ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Фольклордың идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай жіктеу
Орындаған:Қожан Айдана
Тобы:1701-20
Қабылдаған:Мамыт Амангелді
Дүние жүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тіл де фольклор деп. аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде халық даналығы деген ұғымды білдіреді.
Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл — күйін, тұрмыс – салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша тараған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты-басты белгілері болады :
а) фольклорлық үлгілер ауызша шағарылады, әрі ауызша тарайды;
ә) әрбір шығарманың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады ;
б) дағдылы тіркестер, бір — біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі;
в) көркемөнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипатты сақталынады.
Фольклор деген атауды тұңғыш рет жазба әдебиетте қолданған ағылшын ғалымы В. Томсон, ол 1846 жылы Лондонда шығатын “Атенеум” газетінде ауыз әдебиеті туралы мәлімет келтірген. Фольклорлық шығармалар әр дәуірде әр түрлі аталған : “халық поэзиясы”, “халық шығармашылығы”, “халық ауыз әдебиеті”, “халықтың сөз өнері”.
Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт – санасына, талғам – талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым – қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең – аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.
Шығарманы ә дегенде белгілі бір ақын, жыршы, жыраулар шығарған, содан соң аталған әдеби мұра бір елден екінші елге басқа біреулердің жаттауымен жетіп отырған. Заманы алыстаған сайын түп нұсқаның алғашқы авторлары ұмыт болып, ол біртіндеп бүкіл халықтық ортақ мұраға айналған. Мысалы : “” “Қозы Көрпеш- Баян сұлудың” отыздан астам варианттары сақталған. Бұл жырдың өмір тарихы сан ғасырмен өлшенеді. Сол орталықтағы оның бірінші жырлаушысының есімі ұмытылған, басты сюжеттік желісі әр алуан өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан фольклорлық әдебиеттің нақтылы авторы аталмайды. Ол шығарма қай ұлттың, қай халықтың көркем шығармасы еді деген сұрақ бірінші орында тұрады.
Ауыз әдебиеті үлгілерін кез келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілеті, бейімі бар адамдардың қатысы бар.
Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы. Халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский“Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жаба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті ерте замандағы ой – сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Билинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Буслаев, Миллер, А. Н. Афанасев секілді ғалымдары қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. қарады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың II жартысында Батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл “ауысып алу” теориясы деп. аталды. Оны Рессейде А. Н. Пыпын, В. В. Стасов, А. Н. Веселовский т. б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетінен басқа халықтың ауыз әдебиеті мен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айырықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса – ақ болғаны, оны олар бір – бірінен ауысып алған деп. есептейді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым – қатынас, сауда – саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпын оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп. дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де көрсетеді. Ауыз әдебиетінің тууы, даму жайында “ауысып алу” теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді.
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Жанр категориясы – фольклортану ғылымындағы негізгі мәселе. Жанрға түрлі ғылымдар саласынан берілген анықтамалар қисапсыз. Фольклортану ғылымы тұрғысынан берілген анықтамалар да баршылық. С.А. Қасқабасовтың анықтауынша: «Жанр дегеніміз - оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы» (1, 6 б.). Б.Уахатовтың берген анықтамасы мынадай: «Жанр – белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын және соған лайықты мазмұны бар, әбден қалыптасқан көркемдік форма» (2, 75б.).
Фольклордың тарихы – дербес жанрлар мен жанрлар жүйесінің тарихы. Фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден басқаша.
Фольклорды идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына,әлеуметтік-тұрмыстық атқару қызметіне, тегіне қарай жіктеу принциптері
Фольклор жанрларын идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына, өмірде атқаратын қызметіне (функциясына) қарай жіктейді. Фольклорлық жанрлар салтқа қатысты немесе қатыссыз болып келуі, қара сөзбен не өлең түрінде айтылуы, әуенмен не әуенсіз орындалуы, жеке адам не көпшілік орындайтын үлгіде көрініс беруі мүмкін. Енді осы ұстанымдарды жеке- жеке қарастырайық:
1. Қоғамдық қызметі (функциясы) – фольклорда жанрдың табиғатын анықтайтын басты фактор. Фольклор о баста адамзаттың күнделікті тұрмысында белгілі бір қажеттілікке байланысты қалыптасқан, кейіннен сейілдік, сауықтық қызметтерге бейімделген. Мәселен, бәдік жыры ауру малды, науқас адамды емдеу үшін шыққан. Немесе бесік жырын алсақ, бесіктегі баланы ұйықтату үшін айтылады. Арбау, байлау өлеңдері жайында да осыны айтуға болады.
Фольклор адамзат қоғамында танымдық, идеологиялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтер атқарады. Қоғамның даму сипатына орай фольклордың белгілі бір функциясы алдыңғы кезекке шығып отырған. Мысалы, ХV – ХVІІІ ғасырларда қазақ халқы үшін ел қорғау, атамекенін жау табанынан азат ету аса маңызды мәселе болды. Бұл кезде ерлік пен елдікті мадақтайтын батырлар жырының тәрбиелік, идеологиялық қызметі артты. Ал осы жанр ХІХ – ХХ ғ.ғ. көбінесе сауық – сейілдік функция атқарды. Аңыз жанрының басты нысанасы – тыңдаушыға елдің өткені туралы немесе атақты адамдардың өмірі жайлы, күйдің шығуы хақында мағлұмат беру. Демек, аңыздың танымдық функциясы басым.
2. Құрылысы – жанрдың тұрмыстық қызметіне байланысты айқындалатын негізгі поэтикалық элемент.
3. Орындалу мәнері – баяндалуы (ертегі, аңыз,әпсана) немесе әуенмен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде (жыр, айтыс, терме, толғау, тарихи өлең) орындалуы, ойын үстінде (санамақтар, «Айгөлек») айтылуы.
4. Мазмұны. Бір ескеретін жайт – бір мазмұнның бірнеше формасы болуы мүмкіндігі (бір тақырыпқа құрылған тарихи өлең, тарихи жыр, тарихи аңыздардың болуы).
Достарыңызбен бөлісу: |