-психологиялық реабелитациясы туралы сұрақтарды қамту (ата-анасынан айырылған жетім балалар), осы аталмыш жұмыс орнында істейтін адамдар үшін берілетін кеңестер.

3.Балаларды оқыту-тәрбиелеу, мамандық таңдауында өзін-өзі анықтауға жөн сілтеу, үлкендер мен қатарлас құрбыларының арасындағы қарым-қатынасы туралы топтық әрі жекеленген кеңестер беру.



  1. .Оқу-тәрбие жоспарын құруға мектеп әкімшілігіне баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып құруларына кеңестер беру.

5.Баланың оқу-тәрбие\сі жөніндегі мұғалімдеріне, ата-анасына кеңес беру; т.б.

сай оқу-тәрбие іс-шараларын жоспарлауға кеңес беруші ретінде қатысу.

Психодиагностикалық жұмыстар:

1. Кабинетке келген баланың психологиялық –педагогикалық картасын толтыру;

2.Келген баланың ата-аналарына психологияның теорияларымен таныстыру;

3. Баланың ересектер арасында кикілжің болса, оның себептерін анықтау;

4. Бала психикасының дамуындағы кемшіліктерге тиісті мамандармен бірігіп дифференциалдық диагностика жасау.

Оқу-тәрбие жоспарын құруға мектеп әкімшілігіне баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып құруларына кеңестер беру. Психолог өз қызметін ұйымдастырғанда баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді. Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланысты ұйымдастырады [34.56].

Психологиялық қызметті ұйымдастырушының тәжірибиелік психолог квалификациясы бар болуы қажет. Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан өткен кәлікпен тұжырымдалуы қажет [44.25].

Психологиялық қызметті жүргізу барысы, әр іс-шараларды өткізу уақыты алдын ала жоспарланғанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Алға қойылған міндеттерді өңдеу үшін эксперимент ұйымдастыру жүргізілу көзделді. Зерттеуге Қызылорда қаласы, Ақжарма аулындағы Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының

8-сыныптағы 20 оқушы қатысты.

Эксперименталды-психологиялық зерттеу 3 кезеңмен жүргізілді:


  1. Анықтаушы;

  2. Қалыптастырушы;

  3. Бақылаушы

Анықтаушы кезеңде мазасыздықпен агрессивтілік бойынша алғашқы нәтижелер алынды. Бұнда балалардың бойындағы агрессивті және мазасыздану күйінің деңгейіне байланысты психокоррециялық жұмыс ұйымдастырылды. Оларды эксперименттік (анықтаушы кезең бойынша алынған нәтижелері) және бақылаушы (псхикоррециялық жұмыстан кейінгі нәтижелері) топ деп бөлдік.

Қалыптастырушы кезеңде эксперименттік топтағы 20 оқушыға психокоррекциялық жұмыс жүргізілді. Содан кейін салыстыру талдау анализі жүргізілді.

Анықтаушы кезде әр топқа әдістемелерді жүргізілгеннен кейін мазасыздануы мен агрессивтілігі жоғары деңгейдегі 20 оқушы алынды. Олар екі эксперименттік және екі тексеруші топқа бөлінді.

Анықтаушы кезеңдегі екі топ бойынша жалпы мәліметтерді салыстыру келесі кестеден көре аламыз.


Кесте 5 - Екі топ бойынша салыстыру




Зерттелінуші топ

Көрсеткіштер

Нәтижесі

1

1 әдістеме бойынша

8

Жоғары

2

2 әдістеме бойынша

39

Орташа

Қалыптастырушы кезеңде екі эксперименттік топқа, яғни 10 адамға психокоррекциялық жаттығулар жүргізілді.

Бақылаушы кезеңде эксперименттік топтарға және тексеруші топтарға мазасыздық пен агрессивтілік деңгейлерін тексеру үшін екі әдістемені қайта жүргізеді.


Кесте 8 - Бақылаушы кезең бойынша нәтижесі екі топтың нәтижесі




Зерттелінуші топ

Көрсеткіштер

Нәтижесі

1

1 әдістеме бойынша

5

Орташа

2

2 әдістеме бойынша

31

Төмен

Осы нәтижелерді салыстыратын болсақ психокоррекциялық жұмысқа дейінгі агрессия – 8 (жоғары), ал мазасыздану – 39 (орташа), психокоррекциялық жұмыстан кейін агрессия – 5 (орташа), ал мазасыздану – 31 (төмен) өзгерді.

Осы кесте бойынша көруге болады агрессия мен мазасыздану деңгейлері психологиялық коррекция жұмысын жүйелі жүргізілгеннен кейін біршама төмендеді. Яғни біздің болжамымыз: егер коррекциялық жұмыс жүйелі, жоспарлы жүргізілсе, онда девиантты мінез-құлықты алдын-алуға және реттеуге болады. Соның негізінде тұлғаның қалыптасуына жағдай жасауға психокоррекциялық жұмыстың әсері бар деген дәлелденеді.

Қалыптастыру кезеңінде психокоррекциялық жұмыс жүргізіліп, бағдарламасы ұсынылды.

Девиантты мінез-құлықтың түзетудегі психокоррекциялық жұмыс бағдарламасы

Девиантты мінез-құлық коррекциясының мақсаттары мен принциптері.

Әсер ету тиімділігі механизмдері мен жағымсыз құбылыс себептерін зерттеу негізінде қалыптасатын мақсаттарымен анықталады. Мінез-құлық құрылымында бірнеше өзара байланысқан деңгейлері бөлініп шығарылды: мінез-құлықпен бірге жүретін эмоциялық процестер; мінез-құлықтың өзіндік реттелуі; сырттай бақыланған көріністер мен әрекеттер. Бұл жүйелер ауытқушы мінез-құлықтың себептерімен бірге жүреді және психологиялық әсердің бағытымен анықталады.




1 – сурет. Практик психологтың девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмысының экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі көрсеткіш динамикасы.
ҚОРЫТЫНДЫ.

Біздің қоғамымызда жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда. Ал қазіргі кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық, зорлық, бұзақылық т.б. қылмыстық әрекеттер мен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі.

Жастар арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді. Сонымен қатар, қаталдық пен агрессивтілік пайда болып, қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын психологтар зерттеп білулері шарт.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті әсер етеді.

Көмек көрсететін психологтар баланың ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт. Мінез-құлқы ауытқыған оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.

Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез - құлқындағы ауытқушылықтарынан әртүрлі қылмыстық әрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Осы жағдайлардың алдын алып, түзету үшін әрбір педагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, әрбір жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес жұмыстар жүргізу керек.


Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1. Қыдырбаева Г.А., Ағыбаева У.Б. «Мектеп психологының кеңес беру жұмыстарының психологиялық ерекшеліктері». Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз мемлекет құрудың Қазақстандық моделі: ерекшеліктері, жетістіктері, даму стратегиясы» Қызылорда.21 қазан, 2011ж.

2.Қыдырбаева Г.А., Ағыбаева У.Б. «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психолгтың ролі», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың ғылыми мақалалар жинағы.Қызылорда 2012ж.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы«Білім» мемлекеттік бағдарламасы. - Алматы, 2000. - 479 б.

  2. Абрамова Г. С. Введения в практическую психологию. М., 1995 г. -с. 469

  3. Ауталипова Г., Бапаева М. Практикалық психология, Алматы, 2007 ж. - 160 бет.

  4. Абрамова Г.С. Психологическая служба школы.М.,1994г. с. 452

  5. Аверин В. Психология детей и подростков. СПб., 1998 г.- с. 568

  6. Ежова Н.Н. Рабочая книга практического психолога. Ростов- на –Дону, 2007г. - с.450

  7. Рожков М.И. Воспитание трудного ребенка,дети с девиантными

поведением.М.,2001г.- с.241

  1. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М.,1989г. - с.252

  2. Змановская Е.В. Девиантология. М., 2003г.- с.345

  3. Кочетов А.Н. Работа с трудными детьми. М., 1991 г.- с.251

  4. Кащенко В.П. Педагогическая коррекция: Исправление недостатков

характера у детей. М., 1996г. - с.458

  1. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М.: Владос, 1998. 2-х томах.- с.326


Түйін сөздер: Психокоррекция, фобия, девиантты мінез-құлық, адаптация, профилактика, психотерапия, психогигиена, рефлекция, релаксация, стрес, психотренингтер, депрессия, делинквент, практикалық психология.

РЕЗЮМЕ
На реферат диссертации на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности 6М010300-педагогика и психологии
Кыдырбаева Гульхан Арыновна
Организация работы практика-психолога с девиантным поведением подростков.
Актуальность исследования

В современный период проблемой развития молодежи, как активной личности, ее адаптация к социальной жизни является формирование активной жизненной позиции, а главное – характера. Перед общеобразовательными учреждениями наряду с обучением и воспитанием возрастает требование повышения качества, а вместе с тем формирование устойчивости психики человека. Школа однозначно с воспитанием стремления к жизненным ценностям должна вести психологическую подготовку личности.

Но вместе с тем в социально-экономическом преобразовании страны встречаются семьи, где дети практический неуправляемы родителями. Родители зачастую не могут найти контакта с ними, их интересы сужаются до общения с детьми плохого поведения. О какой бы форме девиатного поведения детей мы не говорили, все они взаимосвязаны между собой. В характере девиатного поведения детей находят отражение употребление наркотических веществ, спиртных напитков, проявление агрессивности и так далее. Девиантное поведение подростков – главная проблема педагогической психологии.
Цель исследования

Определение особенностей девиатного поведения подростков и организация работы с ними практика-психолога.


Объект исследования

Подростки с девиатным поведением (13-14 лет)


Предмет исследования

Организация работы практика-психолога с девиатным поведением подростков.



Гипотеза исследования

Если коррекционная работа практика-психолога будет вестись исстелено, планомерно, тогда можно предупредить отклонения в девиатном поведении подростка. Следовательно, результаты с воспитании будут положительным.


Задачи исследования

1. Изучить теоретический материал по проблеме девиатного поведения подростков.

2. Показать особенности в организации работы практика-психолога с девиатными поведением подростков.

3. В ходе экспериментального исследования определить особенности девиатного поведения подростков.

4. Определить эффективность психо-коррекционной работы с девиатным поведением подростков.
Научная навязка и теоретическая значаемость

Исследования выполнены в соответствии с теоретическими и научно-методическими требованиями; содержание соответствует научному аппарату; доказаны эффективность и точность результатов экспериментальным путем.

Структура диссертации. Состоит из введения двух глав, литературы заключения и приложения.

В первой главе дан анализ психологической характеристики подростков с девиатным поведением в теоретических исследованиях. Во второй главе в ходе экспериментальной работы апробированы и определены результаты данной проблемы.







Summary
Psychologists must take care of pupils who have problems with their psychology. These problems can be met not only in the alcoholic and drug addicted families, also simple families can have such kind of problems.

If older people don’t pay attention to children with psychological problems, their children will become worse. That’s why it will be very necessary to diagnose it earlier.

This problem needs investigation not only in psychology science, also in another spheres of life. This problem is one of the discussable problems of the day. All humans of the life have problems with their psychology that’s why we can’t say all are the same. It is necessary to solve this problem with help of social and psychological help.

Psychologists, parents and teachers play the main role in organizing the up-brining process of children, that’s why it will be good to give them pedagogical and psychological knowledge. Today’s children is tomorrow’s worker and simple member of the society, that’s why when we up-bring them, the main attention must be paid to their psychology, psychics.

The aim of the research: to define the peculiarities in the characters of teenagers and to show the work of the beginner psychologist.

Scientific forecast of the research: if the beginner psychologist examines the children with psychology problems, then it will be very easy to overcome the problems of psychology.

Tasks of the research:

-by examining the problems with psychology to look for literature;

-the beginner psychology must show the works which will have done with children who have problems with psychology;

-to do experiments which will define the characters of children with psychology problems

-to do psychological works with the children who have psychological problems and to define its necessity.

Practical value of the research: the beginner psychologists can use above given materials to give advice, in organizing work with children and teenagers, to help children with psychological problems in the future.



Precisions of the research: dissertation work has done according to the theoretical scientifically, methodological requirements.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет