Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 05 қарашадағы № 4/929 қаулысы
Алматы қаласының Әділет Департаментінде
2012 жылдың 30-ші қарашада тіркелген, № 957
«Туристік ақпарат, оның ішінде
туристік әлеует, туризм объектілері және
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет
регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»Заңының 12 бабының1 2 тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекетік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Алматы қаласы Туризм басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді жәнеалғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күнөткен соңқолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі
|
А. Есімов
|
1
Алматы қаласы әкімдігінің
2012 жылғы « 05 » қарашада
№ 4/929 қаулысымен бекітілген
«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері жәнетуристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет
Регламенті
-
Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте келесі ұғымдар қолданылады:
1) алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
2) Басқарма – «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) регламент – «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша«Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңқызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актісі;
4) ҚҚБ – құрылымдық-қызметтікбірліктер–Басқарманың құрылымдық бөлімшелері,туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіне қатысатын өзге де органдар және ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
5) ҚҚҚ – Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі.
2. Жалпы ережелер
2. «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы Регламенті (бұдан әрі-Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген.
3. Мемлекеттік қызметті «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетутүрі: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 12 бабының 12 тармағының;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 қаулысымен бекітілген «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет регламенті Басқарманың www.almatytourism.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
7. Туристік әлеует, оның ішінде туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіболып табылады. Аяқталу түрі - қағаз тасымалдағыштағы ақпарат.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет алушыларға ұсынылады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 жұмыс күнінен артық емес;
2) сұраныс жолданғанда жауапкүту уақыты – 30 минуттан артық емес;
3)мемлекеттік қызметті алушыға кызмет көрсетудің уақыты -30 минуттан артық емес.
10.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет Басқарма ғимаратында көрсетіледі. Ғимарат физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандусы бар кіріспен жабдықталған.
12.Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Басқармаға жазбаша сұраныс жолдайды.
13. Өтініш еркін түрде жазылады.
14. Құжаттардың өткізілгенін тіркеу растайды(мөр,кіріс нөмірі, мерзімі, кеңсенің телефон нөмірі).Алушы үшін көшірме жасалып, қабылдау туралы белгі қойылады.
15.Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу әдісі - жеке өзінің келуі немесе пошта арқылы.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін ешқандай негіз жоқ.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекеттердің
(өзара әрекеттердің) тәртібін сипаттау
17. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
3
18. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін бергенге дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) қабылданған сұраныс Басқарма кеңсесінің маманыменқарастырылады және тіркеледі;
2) тіркелген сұраныс Басқарманың басшысына беріледі және бұдан әрі туризмді дамыту бөлімінің маманына беріледі;
3) маман Басқарма бастығының қолы койылатын, сұраныс бойынша тиісті ақпаратты ресімдейді;
4) ресімделген ақпаратқа Басқарма басшысы қол қояды.
19. Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат компьютерде басылады.
20. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі ҚҚҚ қатысады:
1) Басқарманыңбасшысы;
2) кеңсе маманы;
3) туризмді дамыту бөлімінің маманы.
1
«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует,
туризм объектілері және туристік қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша
«Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемеcінің мекенжайы мен жұмыс кестесі
№ р/с
|
Атауы
|
Заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үй № (пәтер), электрондық пошта)
|
Қала коды мен телефон нөмірі
|
Жұмыс кестесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
«Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемеcі
|
Алматы қаласы Желтоқсан көшесі, 83
www.almatytourism.kz
|
8-727 279-51-66
279-52-61
243-85-74
|
Күнделікті 9.00 -ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін. Демалыс және мереке күндерінен басқа (демалыс-
сенбі және жексенбі)
|
Достарыңызбен бөлісу: |