«Рәміздер – елдігімнің белгісі»
/интеллектуалды сайыс/
«Рәміздер – елдігімнің белгісі»
интеллектуалды сайыс
Мақсаты: Оқушылардың рәміздердің пайда болуы және оның тарихтағы
орны жайлы білімдерін тереңдету, Отан сүйгіштікке, адамгершілікке,
елжандылыққа, еңбекке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын,
Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сайысқа қатысушылар: 5 топ 3 оқушыдан, 5 сыныптар.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті сайысқа қатысушылар және оқырмандар! Бүгінгі «Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты білім сайысына
қош келдіңіздер! Сайыс бағдарламамыз «Жас Ұландықтар» арасында
өткізгелі отырмыз!
2-жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:
1-жүргізуші:
Бас иіп топ алдына шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дей отырып сөз кезегін топтарға береміз.
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңге ұпай беріліп
отырады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Тіл- өнер»
3 - кезең: «Көкпар»
4 - кезең: «Білімді болсаң, бақ сына!»
5-кезең: «Жорға»
1-жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз– деп «Бәйге» сайысына кезек береміз.
2-жүргізуші: Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге
тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі топ жауап бере алады. Әр
дұрыс жауап үшін 5 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, барлықтарыңа
сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!
І-топ
1 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2 Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3 Қ. Р. Рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4 Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5 «Конституция» сөзінің аудармасы қалай?(Латынның «constitution»
құрылым, өкілім);
6 .Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан
кейін)
7 Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
ІІ-топ
1 Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
2 Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2
рет, 1993 ж, 1995ж)
3 Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
4 «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
5 Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
(Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы туралы заң т. б.)
5 «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
6 Қазақ хандығының негізін салушы? (Жәнібек пен Керей хан)
7 Конституция неше бөлім, неше баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
ІІІ-топ
1 Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
2 Абылай ханның шын есімі: (Әбілмансұр)
3 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған тарихи
оқиға: Халық санағы
4 Қазақтың соңғы ханы – (Кенесары)
5.Биыл елімізде аталып өтілетін айтулы 3 мереке? (Қазақ Хандығына 550
жыл, Қазақ Ассамблеясына 20 жыл, Ұлы Отан Соғысына 70 жыл)
6 Қазақстан халқының тұрғындарының саны? (17 миллион)
7 Қазақстанның жаңа әнұраны ресми түрде қашан қабылданды? (10.01.06)
ІV-топ
1 Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген?
(барыс)
2 Қазақ хандығы қашан пайда болған? (1465ж.)
3 Абайдың шын аты (Ибраһим)
4 Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған
палуан? (Кажымұқан Мұнайтпасов)
5 Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
6 Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)
7 Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)
V-топ
1 Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды? (1995 жылы 1 наурыз)
2 Балалар туралы жазылған Б. Соқпақбаевтың повесі./Менің атым Қожа/
3 Қазақстанда “Қызыл кітап қашан шықты? ” /1977/
4 Қазақстан - 2030 бағдарламасы неше бөлімнен тұрады? (8)
5 Ту мен елтаңбаның авторы? ( Ш Ниязбеков, Ш. Уалиханов)
6 Ата заң қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз)
7 Махамбеттің жолдасы кім? /Исатай/
-Жарайсыңдар осымен «Бәйге» сайысы аяқталды. Қазылар алқасының әр
топқа берген ұпай санын есептейік.
1- жүргізуші:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт –дей отырып, келесі кезекті «Тіл- өнер»
сайысына береміз. Бұл кезеңде сайыскерлерге жұмбақтар жасырылады,
сайыскерлер жауабын тапқан жағдайда, жауапты үш тілде беруі керек..
Толық жауапқа 10 ұпай,толық емес жауапқа 5 ұпай беріледі.
1-топ:
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз, учитель, teacher)
Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
Төрт аты бар,
Төрт пілі бар.
Шайқас алаңын
Біліп ал. (Шахмат, шахмат, chess)
2-топ:
Өркеші бар, түйе емес,
Не ақ отау – үй емес.
Бір орнында тұрғаны,
Не болады бұл, кәне? (Тау, гора, mountain)
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. (Көбелек, бабочка, butterfly)
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік, дверь, door)
3-топ:
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен. (Қол, рука, hand)
Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі. (Қарындаш, карандаш, pencil)
Жылт – жылт етеді,
Жылғадан өтеді ( су – вода, water )
4-топ:
Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
(Доп - мяч -. ball)
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш, дерева, tree)
Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат, часы, clock)
5-топ:
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қащады. (сабын, мыло, soap)
Дәмін көрсең тәтті-ақ,
Түсін көрсең аппақ, (қант, сахар, sugar)
Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
2-жүргізуші: 3 - кезең: «Көкпар». Бұл кезеңде сендер өздерің ұяшық
таңдап, сұраққа жауап бересіңдер. Сұрақтар экранда көрсетіледі. Жеңіл сұрақ
алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар.
Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
І-топ
20 ұпай: Қасым хан билікті қолға алған жыл? (1511 жыл)
30 ұпай: Абылай ханның дүние жүзіне танылған атақты ұрпағы,қазақтан
шыққан тұңғыш географ,саяхатшы,тарихшы,әдебиетші,ағартушы,ғалым?
(Шоқан Уалиханов)
40 ұпай: Қазақ Хандығының алғашқы территориясы? (Батыс Жетісу жері Шу
өзені мен Талас өзенінің алабы)
ІІ-топ
20 ұпай:Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру идеясы алғаш рет қай жылы
жарияланған? (1992 жыл)
30 ұпай: Қазақстан Халқы Ассамблеясы қай жылы құрылған? (1995 ж.1
наурыз)
40 ұпай: Ассамблея басшысы кім? (Елбасы)
ІІІ-топ
20 ұпай: Шығыстың қос шынары? (Әлия мен Мәншүк)
30 ұпай: Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды.
Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді, қай жылы? (1941
ж.22 маусым)
40 ұпай: 1945 жылдың 30 сәуірінде фашистік Германияның үкімет үйі
Рейхстагқа ту тіккен қазақстандық батыр? ( Рақымжан Қошқарбаев)
ІV-топ
20 ұпай: Бес қаруды атаңыз. (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
30 ұпай: Заң бұзушылық деген не? (Конституцияда бекітілген заңға қайшы
әрекет)
40 ұпай: ҚР БҰҰ- на қашан мүше болды? (1992ж .наурызда)
V-топ
20 ұпай: Үш арсыз(ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)
30 ұпай: Қ.Р. Конституциясының нешінші бөлімінде президент туралы
айтады? ( III бөлімінде)
40 ұпай:Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418 күнге)
1- жүргізуші: «Білімді болсаң, бақ сына» сайысына кезек береміз. Бұл
сайыста тек топ басшылары ғана бақ сынайды. Сіздерге экранда белгілі бір
суреттер беріледі. Сіздер суретте берілген заттардың қандай бұйым екенін,
қандай жағдайда пайдаланылатынын табу керек. Ал, дайынбыз ба? Онда
бастайық.
-Сәукеле – ұзатылып бара жатқан қыз баланың бас киімі.
- Аяққап -ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын киіз қабы.
- Күбі - еменнен жасалған ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңдеу қымыз ыдысы.
- Кебеже — тамақ сақтауға арналған сандық сияқты ағаш бұйым.
- Торсық – Орталық Азиядағы түркі
халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы.
- Түскиіз - үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз.
- Тостаған - ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс осылай аталады.
- Мәсі — жұқа теріден не былғарыдан жасалатын жұмсақ табанды, өкшесіз
аяқ киім.
-Қазы - жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары
мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет.
- Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті
дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады.
2-жүргізуші:
Ең қиыны жарыстың жорға келді
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді, дей отырып «Жорға» сайысына береміз.Бұл
сайыста сайыскерлерімізге логикалық және қызықты сұрақтар беріледі.
Қатысушыларымыз ойланып, тапқырлық танытып дұрыс жауап береді деп
сенеміз.
Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа
жауап қатасыңдар. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
Топ басшылары ортаға шығып әріптерді таңдап алады.
Алған әріптердің ізін қуып сөйлейді.
Әріптер: А, Т, О, Р, Н, К, Д, Ж, М.
Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріліп отырады.
Ал, енді кезекті 1-топтан бастайық.
Сенің атың кім?
Сен нені армандайсың?
Қайда барасың?
Сен не ұнатасың?
Досыңа туған күнге не әпересің?
Қыста не болады?
Мектепке немен келесің?
Демалыста қайда боласың?
Алманың түсі қандай?
Сабақтан жиі қаласың ба?
ІІ-топ
Сенің атың кім?
Ертегі оқисың ба?
Сумкаңда не бар?
Бөлме қандай?
Досың кім?
Анаңа еркелейсің бе?
Сабағың жақсы ма?
Аспанда не бар?
Нені жақсы көресің?
Мұғалімің кім?
ІІІ-топ
Жемістің түрлерін ата?
Қайда тұрасың?
Шашың ұзын ба?
Досың кім?
Қолыңдағы не?
Мысықтан қорқасың ба?
Қандай гүлді ұнатасың?
Телефон номерің неше?
Бүгін неше сабақ болды?
Сыныбыңда неше оқушы?
ІV-топ
Қай қалада тұрасың?
Қандай мамандық иесі ұнайды?
Сен нешедесің?
Кино көресің бе?
Спортпен шұғылданасың ба?
Астана ұнай ма?
Қай сабақ ұнайды?
Бойың ұзын ба?
Таңертең ерте тұрасың ба?
Атың кім?
ІV-топ
Сенің атың кім?
Қай көшеде тұрасың?
Бүгін сабаққа кеш келдің бе?
Аспанда не ұшады?
Қандай әншіні ұнатасың?
Досыңмен ұрысып қалған кезің болды ма?
Сабақта қасыңда кім отырады?
Қаламыздың қай жері ұнайды?
Болашақта кім болғың келеді?
Жасың нешеде?
1-жүргізуші:
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын
анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
1- Жүргізуші: Осымен біздің «Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты
танымдық бағдарлама аяқталды, Назарларыңызға рахмет!
2- Жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |