ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
___________ГМИ_______________________ институты
_____________МиОпи______________________кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Алтын өндірісі
№
|
Жұмысты орындау сапасы
|
Баға диапазоны
|
Орындалған
%
|
1
|
Орындалған жоқ
|
0%
|
|
2
|
Орындалды
|
0-50%
|
|
3
|
Материалдық өзіндік жүйелендіру
|
0-10%
|
|
4
|
Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау
|
0-5%
|
|
5
|
Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану
|
0-5%
|
|
6
|
Орындаған тапсырманың ерекшелігі
|
0-10%
|
|
7
|
Реферат қорғау
|
0-20%
|
|
|
Қорытынды:
|
0-100%
|
|
Оқытушы: Бошкаева. Л.Т
Студент: Бекен. Б
Мамандығы:Металлургия
Тобы: 6B07203
Алматы 2021ж
Алтын өндірісі
Мазмұны:
1.Алтынның биологиялық маңызы
2.Қасиеттері
3.Қолданылуы
4.Кен орны
5.Алтынның қосылыстары
6. Алтын өндірісі
Алтын — элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063ْ°С, қайнау температурасы 2947°С.
Алтын
.
1.Алтынның биологиялық маңызы:
Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Грекия мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.
Ғалымдар алтынның адамға тигізетін залалы да бар екенін дәлелдеп шықты. Канадалық ғалымдар алтын бұйымдардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе күтпеген шешімге келді. Олар алтын бұйымдардың қызу қанды адамдардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізетінін, тіпті депрессияға түсулеріне себеп тудыратынын айтады. Ғалымдар алтын бұйымның адам терісіне тигенде оның ағзасындағы зат алмасуды баяулатып, жүйке жүйесінің қозуына әсер ететінін дәлелдеп шықты.
Мамандар бұл шешімге келе отырып, алтын бұйымдардан мүлдем бас тарту керектігін алға тартпайды. Алайда, олар қызу қанды адамдарға ұйықтар алдында алтын бұйымдарын шешіп жатуға кеңес береді. Себебі, адам ұйықтап жатқанда оның ағзасы әлсіз болады.
2. Қасиеттері:
Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. “Патша сұйығында” (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5*10−7%), теңіз және мұхит суында (0.01-0.05 мг/т) кездеседі. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және цианды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.
Алтын табиғатта сап түрде кездесетін металл. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңкы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады. Алтын Сібірде, Оралда және Орта Азия мен Қазақстанда да кездеседі.
3. Қолданылуы:
Алтын ақшалық күнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік өнім, зергерлік бұйымдарға қолданылады.
4. Кен орны
Алтын кені мол кездесетін ТМД аймақтары: Орал таулары, Қазақстан, Сібір. Алыс шетелдерде Аляскада, Колорадода (АҚШ), Африкада, Австралияда т. б. көп бар.
5.Алтынның қосылыстары:
Алтын қосылыстарда бір және үш валенттік көрсетеді, бірақ үш валентті қосылыстары берігірек. Бір валентті алтынның тұздары бір валентті мыстын, қосылыстары сияқты диспропорцияланып үш валентті қосылыс және дербес алтын береді:
3AuCI=AuCl3 + 2Au,
3AuCl + KCl = K[AuCl4] +2Au
Бір валентті алтыннын комплексті қосылыстары ауриттер тұрактырақ, мысалы K[Au(CN)2]. Алтынның (I) оксиді да қыздырса тотығу-тотықсыздану реакциясына ұшырайды
2Au2O = 4Au + O2
Алтынның үш валентті қосылыстары көбірек. Алтынның (III) оксиді Au2O3 - қара қоңыр, Au2S3 - қара, Au(ОН)3 - күрең түсті барлығы қатты заттар, суда еритіні тек AuСl3.
Алтынның (III) гидроксиді Au(ОН)3амфотерлі зат, сілтілерде және қышқылдарда еріп аниондық комплекстер түзеді:
NaOH + Au(OH)3= Na[Au(OH)4],
Au(OH)3+ 4HCl = H[AuCl4] +3H2O,
Au(OH)3+ 4HNO3= H[Au(NO3)4] +3H2O
Аниондық комплекс түзілуінен алтынның галогенидтері галогено-аураттарга айналғыш келеді:
NaBr + AuBr3 = Na[AuBr4]
AuCl3 гидролизінде аквоқышқылдap түзіледі.
AuCl3 + H2O = H2[AuOCl3]
Алтынның оңайырақ алынатын қосылысы AuCl3 өзге косылыстары осыдан алынады. Алтынның барлық қосылыстары айырылғанда металдық алтын бөлініп шығады.
6. Алтын өндірісі:
Соңғы жылдары алтын бағасының өсуі алтын өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуын одан әрі күшейтті.Жоғары сұрыпты алтын рудасының таусылуына қарай орташа және төмен балқитын алтын рудаларын зерттеу және алтын кендерін дәстүрлі байытуды күшейту сөзсіз жаһандық алтын өнеркәсібіндегі басты тенденция.
Синхай компаниясы алтын рудасын байыту бойынша ғылыми-зерттеу және дамыту бойынша үнемі жұмыс істейді.Ал 20 жыл үздіксіз зерттеулерден кейін, алтын рудасының әртүрлі сипаттамалары мен пайдаланушы қажеттіліктеріне сәйкес, Синхай алтынды байытудың үш жүйесін құрды: Цианирование, Флотация, Гравитационная концентрация.
Жұмыс принципі алтынды және/немесе күмісті ұсақталған және қабатталған рудалық материалдың цианидті ерітіндісімен суару кезінде еріту арқылы алу процесі, содан кейін бағандардағы көмір (CIC) көмегімен айналымдағы ерітіндіден Au және Ag тұндыру. немесе Merril- Кроу процестері.
Өнімдер жақ ұсатқыш конустық ұсатқыш үйме шаймалау жүйесі
Қарапайым процесс, аз жабдық қажет; Күрделі салымдарды азайтыңыз, олардың айналымын тездетіңіз және тиімділікті арттырыңыз.
Үйінді шаймалау әрқашан төмен сұрыпты руда, шағын алтын кеніші немесе екеуінде де қолданылады. Бұл кендерді басқа кендер сияқты дәстүрлі әдістермен өңдеу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |