Инвестициялық нарық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері
Инвестициялық нарық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін бағалау мен болжау елдегі инвестициялық климат пен инвестициялық қызметтің тиімділігін экономикалық дамудың әр кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.
Әлем тәжірибесінде инвестициялық тартымдылықты қалыптастырудың түрлі әдістері қолданылады. Оның көп деңгейлі бағалауына:
инвестициялық нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін;
экономиканың салалары мен секторларының инвестициялық тартымдылығын;
аймақтардың инвестициялық тартымдылығын;
бөлек компаниялардың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен болжау жатады.
Инвестициялық нарықтың жағдайын макродеңгейде сипаттайтын негізгі көрсеткіштер келесі топтарға жіктелуі мүмкін:
1. Мемлекеттің инвестициялық саясаты мен жалпы ұлттық экономика бойынша инвестициялық қызмет тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер: жиынтық қорлану мен жиынтық қор сақтау; негізгі капиталға инвестициялау нормасы (негізгі капиталға инвестициялау көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы); экономикадағы инвестициялар көлемі мен динамикасы; инвестициялардың түрлік, технологиялық және салалық құрылымы; инвестициялардың меншік формалары мен қаржыландыру көздері бойынша құрылымы; шетелден тартылған инвестициялар көлемі мен құрылымы; елдің халықаралық инвестициялық позициясы және т.б.
2. Инвестициялық нарықтың сыйымдылығы мен қамтамасыз етілуін сипаттайтын факторлар: инвестициялық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс көлемі; нарықтағы нақты мәмілелер көлемінің динамикасы; инвестицияланған тауарлар мен құралдар бағасы деңгейінің динамикасы; инвестициялық нарық сыйымдылығы (қалыптасқан бағалар деңгейінде белгілі бір инвестициялық тауарлар мен құралдарға сұранысты толық қамтамасыз ететін инвестициялық нарықта мүмкін мәмілелер көлемі); нарықта айналатын негізгі инвестициялық тауарлар мен құралдардың саны мен құрамы; инвестициялық нарықтың есептік кезеңдегі негізгі индикаторлар динамикасы және т.б.
3. Жылжымайтын мүлік пен негізгі қорлар нарығының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер: құрылыс мердігерлік келісімдер бойынша жасалған жұмыстар көлемі, ғимараттар мен өндірістік күштердің іске қосылуы; тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени сала объектілерін салу көлемі; құрылыстағы өндірушілер бағаларының индексі; негзгі қорларды іске қосу; негізгі қорларды жаңарту және шығару коэффициенті; экономика салалары бойынша негізгі қорлардың тозу деңгейі.
4. Бағалы қағаздар нарыңының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер: бағалы қағаздарды эмиссиялау көлемі мен құрылымы; айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздар көлемі; бағалы қағаздар нарығының айналымдылығы; нарықтық портфель индикаторы (өтеу мерзімі мен айналыстағы көлемі бойынша өлшенген белгілі бір бағалы қағаз түрі бойынша тиімді табыстылықтың орташасы) және т.б.
5. Ақша нарығының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер: несиелер бойынша нақты пайыздық мөлшерлеме; қайта қаржыландыру мөлшерлемесі; М2 ақша массасы; ЖІӨ-дегі М2 үлесі (монетизация коэффициенті); инвестициялар құрылымындағы банктер несиелерінің салыстырмалы көлемі; негізгі шетел валюталарының теңгеге ресми бағамдары (АҚШ доллары, еуро); инфляция индексі; халықтың ақшалай табыстар деңгейі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |