Республикалық байқауға
«Жеңіс, естегілер, отаншылдық»
Ерлік – елге ұран, ұрпаққа үлгі.
Алматы облысы Ақсу ауданы
Ж.Сыдықов орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын
орталығының 11 «Б» сынып
оқушысы Қарабаева Гүлмира.
Ұлы Отан соғысының, ақырғы атылған оғының дауысы тынғанына биыл 65 жыл болады. Бірақ оның аса маңызды оқиғаларын еске түсіру, халқымыздың оған деген ынта қойып өлшеусіз үсті – үстіне өсіп отыр. Халықтардың азаттық қозғалысының тарихында адамзат тағдырына осыншама ерен ықпал еткен мұндай соғыс болған жоқ – ты. Бұл жеңіс таразысына қисапсыз құрбандық салған біздің халқымыздың ғасырларға жететін ерлігі еді.
Азаматтардың жаңа ұрпағы, біздің жастарымыз соғыс жайындағы ақиқатты білгісі келеді. Өйткені жауынгерлік даңқы, аға ұрпақ дәстүрінің мұрагерлері біз жастармыз.Сол соғыста одақ құрамындағы бауырлас елдер сияқты Қазақстан тағдыры да қыл үстінде тұрды. Сондықтан майданға аттанып, жауапкершілік жүгін арқалап, ұлы жорықтарда қаза тапқан, хабарсыз кеткен, от – жалын арасынан жаралы болып оралып, бұл дүниенің қызығын еркін көре алмаған ардагерлер тұлғасын қалай асқақтатсақ та артық болмайды.
Жастарға қаһармандық – патриоттық тәрбие берудің, өзіміздің идеяларымызды орнықтыра түсудің қуатты құралы.
Адамзаттың 40 - шы жылдардағы жас жігіттері Отанын қорғауға аттанды.Балғын жастар майданға еріктілердің қатарында аттанып, соғыстың бастапқы кезіндегі өте ауыр соққыны өздеріне қабылдады, шегіністің ащы дәмін татып, олардың қолдарындағы қару - жарақ жеткілікті болмады, олар әскери іс – қимылдан хабарсыз болды. Қан майданнан тірі оралғандардың қатарында - Ұлы Отан соғысының 2- ші топтағы мүгедегі бірінші дәрежелі «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» «Құрмет белгі» ордендер, бірнеше медальдармен марапатталған Ахметов Сейсенбек Мұхамедиұлы менің апамның ағасы бар еді.
Ахметов Сейсенбек Қарындасы Күлатай Күйеу баласы Советбек
Ахметов Сейсенбек 1922 жылы 26 желтоқсанда Талдықорған облысының Ақсу ауданының Лепсі станциясы маңындағы Калинин колхозында (қазіргі Көкөзек ауылында) дүниеге келген. Атасы Ахмет би болған кісі.Әкесі Мұхамади колхозда ферма басқарушысы болған. Анасы Бәтіш қолынан іс келетін өте шебер адам еді. Көрпе құрайтын, тоқыма тоқитын, түскиіз, киіз басатын. Нүрипа деген әпкесі, Жұмаділ деген ағасы бар еді. Менің апам Күлатай мен Сейсенбектің әкелері туған ағалы – інілі . Калинин (Көкөзек) колхозында мектепті бітірді.
1939 – 1941 жылдары Қапал ауданында Алматы облысында педучилищеде оқыған 1939 жылы еріктілер қатарында майданға аттанды. Мәскеу, Ленинград, Калинин қалаларының түбіндегі тарихи ұрыстарға қатысып, Калинин майданындағы 20 – шы атқыштар бөлімшесін басқарды.
Қиян - кескі ұрыстардың бірінде жас командир ауыр жарақат алып, Чкалов қаласындағы № 3325 эвагоспиталіне жіберілді.
Госпитальдағы үшінші рет жараланып, сол қолынан айырылғандағы атамның көргендері. Ұлы Отан соғысы майданында шайқасқан кезде ерлік жасап отырмыз деген ой басымызға келмеді. Біз онда бейбіт өміріміз үшін, болашақ өміріміз үшін күрестік.
... Жаралылар бір – бірлеп және бір – бірін демеп, үйіріле топ - топ болып келе жатыр, әрі таңып алған бастары, қолдары мен аяқтары ағараңдайды. Жүре алмағандарын һәлі ауыр жарақаттанғандарын арбаға салып, автомабилге тиеп әкеледі.
Мен жеңіл жараланғандар санатында едім. Бомбаның жаңғышағы соққан қолымды асып алғанмын. Үй – жайдың ішіне келіп кірдім. Бұл станциядан ығыстырып қуылған немістер жасап кеткен үлкен, жап – жарық, тап – таза барақ. Қабырғаны бойлай және ортасына қарайлас сәкі жасалған, қисайып, жантайып, шалқайып, кекшиіп, томсырайып жаралылар жатыр. Еденнің қақ ортасында орасан үлкен діңі бірнеше құшаққа жететін, ғасырлар жасаған үйеңкі қалдырылған, барақтың төбесі мен шатырын қақ жара бойлап сыртқа шығып жыпырлаған бұтақтарын молынан барақ үстінде жайып жіберген – немістер, тегі, шауып тастауға қимаған білем, сөйтіп үйеңкі бұтақтар өсе берген, тіршілік тоқталмаған.
Кеше түнде келген шып – ширақ, бет пішіні жап – жас және балбыраған қызыл ерінді доктор – студент қан – қан простыняны бүркеніп, стол үстінде жатқан шала – шарпы жалаңаш адамның мыжғыланып, қаны шып – шып шыққан иығына үңіле түсіп шұқылайды. Жаралы жалына түскендей боп, жанарын сүзіп қарайды.
-
Уәй, халім бітіп барады ... бітіп барады.
Өңі боп - боз, үлбіреген, жұп – жұқа, аппақ, бойжеткен стол жанында түрлі заттарды ұстап тұрып және доктор мойнын бұрмай, келте, үздік – үздік сұраған бинтті, дәкені, мақтаны құлықсыз ұсына береді ол.
Екінші бір қыз сондай боп – боз киімді, аппақ, бет әлпеті дөп – дөңгелек, тек жанарында жылт – жылт етіп нұр ойнаған қалпында докторға көмектесіп, жараны таңысып, жуып - шаяды.
Басқа бір стол жанында бір топ әйел күйбеңдейді: бет әлпеті сұрықты ашаңдау келген, жаралы қимылдап кетсе, ыңқылдаса сай сүйегі сырқыраған жанарын нұр төгілген дәрігер - әйелдің салалы жіңішке саусақтары да өз ісін нық істейді.
Осы сәтте бет – аузы түгел таңылған, дәкенің астыңғы жағынан селтиіп, бір – екі тал қара шашы қылтиып, бойына шақ емес шинель жамылған балаң жігіт келіп, бір жапырақ қағазды ұсынды.
- Сіз қазақпысыз ? – деп жазыпты орысша осы бір жапырақ қағазда.
- Иә, - дедім. Бірақ ол ләм елең етпеді. Оның бітеу жаралы, ештеңені есттімейтінін біле қойдым да, басымды изедім.
Жан терім шығып, сол жағым сырқырап әкетіп барады.Сөйлеуге дәрмен жоқ, сырт айналып сәкіге жетіп жатуға бұрылып кете бардым ...
... Кідірістеп ыңқылдайды, айнала ауыр күрсінеді, ал қолынан, аяғынан , саусақтарынан жеңіл жараланғандар сәкі араларында күбірлейді.
- Жігіттер , бүгін дәм – тұз таттыңдарма?
Үшінші күн нәр татпадым, қалжырап қалыппын, жараланған жерімде ылғи тапжылмай жата бердім.Немістер қасарысып тұрып алған, жаралыларды алып шығуға мұрша бермейді. Санитарлар көрінсе болғаны оқты жаудырып береді. Сөйтіп жаралы жауынгерлердің шамасы келгендері бізге еңбектеп жетті,кейбіреулерін сүйретіп алып шықтық, бас көтертпейді. Қылт етсең жалп еткізеді.
Мені түнде алып шықты, өзімді - өзім байлай таңдым, ал алып шығысымен қайта таңды. Әйтеуір өз жағымызға жеттік –ау. Мен барақтан шықтым да, азық түлік вагоны жаққа бардым, жанымды қоярға жер таппадым, тұла бойым қалтырап, шыр көбелек айналамын, дәнеңені көрмеймін, дәнеңені сезбеймін,құлдырап зынданға түсіп бара жатырмын.
Қолтығымнан медқарындастың ұстай алғанын еміс – еміс ғана сезіп қалдым... Түпсіз әңгелек... қараңғы түн... тым – тырыс...
Көзімді ашып алсам, сауығып жеңілдеп қалыппын. Жарасы таңылған сол қолымды қозғап едім, жеп – жеңіл шолтаң ете түсті аңырып қарап қаппын....
Түнде амалсыз операция жасап тұжырды. Сіз есіңізден танып қалдыңыз, қолыңызға қадалған жаңғышақты (осколканы) шығарып алғанда саусақтарыңыз түсіп қалды, гангрена тез жайылып ,асқынып, қағынып бара жатыр екен. Операция тығыз қажет болды, - деді медқарындас.Доктор да осыны түсіндірді.
Бет – аузы қою терге батқан екі санитар түнде полициядан жинап алып үлгерген жаңа жаралыларды әкелген арбалардан ішке тасиды.
Арбаның қасында ұзын қызыл галстукты, салпы етек, ақ кең көйлек киіп, белін қымқыра байлаған, шляпілі орыс жігіті, басын айналдыра түсті шытпен таңып алған қатындар тұр: бұлар аяп күбірлеп, сөйлеп көз тігеді.
-
Тәңірім – ай, қашан бітер екен бұл сұмдық!
– Жас орыс әйелі жіңішке мойынды ұзын құмғанын қолына алып, арбаны төңіректеп,жаралыларға зейін қойып, сусындатып жүр. Қатындар жаралылардың арасынан өзінің жақын, туыстарын қарастырады.
Сағат жетіде вагонның есігін ашты. Мен бір буда қаңылтыр шәйнектерді алып салдырлатып, ыстық су алуға барсам, дөңгелек бет және алма көзді, жайма – шуақ бір адам отыр.
-
Шәй беріп жіберейін бе? Папаша, ал, кәнеки құйып ал, құйып...
Ол бәрімізді папаша, ағай, генерал деп қолпаштайды.
Ыстық суды бараққа апардым, жан – жақтан жамырап:
-
Маған шайыңнан.
-
Бір стакан.
- Тамағымды жібітуге достым, - деседі. Домалақ кісі үш жаралының әрқайсысына бір кесектен қант үлестірді. Мен әр адамға екі – үш кесектен үлестіру үшін вагоннан бірнеше пакет қант әкелдім. Пакеттерді аша бастап едім, бір хат түсіп кетті. Бір жаралы іліп алды да , кепкесіне тыға бастады.
-
Бұл хат екен бастық оқисыз ба?
Мен сарғыштанған қағазды жазып, дауыстап оқи бастадым:
-
«Бұл Алматы облысы (Қазақ СССР –і) Сарқан ауданы, Антоновка селосынан. Біз,мектептің балалары, ақша жинадық. Жинаған ақшамыз 16 сом 40 тиын болды. Соған қант сатып алып, майданға жібердік. Біздің 2 -3 кг қантымызды майданға жіберуге қабылдады. Осы қант қолына тиген жауынгерлердің алғандығы жайлы хабарлауын өтінеміз, оқушылар атынан. кл. оқушысы Хамза Дүкенов»
Жаралылар тылысым тыңдап қалған, тіпті ауыр жаралылар да ыңқылын қоя қойған. Бәрі жадырай түскен.
-
Рахмет бұларға, мұндағы біздерді есінен шығырмағанды екен.
Мен жан – жағыма жалақтап, қаңылтыр кружкелерге шай құйып үлгере алмай жатырмын.
-
Санитар, маған шай берші.
-
Санитар мені орныма апаршы.
-
Мені демеп жіберші, санитар, ыңғайсыз жатқаным.
-
Қазір, казір!
Үш – төрт санитар жаралыларды тасып жүр, оларды сәкі үстіне, сонан соң сәкі тараларына жайғастырып жатқызады. Екі санитар зембілге салынған жаралыны әкеп оқшау жатқызды. Қасынан өтіп бара жатып, бет жүзін, оң жақ омырауындағы Қызыл Жұлдыз орденін және жағасындағы үш кубигін көзім шалды. Демек аға лейтенант... Аяқ жағы бос қымтаулы сол қол жағы да жабулы. Қою қабағы түрілген, тіпті ауырсыну, ыңқылдау дегеннен хабары да жоқ тәрізді. Байқап қалдым: бет әлпетіне қарағанда шығыс адамы.
Қарапайым жер реңдес дөңгелек жүзді жігіт мені өзіне шақырады: ол шалқасынан жатыр.
Еңкейіп қараймын. Ол шүйіріле қарайды, кеберсіген еріндерін жыбырлатады, сонан соң терең тыныстап былай дейді:
-Екі аяғым жоқ қалқам, сол жақ қолымның да мылжа – мылжасы шыққан, мал болмайтын шығар...- одан әрі сұрланған қату үні. – атым Түсікбай. Семей облысы, Жарма ауданынанмын,- деді де, одан әрі сөйлемеді. Менің де мазалауға дәтім жетпеді.
Вагон ішінде ас- су әзірленіп жатты. Санитар үлкен күбі шелектен еті бар щи алып келді. Мен мискаларға құйып, бір үзім нанмен бірге үлестіре бастадым.
- Немене маған тықпалап жатқаны, мен көрмеймін ғой, деді егде тартқан орыс шалы.Көзі таңулы қалпында.
Мен отырып қолыммен ішкізе бастадым.
Мен оны далаға алып шықтым.
-
Мынау немене, мойнымды қыздырып бара жатқан пеш пе? Күн көзі ыстық.
-
А...а ... көзсіз қалдым ...Күнім менің! ...
Ол біраз тұрды да күрсінді, мен оны қайтадан ішке алып кірдім.
Мен щи құйылған мискелерді тасып үлестіріп жүрмін. Қапырықтан басым даң –дұң, күн ыстығы қайтқан терезеден шақыраймайды.Күн батты.
Ала көленкеленіп шеткергі сәкілер бұлынғырлана бастағанда дәрігерлер тобы жұмыстан қол үзіп, он – он бес минут ауқаттанды.
Сөйте келе, байлап таңатын жерде тағы да халықтар ағараңдайды, дәрігерлер мен қарындастар жаралылардың үстіне төніп, күйбеңдейді.
Жүре алатын жаралылар бір топ боп сәкі үстіне жиналған, ұрыс жайында әңгімелеседі, Өздері қатысқан істің жай – жапсарынан ешқайсысының ортақ ұғымы жоқ еді, әрқайсысы көз алдындағы тоқымдай жерді ғана көрген, - жағдайдың окобы, қоршау, шұңқыр ғана.
Жаралыларды алып кетуге дәрігерлері мен санитарлары бар поезд келген.
Біз еліміздің жусанының қышқыл иісіне толған вагонымызды тағы еңсеңдеп келеміз. Тылға кетіп барамыз. Ит тіршілік деген осы, еңсені көтеріп, не болғанын, не қылғанын ойға алып, есеңгіреу талып бара жатқандай – тын.
1942 ж ауыр жарақаттанып, сол қолынан айырылып туған еліне оралған Сейсенбек Алматы облысы Ақсу ауданы Көкөзек ауылына мектеп мұғалімі болған. 1947 жылы Каз МУ –дің журналистка факультетін бітірген соң, 1950 жылға дейін Талдықорған облыстық газетінде жауапты хатшы болды. 1950 – 1951 жылдары «Лениншіл жас» газетінде, 1951 – 1964 жылдары Қазмембаспада аға редактор, редакция меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1964 – 1972 жылдары Мемлекеттік Баспасөз комитетінің редакторы, ал 1972 – 1978 жылдары мемлекттік «Мектеп» баспасының жоғарғы оқу орындарына арналған басылымдар редакциясының меңгерушісі болды. 1978 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазақстан Журналистер Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Өмірінің соңғы жылдары Қазақстан аудармашылар қауымдастығының президенті қызметін атқарды. Оның әңгімелері мен өлеңдері, поэмасы кезінде жақсы ықыласқа ие болған. Ол Біржан мен Сара айтысы тарихын зерттеген. Көптеген классик жазушы, журналистердің таңдамалы шығармаларын тәржімалаған. 1994 жылы қайтыс болды.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен әскер қатарында болып, соғысқа қатысқан аталарымызды құрметтейік. Ата жазушы, аудармашы, журналист, баспа қыметкері, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, шахматшы, коммунист соғыста көрсеткен ерлігі үшін және отанға сіңірген еңбегі үшін ол бірініші дәрежелі «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен бірге ерлігі үшін бірнеше медаль иегері Ахметов Сейсенбек Мұхамадиұлына қазіргі Алматы облысы, Сарқан ауданы Көкөзек ауылының мектебіне есімі берілсе екен деймін. Мемлекетімізге жеңіс пен тәуелсіздік әкелген аталарымызға бас иейік, құрметтейік. Ерліктері – елге ұран, ұрпаққа үлгі болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |