Реферат тақырыбы: Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек жолы Орындаған: Уразалимов Рустем ис-23-16 Мазмұны



бет1/4
Дата11.02.2024
өлшемі63.94 Kb.
#491606
түріРеферат
  1   2   3   4
Тарих СРОП



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек жолы

Орындаған:Уразалимов Рустем ИС-23-16

Мазмұны
1. Кіріспе………………………………………………….
2. Түркі өркениеті………………………………………..
3. Ұлы Жібек жолы………………………………………
4. Қорытынды…………………………………………….
Пайдаланылған әдебиеттер……………………….

Кіріспе
VII-VIIII ғасырларда болса, өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер («түрк бұдын») барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк», «түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе, соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» (сөздің түбірі - «төрә»; «төрү», яғни туындау, пайда болу) етістігінен пайда болғанын шындыққа жақындау жорамал деп санаған. IX ғасырдың ұлы түркі ойшылы, энциклопедист тіл маманы Махмұд Қашқари «Диуан-и лұғат-ит түрк» атты классикалық еңбегінде «түркі» атауын түркілерге Тәңірдің бергенін айта келе, аталмыш сөзді «жастық, жетілушілік, құдірет пен күш-қуат» деген мағыналармен байланыстырған. Х ғасырдағы ұйғыр мәтіндерінде де «түрк» сөзінің «күш, қуат» деген мағына бергені бұл пікірді күшейте түседі XX ғасырдың басында өмір сүрген неміс археолог, түрколог Альберт фон Лекок да осы пікірді қолдайды. Түркі саяси мәдениетінің ықпалында жазылған Иран деректерінде «түркі» сөзінің мағынасы «сұлу адам» деп түсіндіріледі. Тарихи фактілер бойынша, түркі әулеттік бірлестіктерінде «түркі» тектілік, ақсүйектікті білдірген сөз ретінде де қолданылған, түркі аристократиясының жоғары шенді өкілдеріне, әскер қолбасшыларына қатысты болған



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет