Сабақ №1
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы.
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстанның өткен, қазіргі кезедгі экономикасы және болашақ әлеуеті туралы түсінік беру, шаруашылығының кезеңдеріне сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру.
Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта
Негізгі ұғымдар: Экономикалық-әлеуметтік география, экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер, дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, жоспарлы экономика, әміршілдік-таратушылық экономика, индустрияландыру, либерализация, жекешелендіру, табғиғ-ресурстық әлеует, даму стратегиясы.
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
(3 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.
1. Географиялық зерттеулер бойынша
2. Қазақстанның физикалық географиясы бойынша
3. Еуразия материгіндегі Қазақстанның орнын оррны.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
1. жердің ерте кездегі зерттеулерінен бастап қазіргі кезге дейінгі Жер шарының зерттеулеріне қатысқан зерттеушілер.
2. Қазақстанның жер көлемі, халқы, халық санағы.
3. Қазақстанның көршілес елдері, Еуразияның нақ ортасында орналасуы.
|
3.Жаңа материалға көшу кезеңі
|
9-сынып курсымен, мазмұнымен таныстыру. Кіріспенің сызбанұсқасын талдау, біртіндеп кіріспеге көшу.
|
9-сынып курсымен, мазмұнымен танысады. Кіріспенің сызбанұсқасын мүғаліммен талдап, кіріспеге көшеді.
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
|
1. Экономикалық-әлеуметтік географияның ғылыми және мектеп пәні ретінде мәнін анықтау, оның зерттеу нысанын анықтау. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӘАК) ұғымын беру.
2. Қазақстанның шаруашылығына, оның кезеңдеріне шолу.
Тапсырмалар (4-сурет бойынша):
1) Қазақстанның етті мал шаруашылығы дамыған жерлері.
2) Электр станциялары бар аудандар.
3) Павлодар облысында қандай өндіріс түрлері бар?
4) ОҚО-да қандай өндіріс дамыған?
5) СЭС-ры бар облыстар.
6) Алтын өндіретін облыс.
7) Тамақ өндірісімен айналысатын облыс.
|
1. Экономикалық-әлеуметтік географияның ғылыми және мектеп пәні ретінде мәнін анықтау, оның зерттеу нысанын анықтау. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӘАК) ұғымын анықтау.
2. Қазақстанның шаруашылығына, оның кезеңдеріне шолу.
1) батыс, орталық, оңтүстік, шығыс
2) БҚО, Қостанай, СҚО, Ақмола, Риддер, Шымкент, Алматы.
3) Кірпіш, тамақ өнеркәсібі, сабын
4) тамақ, мақта, кірпіш
|
Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлеует.
1. Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама беруге талпындыру. Аумағы, аумағы бойынша д.ж-де алатын орны, кқршілес мемлекеттері, саяси-географиялық аймағын, оның жер аумағының үлкен болуы және географиялық орналасуының артықшылықтарын анықтауға бағыттау. Басты қалалары мен әкімшілік бөлінісін түсіндіру.
ЭГЖ – елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру:
2.Табиғи-ресурстық әлеует ұғымын және оның құрамы мен ерекшеліктерін түсіндіру:
1) табиғи ресурс д/з - ...
2) Қолданылуына қарай.....
3) Оларды тиімді пайдалану д/з - ....
4) Табиғи ресурстарға шаруашылық баға беру:.......
5) ТР-дың аумақтық үйлесімі ...........
|
Жаңа тақырыппен танысады.
1. Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама береді (картаға қарап). Сипаттама бергеннен кейін ЭГЖ-ын бағалау.
2. Кейін табиғи-ресурстық әлеует ұғымын және оның құрамы мен ерекшеліктерін анықтайды.
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
Оқулықтың 15-16 бетіндегі 2-3-5 тапсырмаларды орындау. 25 беттегі 14-суретті талдау. 28-бет: 1-тапсырмасы.
|
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Қазақстанның орналасу жағдайының сипаты қандай?
Оның жер аумағының артықшылығы?
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
|
|
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
|
1 пар. сұрақтарына дайындалу. 14-беттегі 1-6-тапсырмалар. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру. 15-сурет, 3-4 кесте бойынша кесте толтыру.
|
|
Сабақ №2
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлует
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстанның дүние жүзі картасында алатын орнын, экономикалық-географиялық жағдайын, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, табиғи ресурстық әлеуетін сипаттауға бағдар беру. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін анықтау.
Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы
Негізгі ұғымдар: географиялық орын, әкімшілік-аумақтық құрылым, облыс, аудан, округ, экономикалық-географиялық жағдай, табиғи-ресурстық әлеует, табиғи жағдай, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі
Номенклатура: Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Ұйымдасты-ру кезеңі
(3 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)
|
Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.
1. Экономикалық география атауын берген ғалым:
2. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер:
3. Қазақстан шаруашылығының кезеңдері
4. Экономикалық әлеует д/з не?
5. Экономикалық әлеуетінің құрамдас бөліктері қандай?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
1. М. В. Ломоносов
2.
3. 4 кезеңі – дәстүрлі эк. (б.э.д. 1 жылдықтар басы – ХІХ ғ. орт.), нар.эк. п.б. (ХІХ ғ. орт. - 1920 ж. аяғы), жосп. эк. (1920 ж. аяғы-1990 ж. басы), нар.эк. өту.(1990ж. Бастап)
|
3. Жаңа материалды меңгеру кезеңі.
|
Келесі сұрақтарға тоқалып кету:
1. Қазақстанның географиялық орнына сипаттама беру:
Республика аумағына сипаттама беру, басқа шетелдермен салыстыру, Еуразия маткригіне қатысты орнының ерекшелігін анықтау.
2. Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы:
Жер көлемі бойынша басқа елдермен салыстырғандағы алатын орны, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін сипаттау, басты республикалық маңызы бар қалаларға тоқталу.
3. Экономикалық-географиялық жағдайы: плюстері мен минустары:
шаруашылық пен экономикалық-географиялық орнының өзара байланысын анықтау, ЭГЖ-ға баға беру критериін сипаттау, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
4. Табғиғ-ресурстық әлеует: құрамы мен өзіндік ерекшеліктері:
табиғи жағдай дегеніміз не? Оның шарушалыққа әсерін анықтау. Табиғи ресурстар дегеніміз не? Табиғи ресурстардың бөлінуіне тоқталу, табғиғ ресурстарға шаруашылық баға беру, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі туралы айту.
|
|
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
|
Жаңа тақырыпты бекіту ретінде кестелер мен суреттерді талдау. Карта бойынша сипаттама беру.
|
|
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?
Қазақстанның ЭГЖ-ы қандай деңгейде?
Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?
|
|
6. Бағалау кезеңі
|
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
|
|
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
|
2 пар. сұрақтарына дайындалу. 28-беттегі 1-6-тапсырмалар. Тест сұрақтарына жауап беру.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |