Мұғалімнің инновациялық идеялары



Дата28.01.2020
өлшемі65.58 Kb.
#447891
Мұғалімнің инновациялық идеялары

Мұғалімнің инновациялық идеялары
Орта мектеп көлемінде ғылыми-жаратылыстану пәндерінің арасында математика пәнінің алатын орны мен міндеті өз алдына ерекше.

Математика –қазіргі кезеңдегі техника мен технологияның теориялық негізі болғандықтан , математиканың теорияларын, негізгі қағидаларын , формулаларын білу маңызды және шешуші рөл атқарады. қандай мамандық болсада математика үнемі қолданыста болады.Қазақстан республикасының қарқынды даму кезеңінде математиканы меңгерту негізінде бүгінгі оқушылардың математикаға ынтасын , белсенділіктерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру басты міндет болып саналады,әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап ететіні даусыз, яғни әрбір адамда саналы және терең білім мен іскерліктің болуын , жастардың белсенді түрде жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Білім жүйесі өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал оқу процесіндегі дәстүрлі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтыны түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізу талап етеді.

Математика мұғалімдерінің педогогикалық жұмыстарына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімдерінің жұмыстарына қойылатын талаптарды іске асыру- мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабаққа және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндік туғызады.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға.Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және психология мен педогогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім қызметінің жемісі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үн қосады. Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен оалдыңғы қатарлы озық тәжірибені жетік игеру.

Мектептік математикалық білім беруді нәтижеге бағдарлауға көшу қазіргі өмірдің талабынан туындап отыр. Өйткені еліміздің саяси, мәдени, экономикалық жағдайларының өсуіне байланысты көптеген мамандықтардың заманға сай компьюиерлік технология мен жалпы технологияландыру үрдісі арқылы оларды даярлау қайта қаралып отыр.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар білім беру үрдісінде оқушының қабілетін дамытуға мүмкіндік береді және оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі-электрондық оқулық.ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге , игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.

Жаңа технологиялар- педогогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды.

-математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы;

-компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге , оның ішінде математикаға араласуы ,енгізлуі;

-оқушыларды әр түрлі компьютерлік техникалық құралдар игеріп, солады тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді.

-математикалық түсініктерді оқып үйренуге қажет жоғары деңгейдегі ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуда компьютерлік техниканың тұрақты қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы.

Компьютермен оқытудың өз мақсаты , мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі.

Мұғалім жеке көзқарасы бар , соны қорғай білетін жігерлі тұлға , зерттеушілік, ойшылық қасиеті бар маман , білімді де білікті , коп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін , өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек.Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілет болуы шарт. Ол онымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни , этнопедогогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. ғаламдасуға байланысты «интернет» желісін жетік меңгерген , әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет.Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптыр зор екенін көреміз.

ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалімнің басты мақсаты –қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойна сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Ізгіліктің нұрына бөленген ұлы әл-Фарабидің тәрбиеден ажыраған білім адамзатқа қасірет әкеледі деп сонау бірінші мыңжылықта айтқан ұлағатты сөзінің мәні де осында жатыр.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім кеңестігіне енуге деген мүдделігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені ұлттың бәсекелестік қабілеті , бірінші кезекте , оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесінің аса бір маңызды буыны болып саналатын орындардағы оқыту үдерісін де түбегейлі жетілдіруді қажет етеді. Себебі жоғары білім дамуының негізгі қозғаушы күші болса , білімді де, білікті маман- еліміздің ертеңін, жарқын келешегін құрушылар.

Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компоненттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып саналады.



Технология- грек тілінен аударғанда шеберлік деген ұғымды білдіреді.Бұл сөздің мағынасы педогогика саласында қолданғанда шеберлікпен өнім алу,нақты нәтижеге жету, белгілі бір жүйемен оқыту деген ұғымдарға барабар.Педогогикада оқыту технологиясы мен білім саласы бір-бірінен ажыратуға болмайтын , өзара тәуелді , өзара сабақтас егіз ұғымға айналды.Себебі оқыту технологиясының тиімділігі сапалы нәтижелерге әкелетін факторларды үйлесімділікпен басқаруға тікелей байланысты болса, ал үйлесімді басқару жүйелік арқылы сапаға қол жеткізудің басты шарты болып саналады. Сондықтан отандық та , әлемдік те ғылымда педогогикалық технологияларға арналған зерттеулер аясы кеңейе түсуде. Компьютерлік оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Зерттелген сайын оның жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру , яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Қай заманда да өркениеттің дамуы интелектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі , бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бір қатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін рейтінгін анықтауға кірісті.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге , меңгеруге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр.Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.



Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігін жоғарылатуды көздейді. Ғылым мен технологиялар біздің өмірімізді механизимдерге, құрылғыларға және аспаптарға толтырады. Бар жғы бірнеше онжылдықтар бұрын CD –плеерлер,спутник теледидар және ойын қосымшалары болады дегенге сену қиын болды.Техникалық прогрес керемет жылдамдықпен алға жылжуда, неғұрлым жетілдірілген және неғұрлым тиімді техника пайда болуда. Қазақстан мектептері мен оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру.

Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педогогикалық мақсаты:



-қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы байланыс;

-есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқытуға көшу;

-оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты.Сондықтан мен өзімнің педогогикалық жұмысымда сабақ жүргізудің жаңа оқыту технологиясын іс-тәжірибеме енгізіп жүрмін. Бұл технологияның ерекшелігі – терең білім алу арқылы баланың дамуын қолдау болып табылады. Саралап, деңгейлеп оқыту педогогикалық технологиясы мен оқушының белсенділігін арттыру әдісін қатар жүргізу арқылы әр оқушының өз бетінше жұмыс жасауына толық мүмкідік беруге болады.



Алға қойған мақсатқа жету үшін әр мұғалім сабақ өткізудің әр түрлі тәсілдерін қалай, қашан қолдану керектігін біледі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет