Реферат Тақырыбы : Тағам өндірісі салалары Тобы: тпп-22-5



бет1/6
Дата18.04.2024
өлшемі16.07 Kb.
#499137
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
1Зухра апай


Қорқыт-Ата Атындағы Қызылорда Университеті
Реферат

Тақырыбы:Тағам өндірісі салалары
Тобы:ТПП-22-5
Орындаған:Бекет Нұрай, Ақыметқалиқызы Ақерке, Орынбек Дильназ, Мергенбайқызы Ұлту
Қабылдаған:Сәрсенбаева Зухра
2023-2024 оқу жылы
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
2.1 Тамақ өнеркәсібі
2.2 Тамақ өнеркәсібінің салалары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.Көптеген «тамак өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Негізгі бөлім
2.1 Тамақ өнеркәсібі — халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері,балық, кондитер, шарап жасау т.б.салалары дамыған. Ауыл шаруашылығы тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады. Тамақ өнеркәсібі өнімдері еліміздегі азық-түлік қорының 90%-ын құрайды. Қазіргі кезде тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар заман талабына сай жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған. Ауыл шаруашылығы шикізаттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайындалады. Ал тез бұзылатын тамақ өнімдері тамақ өндірісі кәсіпорындарындағы қуаты жоғары тоңазытқыштарда сақталады. Тамақ өнімдерінің қалдықтары қайтадан ауыл шаруашылығында пайдаланылады.Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді: өсімдік шаруашылығының шикізаттары, мал шаруашылығының шикізаттары, өндіріс шикізаттары (тұз өндіру, минералды сулар, балық аулау, теңіз өнімдері). Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастырушыға әсер етуші негізгі факторлар — шикізат көздері және тұтынушылар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет