Реферат тақырыбы: «Қазақ дәстүрлі мәдениеті.»



Дата09.11.2022
өлшемі33.8 Kb.
#464355
түріРеферат
Реферат та ырыбы « аза д ст рлі м дениеті.»


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақ дәстүрлі мәдениеті.»

Орындаған: Сарсенбай Нұршапағат Аббасқызы


Топ: БТ-21
Қабылдаған: Салыматова Нургуль Рыскелдиновна

Қарағанды 2021


ЖОСПАР

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

  1. Қазақ мәдениеті және киіз үй.

  2. Музыка тарихына шолу.

  3. Қазақ халқының салт- дәстүріне шолу.

  1. Қорытынды.





КІРІСПЕ
Дәстүрлі мәдениет - әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген ұлттың өзіндік бітім-болмысы сақталып қалады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаган өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет әзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегөйлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ғасырлар бойғы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирас қалдырудың және оны жалғастырудың жалғыз ғана жолы еді. Азаматтық қоғам әлі қалыптаспаған тұстағы ырымдар мен әдет-ғұрыптардан қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипін байқауға болады. Әдетте, дәстүрлі мәдениет уақыт ағымына, замана ырқына бағынбайды. Жас ұрпақ, жана буын мәдени дөстүрлерді өзгертуді мұрат тұтпайды да, әлеуметтік ортала берік орныққан салт-дәстүр адамдардың сапасына да уақыттан тысқарылық сезімін қалыптастырады. Осылайша ресми жоралғылар, жосындық үрдістер бұлжытпай сақталып, заң ретінде қабылданады. Әр ұлттың дәстүрлі мәдениеті оның тарихи даму барысында ұстанған діни сенімдері, дүниетанымы, мүдделері, тұрмыстық ерекшеліктері, өзге елдермен саяси, экон. және мәдени қарым-қатынастары негізінде қалыптасып, орнығады. Дәстүрлі мәдениеттердің бір-бірімен ықпалдасуы нәтижесінде жеке ұлттың дәстүрлі мәдениетнің дамуы немесе өзге мөдениеттер арасында жоғалып кетуі де мүмкін. Қазіргі заманғы әлемдік ауқымдас)' процесі кезінде әр ұлттың өзінің дәстүрлі мәдениетін сақтай отырып, оны ғылыми-технологиылық жаңалықтарға бейімдеуге, жалпы адамзаттық құндылықтармен ұштастыруға ұмтылуда.


  1. Қазақ мәдениеті және киіз үй.

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Оның дәлелі археологиялық, палеэтнографиялық деректер. Біздің жерімізде мекендеген андронов тайпаларының қыш құмыраларындағы ою-өрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұксайды. Андроновтықтардың тастан салған үйлері, шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай құрылыстарында көрініс тапқан. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін және көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық және рухани мәдениет. Материалдық мадениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.
Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі — киіз үй.
Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иінінің бүйірінің астына қарай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады. Шаңырақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіреуіш дейді. Олардың екі түрлі қызметі бар. Бірі — шаңырақты керіп тұру, екіншісі - шаңырақтың үстінен жабылатын түндік (түңлік) киіздің астына дәнекер болу. Күлдіреуіштің бағыты есікке қарамай ауысып тігілсе, көргенсіздіктің белгісі деп есептелген.
Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды.
Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық, үзік, түндік. Туырлық — үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз. Әдетте, туырлық үйдің көлеміне қарай үшеу, төртеу болады. Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп атайды. Ол екеу болады. Шаңырақты жауып тұратын төртбұрышты шағын киізді түндік (түңлік) дейді. Сонымен қатар көбінесе киіз үйдің ағаш есігінің сыртынан киіз есік тұтады. Оны түнде түсіріп, күндіз шиыршықтап маңдайшаға жинап қояды.
Киіз үйдің бау-шуына желбау, аяқ бау, аспа бау, әр турлі таңғыштap, бау-басқұрлар жатады. Олар, әдетте, тоқылып жасалады. Әдемі геометриялық өрнектермен безендіріледі.


  1. Музыка тарихына шолу.

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған.
Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі.
Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу", "Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.
Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері — "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.
Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыражырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ", "Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты күйлері жатады.
Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда). Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.
Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сәйтек сияқты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен Әзірбаев, Жамбыл т.б. әндерін жатқызуға болады.


  1. Қазақ халқының салт- дәстүріне шолу.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез – құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді, сонымен қатар әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүріндегі мән-мағынасы мен тәлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады.
Той – думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді және тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрақтан-ұрпаққа беріле ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.
Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға: баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу.
Тұрмыс-салт дәстүріне қазақтың киіз үйі, жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдарын жатқызамыз.Мал бағу, егіншілік, аңшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері халқымыздың дәстүріне сай жүргізіледі. Ұлтымыздың ұлттық сөз өнері, аспаптары, мерекелері, қонақ күту дәстүрі өзге елдерден біздің биік тұрғанымызды көрсетеді. Оның бір дәлелі, баспанасы киіз үйден бастап, оның ішіндегі түрлі тұрмыста қолданылатын заттарын, бұйымдарын, киім-кешектерін шебер жасай білгендігі.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақ халқы мәдениеті бай халық. Бұған куә қазақ халқының кең даласынан шыққан ғұламалар, ақындар мен би, шешендер. Тіпті бұған куә шет ел саяхатшылары мен жазушыларының сөздері. Мысалға польшалық этнограф Адольф Янушковиячтің сөздерін келтіруге болады: «Мейрам кезінде мен алғаш үленшіні естуге мүмкіндігім туды. Осы қазақ сал-серілері,дала жыршылары, ұлы ақындарының қазақтарға тән суырыпсалма өнері мен орындаушылық қабілеті, бұл халықтың ақыл-ой қабілеттілігінің жоғарылығының дәлелі болып табылады. Және де мен, осының барлығын әлем жабайы деп санайтын дала халықтарынан естіп тұрмын ғой деп таңғалдым. Мен екі тайпа арасындағы дау-жанжалдардың куәсі болдым және ешқашан Демосфен мен Цицерон жайлы естімеген ділмарларға таңдана қошемет көрсеттім.Ал бүгін менің алдымда хат танымайтын, бірақ мені өз өнерлерімен таңдандырып отырған ақындар өнер көрсетуде, олардың өлеңдері, әндері менің жүрегімді билеп алды. Осындай халыққа болашағы жоқ малшы болу ғана жазылғанба? О, жоқ! Шынымен-ақ! Құдай бұндай қабілет берген халық өркениеттен тыс қалуы мүмкін емес: өркениет қашан да болсын қазақ далаларына келіп, білім шам-шырағын жағады. Уақыты келгенде бүгінгі көшпелі қазақ қазір оның төбесінен қарап отырғандармен тең дәрежеде болып, солардың қатарында отырары анық». Ия, расымен-ақ қазіргі заманда қазақ сол дәрежеге жеткендей-ақ. Бұның барлығы ұлы халықтың мәдениеті мен таланты, ақыл-ойының ұшқырлығының арқасы.
Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау – адамзат өркениеті дамуының сара жолы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



  1. https://kitaphana.kz

  2. https://kk.m.wikipedia.org

  3. https://stud.kz

  4. https://massaget.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет