Реферат Пәні: Педагогикалық зерттеулер Тақырыбы: «Әдеп пен әдептілік және олардың жеке адам өмірінде алатын орны»



бет1/3
Дата25.09.2023
өлшемі163.95 Kb.
#478511
түріРеферат
  1   2   3
реферат гүлбану


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Реферат

Пәні: Педагогикалық зерттеулер


Тақырыбы: «Әдеп пен әдептілік және олардың жеке адам өмірінде алатын орны»

Орындаған: Г.Сағиғалиева


Тексерген: Б.Сейдахметов
2023-2024жж
Жоспар

Кіріспе
«Әдеп» және «әдептілік» ұғымы туралы түсінік
Негізгі бөлім
Әдеп пен әдептіліктің адам өмірінде алатын орны, маңызы
Қорытынды

КІРІСПЕ
Адамның бойында түрлі қасиеттер бар. Ол қасиеттер адамның өмірінде өзіндік орын алады. Солардың ішіндегі әдептілік қасиеті мен әдеп ілімі туралы сөз қозғасақ.
Әдеп («ethos» деген грек сөзінен шыққан, дәстүр, адамгершілік деген мағына береді) — бұл мораль, адамгершілік туралы ілім. Ең алғаш «әдеп» терминін Аристотель (б.э.д. 384-322) практикалық философияны белгілеуде, адамдардың дұрыс, адамгершілікті қылықтар жасауда не істеу керек деген сұраққа жауап беру үшін қолданған.
Әдептілік сөзбе-сөз мағынасында «жанасу» дегенді білдіреді. Ол-адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге көмектесетін адамгершілік санат. Адамгершілік ұстанымына негізделе отырып, әдепті мінез-құлық ең бір қиын-қыстау жэне қарама-қайшы жағдайларда да адамға деген сыйластықтың сақталуын талап етеді.
Әдепті болу - әрбір адамға, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесімен айналысатын эрбір педагогке қойылатын адамгершілік талап.
Әдеп – болмыс пен қондырма мәнінің басымдық берер нысаны. Әдеп нормалары әуел бастан, біріншіден қоғамның пайда болуы мен өмір сүруінің шарты болса, екіншіден адамдардың бірлікте өмір сүруге, яғни ізгілікке қабілеттіліктерінің көрсеткіші болып келеді. Әдетте қай-қайсымыз болсын әдепті жанға қарап, риза болғанда «көргенді жердің қызы екен», «әдепті бала», «тәртіпті жан екен» деп тамсанып жатамыз.
Әдеп – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Әдептілік өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдептілік ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет