Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы
2012 жылғы 30 қараша
№654
(Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4393 нөмірімен тіркелген
2013 жылғы 11 қаңтар)
Мемлекеттік қызмет көрсету
регламенттерін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Спорт ғимараттарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Cпорт шеберлігiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық санаттар мен разрядтарын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Жасөспірімдер арасындағы екiншi және үшiншi, бірiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық санаттар мен разрядтарын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р. Нұртаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Б. Қуандықов
Қызылорда облысы әкімдігінің
2012 жылғы «30» қараашадағы №654 қаулысына
1-қосымша
«Спорт ғимараттарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Спорт ғимараттарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады:
1) алушы – жеке және заңды тұлғалар;
2) жергілікті атқарушы орган - «Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ЖАО);
3) Орталық - Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы және оның бөлімдері;
4) орындаушы - міндеттеріне спорт ғимараттарына бірінші, екінші, үшінші санаттар беру бойынша құжаттарды ресiмдеу кіретін ЖАО-ның қызметкері.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес Орталықтар арқылы ЖАО-мен көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/59 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6953 тіркелген) негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште стандартқа 4-қосымшаға сәйкес спорт ғимаратына паспорттың (бұдан әрі - паспорт) үлгiлiк нысанында көрсетiлген санатты беру не болмаса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелдi жауап (бұдан әрі – бас тарту) болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты мекенжайлары стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген ЖАО-дан және Орталықтан, сонымен қатар Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kyzylorda.gov.kz ресми порталынан, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарынан, Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында, call-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген.
10. Бас тарту немесе ЖАО-мен өтінішті қараудан бас тарту үшін және Орталықпен құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздері стандарттың 16-тармағында келтірілген.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушымен немесе оның уәкілетті өкілімен құжаттар берілген сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) алушы немесе оның уәкілетті өкілі Орталыққа құжаттарды ұсынады;
2) Орталықтың қызметкері құжаттарды қарайды, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді;
3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды ЖАО-ға қайта жолдайды.
Орталықтан ЖАО-ға құжаттарды жолдау фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрих-код сканерінің көмегімен жазылып алынады;
4) ЖАО кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркейді және ЖАО-ның басшысына ұсынады;
5) ЖАО-ның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;
6) орындаушы құжаттарды қарайды және Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (ЖАО-ның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), паспортты болмаса бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды дайындайды және ЖАО-ның басшысына ұсынады;
7) ЖАО-ның басшысы паспортқа болмаса бас тартуға немесе өтінішті қараудан бас тартуға қол қояды және орындаушыға жолдайды;
8) орындаушы паспортты болмаса бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды тіркейді және Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (ЖАО-ның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда).
9) Орталықтың қызметкері ЖАО-дан келіп түскен құжаттарды штрих-код сканерінің көмегімен белгілейді және тіркейді, алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне паспортты болмаса бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды береді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе оның уәкілетті өкілі стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталыққа ұсынады, онда мыналар көрсетіле отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
сұрау жасалған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) Орталықтың қызметкері;
2) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері;
3) ЖАО-ның кеңсе қызметкері;
4) ЖАО-ның басшысы;
5) орындаушы.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі мен Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) логикалық реттілігі мен Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. ЖАО-ның және Орталықтың басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.
Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапкершілікте болады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 5-бөліміне сәйкес жүргізіледі.
«Спорт ғимараттарына санаттар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) дәйектілігінің және
өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекетері (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Іс-әрекеттердің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Орталықтың
қызметкері
|
Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері
|
ЖАО кеңсесінің қызметкері
|
ЖАО-ның
басшысы
|
3
|
Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Құжаттарды қарау
|
Құжаттарды
ЖАО-ға
қайта жолдау
|
Құжаттарды тіркеу
|
Құжаттарды қарау
|
4
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беру
|
Құжаттарды жолдау фактісін штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу
|
Құжаттарды ЖАО-ның басшысына ұсыну
|
Орындаушыны анықтау
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
20 минуттан аспайды
|
1 жұмыс күн ішінде
(мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)
|
1 жұмыс күн ішінде
|
Негізгі үдерістің іс-әрекетері (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Іс-әрекеттердің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі
|
5
|
6
|
7
|
8
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Орындаушы
|
ЖАО-ның
басшысы
|
Орындаушы
|
Орталықтың қызметкері
|
3
|
Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Құжаттарды қарау, Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу
|
Паспортқа болмаса бас тартуға немесе өтінішті қараудан бас тартуға қол қою
|
Паспортты болмаса бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды тіркеу және Орталыққа жолдау
|
Келіп түскен құжаттарды штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу және тіркеу
|
4
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешім)
|
Паспортты болмаса бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды дайындау және ЖАО-ның басшысына ұсыну
|
Паспортты болмаса бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды орындаушыға жолдау
|
Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркеу
|
Паспортты болмаса бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне беру
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
4 жұмыс күн ішінде
|
1 жұмыс күн ішінде
|
1 жұмыс күн ішінде
|
Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 2 жұмыс күн ішінде немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде Орталыққа жолдау
|
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
|
Орталықтың қызметкері
|
Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері
|
ЖАО-ның кеңсе қызметкері
|
ЖАО-ның
басшысы
|
Орындаушы
|
1. Құжаттарды қарау
|
3. Құжаттарды ЖАО-ға қайта жолдау
|
4. Құжаттарды тіркеу және ЖАО-ның басшысына ұсыну
|
5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау
|
6. Құжаттарды қарау, паспортты дайындау және ЖАО-ның басшысына ұсыну
|
2. Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру
|
|
|
7. Паспортқа қол қою және орындаушыға жолдау
|
8. Паспортты тіркеу және Орталыққа жолдау
|
9. Паспортты тіркеу және алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне беру
|
|
|
|
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)
|
Орталықтың қызметкері
|
Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері
|
ЖАО-ның кеңсе қызметкері
|
ЖАО-ның
басшысы
|
Орындаушы
|
1. Құжаттарды қарау
|
3. Құжаттарды ЖАО-ға қайта жолдау
|
4. Құжаттарды тіркеу және ЖАО-ның басшысына ұсыну
|
5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау
|
6. Құжаттарды қарау, бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды дайындау және ЖАО-ның басшысына ұсыну
|
2. Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беру
|
|
|
7. Бас тартуға немесе өтінішті қараудан бас тартуға
қол қою және орындаушыға жолдау
|
8. Бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды тіркеу және Орталыққа жолдау
|
9. Бас тартуды немесе өтінішті қараудан бас тартуды тіркеу және алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне беру
|
|
|
|
|
«Спорт ғимараттарына санаттар беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |