Реферат Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер және олардың кезеңдерінің сипаттамалары
Дайындаған:Сәрсен А Тексерген:Оспанова.Р.Р
2023ж
Халық тарихын зерттегенде, түрлі тарихи кезеңдерде бүкіл этномәдени мұралардың құнды баңдарларын нақты жасаушы, таратушы және жеткізуші адамның өзі болңанын есте сақтау керек. Ағылшынның белгілі биологы әрі философы Д.Холденнің айтуы бойынша, адам – Жер бетіндегі ең көп бейнелі, яғни көп нұсқалы түр. XIV-XV ғасырларда Қазақстан аумағының тұрғындарына байланысты «қазақ» атауымен қатар деректемелерде басқа да: «өзбек», «өзбек-қазақ», «моңғолдар», «ноғайлар» ұгымдары да аталады. Бұлатаулар осы кезенде Қазақстан аумағында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілкайыр хандыгы, Ноғай Ордасы мемлекеттерінің тұрғындарына қатысты айтылады. Олар халықты емес, этносаяси қауымдастықты құрады. Тарихи-этнографиялық әдебиетте белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақ шебінде кұрылган мемлекет тұргынынын этносаяси кауымдастық деп аталатынын білеміз. Кандай халық болса да, өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында көбіне-көп әр түрлі феодалдық мемлекеттер шенберінде оқшауланып қалады да, басқа халықтар бөлшектерімен бірге өздерінің жекелеген кұрамаларымен әр түрлі этносаяси қауымдастық құрайды. Көшпелі коғам жағдайында мемлекеттердің шекаралары әдетте халық болып топтасып, сол мемлекеттердің шенберінде уакытша этносаяси қауымдастық құрған рулардың, тайпалар мен өзге де этникалық бөлімшелердің көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы кезіндегі этникалық қоныстануының өзгермелі шекараларымен сәйкес келе бермеді. Казакстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: ундіэуропалық жане түріктік кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең, уакытының соншалық шалғайларына қарамастан, біздің, көзімізге тек шаруашылық-мәдени дәстүрлері анықталып қана коймай, тіпті бірқатар этникалық бірлестіктері мен нәсілдік құрылымы белгілі болып қалыптасқан фаза ретінде де керінеді.Лингвистикалық жағынан қарағанда, бұл кезеңде тек Қазақстанның тұрғындары ғана емес, Еуразияның аса кең аймағынын тұрғындары да үндіэуропалық үйелменнің ежелгі иран тармағына кіреді. Қазақстандары біз қарастырып отырған кезең жылнамалық жағынан алғанда б. з. дейінгі III-І мың жылдықтарды қамтиды. Бұл кезеңде еуроазия даласында жекелеген этникалық коғамдастық түріндегі сақтар («скифтер») деп аталатын ундіэуропалық тайпалардың кездескендігі айтылады. Бұл терминдер шын мәнінде бір гана көшпелі тайпалар қауымдастырының аттары. Сак-скиф тайпалар одағымен бір мезгілде Батыс Қазақстанда және одан тыс жерде савроматтар тұрған. Бұлармен қатар ежелгі деректерден Еуропа далаларының әр жерінде, қоныстары дерексіз бұлдырлау, осылардың көптеген топтарының көшіп-қонып жүргені айтылады. Екінші кезеңде Қазақстан территориясында көптеген көшпелі тайпалардың белгілі бір жерден Батысқа қоныс аударуының және түріктілді әралуан көшпелі бірлестіктердің кұрылып қалыптасуының қам-харекеті жүріп жатады. Қазақстанның өзгелермен салыстырғанда тұрактырақ керінетін шаруашылық-мәдени дәстүрі бар ұлангайыр жері, өзінің тарихи дамуы мен жағрафиялық жағдайына байланысты, мыңдаған жылдар бойы Шығыс пен Батыс арасындағы табиғи көпірге айналады да, оның байырғы тұрғындары Еуроазияның, қоныс аудару жолының нағыз орталығында болады.Егер осынау кезендерді жергілкті жұртының генеқорына келсек, біркатар қоныс аударулар мен халықтың араласып кету салдарынан, оның кұрамына шығыстан ағылған көшпелі тайпалар тарапынан талай рет генетикалық «үстеме» қосылғанына шүбәлануға болмайды. Қазақстанның сол уақыттары палеоантропологиясы осыған куә бола алады. Қазақстан жеріндегі этногенетикалық процестердің дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мәліметтерге қарасақ, этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың эуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да, кейінірек жүре келе азды-көпті монғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік хал-ақуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның көне қонстанушыларының тілі түркі тіліне орын береді. Қола дәурінде мал өсірумен, егінмен шұгылданганнан , бет-бейнесі эуропатектес болып келетін андронов үндіиран тайпаларының орнын ерте темір кезенінде оңтустік пен шығыс облыстарда - скифтерге туыс, көшпелі мал-шаруашылықты сақ тайпалары, солтүстік пен батыс облыстарда савромат тайпалары басады. Қазақ халқының құрылуына себеп болған этногенетикалық процестердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы кауімқоғамының ыдырау дәуірінен барып шығады. Бастапқы кезде бұл процесс байырғы халықлен байланысты болған. Бірақ содан кейінгі даму барысында ол бірте-бірте Орталық Азияның байтақ жазығында өтіп жатқан этникалық процестерге тәуелді бола береді. Қазақтан жеріндегі этникалық тарихтың жылжуы, әртүрлі кезендерде аса ірі этникалық және этносаяси қауымдастықтарын, ақыр соңында - Қазақ халқының, құрылуы тарихи түрде көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егіншілікке, сол сиякты қала мәдениетін эволюциясы мен шаруашылық түрлерінің өзара байланысына, қоғамдық қатынастардағы озық өзгерістерге байланысты болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алматы «Дәуір» баспасы
Редакторлар: Алдажұманов Қ.С; Балақаев Т.Б; Қозыбаев М. Қ; Нұрпейісов К.Н;
Алматы «Атамұра» баспасы
Қазақстан тарихы екінші том
Ә.Пірманов; К. Сегізбайұлы; Р.Райбаева; Ұ.Рысалиева; А.Ысқақов;
Достарыңызбен бөлісу: |