Реферат Тақырып: Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі Орындаған: Ершора А



бет1/4
Дата02.05.2023
өлшемі34.13 Kb.
#473091
түріРеферат
  1   2   3   4
Реферат Та ырып Болмыс. Онтология ж не метафизика. Орында ан К (1)


Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті

Реферат


Тақырып: Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі

Орындаған: Ершора А.
Тобы: Врв-21-1
Қабылдаған: Апенов Б.
Жоспар:
I Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1
Болмыс 2.2 Онтология 2.3 Метафизика III.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Болмыс – айналаны қоршаған объективті дүниенің сипаттамасын беретін философиялық ұғым. Кейбір философтардың дүниенің материалдығы мен оның болмысын тепетең ұғымдар ретінде қарастырған кездері болған. Болмыстың объективтілігін ғана көру оның материалдық және идеалдық сипаттарын ашуға кедергі жасап келді. Идеалистік бағыттағы философтар болмысты материяға дейін де болған, одан тәуелсіз деп, оны сана актісімен бірге қарауға бейімдік танытады. Болмыс дегеніміз бүкіл әлем, тұтас универсум, демек, айналаны қоршаған нәрселердің, үдерістердің, құбылыстардың жиынтығы. Әдетте болмысты екі элементке – табиғат және қоғам – бөліп қарастыруға болады.Диалектикалық материализм болмыстың біріншілігін, сананың екіншілігін қуаттайды. Дегенмен, сананы бұйығы емес, болмысты өзгертетін белсенді күш ретінде таниды.


Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық «әлем деген не?» сұраққа жауап беруге болады.

«Болмыс» туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.

Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.

Атомдардың бір – біріне тартылуынан немесе бір – бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді.

Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс – құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта өркендеу, әсіресе Жаңа дәуірден бастап жаратылыстану – механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды.

Болмыс дүниедегі барлық өмір сүретін құбылыстарды белгілейтін философиялық категория. Бұл ұғымды философияға алғашқы болып Парменид(б. з. д. V-IVғ. ) енгізді.Парменидтің пікірінше, болмыс пен бей-болмыс тең емес, басқаша айтқанда, болмыс - нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тыры-сады. Айта кететін бір жайт — ол, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гері, метафорамеи немесе ұқсастық тәсілін қол-дану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші бодып өз тезисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет