Реферат тақырыбы : Этикет Орындаған : Манарбекқызы Аяулым Тексерген : Айтқалиева Д. Н этикет



Дата17.02.2022
өлшемі30.27 Kb.
#455460
түріРеферат
реферат


М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті

“Мәдениет және өнер факультеті”

“Хореография және мәдени-тынығу жұмысы”

“Мәдени-тынығу жұмысы”

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Этикет

Орындаған: Манарбекқызы Аяулым

Тексерген: Айтқалиева Д.Н

Этикет

Жоспары:

1.Этикет ұғымы.

2.Этикеттің кейбір ұстанымдары.

Этикет ұғымы.

Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. «Этикет»сөзі француз тілінен аударғанда «рәсімді реттеуші нұсқау қағаз, этикетке, рәсім өткізу тәртібі» деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтежиесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.

Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.

Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті «этикет патшаларды құл етті» деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады.

Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.

Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте орын алып отырғаны белгілі.

Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі–гуманизм. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері.

Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі–екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.

Этикеттің кейбір ұстанымдары. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім,яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қатігез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасына ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар.

Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес аадамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім – адаидардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көмеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше, адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын, үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.

Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу – тек іскердің емес, жалпы әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі – қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, қалай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.

Әдеп амандасудан басталады. Амандасу – адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде «сәлем түзелмей әлем түзелмейді», «сәлеміміз түзу», «сәлемнен кете қойған жоқпыз» деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақалда жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің «тілін таба білу» іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білген жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, Басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.

Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі-бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігін туындайды. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу – үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентіңді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш айтса жөн. Бұл – оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл адара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.Этикет

Жоспары:

1.Этикет ұғымы.

2.Этикеттің кейбір ұстанымдары.

Этикет ұғымы.

Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. «Этикет»сөзі француз тілінен аударғанда «рәсімді реттеуші нұсқау қағаз, этикетке, рәсім өткізу тәртібі» деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтежиесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.

Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.

Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті «этикет патшаларды құл етті» деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады.

Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.

Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте орын алып отырғаны белгілі.

Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі–гуманизм. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері.

Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі–екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.

Этикеттің кейбір ұстанымдары. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім,яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қатігез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасына ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар.

Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес аадамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім – адаидардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көмеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше, адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын, үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.

Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу – тек іскердің емес, жалпы әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі – қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, қалай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.



Әдеп амандасудан басталады. Амандасу – адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде «сәлем түзелмей әлем түзелмейді», «сәлеміміз түзу», «сәлемнен кете қойған жоқпыз» деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақалда жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің «тілін таба білу» іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білген жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, Басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.

Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі-бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігін туындайды. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу – үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентіңді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш айтса жөн. Бұл – оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл адара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет