Республиканское государственное учреждение



Дата06.07.2016
өлшемі194.06 Kb.
#181256



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


_______________________________________________________________________________________________________________________


ДИРЕКТОРЛАР

КЕҢЕСІНІҢ ҚАУЛ ЫС Ы




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

СОВЕТА ДИРЕКТОРОВ

2013 жылғы 24 сәуір № 130





Алматы қ.


г. Алматы




Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының

мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға

арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін 2013-2017 жылдарға арналған мониторингін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингінің 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 мамырдағы № 113 қаулысының күші жойылсын.

3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

4. Зерттеулер және стратегия департаменті (Шайқақова Г.Ж.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына жіберсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко
Дұрыс:

Бас маман-ҚРҰБ Директорлар кеңесінің хатшысы М.Саитова

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2013 жылғы 24 сәуірдегі

№ 130 қаулысымен

бекітілген



Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мазмұны


  1. Кіріспе

  2. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингінің 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың негізгі қорытындылары және кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамытудың проблемалары

  3. Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

  4. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған басым бағыттары

  5. Қорытынды ережелер



  1. Кіріспе

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 113 қаулысымен бекітілген Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингінің 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында қойылған кәсіпорындар мониторингінің негізгі міндеттері негізінен орындалды.

Сонымен қатар ақша-кредит саясатының шешімдерін қабылдауда экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мониторингінің нәтижелерін іс жүзінде пайдалануға қатысты қойылған негізгі мақсаттарды іске асыруда кемшіліктер орын алды. Нақты сектордың жекелеген индикаторлары күткендей қолданыста болған жоқ, атап айтқанда, бұл кәсіпорындардың банк қызметтеріне деген сұранысын, осы сұранысты қанағаттандыруды, кәсіпорындардың депозиттерін бағалайтын индикаторларға қатысты.

Осыған байланысты мониторинг нәтижелерін тұтастай алғанда экономиканың нақты секторындағы ахуалды жедел әрі барабар көрсетуге ғана емес, көбіне ақша-кредит саясатының нақты міндеттерін, мысалы инфляциялық күтулерді, нақты сектор тарапынан кредиттік тәуекелдерді бағалауға байланысты нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін оның жекелеген жақтарын бағалауға көңіл аудара отырып, пікіртерім сауалнамалары көрсеткіштерінің құрамын жетілдіру талап етіледі.

Тұтастай алғанда, экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі (бұдан әрі – кәсіпорындар мониторингі) өзінің қалыптасуында және дамуында белгілі бір кезеңдерден өтетін күрделі жүйе болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, кәсіпорындар мониторингінің негізгі қағидаттарын: кәсіпорындардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) пікіртерімдеріне тұрақты қатысуға деген еріктілігі мен қызығушылығын, пікіртерімді жүргізудің оралымдылығын, іріктеу көрнекілігін кезең-кезеңімен іске асырғанда ғана мүмкін екендігіне байланысты болып отыр. Кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері бойынша талдамалық материалдардың сапасы және оларды іс жүзінде Ұлттық Банк қызметінде пайдалану осы қағидаттардың толық іске асырылуына байланысты болады.

Кәсіпорындар мониторингінің жүйесі «Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі (бұдан әрі – ЭНСКМ ААШЖ) жағдайында жұмыс істейді, сондықтан функционалдық міндеттермен қатар ЭНСКМ ААШЖ-ны қамтамасыз ететін, оның ішінде технологиялық, бағдарламалық, әдістемелік, мамандармен қамтамасыз ету құралдары және басқалары да одан әрі дамытуды қажет етеді.

Кәсіпорындар мониторингінің жүйесін дамытудың өткен кезеңі ел экономикасы әлемдік экономика сияқты әлемдік қаржы дағдарысына (2008-2009 жылдары) ұшыраған кезеңге тұспа-тұс келді, ал дағдарыстан кейінгі кезеңде 2010 жылдың басынан бері әлемдік экономика барынша тұрақсыз жағдайда болып отыр.

Осыған байланысты ел экономикасының циклдік даму барысында ондағы құлдыраудың басталуын болжау барынша өзекті проблема болды. Осы проблеманы шешу тәсілдерінің бірі іскерлік циклдерді барабар көрсету моделін құруға және жиынтық басым индикаторлар негізінде экономикадағы бұрылыс нүктелерін айқындауға негізделді. Әлемдік практикада (1,2) кәсіпорындарға жүргізілген пікіртерімдердің деректері негізінде есептелген осындай индикаторлар экономикалық циклдің ағымдағы фазасын талдау және нақты сектордың болашақ экономикалық белсенділігін қысқа мерзімді кезеңде болжау құралдарының бірі ретінде неғұрлым кеңінен қолданылады.

Осы міндетті кәсіпорындар мониторингінің жүйесі шеңберінде шешу үшін негіз бар, атап айтқанда, 2010-2011 жылдары алдыңғы даму кезеңінде құрылған және сонымен қатар іс жүзінде саралауды және жетілдіруді талап ететін жинақтаушы индикаторлар жүйесі орын алған.

Кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамыту нақты сектордағы экономикалық конъюнктураның өзгерістерін бағалауды қалыптастырудың оралымдығын арттыруға бағытталған, кәсіпорындарға тоқсан сайын, ай сайын пікіртерімдер жүргізумен қатар ұйымдастырудың мақсатқа сай болуына да байланысты, бұл кәсіпорындар мониторингі нәтижелерінің іс жүзіндегі пайдалылығын айтарлықтай арттырады.

Кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамытудың жоғарыда көрсетілген мәселелері осы Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеу қажеттілігін туғызады.

2. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингінің

2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың

негізгі қорытындылары және кәсіпорындар мониторингін

одан әрі дамытудың проблемалары

2007-2011 жылдардағы кезеңде кәсіпорындар мониторингін жетілдіру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

макродеңгейге арналған көрсеткіштердің тоқсандық қатарының салыстырмалылығын қамтамасыз ету, бастапқы көрсеткіштерді логикалық тұрғыдан бақылауды жетілдіру есебінен кәсіпорындардың бастапқы көрсеткіштерінен тұратын деректер базасының сапасын арттыру;

қаржы-экономикалық индикаторлардың іріктеу көрнекілігін, құрамын және құрылымын жақсарту негізінде кәсіпорындар мониторингінің деректері бойынша экономиканың нақты секторындағы жай-күйді және үрдістерді көрсететін талдамалық шолуларды жетілдіру;

жинақтау (рейтингтік) бағаларының есебі негізінде кәсіпорындардың қаржылық жай-күйін талдауды жетілдіру, қаржылық көрсеткіштерді салалық салыстыруды жақсарту және осының негізінде пікіртерімдердің оралымдылығын және кәсіпорындардың Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингіне тұрақты қатысуына деген қызығушылығын аттыру;

осы кәсіпорындар пікіртерімдерінің деректері бойынша салалардың ағымдағы жай-күйін және даму үрдістерін көрсететін талдамалық ақпаратты ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және банктерге қызмет көрсету есебінен кәсіпорындар мониторингінің нәтижелерін іс жүзінде қолдануды кеңейту;

пікіртерімдердің оралымдылығын арттыру, кәсіпорындардың мониторинг нәтижелері бойынша барынша пайдалы ақпаратқа деген кәсіпорындардың қажеттіліктерін анықтау және қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк филиалдары мамандарының кәсіпорындардың әрқайсысымен жеке тәсілмен жұмыс істеуін жақсарту;

экономикада конъюнктуралық ауытқулар туындаған кезде экономикалық циклдің сатыларын айқындау үшін жинақтау индикаторларының жүйесін құру;

кәсіпорындар мониторингін жетілдірудің жоғарыда көрсетілген бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін ЭНСКМ ААШЖ шеңберінде технологиялық, бағдарламалық және техникалық құралдарды дамыту. ЭНСКМ ААШЖ зерттеушінің оралымды мониторинг негізінде жекелеген көрсеткіштерді талдауды және бағалауды және сол сияқты жалпы алғанда ел, өңір немесе сала экономикасының нақты секторын кешенді талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін барынша икемді құралы ретінде қолданылады.

Осы бағыттардан басқа 2007-2011 жылдардағы кезеңде экономиканың нақты секторындағы экономикалық конъюнктураның өзгеруін бағалау үшін кәсіпорындардың ай сайынғы пікіртерімдерін ұйымдастыру жұмысы көзделіп отыр.

Алайда, осы бағыт Ұлттық Банк филиалдарының жеткілікті кадр ресурстарының болмауына және олардың штат санын кеңейту мүмкіндігінің жоқтығына байланысты іске асырылмай қалды.

Жалпы алғанда, жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске асыру Ұлттық Банктің орталық аппараты және филиалдары деңгейінде кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері бойынша талдамалық материалдарды қалыптастырудың барабарлығын және оралымдылығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Төмендегі кестеде кәсіпорындарды іріктеуді ұлғайту, оның көрнекілігін жақсарту және 2006-2011 жылдары кәсіпорындардың мониторингін дамытудың өткен кезеңінде қол жеткізген сұратуларды жедел жүргізу динамикасы көрсетілген.

1-кесте
Кәсіпорындарды оралымдылығы және көрнекілігі бойынша іріктеудің 2006-2011 жылдардағы динамикасы




 

2006

2007

2008

2009

2010

2011

1. Пікіртерімдерге қатысушы кәсіпорындар саны, жылдың соңында

1429


1524

1663

1917

2139


2372

2. Іріктеудің көрнекілігі, орташа жылдық, %-бен

36.9

38.3



38.1

42.7

43.2

48.8

3. Пікіртерімдердің оралымдылығы: кәсіпорындардың үлесі (өткен пікіртерімді іріктеуге), Ұлттық Банкке толтырылып ұсынылған сауалнамалар, %-бен:

- 15 күн (пікіртерім басталғаннан бастап)

36

30

24

21

62

58

- 20 күн

73

64

60

69

95

97

- 30 күн

91

95

96

93

103

102

Кәсіпорындардың пікіртерімдерге ерікті түрде қатысу жағдайларында олардың саны тоқсан сайын ұлғайып отыр және тұтастай алғанда, 2007-2011 жылдардағы кезеңде 943 кәсіпорынға өсті. Бұл ретте іріктеудің көрнекілігі 2006 жылғы 36,9%-дан 2011 жылы 48,8%-ға дейін жақсарды, кәсіпорындар пікіртерімдерінің оралымдылығы да айтарлықтай өсті: егер 2006 жылғы 4-тоқсанда пікіртерімдерді жүргізу үшін 30 күннен аса уақыт (пікіртерім басталғаннан бастап 30 күн ішінде кәсіпорындардың тек 91%-ы Ұлттық Банкке толтырылған пікіртерім сауалнамаларын ұсынды) талап етілсе, 2011 жылғы 4-тоқсанда пікіртерімдер іс жүзінде 20-шы күні аяқталды.

Осылайша, мониторингті дамытудың жаңа кезеңінде оның 15 күннен аспайтын мерзімге тоқсан сайын ұлғаюын ескере отырып, кәсіпорындарды іріктеуге пікіртерім жүргізудің оралымдылығын арттыру толығымен нақты міндет болып табылады.

Кәсіпорындар мониторингін дамытудың өткен кезеңінің қанағаттандырылмаған қорытындыларына қатысты қалыптастырылып жатқан талдамалық материалдардың Ұлттық Банк қызметінде іс жүзінде пайдаланылу талаптарына толық сәйкес келмейтінін атап өткен жөн. Осыған байланысты ақша-кредит саясатының нақты міндеттерін шешу кезінде оларды пайдалануға көңіл бөле отырып, одан әрі жетілдіру қажет.

Кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамыту проблемалары, негізінен, жоғарыда аталған негізгі қағидаттарды одан әрі барынша толық және сапалы іске асыруға байланысты: кәсіпорындардың Ұлттық Банктің пікіртерімдеріне жүйелі түрде қатысу еріктілігі және қызығушылығы, пікіртерімдер жүргізудің және экономиканың нақты секторындағы және оның өңірлеріндегі қаржылық-экономикалық ахуалды және үрдістерді барабар көрсететін жиынтық талдамалық материалдарды қалыптастырудың жеделділігі.

Кәсіпорындар мониторингінің негізгі қағидаттарын, бірінші кезекте, кәсіпорындардың кәсіпорындар мониторингіне жүйелі түрде қатысу мүдделілігінің қағидатын іске асырудың тиімділігін айқындайтын негізгі фактор пікіртерімдердің нәтижелері бойынша кәсіпорындарға жіберілетін таратылатын талдамалық ақпаратты (бұдан әрі – ТТА) одан әрі жетілдіру болып табылады, бұл, өз кезегінде, кәсіпорындар үшін барынша пайдалы ақпаратты анықтау мақсатында Ұлттық Банк филиалдары қызметкерлерінің әрбір кәсіпорынмен жеке жұмысына байланысты. Бұл ретте пікіртерімге қатысушыларға бәсекелес болып табылатындарды кәсіпорындар мониторингіне тарту өте маңызды, cебебі ТТА негізіне кәсіпорындардың көрсеткіштерін олардың орташа салалық деңгейімен салыстырып тексеруге болады, бұл кәсіпорынға тиісті саладағы өзінің бәсекелестік позициясын бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындар мониторингін одан әрі жетілдіру проблемаларының бірі экономиканың нақты секторындағы экономикалық конъюнктураның өзгеруін бағалау бөлігінде кәсіпорындарға тоқсандық пікіртерімдермен қатар, ай сайынғы пікіртерімдерді ұйымдастыру болып табылады.

Осы бағыт кәсіпорындар мониторингінің оралымдылығын және нақты сектордағы экономикалық конъюнктураның өзгеруін бағалау барабарлығын барынша арттыру мүмкіндігіне байланысты мониторингті дамытудың маңызды бөлігі болып табылады және қажетті алғышарттардың құрылуына қарай іске асырылатын болады.





  1. Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

Экономиканың нақты секторының ағымдағы жай-күйін және оның қысқа мерзімді кезеңде дамуындағы:

баға индикаторларының және олармен өзара байланысты нақты сектор көрсеткіштерінің және олардың инфляциялық күтулерге әсерінің динамикасына;

кредиттік белсенділіктің өзгеруіне, нақты сектордың кредит төлеу қабілеттілігіне және қаржылық орнықтылығының тәуекелдеріне;

кәсіпорындар пікіртерімдерінің деректері бойынша үдемелі индикаторлар жүйесін құрудың негізінде тұтастай алғанда нақты сектордың экономикалық белсенділігінің циклдік өзгеруіне қатысты күтілетін өзгерістердің жедел бағаларын қалыптастыру кәсіпорындардың мониторингін 2013-2017 жылдардағы кезеңде дамытудың негізгі мақсаты болып табылады.

Бұл мақсатқа қол жеткізу Ұлттық Банктің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуде, біріншіден, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін белгілеу үшін қажетті инфляция және инфляциялық күтулердің деңгейін бағалау бөлігінде және екіншіден, кредиттік тәуекелдерді бағалауға, қаржылық тұрақтылыққа байланысты міндеттерді шешу бөлігінде мониторинг нәтижелерін іс жүзінде пайдалану деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Шешілуі кәсіпорындар мониторингін дамытудың жоғарыда көрсетілген мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

1) қорытындылайтын бағалық және тұтыну тауарлары мен қызметтерін өндіруші кәсіпорындарды іріктеу бойынша олармен қатар жүретін индикаторлар динамикасын және инфляциялық процестерге күтілетін әсерін жедел талдау және бағалау;

2) кредиттерге деген сұраныстың ағымдағы жай-күйін және күтілетін өзгерістерді, олардың пайдаланылу бағыттарын және қарыз алушы – кәсіпорындарды іріктеу бойынша кредиттік берешекті жедел бағалау;

3) тұтастай алғанда және негізгі қызмет түрлері бойынша қаржылық жай-күйдің және қаржылық орнықтылықтың ағымдағы жай-күйін және күтілетін өзгерістерін жедел бағалау.

Бұл міндеттерді тиімді іске асыру, өз кезегінде, кәсіпорындарды іріктеуді кезең-кезеңімен жүйелі түрде жақсартуға, одан әрі эксперимент түрінде сынақтан өткізуге және нақты сектордың экономикалық белсенділігінің циклдік өзгерістерін көрсетудің әдіснамасын іске асыруға, пікіртерім сауалнамалары көрсеткіштерінің құрамын жетілдіруге және кәсіпорындар мониторингін дамытудың жаңа міндеттерін шешуге байланысты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық құралдарды дамытуға бағытталған кәсіпорындар мониторингін дамытудың мынадай міндеттерін іске асыруға байланысты:

кәсіпорындар мониторингіне қатысушы кәсіпорындарға жіберілетін талдамалық ақпаратты жетілдіру арқылы кәсіпорындардың мониторингке тұрақты түрде қатысу мүдделілігін арттыру;

іріктеудің көрнекілігін және пікіртерімдер жүргізудің оралымдылығын жақсарту;

жиынтық үдемелі индикаторлардың құрамын кеңейту, құрылымын жақсарту, ел экономикасының нақты секторында және өңірлерде іскерлік циклдерді көрсету негізінде стандартталған талдамалық шолуды жетілдіру;

көрсеткіштердің құрамын нақтылау, кәсіпорындар мониторингін дамытудың жаңа міндеттерін шешуге байланысты үдемелі типтегі қосымша индикаторларды қосу негізінде пікіртерім сауалнамаларын жетілдіру;

жаңа функционалдық міндеттерді шешуге, кәсіпорындарға жіберілетін талдамалық ақпаратты жетілдіруге байланысты ЭНСКМ ААШЖ дамыту.

Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының халықаралық практикада кәсіпорындарға пікіртерімдер жүргізуді ұйымдастыру қағидаттарынан айырмашылығы жоқ. Мынадай қағидаттар:

1) кәсіпорындардың қатысуға еріктілігі;

2) Ұлттық Банктің және оның өңірлік филиалдарының нақты кәсіпорыннан алған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуі;

3) көрсеткіштерді бір жақты түсіну және кәсіпорындардың оларды толтыруы үшін талап етілетін ең аз уақыты тұрғысынан алғанда пікіртерім сауалнамаларының қарапайым болуы;

4) кәсіпорындар мониторингін жүргізудің сауалнамалар толтыруға және кәсіпорындардан оларды алуға, бастапқы деректерді өңдеуге, талдамалық материалдарды қалыптастыруға және оларды Ұлттық Банк басшылығына беруге қатысты да оралымды болуы кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Микро, өңірлік және макро деңгейлерде талдау және қысқа мерзімді болжау жасау үшін кәсіпорындар мониторингі шеңберінде ақпаратты неғұрлым жедел алу және пайдалану мүмкіндігі Ұлттық Банк үшін кәсіпорындар мониторингінің іс жүзіндегі мәнін айқындайды, себебі қолданыстағы жылдық және тоқсандық есептілік есепті кезең аяқталғаннан кейін біршама кеш ұсынылады. Сонымен қатар кәсіпорындар мониторингі нәтижесінде алынған ақпарат талдау және болжам жасау мақсатында пайдаланылған кезде қолданыстағы статистикалық есептілікті жоққа шығармайды, керісінше оны толықтырады.



4. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған басым бағыттары
Кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамыту, бір жағынан, кәсіпорындардың пікіртерімдері нәтижелерінің Ұлттық Банктің қызметіндегі практикалық маңызын арттыратын жаңа өзекті міндеттерді шешудің орындылығына, екінші жағынан, кәсіпорындар мониторингінің функционалдық міндеттерін шешудің негізі ретінде бастапқы деректердің сапалы базасын құруға бағытталған кәсіпорындар мониторингінің негізгі қағидаттарын іске асыруға байланысты міндеттер мен проблемаларды тек кезең-кезеңімен ғана шешу мүмкіндігіне негізделген.

2013-2017 жылдар кезеңінде мыналар кәсіпорындар мониторингін дамытудың айтарлықтай басым бағыттары болып табылды:

кәсіпорындар мониторингін дамытудың мақсаттарына қол жеткізуге байланысты төмендегі функционалдық міндеттерді шешу:

1) қорытындылайтын бағалық және тұтыну тауарлары мен қызметтерін өндіруші кәсіпорындарды іріктеу бойынша олармен қатар жүретін индикаторлар динамикасын және инфляциялық процестерге күтілетін әсерін жедел талдау және бағалау. Бұл міндетті шешу, негізінен, тұтынушылық қоржынның құрылымына және дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасын қоса алғанда, жинақтайтын индикаторларды және олармен өзара байланысты басқа индикаторларды құруға сәйкес өнімді өндіруші кәсіпорындарды іріктеуді одан әрі жақсартуға байланысты;

2) кредиттерге деген сұраныстың ағымдағы жай-күйін және күтілетін өзгерістерді, олардың пайдаланылу бағыттарын және банктер кредиттерінің қарыз алушы – кәсіпорындарын іріктеу бойынша кредиттік берешекті жедел бағалау. Бұл міндетті шешу үшін, бірінші кезекте, пікіртерім сауалнамалары көрсеткіштерінің құрамы жетілдірілетін және кәсіпорындарды іріктеудің көрнекілігі жақсаратын болады. Міндеттерді шешу нәтижелері экономиканың қаржы секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бизнес процесте пайдаланылатын болады;

кәсіпорындар пікіртерімдерінің нәтижелері бойынша қалыптастырылатын талдамалық материалдардың барабарлығын көтеруді қамтамасыз ететін кәсіпорындардың іріктелуін жедел қалыптастыруға бағытталған міндеттер мен проблемаларды шешу:

3) кәсіпорындардың Ұлттық Банктің пікіртерімдеріне тұрақты қатысу мүдделілігін арттыру. Оның шешілуі кәсіпорындарға ТТА жетілдіруге байланысты, біріншіден, ол кәсіпорындардың бірнеше топтар бойынша, бәсекелестерді қоса алғанда, сала кәсіпорындары, өңір және жалпы экономиканың нақты секторы кәсіпорындары бойынша рейтингісін есептеу, екіншіден, кәсіпорындардың қаржылық жай-күйін бағалаудың заманауи әдістерін, атап айтқанда, кәсіпорындарды қаржылық жай-күйінің сенімділігі дәрежесі бойынша сыныптарға жіктеуге мүмкіндік беретін дискриминанттық талдауды3 ендіру негізінде жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпорындардың қызығушылығын арттыру проблемасының шешілуіне қарай төмендегі басым міндеттер барынша мақсатты түрде шешілетін болады:

1) кәсіпорындарды іріктеудің көрнекілігін одан әрі жақсарту.

Жаңа кезеңнің соңына таман (2017 жылға қарай) іріктеу көрнекілігі айтарлықтай жақсарады деп болжанады. Бұл міндетті өңірлік деңгейде шешу үшін өңірлік іріктеуді пікіртерімдердің жаңа қатысушыларымен мақсатты, жүйелі түрде ұлғайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады, бұл ретте негізгі салалар бойынша көрнекіліктің теңдестірілуі қамтамасыз етіледі.

Есепті кезең бойынша өңірлік деңгейде және тұтастай алғанда экономиканың нақты секторы бойынша қол жеткізілген іріктеу көрнекілігін ағымдағы бағалау тоқсан сайын: алдын ала, кәсіпорындарға пікіртерім жүргізгеннен кейін тікелей және одан кейін түпкілікті түрде көрнекілікті есептеу үшін пайдаланылатын бас жиынтық бойынша ресми статистика деректерінің келіп түсуіне қарай жүзеге асырылатын болады.

Ел экономикасының нақты секторы бойынша іріктеу көрнекілігі жалпы алғанда өңірлік іріктеулердің шоғырландырылған көрнекілігінің нәтижесі болып табылады.

2) кәсіпорындар пікіртерімдерінің оралымдығын арттыру.

Егер кәсіпорындар мониторингін дамытудың алдыңғы кезеңінің соңына барлық кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу үшін 1-кестеде көрсетілгендей 20 күн керек болса, жоспарланған кезеңнің соңына қарай пікіртерімнің жеделділігін 15 күннен аспайтын мерзімге жеткізу міндеті тұр. Осы мақсатта Ұлттық Банкке сауалнамаларын кешіктіріп беретін кәсіпорындармен жеке жұмыс жүргізу іс-шаралары жетілдірілетін және іске асырылатын болады;

3) құрамына басым міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін қосымша индикаторларды, сондай-ақ экономиканың нақты секторындағы іскерлік белсенділіктің, цикл фазасы ауысуының өзгергені жөніндегі барынша сенімді басым белгілер тұрғысынан үдемелі сипаттағы индикаторларды енгізу жолымен пікіртерім сауалнамаларын жетілдіру.

Басым міндеттерді шешу үшін пікіртерім сауалнамаларының құрамына инфляциялық күтулердің, қаржылық тұрақтылықтың, нақты сектордың кредит төлеу қабілетінің өзгеру сипатын макроэкономикалық деңгейде жедел басқаруға арналған индикаторлар қосылатын болады.

Үдемелі индикаторларды әзірлеу бөлігінде дамыған елдердің экономикалық циклға қатысты үдемелі ықпал етуді: жаңа тапсырыстарды, өндіріс көлемінің өзгеруі жөніндегі күтулерді, дайын өнім мен шикізат қорларын және басқаларын күтуге болатын экономикалық көрсеткіштерді кәсіпорындар пікіртерімдерінде пайдалану жөніндегі тәжірибесі қолданылатын болады;

4) барабарлығы мен сапасын (көрсеткіштердің құрылымы, құрамы және олардың талдамасы бойынша) жақсарту, жалпы алғанда, экономиканың нақты секторындағы және өңірлердегі іскерлік циклдерді көрсететін жиынтық үдемелі индикаторларды оған қосу негізінде стандартталған талдамалық шолуды жетілдіру.

Мониторингті одан әрі дамытудың жоғарыда көрсетілген міндеттерін тиімді шешудің маңызды факторлары мыналар болып табылады:

осы міндеттерді іске асыруда және кәсіпорындар мониторингінің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде филиалдарға барынша салыстырмалы дербестікті және тиісінше, жауапкершілікті беру;

- филиалдар мен орталық аппарат деңгейінде кәсіпорындар мониторингінің негізгі міндеттерінің мақсатты, жүйелі шешімімен өзін-өзі басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру. Мұндай жүйенің негізінде арнайы әзірленген бағдарламалық құралдармен автоматтандырылған режимде есептелетін басқарушы өлшемдерді әзірлеу жатыр.

Басқарушы өлшемдер кәсіпорындардың мүдделілігі, пікіртерімдердің оралымдылығы, іріктеудің көрнекілігі, алдыңғы пікіртерімдерге қатысты кәсіпорындардың кезекті пікіртерімдерінің нәтижелері бойынша стандартталған талдамалық шолу сапасы жөніндегі негізгі міндеттерді шешу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Басқарушы өлшемдерді пайдалану, ең алдымен, филиалдар деңгейінде қолда бар ресурстарын ескере отырып, алға қойған мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда тоқсаннан тоқсанға қарай мақсатты, жүйелі қадаммен өзін-өзі басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Экономиканың нақты секторы деңгейінде басқарушы өлшемдер уәкілетті бөлімшеге алға қойған міндеттерін шешуде филиалдармен келісілген іс-әрекеттерін үйлестіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.





5. Қорытынды ережелер
Тұжырымдаманы іске асыру тұтастай алғанда экономиканың нақты секторын дамытудағы және өңірлердегі жай-күйді және үрдістерді жедел және барабар бағалау бойынша оның іс жүзінде беретін нәтижелерін арттыруға байланысты кәсіпорындар мониторингін дамытуда сапалы қадам жасауға мүмкіндік береді. Іріктеудің көрнекілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін кәсіпорындардың пікіртерімдерге тұрақты қатысу мүдделілігіне жеткілікті деңгейде қол жеткізу осының негізі болып табылады.

Кәсіпорындардың Ұлттық Банкпен жасалатын осындай жұмысқа қызығушылығы тұтастай алғанда экономиканың нақты секторындағы, тиісті саладағы және бәсекелес кәсіпорындар аясындағы болып жатқан процестерді уақтылы бағалауға мүмкіндік беретін жиынтық талдамалық ақпаратты қалыптастыру және әрбір қатысушыға жіберу жолымен қалыптасады. Осылайша, Ұлттық Банк еріктілік жағдайында пікіртерімдер жүргізе отырып, кәсіпорынға пайдалы ақпарат жіберетін тең құқылы әріптес болып табылады.



1 Экономиканы конъюнктуралық зерттеу: теориялық негіздері және пайдалану тәжірибесі, IFO – Экономикалық зерттеулер институты (Мюнхен қ.), «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК, Алматы, 2006;

2 Экономикалық цикл және үдемелі индикаторлар: әдіснамалық тәсілдер және Беларусияда пайдалану мүмкіндіктері, Д. Крук, А. Коршун, Минск, 2010.

3 Дискриминанттық талдау кәсіпорындардың қаржылық жай-күйінің сенімділігін бағалаудың экономикалық-математикалық құралдары ретінде шет елдердің орталық банктерінің, атап айтқанда Бундесбанк, РОБ, БРҰБ тәжірибесінде кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет