Xxi-ғасырдың цифрлық мектебі



Дата25.02.2016
өлшемі2.48 Mb.
#24457
XXI–ҒАСЫРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ МЕКТЕБІ
Набиев Е.А.

Начальником управления образования Восточно-Казахстанской области
Біз сіздермен сондайлық жылдам өзгеретін әлемде өмір сүріп жатырмыз: айнала технология өзгеріп жатыр, ал сонымен бірге біздің де тұрмысымыз өзгеріп жатыр. «Цифр» ескі төңкерістік формула бойынша әлемді жаулап алып жатыр: «пошта, телефон, телеграф». Адамдарға тасқындаған ақпарат ағыны сондайлық жылдамдықпен артуда: 2-3 телеарнаның орнына енді бізге кәбілдік теледидар немесе серіктік тарелка бойынша ондағанын қарау мүмкіндігі бар. 2-3 газеттің орнына Интернеттегі ақпараттың шексіз теңізін қараймыз. Көз алдыңда қарым-қатынастық құралдар өзгеруде: жақында ғана қолыңдағы мақтаныш затың салмақты «кірпіш» - мобильді болса, ал қазір ұялы телефонның мөлшері әлденеше кішірейді де олардың қызметтік мүмкіндігі артты. Күн өткен сайын «скайп» немесе басқа бағдарламалар бойынша бейне байланыс тарап жатыр.

Осының барлығымен бірге біздің балалар да өзгеруде. Олар мектепке осыдан 10 жылғыдай емес, тіптен басқаша келеді, көбінесе олар ата-аналарымен тіл қатысқаннан гөрі, осы техникалармен айтарлықтай жақсы тілдесе алады. Және де мектепке келісімен, өздерінің алдында тақта мен бордан басқа ештемені көрмегендіктен көңілдері құлазып қалады.

Яғни, мектепке «кіргенде» жағдай айтарлықтай өзгергенін біз көріп отырмыз.

Ол «шыққанда» өзгеріп отыр. Қазір, бірнеше жылда ақпараттық-қатынастық технологияның құрылымы және кәсіптің – физик-ядрошылардан қарапайым бірлестіктің менеджеріне дейін, инженерден азпазшыға дейін – мазмұны өзгерген кезде, біз бүгінгі мектеп оқушыларына олардың келешек кәсіпбінің әлеміне қандай білім керек екенін нақты дәл айта алмаймыз. Олар өмірде бір емес бірнеше мамандықты алмастыруға дайын болуы, үнемі өзін өзі жетілдіріп отыруға, кәсіптік қызметі үшін қажетті ақпаратты сауатты түрде іздеуге, алуға және өңдей білуге дайын болуы тиіс. Батыста әлдеқашан негізгі біліктіліктермен (оқу, санау, жазу) қатар ақпараттен жұмыс істей білуді білдіретін «жаңа сауаттылық» ұғымы бар.

Осыған біз де мектепте дайындауға тиістіміз. Ақпараттық қоғамда оқушылардың толымды өмір сүруіне бағытталған оқытудың мүлдем жаңа парадигмасы керек. Ал оның тетігі ақпараттандыру болып саналады.

Білім беруді ақпараттандыру өзіне мынадай компоненттер жиынтығын қамтиды: компьютерлендіру, интернеттендіру, бағдарламалық, контенттік (мазмұндық) және кадрлық қамтамасыз ету. Тек осы компоненттерді бірқалыпты дамыту ғана – жүргізілетін шаралардың табысты болуының кепілі.

Компьютерлендіруден басталық. Қазір 1 компьютерге келетін оқушылардың орташа саны 18-ге жетті. Мәселе басқада: мектептердегі компьютерлер паркі қалай пайдаланылады? Оқушылар үшін компьютерге қол жетімділіктің дәрежесі қандай? Оқушылардың табыстылығын күйттеген мектеп директоры компьютерлерді жалпы пайдалануға қояды, ал компьютерлердің сақталушылығы және өзінің материалдық жауапкершілігі туралы мазасызданған мектеп директоры оларды кілттеп тығып қояды.

Екінші жағдай: оқу процесі үшін кең мультимедиалық мүмкіндіктері бар компьютерлік техниканың ең соңғы буынын сатып алу керек. Тек осындай жабдық қана оқуға пайда әкеледі, өйткені оған салынған дидактикалық мүмкіндіктерді іске асыруға қабілетті болады, қаныққан ақпараттық білімдік ортаны қамтамасыз етеді.

Физика, биология және химия пәндері бойынша мектепке мультимедиалық интерактивті бөлмелер лингофондық бөлмелер орнатса тамаша болар еді. Мұндай бөлмелердің бар болуы балалардың танымдық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді, оларды эксперимент жасауға үйретеді, оларды зеттеушілік сапалармен қаруландырады. Алайда бүгінгі таңда, біз мектеп білімі мазмұнының іс жүзінде 90% цифрлық мультимедиалық форматына ие болған кезде, мұндай мультимедиалық бөлмелерді барлық басқа пәндердің мұғалімдері – әдебиет, Қазақстан тарихы, геогрфия және т.б. да – қажет етеді.

Осы жағдай мектепті интерактивтік тақталармен қамтамасыз етуге де жатады. Мектептегі бір тақта «ауа райын жасай алмайды». Мектеп директоры мұндай тақтаны экзотикалық жабайылықтан құтқарып, қатардағы оқыту құралына айналдыруға өзінің барлық ұйымдастырушылық күшін салуы қажет (оларды оқу мазмұнымен – электрондық оқулықтармен бір мезгілде жасақтау қажет, интерактивтік тақта онсыз экран болып қалады).

Интернет білім берудің шекарасын кеңітеді, оны нағыз ашық етеді, мектеп оқушысының тұлғалығын оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін ғаламат мүмкіндіктерге ие, сондықтан Қазақстан мектептерін сапалы байланыс арналарымен қамтамасыз етудың амалдарын іздестіру керек.

Сабақтарда цифрлық білімдік ресурстарды пайдалану балалардың ілімге құлшынысын айтарлықтай арттырады, олар оқу процесіне ынталанып кіріседі. Сол кезде мұғалімнің іс-әрекеті дайын білімдерді беруге емес, оларды оқушылардың игеруіне көмектесуге бағытталған болады. Мектеп оқушыларының ақпараттық қоғамда өмір сүруге қажетті өз бетімен ақпаратпен жұмыс істей білу, салыстыра білу, ең маңыздыны таба білу, өзін өзі тексере білу және өз бетімен оқуды ұйымдастыра білу сияқты сапалары қалыптасады.

Ақпараттандыру – жаппай сапалы білім алудың кепілі, өйткені қалалық мектепті де, ауылдық мектепті де тең етеді, оқу процесіне әрбір оқушыны тартуға мүмкіндік береді, әркімнің жақсы нәтижелерге жету ықтималдығын арттырады – тұлғалық межеленген білім беру осыны талап етпей ме?

Білім беруді ақпараттандыру мұғалімнің кәсіпкерлігін арттыруға да бағытталған. Мұғалімге тек қана жаңа қажетті білімдерді игеруге көмек керек, өйткені мұғалім мектепте басты тұлға болған және болып қала береді.



Сонымен, қазіргі әлемнің жаңа болмысы барлық мектеп бөлмелері қазіргі заманғы компьютерлік техникалармен жасақталуын, компьютерлер Интернетке қосылған болуын, сабақтар электрондық оқулықтармен және басқа цифрлық білім ресурстарымен қамтамасыз етілген жаңа ақпараттық-білімдік ортада жүргізілуін, мұғалімнің өзі осы ортаға еркін бағдарланып және оқушылардың бағдарлануына көмектесуді талап ететін оқытудың жаңа парадигмасын қамтамасыз етеді.

Мектептің болашағы бізге осылай көрінеді. Жоқ, келешекте емес – мұндай мектеп біздің балаларға нағыз дәл қазір керек!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет