Тəуелсіздік – тұғырым
Қатысушының аты-жөні: Жалғас Бекжарас Жандосұлы
Жетекшісінің аты-жөні: Есиркепова Гулзира Алдабергеновна
Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет – ол Отанына деген махаббат.
Гёте
Мен Қазақстанның ең кішкентай азаматымын. Өз елім үшін менің жүрегімде
мақтаныш сезімі кернейді. Себебі, мен бақытты елдің ұланымын! Қазақстан жерінде 130
дан астам ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүріп жатыр. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулық
діңгегі ажыраған емес! Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ дархан жеріміздің көгінде тек
қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан əрі көркейе беруін қолдаймыз.
Бейбітшілік бар жерде ғана бақыт орнап, тыныштық болады. Одан əрі қарай да бейбітшілік
пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата-бабаларымыз ақ найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тəуелсіздігіміз мəңгі болмақ.
Тəуелсіздік тұғырын биікте ұстау үшін мен өз тіліме құрметпен қарауым керек!
Себебі, əр адам өз елінде тұрып, туған дəстүрлерін, мəдениетін, ал бастысы-ана тілін білуі
міндетті! Менің ана тілім-ана сүтімен берілген. Өз тілімнің кеңдігі, дархандығы халқым
секілді. Əрбір қазақ үшін тіл қандай қасиетті болса, домбыра аспабы да сондай қасиетті.
Домбырадан төгілген күй əуені де, менің жерімнің кеңдігін, даламның дархандығын,
халқымыздың ауызбіршілігін жырлайды.
Менің арманым өте көп! Мен өз елімнің өркендегенін қалаймын жəне кішкентай
болса да өз үлесімді қосқым келеді. Ауылымның тазалығын сақтау, ағаш отырғызып, оны
күтіп баптау, үлкендерге көмек беріп, кішілерге қамқор болу –бұл əрбір жас ұланның
міндеті деп білемін! Біз туған өлкемізді, жерімізді, елімізді, салт-дəстүрімізді құрметтейтін,
сүйетін ұлтжанды азамат болуымыз керек!
Бұл ғасыр - білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды əлем танитындай
бəсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың,
білім мен біліктің, бəсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан,
президентіміз шəкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы
болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тəн. Сондықтан да
алдымызда үлкен жауапкершілік бар деп сезінемін.
Достарыңызбен бөлісу: |