Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «___» ___________
№ ____________ қаулысына
1-қосымша
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелердің
кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелердің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) регламентінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оның жалдау құқығын сату кезінде қолданылатын жер учаскелеріне базалық төлемақы мөлшерлемелерінің негізінде анықталатын, жер учаскесінің есеп айырысу құны;
4) мамандандырылған кәсіпорын – мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Астаналық филиалы, орталық уәкілетті орган оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады;
5) мемлекеттік қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасын, нысандарын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын, көрсетілетін мемлекеттік қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Мемлекеттік қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелердің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.
Мемлекеттік қызметті мекенжайы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы - «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.
3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 9, 10, 11 және 14-1-баптары, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысының 452-тармағы, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдарының көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысы 1-тармағының 11-тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құнының бекітілген актiсін немесе бас тарту себебi көрсетiлген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет тегін көрсетiледi.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттiк қызмет дүйcенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда күн сайын сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
Қабылдау сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет Уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Ғимаратта анықтама бюросы, күту орындықтары, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стендтер, өтініш бланкілері бар үстелшелер орналастырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген (пандустар, лифттер).
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Уәкілетті органның стендтерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
2) Уәкілетті органның www.uzo.astana.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы Регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды Уәкілетті органның кеңсесіне тапсыру қажет.
11. Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді және жұмыс күні ішінде оларды Уәкілетті органның басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға береді.
Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және сол күні жұмыс істеу үшін Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне береді.
Уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері берілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құнын анықтау актісін қарастырады, зерделейді және дұрыстылығын тексереді, қол қояды және оны Уәкілетті орган басшысына бекіту үшін жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда жауапты қызметкерге келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін бекітуді тоқтата тұруға негiз болған себепті және тоқтата тұру мерзiмдерiн көрсете отырып, ресімдеуді тоқтата тұру себептерiн жою үшiн мемлекеттік қызметті алушының кейiнгi iс-қимылын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолданады.
Уәкілетті органның басшысы құжаттың мазмұнымен танысады және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін бекітеді және мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін тиісті Уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкеріне жолдайды.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 15-тармағында белгіленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
13. Мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 15-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды тапсырмаған жағдайда Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатын болады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
14. Құжаттарды қабылдау кезінде Уәкілетті органда кіріс құжаттарды есепке алу кітабына тиісті жазба енгізіледі. Мемлекеттік қызмет алушыға осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхаты:
1) сұрау салу нөмiрi және қабылданған күнi;
2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күнi (уақыты) және орны;
5) мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiштi қабылдаған адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын және лауазымын көрсете отырып беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, не болмаса мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және жеке тұлға үшін - сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк, заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және заңды тұлға үшін - мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мамандандырылған кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын анықтау актісі;
5) Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның оң қорытындысының көшірмесі.
Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiнің дұрыстығын тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн қайтарылады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі дәйектілігі мен өзара іс-әрекеттерінің сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға Уәкілетті орган жауапты болып табылады.
Уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды әзірлеуде көмек көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушы мекенжайлары мен телефондары Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті Уәкілетті орган белгілеген жауапты лауазымды тұлғаға жүгінуі мүмкін.
19. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағымдар мекенжайы мен телефоны Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органның жауапты лауазымды тұлғасының атына жолданады.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсеткені үшін шағымдар мекенжайы мен телефоны Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы орган аппараты басшысының атына жолданады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
22. Шағымдар жазбаша түрде почта немесе www.uzo.astana.kz электрондық почта немесе қолға табыстау арқылы қабылданады.
23. Қабылданған шағымды жергілікті атқарушы орган кеңсесінің жауапты қызметкері кіріс құжаттарды есепке алу журналында тіркейді. Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, тапсырған шағымға жауап алу мерзімдері мен орны, шағымды қарастыру барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтері көрсетілген талон беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырудың белгіленген мерзімдері – 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтіндер үшін – 15 күнтізбелік күн.
Берілген шағымға жауапты мемлекеттік қызмет алушы жеке келгенде немесе мекенжайы шағымда көрсетілген почта немесе электрондық почта арқылы алады.
24. Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды алу үшін белгіленген мерзімде жүгінбесе, Уәкілетті орган олардың 6 ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, кейіннен оларды мамандандырылған кәсіпорынның мұрағатына тапсырады.
_________________________
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті тұтынушыға
_____________________________
_____________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе
заңды тұлғаның атауы)
№ _______ құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Мен _________________________________________________________
(уәкілетті орган бөлімінің жауапты маманның Т.А.Ә.)
_________________________________________________________________
(сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі)
______________________________________________________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін 20__ жылғы «___» _______________ № ________ өтінішті, төмендегі қоса берілген құжаттармен бірге:
-
_____________________________________
-
_____________________________________
-
_____________________________________
-
_____________________________________
қабылдадым.
Мемлекеттік қызмет «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің № _____ бөлмесінде 20__ жылы «___» _______________ көрсетілетін болады.
Сұрау салуды қабылдау күні __________________
Қолы ______________
____________________________
«Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелердің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін бекіту бойынша іс-әрекеттердің сипаттамасы
|
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыс барысы, ағыны)
|
1
|
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Кеңсе қызметкері
|
Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға
|
Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері
|
Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға
|
3
|
Іс-әрекеттердің (үдерісінің, операция барысының) атауы және олардың сипаттамасы
|
Мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
Құжаттың мазмұнымен танысу және қарар салу
|
Құжаттарды қарастыру, ұсынылған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін зерттеу және дұрыстылығын тексеру және қол қою
|
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту
|
4
|
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешімі)
|
Құжаттар топтамасын уәкілетті органның басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға беру.
Құжаттар топтамасын мемлекеттік қызметті алушыға беру
|
Құжаттарды жауапты қызметкерге беру
|
Уәкілетті органның басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға бекітуге жолдайды
|
Мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкеріне беру
|
5
|
Орындалу мерзімдері
|
Жұмыс күн ішінде
|
Сол жұмыс күні ішінде
|
1 жұмыс күні
|
1 жұмыс күні
|
________________________________________«Мемлекет_жеке_меншікке_сататын_нақты_жер_учаскелерінің_кадастрлық_(бағалау)_құнын_бекіту»_мемлекеттік_қызмет_регламентіне'>______________________________________
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін бекіту»
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уақытты есептеу
-
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
Мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу.
Құжаттар топтамасын уәкілетті органның басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға беру (жұмыс күні ішінде)
Бекітілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін беру
2. Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға
Құжаттардың мазмұнымен танысып, қарар қою және құжаттарды жауапты қызметкерге беру
(сол жұмыс күн ішінде)
3. Уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері
Құжаттарды қарастыру, ұсынған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін зерттеу және дұрыстылығын тексеру және сол күні уәкілетті органның басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға бекіту үшін жолдайды (1 жұмыс күн)
4. Уәкілетті органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға
Құжаттардың мазмұнымен танысу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкеріне беру (1 жұмыс күн ішінде)
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |