№3 практикалық сабақ тақырыбы: «Дүниетану» сабақтарында тәжірибе жүргізудің әдістемесі
Сабақтың мақсаты; Сабақта тәжірибие жүргізу әдістемесін үйрету
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;
1. Дүниетану сабақтарныда тәжірие жүргізу
2. Тәжірибие өткізілетін кабинеттер
3. Тәжірибие кезіндегі қауіпсіздік ережесімен алғашқы көмек
Әдістемелік нұсқаулықтар; Дүниетану сабағында жүргізілетін тәжірибелермен танысады. Оларды жас ерекшеліктеріне қарайжіктейді. Мектептерде тәжірибие жүргізетін аудиторияларды қалай дайындауға болатыны жайлы білетін болады. Кабинетке кіргеннен шыққанға дейінгі қауіпсіздік ережелерін өздері жатқа білетін болады. Егер оқыс жағдай бола қалса алғашқы көмек көрсетуге дайын болады.
Өткізу формасы; «Қар үйіндісі»
Біріншіден, студенттер жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.
Мысалы. Бірінші студент мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды.
Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптан тек үшеуін таңдайды.
Сосын 4 студент дәл солай алтыдан 3 затты таңдайды.
Әдебиеттер: 4,8,11,17
Әр елдің болашағы сол халықтың білім ,ғылым деңгейімен анықталатындықтан оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болып қалмақ.
Қазақстан Республикасының « Білім туралы Заңында » әр баланың жеке қабілетіне қарай танымдық қабілетінің дамуы жеке адамның патриоттық сезімін ,Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту мәселелері мемлекеттік білім саясатының басты ұстанымы екендігі көрсетілген. Осыған орай білім беруді ізгілендіру барысында жеке тұлғаны дамыту , өзіне сенімді , танымдық қабілеті , дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат тәрбиелеуде дүниетану пәнінің алатын орны ерекше. Бастауыш сынып оқушыларына дүниетануды оқытудағы міндет — олардың түсініктерін кеңейтіп, ұғымдарын қалыптастыруда күнделікті жүйелі жұмыс жүргізу. Бұл жағдайда білімді игерудің бірінші кезеңі жеке табиғат құбылыстарын немесе деректерін қабылдау болып табылады. Қабылдау оқушының сенімі арқылы жүзеге асып, танымға ұласады. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Оқушы бойында дүниетанымды қалыптастыруда адам , қоғам, табиғат туралы білімдер негізгі тірек болады.
Адам – қоғам- табиғат арасындағы байланысты және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып , түсінуі , тануы тиіс. Дүниетану – «дүние» және « тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады . Алдымен нені танып – білу керектігін анықтауымыз керек. Сол дүниені танып –білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп , тиімді әдіс –тәсілдерін қолдануға тоқталмақпын.
Жаратылыстану және дүниетану пәндерінен сабақ берудің әдістемелік негізін салушы Ресей ғалымы Александр Яковлевич Герд « Адамзат барлық нақтылы шынайы білімді оқу арқылы емес : бақылаулар, салыстырулар және тәжірибелер арқылы игереді, сондықтан дүниетануда осы үш әдіс құдіретт і» деп атап көрсетті.
Бұл әдістер дүниетануды меңгертудің негізі болып қала береді.Жеке тоқталсақ :
Бақылау жасау әдісі — біріншіден ,оқушы бойында қоршаған дүниеден нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде бастауыш класс оқушыларының шығармашылық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді
Екіншіден . табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына , табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына , дүниенің біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
Үшіншіден оқушының бақылағыштық,байқағыштық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеп, шығармашылық , танымдық қабілетін арттырады.
Сабақта бақылауды іскерлікпен ұйымдастырып, әдістемелік жағынан дұрыс қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты . Бақылау әдісін сабақта қолдануда төмендегідей жүйені қолданамын.
1 Бақылау өткізуге сай оқу материалдарын іріктеу.
2. Оқушыларды бақылау өткізуге дайындау.
3 Сабақта бақылауға қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру.
4. Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу.
5. Күн ілгері бақылауға қажетті тапсырмалар әзірлеп , балаларға тапсырмалар беру.
6. Қажетті жабдықтарды дайындау.
7. Бақылау нәтежелерін жазу, қорытындылар шығару.
Бақылау әдісі — өткізілу уақытына қарай бірнеше кезеңдерге бөлініп өткізіледі ..
1Мұғалімнің басшылығымен бақылау.( Оқушылар айналадағы табиғатты бақылауға әлі дағдыланбаған , ондағы өзгерістерді белгілеп алуды әлі білмейтін кезде , көбірек 1класта өткізіледі)
2.Жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау .( Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша серуендеу кезінде не табиғат аясында болғанда белгілі бір мезгілде бақылайды Мысалы : жыл мезгіліндегі өсімдіктер өзгерісі.)
3.Өздігінен ұзақ уақыттық бақылау ( Мысалы : белгілі бір өсімдіктің өсуі, өнуі, көбеюі, тұқымы , жеміс беруі, қурауы . Көктемде, жазда, күзде, қыстағы өзгерістері . Немесе көжектің әр ай сайын өзгеруі .)
Зерттеу жұмысына байланысты бақылау .( Белгілі бір тақырыпта оқушының қызығушылықтарына сай бақылаулар жүргізу , зерттеу қорытындысында жобалар дайындау , оны қорғау) Бақылаудың бұл соңғы түрі қазір – жобалау әдісі деп аталып жүр.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданылатын негізгі әдістің бірі- салыстыру. Өз кезінде Константин Дмитриевич Ушинский « Салыстыру кез келген ұғымның және кез келген ойлаудың негізі болып табылады» деген болатын. Мысалы : Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды салыстырғанда бірінші- жалпы белгілерін, тамыры, бұтағы, діңі, жапырағын салыстырады. Негізгі айырмашылығы жапырақтарында екендігіне көңіл бөлінеді.. Қылқан жапырақты ағаштың жапырағы қылқан түрінде болатындығы жайлы қорытындыға келеді. Салыстырудағы маңызды қадам – оқушылардың заттың ең маңызды белгілерін айыра білуі болып табылады. Қазіргі кезде салыстырудың тірек сызбалық түрлері кеңінен қолданылады . Мысалы : Венн диаграммасы арқылы салыстыру. . бұнда кез-келген екі зат салыстырылып , олардың ұқсастығы ортаңғы диаграммаға жазылып, айырмашылықтары екі шеткі диаграммаға жазылып, салыстырылады.
Венн көрсетуі.
Мысалы: Тұқым және жеміс тақырыбын өткенде жемістерді салыстыру.
ортақ
Жеміс,
Сары,
өседі …т.б.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін қолданыла-тын негізгі әдістің бір-тәжірибе. Оқушыларға табиғат обьектілерінің қасиеттерін , табиғат құбылыстарының мәнін таныстыру қажет болған жағдайларда тәжірибелер жасаудың үлкен танымдық мәні бар. Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды класс жағдайларында қолдан қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен ,сүзу арқылы суды тазартумен , топырақ қасиеттерімен , тұқымның өнуін бақылаумен т. б материалдармен танысу үшін тәжірибелер жасау қажет. Тәжірибелер мұғалімнің көрсетуімен немесе оқушылардың жаппай қатысуымен өткізіледі. Мұғалім тәжірибе жасау үшін төмендегідей дайындық жұмыстарын жүргізеді.
1 .Тәжірибеге қажетті құралдарды дайындау
Тәжірибеге қажетті материалдарды іріктеу
Мұғалім күні бұрын тәжірибені бастан аяқ толық өткізіп байқауы керек .
Тәжірибе өткізу кезінде оқушылардың өзін қалай ұстау керектігі жөнінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырады .
5 Тәжірибе өткізу мақсаттары мен міндеттерін хабарлайды.
Тәжірибенің міндетін шешетін сұрақтарды алдын ала тақтаға жазып қояды.
Егер тәжірибе отпен , қышқылмен жүргізілетін болса немесе балалардың орындауы үшін қиын болса , мұғалім өзі тәжірибені жасап көрсетеді. Мұғалім мұндай жағдайда қажетті приборларды балалардың барлығы тәжірибенің барысын көре алатындай етіп , мұғалімнің үстеліне немесе тәжірибелер өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады.
Жаппай тәжірибе өткізген кезде кезекшілер оқушыларға тәжірибе өткізуге қажетті жабдықтар мен заттарды таратып береді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тәжірибені орындайды, соңында оқушылар алынған нәтижелерді талдап , тиісті қорытындылар жасайды. Тәжірибені көрсеткенде немесе жаппай тәжірибе жасау кезінде асықпау керек, барлығын ұқыптылықпен тексеріп , оқушыларға табиғи құбылысты қайта жасау кезіндегі жүйелілікті анықтап түсіндірген дұрыс. Сұрақтарға жауаптар алып , қорытынды шығарып, әңгіме өткізу қажет.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың осы әдістері- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Оқушылардың шығармашылығын шыңдап, танымдылық қабілеттерін қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтетін бұл әдістерді жүзеге асыру үшін « Сын тұрғысынан ойлау» стратегиялар мен « Дамыта оқыту» , «Топтық оқыту » технологияларын қолдануды тиімді деп есептеймін. және осы технология ,стратегияларды сабақ өткізуде жиі қолданамын.
Оқушылардың дүниетануға деген ынтасын арттырып ,оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтежесінде ғана іске асады.Соның ішінде сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететін тағы бір әдіс – дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар көп салалы , күрделі педагогикалық құбылыс. Оны оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін, оқытатын , шығармашылық белсенділігін арттыратын құралдың бірі деуге болады. Ойын оқушының ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар , өтілген тақырыптарды саналы меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланысты жүргізілгенде дұрыс нәтеже береді.Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері, әсіресе, экологиялық, , тәрбиелік,табиғатқа шын жанашырлық элементтері болуы оқушының шығармашылық белсенділігін арттыра отырып дүниетануға деген сүйіспеншілігін дамытады.Мұғалім өтілетін тақырыпқа сай ойын түрлерін дұрыс таңдап алуы қажет. Оқушы ойын тәртібін дұрыс меңгерген болса ,ойынды бар ынтасымен орындап алған білімін көрсете алады.Білім көрсету дегеніміз – оқушыны қуанышқа бөлейтін, білімнің қажеттілікке айналуы.
Дидактикалық ойындардың түрлері көп. Соның бірі-оқушының ақыл-ойын дамытатын ойындар Мысалы , өзін қоршаған қоғамдық орта , табиғат , табиғат құбылысары , әр түрлі мамандық иелері , жұлдыздар әлемі, су патшалығы, жануарлар дүниесі , пайдалы қазбалар, өсімдіктер ортасы — бәрі де оқушыны қызықтырады.Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын жүргізбес бұрын оның міндеті мен мақсатын оқушыларға дұрыс түсіндіріп , дайындауында .
Дүниетанудан сабақ беру барысында әрбір әдістерді тақырыптың мазмұнына , оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің өз шеберлігіне сәйкестендіре отырып , пайдалана білуі қажет.
Қолданылатын тәсілдің әр қайсысы оқушылардың білімді тиімді игеруіне барынша жәрдемдесе алатындай болуын қадағалау қажет. Оқылатын материалды меңгеруде оқушының қызығушылығын туғызып, танымын кеңейтетін әдістерді қолдана білген жөн.
Сондықтан да оқыту жоспарын жобалағанда шәкірттің мүмкіндіктері мен мүдделерін бірлікте қарастыру шарт .Өйткені әрбір тұлға өзінше ойлағысы келетіні, жастық жалынымен бұла күші ізденіске бейім болатындығы ақиқат ,олай болса оқушының шығармашылық қабілетін оятып , оларды өзіндік тұрғыда ойланып әрекеттене білуге баулу, оқудағы белсенділікті көтерудегі тиімділікті арттырып , оның жетіле түсуіне ,білім, білік, дағдысының молаюына ықпал ететін әдіс-тәсілді тиімді қолдану мұғалімнің басты мақсаты.
Достарыңызбен бөлісу: |