Регламентi Жалпы ережелер «Ветеринариялық анықтаманы беру»



Дата23.06.2016
өлшемі119.94 Kb.
#155553
түріРегламент




Ғабит Мүсірепов атындағы

ауданы әкімдігінің


2012 жылғы 03 қыркүйектегі № 320

қаулысымен бекiтiлдi


«Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ветеринария саласында қызмет ететін жергілікті атқарушы органның ( бұдан әрі - ЖАО) селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi аппараттарының ветеринариялық дәрiгерi (бұдан әрi - ветдәрігер) ұсынады.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет:

 1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1-бабы 13) тармақшасы және 35-бабы 2-тармағы;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық құжаттарды беру ережесiнiң 4-бөлiмi негiзiнде көрсетiледi.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» қаулысы негiзiнде көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызметтi көрсету стандарты, ЖАО-нің және ХҚКО-ының Интернет-ресурсында, сондай-ақ осы регламенттiң 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО үй-жайларында iлiнген стендтерде орналасқан.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi –ветеринариялық анықтаманы (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — тұтынушы) көрсетiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:

1) мемлекеттiк қызмет жүгiнген күннiң iшiнде көрсетiледi;

2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi ең жоғары рұқсат етiлетiн күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.

3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.

8. Мемлекеттiк қызмет ақылы жүзеге асырылады (ветеринариялық анықтаманың бланкiсiн беру). Тұтынушы банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттiк сатып алу туралы конкурс нәтижесi бойынша анықталған бланктiң құнын төлейдi.

Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеу кезiнде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:

1) қолма-қол ақы төлеу тәсiлi кезiнде - ақы төлеу туралы түбiртек;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсiлi кезiнде - төлем тапсырмасы.

9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi
10. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар және оларға қойылатын талаптар тiзбесi:

1) жануарға ветеринариялық паспорт;

2) терi-жүн шикiзатына, жануардың жеке нөмiрi көрсетiлген жапсырма мiндеттi түрде қажет;

3) ветеринариялық анықтама бланкi құнын төлеуiн растайтын құжат.

11. Мемлекеттiк қызмет тұтынушы не оның өкiлi тiкелей жүгiнген күнi көрсетiледi.

12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы осы регламенттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша ЖАО-ның ветдәрiгерiне ветеринариялық паспортты, бланкi құнын төлеуiн растайтын құжат ұсынады.

13. Мемлекеттiк қызмет тұтынушысының өтiнiшi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу журналында, тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күні көрсетiлiп тiркеледi.

14. Ветеринариялық анықтама тұтынушыға жеке өзi не оның өкiлi келген кезде берiледi.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар:

1) егер жануар, жануардан алынатын өнiм және шикiзат (бұдан әрi - объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;

2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;

3) жануардың жеке нөмiрi болмағанда;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң, көлiк құралының ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауiпсiздiк талаптарына сәйкессiздiгi негiз болып табылады.

Тұтынушының мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген сәтінен бастап мемлкеттік қызмет алу және мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:



  1. Тұтынушы ЖАО ветеринарлық анықтама алу үшін жүгінеді;

  2. ЖАО ветдәрігері қажетті құжаттарды қабылдайды;

  3. ЖАО дәрігері ветеринарлық анықтама толтырады, мөр басады немесе

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту бойынша дәлелді жауап даярлайды, өтінішті журналда тіркейді, қол қояды;

  1. тұтынушыға ветеринарлық анықтама немесе мемлекеттік қызмет

көрсетуден бас тарту бойынша дәлелді жауап береді.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi
iс-әрекеттер (өзара әрекеттестiк) тәртiбi
16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық- функционалдық бiрлiктер (одан әрi - ҚФБ) қатысады:

ЖАО ветдәрiгерi;

17.Әрбір ҚФБ әкімшілік iс-әрекетiнiң (үдерісінің) логикалық реті және өзара қарым-қатынас сипаттамасы әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (үдерістің) орындалу мерзімін көрсете отырып осы регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

18. Iс-әрекеттiң және ҚФБ-iнiң логикалық ретi арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба осы регламенттiң 3-қосымшасында келтiрiлген.



4. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
20. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатындар ЖАО ветеринарлық дәрігер болып табылады (бұдан әрі –лауазымды тұлға).

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында лауазымды тұлға мемлекеттік қыметтің көрсету сапасына және тиімділігіне, сондай-ақ олардың қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілген мерзімде іске асыруына жауапты.

«Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттiк қызмет регламентiне

1-қосымша


«Ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк
мекемелердiң тiзбесі




№ р/с

Мемлекеттік мекеменің атауы

Мекен жайы

Байланыс деректерi

1.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Андреев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Андреев селосы

тел: 8 (71535) 34-1-80,

факс: 34-1-80

E-mail: andreev-gm.sko.kz


2.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Бірлік ауылы

тел: 8 (71535) 29-0-50,

факс: 29-1-24

E-mail: birlik-gm.sko.kz


3.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Возвышен селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Возвышенка селосы

тел: 8 (71535) 52-4-09,

факс: 52-4-69

E-mail: vozvyshenka-gm.sko.kz


4.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Гаршин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Гаршино селосы

тел: 8 (71535) 42-6-21,

факс: 42-6-21

E-mail: garchinka-gm.sko.kz


5.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Дружбин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Дружба селосы

тел: 8 (71535) 28-6-60,

факс: 28-5-38

E-mail: druzhbinka-gm.sko.kz


6.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Қырымбет селосы

тел: 8 (71535) 52-8-73

факс: 52-7-93

E-mail: kyrymbet-gm.sko.kz


7.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қоқалажар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы , Қоқалажар ауылы

тел: 8 (71535) 53-3-26

факс: 53-2-40

E-mail: kokalazhar-gm.sko.kz


8.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Ломонсов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Ломоносов селосы

тел: 8 (71535) 52-1-21

факс: 52-1-69

E-mail: lomonosov-gm.sko.kz


9.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Нежин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Нежин селосы

тел: 8 (71535) 28-4-55

факс: 28-2-10

E-mail: nezhinka-gm.sko.kz


10.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новосель селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоселов селосы

тел: 8 (71535) 28-9-69

факс: 27-7-33

E-mail: novoselsk-gm.sko.kz


11.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишим селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы

тел: 8 (71535) 22-1-91

факс: 21-6-38

E-mail: novoishimsk-gm.sko.kz


12.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Рузаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Рузаев селосы

тел: 8 (71535) 31-2-35

факс: 31-1-49

E-mail: ruzaevo-gm.sko.kz


13.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Салқынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Салқынкөл ауылы

тел: 8 (71535) 52-7-37

факс: 52-7-37

E-mail: salkynkol-gm.sko.kz


14.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Тахтаброд селосы

тел: 8 (71535) 43-1-23

факс: 43-1-23

E-mail: tahtabrod-gm.sko.kz


15.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсурепов атындағы ауданы, Чистопол селосы

тел: 8 (71535) 41-8-51

факс: 41-7-45

E-mail: chistopol-gm.sko.kz


16.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Червонный селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Червонный селосы

тел: 8 (71535) 27-5-85

факс: 27-5-85

E-mail: chervonny-gm.sko.kz


17.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шоптыкөл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Шоптыкөл селосы

тел: 8 (71535) 45-2-32

факс: 45-2-61

E-mail: shoptykol-gm.sko.kz


18.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шұқыркөл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Шұқыркөл селосы

тел: 8 (71535) 51-8-07

факс: 53-4-79

E-mail: shukyrkol-gm.sko.kz

«Ветеринариялық анықтаманы беру»


мемлекеттiк қызметiнiң   регламентiне   
2-қосымша
Әрбір ҚФБ әкімшілік iс-әрекетiнiң (үдерісінің) логикалық реті және

өзара қарым-қатынас


Негiзгi үдерiстiң әрекетi (барысы, жұмысы)

р/с

әрекет № (барысы, жұмысы)

1

2

1

ҚФБ атауы

ЖАО-ның ветеринариялық дәрiгерi

ЖАО-ның ветеринариялық дәрiгерi

2

Әрекет атауы (үдерiстiң, процедураның, операцияның) және олардың сипаттамасы

Қажеттi құжаттарды қабылдайды

Ветеринариялық анықтаманы толтырады не мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды, дайын құжаттарға қол қояды және тұтынушыға бередi

3

Аяқталу формасы (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдiк шешiмi)

Өтiнiштi журналда тiркеу

Ветеринариялық анықтама не мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап

4

Орындау мерзiмi

5 минуттан аспайды

25 минуттан аспайды

5

Келесi әрекеттiң нөмiрi

2



«Ветеринариялық анықтаманы беру»


мемлекеттiк қызмет регламентiне
3-қосымша

ҚФБ және мемлкеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік iс-әрекетiнiң (үдерісінің) логикалық реті және өзара қарым-қатынасының сызбасы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет