Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу
Университеті КеАҚ
Ветеринариялық санитария кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: Аралас белоктық дистрофия
Орындаған: Ізбасар А. А.
Тексерген: Мурзакаева Г. К.
Астана 2024 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Торшалық дистрофиялар
Торшасыз дистрофиялар
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кіріспе
Дистрофия (грек.dis – бұзылу, trohe - қоректену), цитоплазманың қалыпты компоненттерін зат алмасудың бұзылған әр түрлі балланыстық (немесе зиянды) өнімдерімен ауысудың немесе олардың аралық кеңістікке жиналуының патологиялық үрдісі. Кең мағынада дистрофия деп, ұлпалардағы биохимиялық бұзылулар (мысалы, миокардтың дистрофиялары) мен қоректенудің күйзелісін атайды.
Дистрофияның маңызы физиологиялық жағыдайларда кездеспейтін алмасу өнімдерінің торша аралық кеңістікке және торшаға жиналуы немесе артық мөлшерде болуынан, не болмаса, қалыптан тыс сапа мен құрылыс түрінің өзгеруінен тұрады.
Ұлпалардың құрылыстық өзгерісіне әкелетін алмасу үрдістерінің бұзылуы көптеген зиянды факторлардың әсер етуі кезінде байқалады (инфекция, интоксикация, авитаминоз, ішкі секреция безінің бұзылуы, қан және лимфа айналымының жергілікті күйзелістері кезінде және т.б.)
Ақуыздар өмірлік үрдістер кезінде негізгі рөл ойнайды. Олар күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Ұлпалардағы ақуыздық алмасудың химиясы қалыпты және патологиясы жеткіліксіз зерттелген, сондықтан, ақуыздық дистрофияның рационалдық жіктелуі жоқ. Ақуыздық дистрофияның маңызы ақуыздардың физико – химиялық өзгеруі нәтежиесінде торша цитоплазмсы құрылысының және торшааралық заттарының, яғни, ақуыздық заттардың ағзасына бөтен заттардың ұлпаға қанмен түсуі, торшалық секрецияның ұлғаюы, су мөлшернің ұлпаларға бөлінуінің бұзылуынан тұрады.
2. Торшалық дистрофия
Барлық ақуыздық дистрофия түрлерінің ішінен жиі кездесетіні түйіршікті дистрофия. Ол цитоплазмада дәндер мен ақуыздық табиғат тамшыларының кездесуімен сипатталады. Дистрофиялық үрдіске паренхиматозды ағзалар (бүйрек, бауыр, миокард), сирек – қаңқа бұлшық еттері ұшырайды. Осыған байланысты, түйіршікті дистрофияны паренхиматозды дистрофия деп атайды.
Микроскоп арқылы қарағанда, бүйректің, бауырдың және бұлшық ет талшықтарының эпителиальді ісінуін, сондай-ақ, олардың цитоплазмасында торшаның бұлыңғыр түрін қамтаммасыз ететін түйіршіктілік түзіледі. Түйіршіктіліктің пайда болуы ұлпалық гипоксия жағыдайларында митохондрияның дөңгелектенуі мен ісінуіне байланысты болуы мүмкін және цитоплазманың ақуыздық – липидтық кешенінің декомпозициясының нәтежиесі, ақуыздардағы көмірсулар мен майлардың патологиялық трансформациясы, торшалық ақуыздың денатурациясы немесе қан тоғымен енетін ақуыз ағзасы үшін бөтен торшалардың инфильтрациясы болуы мүмкін.
Түйіршікті дистрофия инфекциялық аурулар кезінде, ағзаның мүмкін болатын барлық интоксикацияларында, ұлпаларға қышқыл өнімдердің жиналуы нәтежиесіндегі қан айналымның күйзелісі кезінде дамуы мүмкін.
Түйіршікті дистрофия кезінде макроскопиялық ағзалар ісінген торшалардың капилярларды басуы әсерінен, қалыптан тыс ісінген, болбыр консистенциялы, ақшыл түске боялған. Ағзалар паренхимасын кескен кезде көрінісі жадағайланған, түрі күңгірт, ағзалардың ісінуі пайда болады. Жүрек бұлшық еті піскен етке ұқсас, ал бауыры мен бүйрекгі сұр – күңгірт түске ие болады.
Түйіршікті дистрофия зақымдалған ағзалардың функцияларының бұзылуына әкеп соқтырады. Мысалы, миокардтың түйіршікті дистрофиясы кезінде жүректің жиырылғыштық қасиеті әлсірейді.
Достарыңызбен бөлісу: |