Мазмұны.
Кіріспе......................................................................................................................3
I – бөлім. Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы.
1.1. Банк ресурстарының ұғымы мен құрлымы................................5
1.2. Банк ресурстарын құрайтын операциялар..................................8
1.3. Банк меншік капиталының көздері мен қызметі, жіктелуі...10
II – бөлім. Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу.
2.1. Банктің тарылатын қаражаттарын реттеу................................16
2.2. Қазақстандағы банк ресурстарының саясатын жетілдіру
жолдары.............................................................................................22
2.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты.................25
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................32
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі ресурстарының басты мақсаты — Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық актиатік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде – Банк ресурстары туралы ұғым және оның қызметі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар оларды жоспарлау реттеу қарастырылған.
Осы бөлімде жалпы банк ресуртарына жалпы мағлұмат, Қазақстан Республикасындағы коммерцилық банктердің сандық құрылымы және қызметтерін реттеу жолдары келтірілген.
Екінші бөлімде, банк ресурстарын жоспарлау және реттеу, Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтеріжалпы сипаттама және банктің меншікті капиталының жіктелуі, банк депозиттерінің операциялары және депозиттік емес ресурстары қарастырылған.
Осы бөлімде Банктің меншікті капиталына сипаттама, акционерлік капиталдардың құрылуы, банктің меншікті капилатдарының жеткіліктілігі және динасикасы, банк депозиттерінің операциялары мен нарықтық өзгерістері келтірілген.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банктеріндегі банк ресурстарының саясатын, ұғымы мен құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – еліміздегі екінші деңгейлі банктердің банк ресурстарының жетілу жолдарын және реттелуін, олардың даму мәселелерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың жазылуы барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда мақалалар, маңызды деректер, статистикалықкөрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
І – бөлім. Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы.
1.1 Банк ресурстарының ұғымы мен құрлымы.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресуретары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Банкінің капиталы ( өзіне меншікті құралдың ), қолданылатын аласы да емес, сомма сияқты анықталады:
- банкі жарғылық капиталының;
- банкі қорларының;
- таратымаған пайданың;
Үлкейген мөлшерге:
- резервті мүмкіндер жоғалтулар қарыздарға 1 және 2 топтардың тәуекелді;
- алынғанды ( төленгенді ) жиналғанды - табыс алдыңғы ақысымен;
- шетел валютаға құралдардың қайта бағалаулары;
- құнды қағаздардың қайта бағалаулары;
Азайтылған мөлшерге:
- жіберілген зияндардың;
- сатып алынған өзіне меншікті акциялардың;
- акционерліксіз банкі жарғылық капитал арттырулары оның тіркелген мағынамен;
- міндетті резерв ішіне салулардың құнды қағаздың;
- несиелердің, кепілдіктердің, пайдалануға берілгендердің лимиттар сыртынан;
- заттық активтардың тауып алуына шығындардың арттырулары өзіне меншікті қайнарлармен;
- келешек дәуірлердің шығындарының есептелгендерге, бірақ емес төленгенмен пайыздарға;
- дебиторлық қарыздың, ұзақтықпен 30 күннен жоғары;
- есеп-қисап банкілердің ұйымдарымен бөлінген құралдармен.
Қорғау функция. Банкті жою оқиғасында салымшыларға өтем төлеу мүмкіншілігін білдіреді.
Шапшаң функция. Белгілі, не табысты жұмыс басына арналған банктерге старттық капитал қажетті, ғимараттардың тауып алуына қолданылады, жабдықтаудың, қаражаттық резервтердің жасаулары ойда болмаған зияндар әлде қалай кездессе. Бұлар өзіне меншікті капитал сонымен қатар мақсаттар қолданылады.
Реттеуші функция. Банкілердің табысты жұмыс жасауында қоғам құштарлығымен байлаулы, сонымен қатар заңдармен және мүмкіндік беретін ережелермен мемлекеттік органдарға жөнге салу функциялары жүзеге асыру және бақылаудың.
1.2 Банк ресурстарын құрайтын операциялар.
Банк өз қызметтерін банктік пассив және актив операциялары арқылы атқарады. Пассив операциясы деп банктердің өзіне ақша қаражатын тартып, банктік ресурстар кұру операцияларын, ал актив операциялары деп осы қаражатты орналастыру операцияларын айтады.
Банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы, коммерциялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың (қаржы министрлігінің) ақша салымын қабылдауы, банктің өз капиталын құру операциялары жатады. Көп елдерде орталық банктің ақша қорларының негізгі көзі – банкнота шығару, яғни 40-тан 85%-ға дейінгі пассив операциялары. Қазіргі кезде шығарылатын банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмеген (фидуциарный) өз құны жоқ ақша. Банкнота шығарудың қазіргі механизмі коммерциялық банктерге несие беруге, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға және алтын валюталык резервтерді ұлғайтуға негізделген. Банктерді несиелегенде банкнота шығару вексель және баска банктік міндеттемелермен қамтамасыз етілген; ал мемлекеттік карыз міндеттемелерін, алтынды және шетел валютасын сатып алғанда соларға сәйкес мемлекеттік міндеттемелермен, алтынмен және шетел валютасымен камтамасыз етіледі. Басқаша айтқанда, банкнота эмиссиясы орталық
банктін актив операцияларымен камтамасыз етіледі. Осыдан оның пассив және актив операцияларының байланысы көрінеді.
Орталық банктің "Банкнота эмиссиясы" деп аталатын пассив операцияларының мөлшері оның: банктерге қарыз, мемлекеттік бағалы қағаздарды, шетел валютасын және алтынды сатып алу деген актив операцияларына байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда, орталық банктің актив операциялары пассив операцияларына қарағанда алдымен кұрылады. Алайда бұдан орталык банктің несие жүйесіне және мемлекетке берген кез келген қарызының орнына банкнота шығарылады деген ұғым тумайды.
Орталық банктің несиесі онда ашылған коммерциялық банктер мен мемлекеттік қазынашылықтың шоттарына жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда орталық банктің банкноталық эмиссиясы емес, депозиттік эмиссиясы жүзеге асырылады.
Орталық банктің ақша ресурстарының келесі көзі -коммерцяялык банктер мен каржы министрлігінін акшалы салымы. Коммерциялық банктер орталық банктегі ашылған процентсіз шотқа міндетті резервтерімен коса өзінін кассалык корының бір бөлігін сақтауы мүмкін. Кейбір елдерде міндетті резервтер процентсіз арнаулы шоттарда жинақталады. Орталық банк коммерциялық банктерге белгілі бір бекітілген проценттік мөлшермен мерзімдік шоттарды да ашуы мүмкін. Ал орталық банктің өз каниталының үлесі пассив операцияларынын 4%-ын кұрайды.
1.3 Банк меншік капиталының көздері мен қызметі, жіктелуі.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі осының есебінен банкте қажетті резервтер құралады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шарауашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданы пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту максатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қатар коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
-
жарғылық капитал;
-
резервтік капитал;
-
қосымша капиталдар;
-
банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
-
бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
-
акционерлік банк формасында;
-
пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
Пай қосу арқылы қүрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлгайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акциоиерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:
а)меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
б)банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған карыздың орнын жабуға арналады;
в)банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей кезендерден тұрады:
-
бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
-
бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
-
банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
-
шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.
Банктің меншікті каражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ак, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда, болмаған жағдайда резервтік кор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Косымша капиталдар - негізгі кұралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау коры. яғни үлттык валюта мен шетел валюталары арасындағы аиырма нотижесінде қүрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы кағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
-
банк пайдасы;
-
акциялар шығару;
-
құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
-
облигациялар шығару жатады.
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады жане банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
-
қорғаныс қызметі;
-
шұғыл қызметі;
-
реттегіштік қызметі;
-
айналым қызметі;
-
резервтік қызметі.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалыкты жоғары болса, соғурлым банк өтімді болып саналады. Яғыни егерде банк банкротқа ұшыраған жағдайда, тек акционерлер ғана зиян шегеді.
«Капиталдың жеткілігі» термині банктің жалпы тұрактылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциядық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін.
Банк меншікті капиталын ұлғайтута негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:
-
банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
-
банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды (пруденциялық пормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Банктің меншікті капиталының динамикасы (миллиард тенге)
Баптардың аттары
|
01.01.2002
|
01.01.2003
|
өсім, %
|
І деңгейлі капитал
|
91,1
|
110,6
|
21,4
|
Жарғылық капитал
|
76,8
|
77
|
0,3
|
Қосымша капитал
|
8,7
|
11,2
|
28,7
|
Бөлінбеген пайда
|
8,7
|
15,0
|
72,4
|
ІІ деңгейлі капитал
|
36
|
55,7
|
Я,7
|
Ағымдағы пайда
|
7,4
|
20,6
|
178,4
|
Субординирленген қарыз
|
15,3
|
30,1
|
96,7
|
Барлық меншікті капитал
|
122,1
|
161,2
|
32,0
|
Сандық мәліметтер Ұлттық банктің 2002жылғы есебінен алынған
2003 жылдың 1 қаңтарына екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталы 32,0% -ға өсіп, 161,2 миллиард теңгені (1 036 млн Америка Құрама Штаттары долларын) құрады. Бірінші деңгейдегі капитал — 21,4% -ға өсіп, 110,6 миллиард теңгені, оның ішінде: төленген жарғылық капитал — 0,2 миллиард теңгеге, өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда — 6,3 миллиард теңгеге, қосымша капитал — 2,5 миллиард теңгеге өскен. Екінші деңгейлі капитал 54,7% -ға өсіп, 55,7 миллиард теңгені, оның ішінде: ағымдағы таза табыс — 13,2 миллиард теңгеге, субординирленген міндеттемелер тізімі — 11,8 миллиард теңгеге өскен.
Банк меншікті капиталының жеткіліктігі жоғарғы деңгейде сақталған. Оның ішінде: 2002 жыл бойына 0,11-ден 0,09-ға дейін (норматив мәні — 0,06 кем емес), 0,19 —дан 0,17-ге (норматив мәні - 0,12 кем емес) төмендеген. Мұндай төмендеу, банк жүйесіндегі жиынтық активтердің өсуі банктердің капиталдану қарқынының өсуінен жоғары болып келуімен сипатталады.
ІІ – бөлім. Банк ресурстарын жоспарлау және реттеу.
2.1 Банктің тартылатын қаражаттарын реттеу.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаржаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
-
депозитік қаражаттар;
-
депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен таратылатын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозитгер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Банктін депозиттік операциялары
Депозиттік операциялар активті және пассииті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар — банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын калыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына
жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
-
талап етуіне дейінгі депозиттер;
-
мерзімді депозиттер;
-
жинақ салымдары;
-
бағалы қагаздар.
Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
-
мерзімдеріне қарай;
-
салым иелерінің категорияларына қарай;
-
қаражаттарды салу жоне қайтарьт алу шартына қарай;
-
пайыз төлеу тәсіліне қарай;
-
банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
-
басқа.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
-
мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
-
әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
-
есеп айырысудағы қаражаттар;
-
жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
-
басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
-
меншікті-мерзімді депозиттер;
-
алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
-
30 күнге дейінгі;
-
30-90 күнге дейінгі;
-
90-180 күнге дейінгі;
-
180 күннен 360 күнге дейінгі;
-
360 күннен жогары.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
-
есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толықтырылмайды;
-
шоттагы қаражат баяу айналады;
-
түрақты пайыз төленеді;
-
пайыз молшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
-
ақшаны алуы туралы салым несінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
-
бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің Түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компыотердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозитгік ресурстардың біршама тұрақты белігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
-
ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
-
шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
-
ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілстін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
-
мерзімді жинақ салымдары;
-
қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
-
ұтыс салымдары;
-
ақшалай-заттай ұтыс салымдары - мақсатты және ағымдық салымдар;
-
алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
-
валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға түрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді. Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
-
атаулы сертификаттар;
-
мәлімдеуші сертификаттар.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозитгік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
-
аударылатын;
-
аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылғадейінгі мерзім аралығын құрайды.
Банктің депозипік емес ресурстары
Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер — бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Овернайт — банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Күндізгі заем — банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
Ұлттық банктерде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру — бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты коммерциялық банктердің Ұлттық банкке коммерциялық вексельдерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту тәсілі.
Банкгер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден, вексельдер ссуда ашу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден, вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі.
2.2. Қазақстандағы банк ресурстарының саясатын жетілдіру жолдары
Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.
Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.
Ал қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, Америка Құрама Штаттары ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.
Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.
Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.
2.3. Қазақстан Ұлттық банкінің ақша – несие саясаты.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша – несие саясатына шолу жасайық. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталық банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.
Орталық банктердің тиімді қызметі ұлттық дәстүр тұрғысынан оны ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Кдзақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекетгік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздін жаңа Конституциясының кабыдануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-несие саясаты:
-
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
-
ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
-
ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
-
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді.
Қайта қаржыландырудын ресми ставкасы ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта каржыландырудын ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялык болжауларға қарай белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жузеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтык ставкаларына әсер ету максатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйакының ставкасын белгілейді.
Резервтік талаптар нормативі банктер алдындағы міндеттемелерді кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы сомасынан процент есебінде есептеледі және 40 проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі айырықша жағдайларда міндеттемелердің есуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардыц нормативтерін әзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте колданысқа енгізілмейді.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде айыппұл салынып, ендіріліп алынады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелген қаражатты қайтарып береді.
Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді айырықша жағдайларда ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тіке сандык шектеулері дегеніміз операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының (мүлденің) ставкасын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу максатында несиенін накты түрлерін реттеу болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді ақша-несиемен реттеудің жанама әдістерімен инфляциялык процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.
Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталықинтервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;
6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді.
Банктерге берілетін карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл заты бола алады.
Депозиттерді тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін және тарту лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.
Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар.
Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялык вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін койы-латын талаптарды белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталык интервенциясы жалпы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады.
Валюталық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті «Қазақстан Республикасындағы валюталык қатынастарды реттеу туралы».
Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.
Банктерге несие берудің тәртібін, шартын, түрін, мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі несие берудің соңғы сатысының несие берушісі ретіңде банктерге несиені ұлттық және шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де ұсынады.
Қорытынды
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Тексты лекций Искаковой З.Д. по курсу "Банковское дело".
2. Б. А. Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы «Экономика» 2000 ж.
3. Банковское дело. Учебник Под. ред. Г.С. Сейткасимова.
Алматы: Каржы-каражат. 1999г.
4. С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілияс Банк ісі. Алматы «Қазақ университеті» 2004 ж.
5. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и операции. М: ИПЦ "Вазар-фсрро". 1994г.
6. В.В. Иванов. Банктер сенімділігі сараптамасы. М.: Русская деловая литература, 1996. - 320 с.
7. Велислава Т. Севрук. Банктік қауіптер. - М: «Дело Лтд», 1995. - 72 с.
8. Эдвин Дж. Долан. Ақшалар, банктік ісі және ақшалай-несиелік саясат. СПб.: «Санкт-Петербург ОРКЕСТР», 1994. - 496 с.
9. «Банктер және банктер қызметі жөнінде» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы, 1995 г.
10. « Пруденциальді нормативтер жөнінде» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ережесі, 1995 г.
11. О.И. Лаврушина. Банктік ісі. М.: Банктік және биржалық ақпараттық орталығы, 1992, - 432 с.
12. П. Роуз Банктік менеджмент. М.: «Дело Лтд.», 1994
13. П. Брук. Банктік ісі және инвестицияларды қаржыландыру.
14. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. Банктік ісі. М.: «Қаржы және статистика», 1996. - 480 с.
www.РЕФЕРАТ.kz Қазақша рефераттар сайты
Достарыңызбен бөлісу: |