«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 21 -
қайталанбас, қастерлі мезеттер» дегені тəуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдікті меңзеген
айқын мақсаты еді.
Ал, даналығы дара Махатма Ганди «Аман-саулық – адамның нағыз бақыты болса,
тəуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты» деп өнегелі өсиетін қалдырған. Міне,
тəуелсіздіктің қадірі,
бостандықтың қасиеті, Отан деген ұлы ұғымның ұлағаты осындай
қастерлі ойға жетелейді.
Тəуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Таңбасы таста,
қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Ащы термен келген тəтті
жеңіс-
тəуелсіздіктің жалауы мəңгі желбіреуі тиіс.
Рух туы желбіреп тұрғанда өткенге тас лақтырып қарғыс айтпай, одан сабақ алып,
жіберген қателігімізді қайталамай, найзаның ұшымен, рух-намыстың күшімен қорғаған ата-
баба аманатын орындау ─ бүгінгі ұрпақтың парызы.
Алла бізді осы бірлігімізден ажыратпасын. Тəуелсіздігімізді баянды, құтты етсін. Ел
үшін маңызды құндылықтарымыз – Тəуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Əр
шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел
болғай!
Достарыңызбен бөлісу: