ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ
ИНЖЕНЕРЛІ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
СӘУЛЕТ ПӘНІНЕН
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қызылорда қаласындағы құрылыс ерекшеліктері
Орындаған ПСМ-22-1 оқу тобының студенті Төребек Р
Қабылдаған т.ғ.к., аға оқытушы Будикова А.М.
Қызылорда 2024
Кіріспе
Қызылорда — Қазақстанның оңтүстігіндегі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 278 581 адам (2023). 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары. Қала теңіз деңгейінен 126-130 м биіктікте жатыр. Қала аумағы өзенді бойлай оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай төртбұрышты пішінде созылып жатыр. Жер аумағы 3683 га. Қаланың 17,0 га аумағы теміржол тораптарына, 165 га аумағы көліктік көшелерге, 19 га аумағы талы жоқ қала бақтары мен демалыс орындарына, 51 га алқабы шөлді-шөлейітті орындар үлесіне тиеді. Геологиялық тұрғыдан Қызылорда аумағы Тұран эпигерциндік платформасы үстінде жатыр. Палеозойда қалыптасқан бұл жазықты кейде "Сыр ойысы" деп те атайды. Ойыстың шеткі иіндері палеозойлық қатты метаморфты жыныстарға толған. Ойыстың көлденең ені 400 км. Орталығында палеозойлық тау жыныстары 600-900 м тереңдікте жатыр. Кейіннен ойыс мезозой, одан кейін кайнозой жыныстарымен жабылған. Шөгінді қабат үшке бөлінеді.
Қызылорда облысында құрылыс қарқыны жоғары екені жиі айтылып жүр. Мұны облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың көптігінен де байқау қиын емес.
Шынында, Сыр өңірі құрылыс секторындағы жоғары өсу қарқынымен республика бойынша 1-орынға шықты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылған-ды. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін, құрылыс қарқынын ерекше атап өткен еді.
Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 16,8 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 38 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектісін салуға республикалық бюджеттен 19,6 млрд теңге бөлінген.2023 жылдың алғашқы 6 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 8 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобалардың жалпы құны 13,703 млрд теңгені құрап отыр. Биыл 318 700 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қабылданған, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 102 пайызға артық орындалған.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың тапсырмасына орай, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 13321,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 69,6%-ды құрайды.
Облыс аумағында 139 198,4 шаршы метрді құрайтын 681 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді. Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыным берілді. Олар Теміржол вокзалын қайта жаңғырту, Орталық алаңды абаттандыру, "Анаға тағзым" орталығы, Неке сарайы, Көпсалалы кешен және 5 қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және қалаларды кешенді салу стандарттарына сәйкес Қызылорда қаласының дизайн-жобасы әзірленіп, ұсыным берілді, - деп жауап берді Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мамандары.
"Қан азаюдың алдын алуға арналған медициналық орталық"
Сыр өңірінде медициналық нысандардың да құрылысы ерекше қарқын алып келеді. Соның бірі – қаланың сол жағалауында орналасқан "Қан орталығы". Жобалық құны 2,7 млрд теңгені құрайтын нысан жылына 5000-10000 адамды қабылдауға қауқарлы болмақ.
Сондай-ақ, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасын іске асыру барысында Сыр өңірінде 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет салынады.
. "Неке сарайы"
1-сурет-Неке сарайы
Қызылордада салынып жатқан әсем ғимараттың бірі – "Неке сарайы". Әлеуметтік нысанның бой көтеруі аймақтың құрылыс-индустриялық сәулетін арттырады, отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыруға үлес қосады. Бастысы, жастардың өміріндегі ең маңызды, қуанышты сәтін әсерлі етуге мүмкіндік сыйламақ. Заманауи үлгіде салынатан ғимараттың жалпы ауданы 2100 шаршы метрді құрайды.Өткен жылдың қыркүйек айында құрылысы басталған "Неке сарайының" сыйымдылығы – 110 орындық, 2 қабатты. Ғимарат қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
"Өнер орталығы"
Бүгінде Сыр еліндегі сыйымдылығы жағынан ең үлкен ғимарат – Н.Бекежанов атындағы қазақ-музыкалық академиялық драма театры. 600 орындық нысан аймақ халқына кіршіксіз қызмет етіп келеді. Десе де, халық санының өсуіне байланысты үлкен сыйымдылықтағы ғимараттың қажеттілігі туындағынына біраз болды. Бұл олқылықтың орнын жаңадан салынып жатқан "Өнер орталығы" толтырады деп күтілуде.
Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында құрылысы жүріп жатқан ғимаратқа 2 гектар жер берілген. Нысан 1000 орындық көпфункционалды кешен ретінде ашылады. Яғни, онда мәдениет саласының симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар мен түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі. Ғимарат желтоқсан айында толық пайдалануға беріледі.
Физика-математика мектеп-интернаты
2022 жылдың желтоқсан айында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген еді. Сонда облыс орталығында дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатын салу "Білімді қолдау қоры" қаражаты есебінен қаржыландырылатын болып шешімін тапты. Жобаның жалпы құны 8 млрд теңгеге жуық.Бүгінде цифрландыру, индустрияландыру заманында ІТ саласына деген сұраныс пен техникалық ғылымдардың маңыздылығы ескеріліп, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге басымдық берілуде. Сондықтан болар, мектеп құрылысының толық пайдалануға берілуін күтіп жүрген жастар саны өңірімізде өте көп.
Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы
2-сурет- Қорқыт ата жаңа әуежайы.
Осы күні Сыр өңірінде "Болат Өтемұратов Қорының" демеушілігімен Қорқыт ата әуежайы жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Заманауи үлгідегі жаңа нысанның жалпы аумағы 4 гектарға жуық. Жаңа терминалда жолаушыларға халықаралық стандарт талаптарына сай барлық жағдай қарастырылады. Әуежай 2024 жылдың мамыр айында ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.
Айта кетейік, қазіргі әуежай жылына 137 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін 220 мың жолаушыны қабылдай алады. Ал жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаймақ. Жалпы алаңы 7500 шаршы метр болатын әуежайда телескопиялық трап, жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылмақ.
Қызылордада жаңа әуежай терминалының құрылысы қызу жүріп жатыр. Құны 15 миллиард теңгені құрайтын нысан белгілі меценат Болат Өтемұратов қорының қаржысына салынуда. Жалпы қалада биыл бюджеттен тыс демеушілер есебінен бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Жаңа терминал озық технологиямен салынуда. Нысанның қаңқасы түгелдей металдан құрастырылады. Тіпті, бірде бір кірпіш пайдаланылмайды дейді мамандар.
Жобаны Түрік компаниясы әзірлеген. Ғимарат аумағы 7,5 мың шаршы метр болады. Ал сыртқы беті әйнекпен, темір панелдермен қапталады. Жаңа терминал аспанан қарағанда ұшқан құстың бейнесіне ұқсайтын болады делінген.
Сондай-ақ бұл әуежай, өте замануи әуежай болады. Мысалы, жеделсатыны Финляндиядан, ал телескопиялық трапты Германиядан алдыртып жатырмыз. Жалпы барлық құрал-жабдықты Еуропа елдерінен әкеліп орнатамыз. Құрылысты ақпан айында бастадық, келер жылы мамырда аяқтаймыз деген жоспар бар.
Әуежай терминалы Қызылорда облысының экономикалық және инвестициялық жағдайын көтеруге оң әсерін тигізетіні анық. Жалпы жаңа әуежай сағатына 250 жолаушыны қабылдауға қауқарлы болады. Ал жоба толығымен аяқталғаннан кейін 64 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Мұнан бөлек, Қызылорда облысында кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,5 млрд теңгелік "Анаға тағзым" орталығының құрылысы жүріп жатса, кәсіпкер Асқар Әубәкіровтің қолдауымен 1,5 млрд теңгеге орталық алаң жаңғыртылып жатыр. Сырдың сол жағалауынан құны 975 млн теңгелік заманауи автовокзалдың да іргетасы қаланды. "Сондай-ақ, Қазгермұнай" ұлттық компаниясымен келісім нәтижесінде Қызылорда қаласында 2 млрд 500 млн теңгеге заманауи үлгідегі "Оқушылар сарайының" жобасы басталуға жақын.Өткен жылы Жаңақорған ауданында құны 790 млн теңге болатын заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында құны 450 млн теңге болатын "Еңбекшілер паркі" бой көтерді. Сондай-ақ, биыл Қызылорданың Түркістан облысымен шектесетін тұсынан демеушілік есебінен құны 230 млн теңгеге облыстың кіреберіс қақпасы ашылды. Ал "Балалар жылында" аймағымыздың демеушілері 1,6 млрд теңгеге 80 спорт-ойын алаңын салып, балалардың қуанышын еселегенін де ерекше айтуға болады.
Сұлу Сырдың жағасына қоныстанған Қызылорда қаласының келбеті күн санап көркейіп келеді. Сол жағалаудағы жаңа қалада сәт сайын салтанаты келіскен зәулім ғимараттар бой түзеп, шаһар ажарын айшықтай тсуде. Соңғы жылдары құрылысы қарқынды дамыған Сыр өңірінде 12 шағын аудан бой көтеріп, 270 көпқабатты тұрғын үй салынған. Нәтижесінде 7000-ға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады. Осындай жарасымды істің жалғасы ретінде қызылордалықтар үшін салтанаты мен сәні келіскен тағы бірнеше нысанның құрылысы басталды. Ел игілігі үшін қолға алынған ізгі істер құрылысшылар күніне тұспа-тұс келді. Соның ішінде облыс орталығында іргетасы қаланған «Неке сарайы» ғимаратының жөні бөлек. Жас жұбайлардың киелі шаңырағы саналатын неке сарайының құрылысы жастар күні аясында қолға алынып отыр. Заманауи үлгідегі жаңа ғимаратты неке қию салтанатымен қоса, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізетін орынға айналдыру жоспарланған. Сол сияқты құрылысы бастау алған «Өнер сарайы» қала көркін аша түсетін ерекше сипаттағы ғимарат болмақ. Өнерлі өлкеде кірпіші қалана бастаған 1000 келушіге арналған өнер сарайының құны 3,7 млрд теңгені құрайды. Ғимарат 1,5 жылда толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі. Жаңа өнер ордасында симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар мен түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар өңірде қан орталығы ғимаратының да құрылысы қарқын алды. Жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайтын нысанда жылына қан мен оның компоненттерін донациялау көрсеткішін 500-ден 10 мыңға дейін жеткізеді. Орталық өңір халқына тиісті көмек көрсетіп, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға негіз қалайтын бірден-бір орын болады деп күтілуде.
«Біз әрдайым жерлестеріміздің талап-тілектерін, ұсыныстарын ескеруге дайынбыз. Облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бастап, халықпен кездескен әр сәтте аймақта заманауи сәулеттік үлгідегі жаңа нысандарды салуға уәде еттік. Туған жердің дамуына шынайы жанашырлықпен қарайтын меценат азаматтарды ортақ іске біріктіріп, құны 45 млрд теңгені құрайтын 391 нысанға жоба әзірледік. Келесі жылдан бастап бұл жобалар іске аса бастайды. Аз уақыттың ішінде өңірге 20 млрд теңге инвестиция тартылды. Осы игілікті істердің нәтижесінде бүгін бірнеше нысанның іргетасы қаланып отыр», – дейді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Бұған қоса, өңірдегі «Бәйтерек» шағын ауданында көптің талабына сәйкес жаңа су жинағыш құрылғысының құрылысы бастау алды. Құны 1 млрд теңгеден астам бұл жоба «Бәйтерек» тұрғын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлерді тұрақты қысымда сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Жоба аясында 7 дана ұңғыма бұрғыланып, 3 дана резервуар салынатын болады. Сонымен қатар биыл Қармақшы ауданындағы Төретам кентінде және Ақай ауылында, Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде ауылішілік газ құбырын тарту және Шиелі ауданына қарасты Тартоғай елді мекенінде автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы да басталды. Алдағы уақытта сол жағалауда қасбеттері заманауи талаптарға сай келетін 7-9 қабатты тұрғын үй, физика-математикалық мектеп ғимараты бой көтерсе, балалар жылына тарту ретінде жаңадан «Оқушылар сарайы» салынады деп жоспарланып отыр. Бұған қоса, аймақта Болат Өтемұратов қорымен бірге 11 млрд теңгені құрайтын заманауи жолаушылар терминалының құрылысын салу және қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа жылу электр стансасының құрылысын жүргізу көзделіп отыр.
Қала сәулетіне ерекше сән беретін тағы бір жоба – Яссауи көшесінің жаңа кейіпке енуі. Көше төрт жолаққа кейейтіліп, тұрғындар үшін аллея салынбақ. Жаңа жобамен аймақ басшысы танысты. Көшені жаңғырту жобасын жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы «Facebook» әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.
«Жуық арада қаламыздағы басты көшелердің бірі Қожа Ахмет Яссауидің бір бөлігінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Қызылордаға қызметке келгелі ойға алып жүрген істің бірі – бюджетке салмақ салмай және қысқа мерзімде аталмыш көшенің жобасын жасау болатын. Жобалау сметалық құжаттамасы демеушілік қаражат есебінен тегін жасалды. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлына жобаны таныстырдық. Негізгі мақсат – тұрғындарымыздың ыңғайлы өмір салтын дамытуды қолға алып, соған сай дүниелер салу. Олардың қатарында жарықшамдар, балалар ойын алаңшасы, бастырмалар, субұрқақтар, спорт алаңы, жүгіру жолы, жаяу жүргіншілер көпірі, жаяу жүргіншілер жолы мен веложол бар. Жалпы айтқанда, көшенің екі жиегінде желілік саябақ пайда болады. Сонымен қатар қаланың Бас жоспарына сәйкес екі жолақты жолды төрт жолақты ету жұмысы жүргізіледі. Бұйырса, құрылыс жұмыстары басталса, келер жылға өтпелі болуы ықтимал. Жоба аяқталып, халық игілігіне берілсе, қаламыздың көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындарға да пайдалы болады деп сенеміз» - делінген жазбада.
Бір сөзбен айтқанда, жолы кең, тұрғындар үшін саялы жолы бар Яссауи көшесінің жаңғыртылуы қала үшін де, қалалықтар үшін да маңызды.
Құрылысы қыза түскен «Өнер орталығының» жұмыс барысын көруге облыс әкімінің орынбасары орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов, қала әкімі Асылбек Шәменов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев құрылыс алаңына арнайы барды.
1000 келушіге арналған көпфункционалды орталықтың іргетасы былтыр тамыз айында қаланған. Нысан жыл соңында пайдалануға берілмек. Құны 3,7 млрд теңгені құрайтын екі қабатты ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізуге ыңғайлы. Нысан құрылысын өңірге белгілі тәжірибелі құрылыс компаниясы «СМП Қызылорда» ЖШС мекемесі жүргізуде. Бүгінде құрылыс басында 100-ден аса құрылысшы жұмыс істеуде. Жыл аяғына қарай есігін айқара ашатын «Өнер орталығының» тосын сыйы да бар. Яғни Сыр өңірінде симфониялық оркестр құру жоспарлануда. Жаңа шығармашылық ұжымның алғашқы концерті осы жаңа орталықта көрерменге ұсынылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |