Реферат тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта



Дата15.10.2023
өлшемі37.78 Kb.
#480835
түріРеферат
Мейрамбекқызы Нурсулу реферат


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Тарих факультеті

Археология, этнология және
Отан тарих кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта

Орындаған: ИО-41 тобының студенті


Мейрамбекқызы Нұрсұлу
Тексерген: т.ғ.м., aғa oқытушы Бөдeeв Қ.Т.

Қ арағанды, 2020 жыл


Жоспары

І. Кіріспе...................................................................................................................3


ІІ. Негізгі бөлім........................................................................................................4
2.1. НАТО-ның құрылу тарихы..............................................................................4
2.2. НАТО және Қазақстан қарым-қатынастары..................................................8

Қорытынды............................................................................................................11


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................13

Кіріспе

Қазір әлемде адам өмірінің түрлі мәселелерін шешетін көптеген халықаралық ұйымдар әрекет етуде; экономикалық және саяси ұйымдар бар. Бүгінгі күндегі өткір мәселе болып отырған соғыс пен бейбітшілік, қарусыздану мен әскери қақтығыстарды шешу. Мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери-саяси ұйымдар құру алға тартылуда.
Сонымен НАТО дегеніміз қандай ұйым және ол қазіргі таңда нендей мақсаттарды көздейді? Соңғы уақыттағы адам құқығын сақтау мәселесі жаһандық мәселеге айналып отыр және бұл салада Солтүсік Атлантикалық альянстың алар орны? Осы тәріздес сауалдардың бүгінде әлем халқын ойландырары хақ. Соның бірі ретінде Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы қарастырылады (НАТО). НАТО 1949 ж. 4 сәуірде НАТО-ға мүше елдер ұжымдық қауіпсіздігін бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз күштерін біріктірді. НАТО-ның басты мақсаты саяси және әскери қағидаларына сәйкес барлық мүшелерінің теңдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еуразия континентінде өткен суық соғыстың аяқталуы мен барлық қайта құрулар НАТО-ның әскери-саяси стратегиясын дамытуына қарсы ықпал ете алмады. Солтүстік Атлантикалық альянс жаңадан құрылған елдермен жаңа қатынастарды дамытуда, жаңа саяси жағдайларға бейімделуде ауыр мақсаттарға тап болды. НАТО-ның қайта құрылуы өткен ғасырдың 90-шы жылдары басталды. Трансформацияланған альянс, қызметінің барлық салалары мен бағыттарын өзгертті.
Бүгінгі таңда НАТО әскери бақылаулар, стратегиялық жоспарлау, шұғыл тәртіптегі әскери достық, тактикалық және стратегиялық деңгейде барлауды іске асырып келеді. Қазіргі саясат көрсетіп отырғандай, альянс бүгінде БҰҰ-ның бейбітшілік орнату қызметін арнайы жағдайларда, бұған қажетті халықаралық нормативті-құқықтық негіздер принципіне сүйенбей-ақ орнын басып келеді. НАТО халықаралық қауіпсіздік құрамында негізгі орын алып отыр, альянстың халықаралық ортасының сапалы өзгеруі нәтижесінде сыртқы ықпалда қалуы халықаралық процестің күшті факторы ретінде әрекет еттуде. Бұл күрделі қайта құру процессі Солтүстік атлантикалық альянстың стратериялық икемділігін жан-жақты үйренуде және оның ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи қадамдары ерекше ғылыми қызуғышылық танытады.
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. НАТО-ның құрылу тарихы



АҚШ-тың бұрында қазірде ашық айтылмасада тусінуге болатын күндесі
бар, ол бұрынғы КСРО, қазіргі Ресей. Сондықтан да Әскери Одақтың дамуына Ресейдің де үлкен ролі бар.
Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның Шығыс Еуропадағы ықпалы батыс
елдерін алаңдатты. АҚШ экономикалық жағынан тежеуді толықтыру үшін әскери одақты құру ұсынысымен шықты. 1949 жылы АҚШ пен басқа 11 ел Солтүстік Атлантикалық пакті (НАТО) - ұжымдық қауіпсіздендіру негізінде құрылған одақты құрды. НАТО-ның мүшесі болған бір елге шабуыл жасау қалған мүше елдерге де шабуыл деп есептеліп, оған НАТО-ға мүше елдердің барлығы бірігіп тойтарыс беруі тиіс болды.
Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (блок НАТО) 1949 жылы 12 мемлекеттің қатысуымен құрылды. Оған: Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Канада, Дания, Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания кірді. 1949 жылы 4 сәуірде Вашингтон қаласында қол қойылған Солтүстік Атлантикалық Альянстың келісім шарты сол мемлекеттердің ортақ қорғанысын, коллективтік қауіпсіздігін және ең бастысы Кеңес Одағының қоқан-
лоққысына қарсы төтеп беруді қарастырды. Бұл Одақ соғыстан кейінгі уақытта құрылды, яғни қырғи-қабақ соғыстың жаңадан басталып келе жатқан уақыты, осы кезеңде көптеген мемлекеттер Кеңес Одағы алдындағы әлсіздігін мойындаған еді және бұл одақтың ұйымдастырушысы АҚШ болды. НАТО соғыстан кейінгі уақыттағы Америка Құрама Штаттарымен құрылған және капиталистік мемлекеттердің қатысуымен жасалған бірінші одақ болып саналды. Сонымен АҚШ-та Трумэннің екінші президенттігінің халықаралық шиеленісушіліктің күшейуімен, совет-американдық қатынастардың шиеленісуі өтіп жатқан кезеңі болды.
1948 жылдың сәуірінде, АҚШ-тың ықпалды орталарында ойлағандай, күшіне
енген Маршалл жоспарың экономикалық негіз және ешбір шарасыз Совет
Одағымен соғыстың болып кету жағдайында Еуропаның капиталистік
мемлекеттерінің АҚШ әскери одағында ұйымдасуына дайындық мәселелері
Вашингтонда қарастырылды. “Маршалл жоспарының” қабылдауына дейін
Батысеуропа мемлекеттері 1947 жылы өзара қорғанысқа арналған структурасын жасай бастады, өйткені олар Кеңес Одағы алдында өздерін дербес қорғаныста өте әлсіз деп сезді. Бұл жағдайдың нәтижесінде 1948 жылдың наурызында 5 мемлекет, яғни, Бельгия, Франция, Люксембург, Нидерланды және Ұлыбритания Брюссельдік келісім-шартқа қол қойды, бұл НАТО ұйымының құрылуына негіз болды.
Бұл уақытта Вашингтонда әскери одақтың болашақ “маршаллданылған”
мемлекеттерімен жобасы қарастырылып жатты. АҚШ-тың жақтаушылары, бұл одақсыз Батыс Еуропаға КСРО орбитасына қосылу қаупі төніп тұр деді, сонда Кеңес Одағының күшімен ресурстары ұлғайып, қарым-қатынас күштері өзгеріп, АҚШ-тың өте қауіпті жағдайда қалуы мүмкін деді.
1948 жылы маусымда сайлау науқанының қайнау кезінде, сенат көпшілігі 64 қарсы 4 А.Ванденберг резолюциясын қабылдады, бұл резолюция регионалдық әскери одақтарға көмек көрсетуді қолдады. Бірінші рет АҚШ сенатының тарихында, достық кезеңінде, Батыстық жартышарының шегінде орналасқан шетел мемлекеттеріне әскери көмек көрсету қолдау алды.
Сенаттағы көпшілік республикашылдарға жатты. 1948 жылғы Резолюциядағы көпшіліктің мақылдауы, сайлау алдында республикашылдар конгресте және ұлттық конвентте өздерінің изоляционизмнен барлық жағдайда жалтаруын көрсеткісі келді. Мәнісінде бұл резолюциялар АҚШ-тың әскери одақтарға қатысуына рұқсат етті. Олар АҚШ әскери ұйымымен көптеген капиталистік елдердің қосылуына жұмыс жасады.
Екі жарым айдан кейін 1949 жылдың 4 сәуірінде 12 үкіметтің уәкілдері
Вашингтон қаласында Солтүстік Атлантика әскери ұйымы туралы келісім-шартқа қол қойды, ол НАТО деп аталынды. Оған қол қойғандар: АҚШ, Канада, Бельгия, Дания, Франция, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания. Вашингтон Стокгольмге өте қатты қысым көрсетуде болды. Ал өзінің екі дүниежүзілік соғыста да нейтралитетін сақтаған Швеция, әскери ұйымға кірмеуді таңдады, бұл ұйым үшінші дүниежүзілік соғысқа арнайы ұйымдастырылып жасалған ұйым деп саналды. Кішкене уақыттан кейін АҚШ Греция мен Туркияны солтүстікатлантика мемлекеті деп жариялап 1952 жылы оларды НАТО-ға кіргізді. Кейіннен 1955 жылы американдықтардың талабымен Германия
Федеративті Республикасы ресми түрде толыққұқықты мүше болып әскери ұйымға кірді. Ал соңында 1982 жылы Испания , 1999 жылдың қаңтарында Польша, Чехия және Венгрия НАТО-ға қосылды.
Мұнан былайда АҚШ басқа әскери ұйымдар жасады. Бірақ НАТО олардың
ішіндегі ең қажеттісі, АҚШ мемлекеттік департаментінің негізгі назарын
өзіне аударған, соғыстан кейінгі Вашингтонның глобальді саясатын көрсеткен, әлемдік социалистік жүйеге және ұлттық-босату, әлемдегі революциялық қозғалыстарға қарсы күреске бағытталған ұйым болып қала берді. Достық кезеңіндегі 1949 жылдың 4 сәуірінде әскери ұйымның Еуропа ірі мемлекеттерімен қол қоюы АҚШ тарихында бұрын-соңды болып көрмеген.
1747 жылы жасалынған АҚШ конституциясы, мәнісінде АҚШ-тың үкіметіне шетел мемлекеттерімен әскери ұйымдар жасау мүмкіншілігін бермеді. Дәлірек айтқанда ол ұйымға беріктік бермеді, ал Еуропада мұндай мүмкіншілік бар еді. Соғысты жариялау прерогативін АҚШ конституциясы конгресстің артында ғана қалдырды. Әрбір конгресс конституциямен жұмыс жасауға тиіс болды. Бірақ өткен конгресстердегі үкіметтің актілерімен шешімдері оған өте қатты керек емес еді.
АҚШ-тың Президенті және оның қызметкерлері НАТО-ны Рио-де-Жанейродағы 1947 жылдың қыркүйегінде жазылған Батыстық жартышардың қорғанысы туралы келісім-шартыменен салыстырды. Бұл туралы Трумэн өзінің президенттігінің екінші кезеңінің басталуына арналған сөзінде айтып кеткен еді. Екі келісім шарт бір формулаға сәйкес келеді: Рио-де-Жанейрода былай деп жарияланған, егер бір американдық елге шабуыл жасалса онда бүкіл американдық мемлекеттерге шабуыл жасалынды деп қаралады, Солтүстік Атлантикалық пакттің 5-і тарауында былай делінеді: “Екі келісуші жақтар былай деп таниды, егер қарулы шабуылдар бір немесе бірнешелеріне жасалынса онда Еуропада немесе Солтүстік Америкада шабуыл олардың бәріне қарсы жасалынды деп қарайтын болады.
Сонда да Рио-де-Жанейродағы 1947 жылғы 2 қыркүйектегі келісім,
мәнісінде Вашингтондағы 1949 жылғы 4 сәуірінде жасалынған пактіден
айырмашылығы бар.
1947 жылғы американдық мемлекеттердің келісімі, сол елдердің біреуіне
шабуыл немесе қауіп-қатер төне қалған жағдайда тез арада консультация
өткізуді қарастырды. Бірақ ол тез арада дағдылы қимыл жасауды қарастырмады.
Бұдан бөлек келісімнің 20-шы тарауында былай белгіленеді, бір де бір мүше
өзінің қалауынсыз қарулы күштерді қолдану жағдайына қатысуға міндетті емес. Әрбір қатысушы өзінің суверинететті құқығын сақтай отырып соғыса ма әлде жоқ па , өзі таңдайды.
АҚШ-тың президенті Трумэн және Вашингтонның үкімет адамдары НАТО-ның құрылуын 1948 жылдың ақпанында Чехословакияда болған жағдаймен және маусымдағы Батыс Берлинге еркін кіру мүмкіндігін жапқан істерімен ақтамақшы болды.
НАТО-ның құрылуын 1948 жылдағы болған жағдайға жауапты шара деген түсіндірмесі, Солтүстік Атлантикалық пакттің қорғаныс және бейбітшілік сүйгіш түсіндірмесі сияқты алдамшы болды. 1946-1947 жж. Вашингтон НАТО-ға белсенді түрде Америкада және Еуропада тыянақты жағдай дайындады. Осы белсенді дайындықтың нәтижесінде “қырғи-қабақ соғыс” дейтін сөлемше қалыптасты.
1949 жылы 17 қыркүйекте НАТО-ның Кеңесі құрылды. Оған Солтүстік
Атлантикалық пактке мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кіреді.
Бір жылдан кейін бұл кеңес НАТО-ның ортақ қарулы күштерін қалыптастыру шешімін қабылдады.
НАТО-ның қарулы күштері, 1950 жылдан басталған Корей соғысына жауап ретінде 1950 жылы құрылды, және батыс елдері мұны бүкіләлемдік
коммунистіктің басталуы деп қабылдады. Соғыс 1953 жылы келісіммен аяқталды.
1950 жылы 18 желтоқсанда генерал Эйзенхауэр осы қарулы күштердің
қолбасшысы болып тағайындалады. НАТО кеңесі жоғарғы әскери орган құрды, оған Солтүстік Атлантикалық пактке кіретін мемлекеттердегі қарулы күш штабтарының бастықтары кірді және оған қарулы күштері жоқ Исландияда кірді, ол бұл құрылған әскери ұйымда азаматтық қызмет көрсетті.
НАТО мемлекеттерінің штабтарының бастықтары жылына аз дегенде 2 рет жиналу керек. Бұл жиналыстардың арасында бүкіл оперативтік істерді штабтардың бастықтарының тұрақты уәкілдері істейді. НАТО-ның қарулы күштерінің 3 командованиясы бар – Париждегі штаб (ақыры Брюсселде), атлантикалық - Норфолкідегі штаб (Виржиния штабы) және Ла-Маншеде – Англиядағы штаб (Портсмут қаласында). НАТО-ның барлық әскери ұйымы оның кеңесінің алдында жауапты, ал ол қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінен құралған.
НАТО кеңесінің құрылуынан кейін көп кешікпей, 1949 жылы 6 қазанда АҚШ- конгрессі аталмыш өзара әскери көмек туралы акт қабылдады, бұл акт НАТО-ға әскери көмек ретінде 1314 млн.долл. қаржы бөлуді қарады. Бірақ бұл жеткілікті болған жоқ. Эйзенхауэр Американың Еуропадағы одақтастары өздері қарулана алмайды, сондықтан оларды Құрама Штаттары қаруландыру керек екенін дәлелдеді.
Қазіргі заманға келетін болсақ, 2002 жылғы қарашадағы НАТО-ның Париж саммитінде американдықтар ұлттық қарулы күштерін технологиялық жаңартуда артта қалып отырғандары үшін еуропалықтар атына елеулі талаптар айтты. Шындығында да, Еуропада қазір халықаралық терроризмге қарсы тұруға мүлде қауқары жарамайтын 2 мыңнан астам танк бар. Еуропалықтардың жарақтану саласында әскери техникалар мен әскер бөлімшелерін әлемнің ең шалғай аудандарына жеткізе алатын бар болғаны 4-ақ ұшақ бар болса, ал АҚШ-та мұндай ұшақтар саны 200-ге жетіп отыр. Американдықтар қазіргі заманғы соңғы қару-жарақ түрлерін жасауда ғаламдық ауқымды ала келеді.. Бұған олар Ауғанстандағы антитеррорлық операциялар кезінде әбден көз жеткізді.
Шынымен де конгресс НАТО-ның мүшелеріне әскери көмек ретінде
миллиардтаған доллар қаржы бөле отырып, нақты компенсациялар талап етті. Солтүстік Атлантикалық пакт формальді түрде тең дәрежелі мүшелерден әскери одақ болып құрылған. 1949 жылдың 6 қазанындағы конгресстің акті американдықтардың өзінің одақтастарына әскери көмек беруін АҚШ үшін ерекше және біржақты құқық екенін ескертті. Американдық үкіметтен әр мемлекетке деген көмектің мөлшері мен мінез-құлқы тәуелді ғана емес, ол өзінің қарауына байланысты қай уақытта болса да бұл көмектің берілуін тоқтата алады. 6 қазандағы конгресстегі акт АҚШ Солтүстік Атлантикалық одақтың басқарушысы, үстемшісі бола ғана қоймай, сол сияқты осы әскери ұйымның қарулануы туралы негізгі сұрақтардың жалғыз және ақырғы арбитрі болып келеді.
1949 жылдың соңымен 1950 жылдың басында АҚШ үкіметі белсенді түрде НАТО қарулы күштері ұйымын құру туралы сұрақты өз одақтастарымен талқылады.
1952 жылдың мамырында АҚШ, Англия және Франция Батыс Германия туралы келісімге қол қойды – бұл келісім Германияның Еуропалық қорғаныс
бірлестігімен жобаланып болғаннан кейін НАТО-ға қосылуын қарастырды. Бұл келісімнің бекітілуі 3 жылға созылды. 1955 жылдың мамырында Германия ресми түрде НАТО-ға толыққұқықты мүше болып кірді. Вашингтонда батысгермандық әскерге, бундесверге, АҚШ-тың Еуропадағы агрессивтік саясатының негізіне сияқты қарай бастады.

2.2. НАТО және Қазақстан қарым-қатынастары


Бүгінгі таңда Қазақстан дүние жүзінде болып жатқан үдерістерге қатысып, əлемнің көптеген елдерімен тұрақты саяси жəне экономикалық байланыс орнату арқылы халықаралық қоғамдық институттардың беделді мүшесіне айналды жəне күрделі экономикалық жəне саяси мəселелерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатындай деңгейге көтерілді.


Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы əртүрлі халықаралық құрылымдармен берік əрі тығыз байланысты дамыту жəне тереңдету Қазақстанның көпвекторлық сыртқы саясатына сəйкес келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында халықаралық ұйымдармен өзара тиімді серіктестікті дамыту жолындағы мемлекет алдында тұрған едəуір перспективті жəне ұзақ мерзімді міндеттер белгіленген болатын.
Қазақстанның əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің қорғаныстық бағыттылығын айқындайтын жəне кез келген мемлекетаралық қайшылықтар мен қақтығысуларды шешудің əскери емес шараларына мемлекетіміздің принципті бейімділігін растайтын жаңа Əскери доктринасында халықаралық құқық нормалары негізінде əскери қақтығысуларды болдырмау, республиканың халықаралық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту ісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Солтүстік Атлантика шарты ұйымы (Іс-қимыл серіктестігінің жеке жоспары жəне “Бейбітшілік жолындағы серіктестік” бағдарламасы аясында), Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым форматтарында мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды деп атап көрсетілген болатын.
Солтүстік Атлантикалық Одақпен (НАТО) сындарлы ықпалдастықты дамыту Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарының біріне жатады. Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеттілігін арттыру жəне аймақтық қауіпсіздікті нығайту мақсатында НАТО-мен тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр.
Ic-қимыл серiктестiгiнiң жеке жоспары Қазақстан – НАТО желісі бойынша жүзеге асырылатын ықпалдастықтың барлық аспектілерін үйлестіреді. Аталған жоспардың басты басымдықтарына келесілерді жатқызуға болады:
аймақтық жəне халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық;
қорғаныс жəне əскери сала, халықаралық лаңкестікпен күрес мəселелері;
демократиялық реформаларды жүргізу мақсатында Қазақстан мен НАТО арасындағы саяси диалог пен консультацияларды нығайту;
төтенше жағдайлардың алдын алу, ғылым саласындағы ынтымақтастық.
НАТО-ның əскери күштері тұрақтылыққа жəне қауіпсіздікке қол жеткізу бойынша Ауғанстан халқына көмек көрсету мақсатында Альянстың дəстүрлі шекарасынан тыс əрекет етіп келеді. Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығы Ауғанстандағы лаңкестікпен күрес жəне ондағы тұрақтандыру шараларын жүзеге асырумен де айқындала түседі. НАТО-ның Ауғанстандағы əскери күштерін жабдықтау үшін жүктердің транзитіне Қазақстанның жақында берген рұқсатын Альянс жоғары бағалады. Ауғанстанды тұрақтандыру стратегиясын жүзеге асыру аясында НАТО Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жəне Түрікменстан территорияларынан өтетін «солтүстік маршрут» арқылы ISAF күштеріне тылдан көмек беру мүмкіндігіне ерекше назар аударуда. Сонымен қатар дайындығы жəне жабдықталуы жағынан НАТО-ның стандарттарына сəйкестендірілген Қазақстанның бітімгершілік батальоны (Қазбат) 2003 жылы Қазақстанның Иракқа жіберілген аталмыш батальоны жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізу мен бейбіт халыққа əскери медициналық қызмет көрсету арқылы ол мемлекетті қайта қалпына келтіру үдерісіне өз үлесін қосты.
Əскери реформа мен қарулы күштердің дайындығын арттыру мəселесіне екі жақтың да ерекше көңіл бөлетіндігін атап өту қажет. Орталық Азия жəне Кавказ мемлекеттерімен ынтымақтастық мəселелері жөніндегі НАТО-ның Бас хатшысының арнайы өкілі Роберт Симмонстың айтуынша, Қазақстанның əскери қызметкерлерді дайындау, сондай-ақ оперативті тұтастықты жетілдіру саласындағы НАТО тəжірибесін пайдалану одақтың басқа серіктес мемлекеттері үшін көрнекті мысал бола алады.
НАТО-ның мүше-мемлекеттері мен серіктес-мемлекеттері арасында жүзеге асырылып жатқан əскери емес ықпалдастық кең ауқымды сипат ала бастады. Бұл НАТО-ның негіз құраушы құжаттарында белгіленген жəне елу жылдан астам тəжірибесі айқындаған басты міндеттерін жүзеге асыру барысындағы кедергілерді жоюға немесе азайтуға мүмкіндік береді.
НАТО-ның ішкі жағдайына əрі ұйым мүше-мемлекеттері мен үшінші мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың дамуына ғылым, экология салаларындағы жобалардың жүзеге асырылуы оң əсер беруде. НАТО-ның əскери емес мақсаттағы ынтымақтастық тетіктері арқылы ғаламдық проблемаларды шешуде мемлекеттердің бірлесіп қатысуы саяси қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Осылай, одақтың əскери емес қызметі əлемдік саясаттың негізгі акторлары арасындағы саяси ықпалдастықтың тежемелі қақтығысты немесе ешбір қақтығыссыз үлгісінің орнауына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ықпалдастықты тереңдету аясында əскери емес ынтымақтастықты əртараптандыру мен кеңейту мəселесіне ерекше көңіл аударылып келеді. Ғылыми зерттеулер үдерісінің қарқындылығын арттыру арқылы білім беру мен ғылым саласына қолдау көрсету мақсатымен НАТО-ның «Виртуалды жібек жолы» бағдарламасы аясында Интернет жүйесіне қосылу проблемасын шешу үшін серіктес-мемлекеттердегі, оның ішінде Қазақстандағы бірнеше ғылыми-зерттеу жəне білім беру мекемелері қажетті жүйелік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.
Қазақстан Еуро-Атлантикалық серіктестік кеңесі аясындағы Бейбітшілік жəне қауіпсіздік жолындағы ғылым жөніндегі комитеттің жұмысына белсенді қатысып келеді. Бұл институт халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту саласында тиімді жұмыс жасап келе жатқан Альянстың академиялық құраушысы болып табылады. Комитет – азаматтық ғылым жəне инновациялар сияқты салалардағы ынтымақтастықтың дамуына қолдау көрсететін құрылым жəне қоғам мен ғылымды интеграциялауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады.
Бейбітшілік жəне қауіпсіздік жолындағы ғылым жөніндегі комитет қоғамдық мəселелердің техникалық, ғылыми жəне саяси аспектілері бойынша білім беруге, тəжірибе алмасуға жəне біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретін бірегей зияткерлік форум деуге болады.
Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіне əрі қарай интеграциялану қарқыны мен сапасына жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер өз ықпалын тигізуде. Мысал үшін, Қазақстан НАТО-мен жəне оның мүше-мемлекеттерімен серіктестік қатынастардың ортақ саяси негізі болып табылатын Еуро-Атлантикалық серіктестік кеңесі аясында консультациялар жүргізеді. 26+1 форматындағы тікелей диалогтің нығаюына басымдық беріледі. Бұл бағыттың маңыздылығы 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіне байланысты аймақтық жəне жаһандық сипаттағы қауіпсіздік проблемаларын шешуде Орталық Азияда екі ұйым ынтымақтастығының нығая түсуі мүмкін.
Қазақстан Еуро-Атлантикалық серіктестік кеңесінің мүшесі жəне «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасының қатысушысы ретінде АҚШ-пен жəне Еуропалық одақтастарымен ынтымақтасып, тек ұлттық қауіпсіздікті ғана емес, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік саласындағы көпжақты ынтымақтастық ісіне де өз үлесін қоса алады.

Қорытынды


НАТО ол әлемдегі ең үлкен әрі ең мықты әскери одақ, заманымыздың өзгеруіне байланысты оның құрылымында да, саясатында да көптеген өзгерістер болды.


Енді әлемді дүр сілкіндірген терроризм дейтін сұмдық шықты. Осыған қарсы төтеп беруге НАТО-ның әбден дайын екенін көріп отырмыз. Оның әскери және саяси іс-әрекеттерінің қолайлы және қолайсыз, әлемге пайдалы әлде зиянды жақтарын әр адам өзінше шешеді.
НАТО тең құқылы мемлекеттердің одағы болса да, ондағы басқарушы және қолдаушы ол - Америка Құрама Штаттары. НАТО-ның саясатынан АҚШ- тың саясатын да көруге болады. АҚШ-тың бұрыннан келе жатқан мақсаты бүкіл әлемді билеп-төстеу болды, ол арманына толық жетпесе де, сол мақсатқа белсенді түрде жылжып келе жатыр. Ал НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюі оңды жақтарынан көрінуде, оған мысал ретінде: оның өз әскерлерін көршілес жатқан Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне кіргізуі болып жатыр. Бұл дегенніміз НАТО-ның сөздері бұл мемлекеттерде үлкен роль атқарады.
НАТО-ның кеңеюі әлі де Ресейдің мазасын алуда, ал АҚШ-тың әлемдегі күшті мемлекет екенін олар жақсы біледі. Егер олар оған қарсы тұратын болса, Ресейліктердің жеңіліп қалуы әбден мүмкін. Сондықтан НАТО мен тек келісім шарттар ғана жасау оларға зиянды емес.
Қазақстанның НАТО-ға толық құқықты мүше болу ниеті жоқ. Бірақ өзінің сыртқы саясатының принциптерін негізге ала отырып, Қазақстан Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің сондай-ақ кеңестен кейінгі республикалардың әскери- саяси ынтымақтастығын жандандыру, бүкіл Еуразия кеңістігінде сенім білдіру ахуалын нығайту үшін пайдалы болады деп есептейді, Сонымен бірге НАТО- мен бірге бірлескен жобаларға қатыса отырып, Қазақстан, ең алдымен жеке қарулы күштерінің әзірлік деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр.
Біз сияқты басқа да Тәуелсіз мемлекеттер осы мақсатты ұстанады. НАТО ұлы әскери одақ болғаннан кейін, ол қандайда бір мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі бола алады, кейбір мемлекеттер осы мақсатты ұстанып НАТО мен келісімдер жасауда.
НАТО-ның мүше мемлекеттерінің саны жылдан жылға өсуде, және ол өз кеңістігін Шығыс та да оңды жолмен үлкейтуде.
НАТО ұсынған "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы- еліміздің егемендігін қорғау және мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру мүдделерін қамтамасыз етуге трансатлантикальқ құрылымдардың әлеуетін тартуға мүмкіндік береді Қазақстанның НАТО институттарымен түрлі нысандағы ынтымақтастығы сондай-ақ мемлекетіміздің демократиялық
негіздерін нығайтуға, Батыс елдерімен өзара толық түсіністікке қол жеткізуге бағытталған.
НАТО өз қарулы күштерін дербес мемлекеттерге емес, тек қана бейбітшілік үшін қолданады деген сенімдеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




1. Назарбаев Н. Сындарлы он жыл – Алматы: Атамұра, 2003ж.
2. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. – Алматы: Қазақстан, 1996.
3. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының Дипломатиясы. -Алматы: Гаухар, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет