Реферат тақырыбы: «Магнетизмнің табиғаты»



бет1/5
Дата14.09.2022
өлшемі0.77 Mb.
#460729
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Магнетизмнің табиғаты


Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Магнетизмнің табиғаты»

Қабылдаған: Тайбуганова Зейнегуль Жакеновна
Орындаған: Касенова Динара
Тобы: 20ИС-2

2021 оқу жылы
Тақырыбы: Магнетизмнің табиғаты
Жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. Магнетизм

  1. Магнит;

  2. Магниттік аномалия;

  3. Магниттік дауыл;

  4. Магниттік меридиан;

  5. Электрмагнетиктердің қолданылуы

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Кіріспе.

Магнетизм магнит туралы ұғым гректің магнезия немесе Магнесса қаласының маңында өндірілген темірді тарататын тастардың қасиетіне байланысты осы жердің атымен аталған деген аңыз бар. Осы мәліметті Лукреций өзінің Заттардың табиғаты деп аталатын еңбегінде алғаш рет келтірген. Ғылыми көпшілік әдебиеттерде тарту қасиетіне ие болатын тасты алғаш тапқан бақташы Магнессаның құрметіне аталған деп те жорамалдайды. Магнетизм бойынша алғаш монографиялық еңбекті В.Гильберт жазды. Бұл еңбекте өзіне дейінгі магнетизм туралы теориялық және тәжірибеден алынған мәліметермен бірге өз зерттеулерінде келтірді. Магниттік құбылыстардың жан-жақты зерттеулері 1820 жылдан басталды. Осы жылы француз ғылым академиясының отырысында Х.Эрстед алғаш рет тұрақты ток жүріп тұрған өткізгіштің маңына орналастырылған магнит бағдарлағышының бұрылатындығын бақыласа, одан жеті күн өткеннен кейін сондай отырыста екінші бір француз физигі М.Ампер тоғы бар өткізгіштердің бір-бірімен әсерлесетіндігін тәжірибе жүзінде көрсетті. Міне осы 1820 жыл ғылымда магниттік құбылыстар физикасының дүниеге келген жылы деп есептелінеді.
Бүгінде магниттік құбылыстар физикасының даму тарихын ғылымда үш жартығасырлық кезеңдерге: 1820-1870, 1870-1920, 1920-1970 бөліп қарастырып келеді. Бірінші кезең Х.Эрстед ашқан электр тогы мен магнетизм арасындағы байланысты тағайындаған Гуақыттан басталады. Осы жылдары М.Ампер заттың магниттік құбылысын түсіндіру үшін молекулалық ток ұғымын енгізді. Ампер уақытында заттың электрондық құрылысы туралы дамымағандығын еске алсақ бұл ғылыми болжам - гипотеза заттың магниттік қасиетін түсіндіруде ток пен магниттің эквивалленттілігі туралы теорема идеясын дәлелдеді. М.Фарадей 1831 жылы өзінің электромагниттік индукция заңын ашып, Бургманстың тәжірибесін қайталай отырып, ғылымда диа- және парамагнетик туралы ұғымдар енгізді. Сонымен бірге заттың диамагнетикалық
ей отырып, магнит өрісі туралы ұғым қалыптастырды. Ал 1845 жылы магнит өрісіне орналастырылған шыныдағы жарықтың поляризация жазықтығының айналу құбылысын ашты. Сонымен магниттік құбылыстар физикасының дамуының бірінші жарты ғасырлық кезеңі Максвеллдің классикалық электродинамикадағы теңдеулерінің жазылуымен аяқталды.
Екінші кезең ферромагнетиктердің сыртқы магнит өрісіндегі қасиеттерін зерттеуден басталды. Орыс ғалымы А.Г.Столетов Темірдің магниттелу функциясы деп аталатын еңбегінде p=fH тәуелділігін зерттей отырып, оның сызықтық функция болмайтындығын дәлелдеді. ХІХ ғасырдың 90жылдарында ғылымда электрон ашылып, 1896 жылы Зееман магнит өрісінде спектр сызықтарының ыдырайтындығы туралы эффектіні ашты, Лоренц оның электрондық теориясын жасады. Лармор 1897 жылы магнит өрісіндегі электронның прецессиясы туралы теореманы дәлелдеі. Осы жылдары Пьер Кюри диамагниттік қабылдағыштың температураға тәуелсіздігін, парамагниттердің магниттік қабылдағыштарының температураға кері пропорционалдығын тағайындады. 1905 жылы П.Ланжеван молекулалық ток туралы М.Ампер гипотезасы мен Лармордың электронның прецессия туралы теоремасы және Лоенцтің электрондық теорияларына сүйене отырып, диа- және парамагниттіліктің классикалық теориясын ұсынды. Вейсс 1907 жылы ферромагниттіліктің заманауи теориясын жасады. Осы жылдары В.К.Аркадьев айнымалы магнит өрісінде ферромагниттердің магниттік қасиеттерін резонанс құбылысын бақылау мақсатында зерттеді.
Үшінші кезеңінде М.Паули заттың магниттік қасиетін бағалау үшін Н.Бор магнетоны магнетизмнің электрондық квантын, 1925 жылы Гаусмит пен Уленбек электронның спинге ие болатындығын, ал В.Гейзенберг, И.Френкель және Блох ферромагниттіліктің кванттық теориясын жасады. Техникалық магнитттелу процесі туралы Н.С.Акулов өз теориясын әрі қарай дамытты. Жоғары жиілікті техниканың дамуына байланысты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін физиктермен материалисттердің алдында Фуко тогы аз бір жақты өткізгішке ие болатын магнитті материалдарды алып, олардың магниттік қасиеттерін зерттеу алда тұрды. Осындай жұмысты 1947 жылы француз физигі Л.Неель орындады. Ол материалдар металл тотықтары мен үш валлентті темір тотықтарының Meo, Fe203 қосындысынан алынды. Оларды жалпы түрде ферриттер деп атайды. Ферриттерде Джоуль-Ленц жылуы көп бөлінбейді де, олардың магнитік қасиеттері жақсы сақталады. Ферриттердің магниттік қасиетін түсіндіру үшін магниттік құбылыстар физикасында жанама өзара әсерлесу алмасу энергиясының теориясы жасалды.
Начало формы
Конец формы
Магниттік құбылыстар физикасының төртінші даму кезеңіне: жұқа ферромагнитті пленкалардың, сирек кездесетін металдардың магнитті қасиеттері, аморфты, сұйық және органикалық заттардың; биомагниттілік, магнитохимия т.б. қасиеттері зерттелуде. Микроәлемнің магниттік қасиеттері мен астрофизикадағы өте әлсіз өзара әсерлеулер 1820 жылы Эрстед жасаған тәжірибелердің баламасы болуы да мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет