Реферат Тақырыбы: " Физиканы оқытудың негізгі міндеттері " Орындаған: Мұхаметқан А. С. Тексерген: Сакенова Р. Е. Өскемен 2023



бет1/3
Дата07.05.2023
өлшемі23.68 Kb.
#473344
түріРеферат
  1   2   3
Физиканы оқыту әдістемесі, 11 апта


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: " Физиканы оқытудың негізгі міндеттері "
Орындаған: Мұхаметқан А.С.
Тексерген: Сакенова Р.Е.

Өскемен 2023


Мазмұны:

  1. Физиканы оқыту әдістемесі.....................................................................3

  2. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері..................................................8

  3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................10



  1. Физиканы оқыту әдістемесі

Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының негізгі саласының бірі болып табылады.


Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту әдістемесі ждеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту әдістері дидиактикаға негізделеді.
Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.
Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде жоспар бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.
Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.
Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті – оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.
Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келеді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру барысында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді: оқушыларға физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
Орта мектептерде физиканы оқыту мақсаттарын топтап, әр топқа сәйкес оқытудың нақты мақсаттарын мына кесте арқылы көрсетуге болады:
Кесте 1

Оқыту мақсаттарының тобы


Физиканы оқытудың нақты мақсаттары


Алдыңғы ұрпақтың жинаған білімі мен тәжірибесін меңгеру


Негізгі физикалық білімдерді қалыптастыру: фактілер, ұғымдар, теориялар, заңдар, әлемнің физикалық бейнесі. Физикадағы танымның әдістері туралы білімдерді қалыптастыру. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен техниканың ғылыми негіздері туралы білімді қалыптастыру.


Құбылыстарды түсіндіре білу, білімді есеп шығаруда қолдана білу ебдейліктері мен эксперименталдық ебдейліктерін қалыптастыру.
Ғылыми дүние танымдық көзқарас қалыптастыру. Физиканың қоғам өміріндегі ролі туралы, қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуы мен физиканың дамуының арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Мамандық таңдауға, практикалық іс-әрекетке әзірлеу.


Тұлғаның психикасының функцияналдық механизмін дамыту


Есте сақтау, сөйлеу, қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту.


Ойлау қабілеттерін дамыту.


Тұлғаның жалпы типологиялық қасиеттерін қалыптастыру


Жалпы қабілеттерін дамыту.


Өз бетімен еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Тұлғада адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Бағалай білу ебдейліктерін қалыптастыру.


Тұлғаның жеке басының қасиеттерін дамыту


Физикаға деген қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту.


Оқу мотивін қалыптастыру.



Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланысты болып келеді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсаты олардың білімдерін есептер шығаруда қолдана білу икемділіктері мен дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру барысында жүзеге асады.


Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, физика-математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика-математикалық бағыттағы жоғары оқу орына түседі. Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныстырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебдейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолдана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет.
Жалпы білім беру мектептеріне арналған бағдарламаның түсініктемелік жазбасында оқушылар меңгеруге тиісті білім элементтері: эксперименттік фактілер, ұғымдар, заңдар, теориялар, әлемнің физикалық бейнесі, физика заңдарының техика мен технологияда қолданылуы көрсетілген.
Бұл білім элементтерін оқушылар әртүрлі деңгейде меңгеруі мүмкін. Практикалық мақсаттарға біршама ыңғайлысы оқытудың мақсатын анықтайтын американ ғалымы Блумның таксономиясына негізделген игеру деңгейлерінің жүйесі болып табылады. Оған сәйкес:
1-деңгей – білімдерді есте сақтау;
2-деңгей – білімдерді түсіну;
3-деңгей – таныс жағдайда білімдерді қолдану;
4-деңгей – жаңа жағдайда білімдерді қолдану болып табылады.
3-деңгей білімді, іс-әрекетті үлгі бойынша орындай білуді, 4-деңгей – білімді шығармашылық деңгейде орындай білуді көрсетеді. Сонымен білімді меңгеру деңгейлерін енгізу оқушылардың меңгерген физикалық білім элементтерінің оларды әртүрлі жағдайларда: есеп шығаруда, табиғаттағы құбылыстарды түсіндіруде, машиналардың жұмыс істеу принципін т.б. қарастыруда қолданумен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Мысалы, оқушыларға Ньютонның екінші заңы туралы білімді қалыптастыруды қарастырсақ: бұл заңды меңгерудің І деңгейіне – заңның формуласының жазылуын, оқылуын білу, бұл заңды дәлелдейтін тәжірибені түсіндіру, заңның қолданылу шегін айту. Білім меңгерудің ІІ деңгейіне заңның мағынасын түсіндіруді, заңдағы себеп-салдардың байланысын түсіндіре білуді көздейді. Білім меңгерудің ІІІ деңгейіне белгілі алгоритм негізінде, осы заңды қолданатын есептерді шығару; мұғалімнің берген нұсқауының көмегімен дененің үдеуінің оған әсер ететін күшпен оның массасына тәуелділігін тағайындауға эксперимент жасау; өмірде кездесетін құбылыстарға заңды қолдана білу жатады. Білім меңгерудің ІY деңгейіне оқушылардың стандартты емес есептерді шығара білуі, заңды зерделеуде өз бетімен жұмысты жоспарлап, өткізуі жатады.
ІY деңгейге сәйкес білім меңгеру жеке тұлғаның даму мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан барлық оқушылардың бұл деңгейге сәйкес білімді бірдей меңгеруі мүмкін емес. Білімнің бір деңгейінен келесі деңгейлеріне өту бірте-бірте жүреді. Жаңа материалды қарастырғанда білім әуелі бірінші деңгейде меңгеріліп, кейін түсініліп, сосын білімді қолданудың іскерліктері қалыптасады.
Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді:
-физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;
-тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру;
-мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру;
-аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу.
Сонымен физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі барысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.
Жалпы алғанда мынадай қорытындыға келеміз:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет