Реферат тақырыбы: Кристаллизаторларды есептеу Орындаған: Мадиярбек Ж. Сансызбаева Ұ. Тобы: тпп-20-06 к



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі378.37 Kb.
#457228
түріРеферат
  1   2   3
Процесс Аппарат


«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
«Технология және биоресурстар» факультеті
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кристаллизаторларды есептеу

Орындаған: Мадиярбек Ж.
Сансызбаева Ұ.
Тобы: ТПП-20-06 к
Тексерген: Молдалимова Г.


Алматы 2022ж.

Жоспары:
І. Кіріспе..............................................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Кристалдану тәсілдері және кристаллизаторлар түрлері.............................................4

  2. Кристаллизаторларды есептеу. Кристалданудың материалдық балансы................6

ІІІ. Қорытынды..................................................................................................................................9
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................................10

І. Кіріспе
Ертінділер және балқымалардан қатты фазаның кристалл күйінде бөлініп шығу процесі кристалдану процесі деп аталады. Химия өндірісінде кристалдану процесі тұздар және таза қатты заттар өндіруде қолданылады.
Ертінділердегі кристалдану процесі қатты заттың шектеулі ерігіштігіне негізделген. Аса қаныққан ерітінділерден еріген заттың артықша мөлшері кристалданып бөлінгенде ерітінді қаныққан болады. Бұл ертіндіні қалдық ертінді /маточный раствор/ деп атайды. Қалдық ерітіндіні кристалдан центрифугалау және т.б. тәсілдермен ажыратады.
Қаныққан ерітіндінің концентрациясы температура көбейген сайын артады және еріген зат пен еріткіштің қасиеттеріне байланысты болады. Көптеген қатты заттардың ерігіштігі температура көбейген сайын артады, ал кейбір заттардың ерігіштігі азаяды.
Кристалдану процесі екі сатыдан құралады: кристалдану орталықтарынаң пайда болуы және қристалдардың өсуі. Кристалдану центрлері аса қаныққан ерітінділерде өздігінен пайда болуы мүмкін. Бұл кезде екі процесте (центрдің пайда болуы және кристалдың өсу) бірдей өтеді.
Егер центрлердің пайда болуы жылдамдағы оның өсу жыладамдығынан көп болса, онда қөптеғен майда кристалдар пайда болады. Егер өсу жылдамдығы центрлер пайда болу жылдамдығынан көп болса, ірі кристалдар пайда болады. Кристалдану процесінің жылдамдығы ерітіндінің аса қанығу дәрежесіне, араластыру қарқындылығына және т.б. байланысты болады.
Кристалдардың қасиетіне төмеңдегі факторлар әсер етеді: кристалдар пішіні, оның өлшемі мен фракциялық құрамы және алынатын қристалдың тазалығы. Кристалдар пішіні кристалданатын заттың табиғатымен анықталады және ерітіндідегі қоспаларға байланысты болады. Мысалы, таза су ерітіндісімен хлорлы калий куб пішіңді, ал ерітіндіде мочевина болса - октаэдрлі куб пішінді кристалданады. Кристалдардың өлшемі олардың өсу жылдамдығына байланысты.
Температура және ерітінді концентрациясының шегін азайтқанда майда кристалдар азаяды да, кристалдардың фракциялық құрамын өзгертеді. Майда кристалдардың сыртқы беті үлкен болғаңдықтан, оларда қалдық ерітінді көп қалып қояды, яғни кристалдардың тазалығы азаяды. Өте таза кристалдар алу үшін оларды қайтадан кристалдандырады. Оларадағы қалған ерітінді жуу және кептіру арқылы шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет