Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
6-қосымша
«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау рәсімін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
жәрдемақы тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармғында сәйкес ұсынылған құжаттараға қоса берілген көрсетілетін қызметі алушыларының өтінші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы бір жұмыс күні ішінде:
уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.
Егер уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете ресімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа сәйкес келген жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы жәрдемақы (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын куәландырады;
ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне күмән туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО арқылы өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, тиісті ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Қызмет беруші бөлімінің маманы ЭЦҚ-мен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі.
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макетінің Стандарт толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау туралы электрондық іс жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Қызмет беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) ЭЦҚ –мен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
уәкілетті ұйымның бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
уәкілетті ұйым немесе ХҚО жіберген қателер анықталған жағдайда – жете ресімдеу үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады;
электрондық іс макетінің Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады;
автоматты режимде қабылданған шешімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қабылдау және төлеуге арналған шешімді автоматты тәртіптемеде жолдау осы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы тармағында және 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде жібереді.
Қызмет берушінің басшысы бір жұмыс күннін ішінде электрондық іс макеті Стандартқа толық сай келетін жағдайда және ЭЦҚ арқылы куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды, қабылданған шешімді автоматты тәртіптемеде уәкілетті мекеме бөліміне жолдайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) ХҚО-да құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы;
2) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
11. ХҚО:
1) ақпараттық жүйелеріне көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
2) мынадай ақпарат жүйелеріне:
жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі –МДҚЖТ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-не баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қамқоршылық» АЖ-не қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
3) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЗТМО ААЖ) өтініш берушіге жәрдемақылар тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактілерінің болуына сұрау салу қалыптастырады;
4) құжаттарды, оның ішінде МДҚЖТ ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжатқа сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
5) өтінішті тіркейді;
6) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
7) көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерін тұпнұсқамен сәйкестігін және сканерлеу сапасымен қамтамасыз етеді;
8) өтініш тіркелген күннен бастап бір күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттың жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық іс макетін қалыптастырады. Бұл ретте мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш пен құжаттардың топтамасын қабылдаған кезде ЗТМО АЖЖ тағайындау немесе төлеу фактісінің болмауына тексеруді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) мынадай ақпарат жүйелеріне:
жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі –МДҚЖТ) ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-не баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қамқоршылық» АЖ-не қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
4) құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжатқа сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
5) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді;
6) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;
7) көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерін тұпнұсқамен сәйкестігін және сканерлеу сапасымен қамтамасыз етеді, жәрдемақы мөлшерін есептеу, электрондық шешім жобасын ресімдеу дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
13. Уәкілетті ұйымның филиалы электрондық іс макеті келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде:
1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын қарайды және есептеудің және ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. ХҚО немесе уәкілетті ұйымның бөлімшесі жіберген қателердің анықталу себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете ресімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешімнің жобасын ресімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
2) уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
15. Электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда:
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО:
1) хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабарлайды;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде:
ХҚО арқылы:
ХҚО бір жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) электрондық көшірмесімен электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді;
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
электрондық іс макетін және электрондық шешімнің жобасын жете ресімдейді, көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелерін тұпнұсқамен сәйкестігін және сканерлеу сапасымен қамтамасыз етеді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, ЭЦҚ арқылы электрондық шешімнің жобасын куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның филиалы электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макеті уәкілетті ұйымның бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешімнің жобасын жібереді.
16. ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде:
жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама түскен уақыттан бастап:
істің электрондық макетін шығарады және жәрдемақыны алушы ісінің қағаз нұсқасын қалыптастырады;
көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы немесе жеке жүгінген кезде жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру жолымен көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
17. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің (көрсетілетін қызметті алущының) портал арқылы жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты алу кезіндегі қадамдық іс-қимылы мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Бала туғанда берілетін және (немесе) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша берілетін біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Қызмет көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 3-қосымшада графикалық нысанда көрсетілген.
18. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
19. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жәрдемақы тағайындауға өтінішті портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде беруге мүмкіндігі бар. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), ауданның коды бойынша уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті ұйымның бөлімшесін автоматты түрде айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін енгізу процесі;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және порталда көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ), «Қазпочта» акционерлік қоғамына жіберу;
13) 4-шарт – ЕДБ-да көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелерін ЭҮТШ арқылы тексеру;
14) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының банк деректемелері расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету үшін электрондық құжатты (сұрау салуды) куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы уәкілетті ұйымның ААЖ-ға жібереді;
16) 5-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ЭҮП-тен келіп түскен электрондық құжатты (сұрау салуды) қызметті көрсету үшін талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
17) 11-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
18) 12-процесс – ЗТМО ААЖ-да электрондық құжатты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау туралы хабарламаны жіберу;
19) 13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметтің нәтижесін (МБЗТ тағайындау туралы не МБЗТ тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген хабарламаны) электрондық құжат нысанында алуы. Бала туғанда берілетін және (немесе) бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша берілетін біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама осы Регламенттің 2 және 3 қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 6-қосымшада көрсетілген.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 7-қосымшаға сәйкес «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы
рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының)
|
Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы
|
Іс-қимылдардың атауы (процестер, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамасы
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім)
|
Орындау мерзімдері
|
Келесі іс-қимылдың нөмірі
|
1
|
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы
|
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау
|
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматтық режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қайтару және себептерін көрсете отырып, уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға хабарлау
|
1 жұмыс күні
|
2
|
2
|
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы
|
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау
|
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәландыру және жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматтық режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің бастығына (басшысына) жіберу;
2) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қайтару және себептерін көрсете отырып, уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға хабарлау
|
1 жұмыс күні
|
3
|
3
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау
|
1) Жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау;
2) жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны уәкілетті ұйымға немесе ХҚО-ға жіберу;
3) электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қайтару және себептерін көрсете отырып, уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға хабарлау
|
1 жұмыс күні
|
|
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
2-қосымша
Нысан
Бала туғанда берілетін және (немесе) бала бiр жасқа толғанға
дейiн оның күтiмi бойынша берілетін біржолғы жәрдемақы
тағайындау туралы хабарлама
20__ ж. «___» _______________
Азамат ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған күні ________ ж. «____» ___________
Тағайындау туралы шешім 20 ____ ж. «___» ____________ № ____
Бала туғанда берілетін жәрдемақының тағайындалған сомасы
20__ ж. «___» ________ бастап _____ теңге (_________________________)
(сомасы жазбаша)
Бала күтімі жөніндегі жәрдемақының тағайындалған сомасы
20__ ж. «___» ________ бастап _____ теңге (_________________________)
(сомасы жазбаша)
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған
____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
*штрих-код «ЗТМО» ААЖалынғанжәнеДепартаменттіңэлектрондық-цифрлыққолтаңбасыменқолқойылғандеректердіқамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
3-қосымша
Нысан
Бала туғанда берілетін және/немесе бала бiр жасқа
толғанға дейiн оның күтiмi бойынша берілетін біржолғы
жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы
№ ___ хабарлама
20__ ж. ____________ «___»
Азамат ______________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты(ол болған кезде))
Туған күні ________ ж. «____» _______________________________________
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және туған күні ______________________________________
Тағайындаудан бас тартылды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(негіз (себебін көрсету))
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған
____________________________________________________________________
(Жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
*штрих-код «ЗТМО» ААЖалынғанжәнеДепартаменттіңэлектрондық-цифрлыққолтаңбасыменқолқойылғандеректердіқамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің
функционалдық іс-қимылының диаграммалары, графикалық нысанда
«Бала туғанда берілетін және
бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды
тағайындау» мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне
5-қосымша
«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы көрсетілген жағдайда:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсетілген жағдайда
Ескертпе:
*- уәкілетті ұйым филиалының қатені анықтау және оны уәкілетті ұйым бөлімшесінің түзету процесі 1-ҚФБ және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |