Республикасының аумағында өсіріліп жатқан, ағаштекті емес біржылдық


Жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата19.12.2023
өлшемі3.73 Mb.
#487121
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
целлюлоза

Жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары. Жұмыстың мақсаты сілтілі 
органосольвенттік әдісімен алынған әртүрлі ағаштекті емес ҚР біржылдық 
өсімдік текті шикізаттан (қарасора арамшөбі, қамыс, күріш қауызы) алынған 
целлюлозаның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу және алынған 
целлюлоза үлгілерінің физика-химиялық қасиеттерін және солардың 
негізінде алынған қағазды салыстыру.


12 
Зерттеу тапсырмалары: 
1. Стандартты әдістер бойынша қарасора арамшөбінен, қамыстан, 
күріш қауызынан алынған целлюлозаның физико-химиялық көрсеткіштерін 
зерттеу. 
2. Өсімдіктекті шикізаттан алынған органосольвентті целлюлозаның 
қасиеттеріне сілтілік өңдеудің әсерін анықтау.
3. Целлюлоза талшықтарын ИҚ-спектроскопия мен растрлық 
электронды микроскопты пайдалана отырып зерттеу. 
4. ТГТ және ДСК әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі ағаштекті емес 
шикізаттан алынған целлюлозаның термиялық қасиеттерін зерттеу.
5. Зертханалық жағдайда әртүрлі ағаштекті емес шикізаттан алынған
қағаз құйындыларын алу және оптикалық қасиеттерін зерттеу.
Ғылыми жаңашылдығы. Сілтілі органосольвентті әдіспен Қазақстан 
Республикасының аумағында өсіріліп жатқан, ағаштекті емес біржылдық 
өсімдіктекті шикізаттан (қарасора арамшөбі, қамыс, күріш қауызы) алынған 
целлюлозды материалдың физико-химиялық қасиеттері зерттелді; 
Ағаштекті емес өсімдік шикізатынан алынған қағаздың талшықты және 
талшықты емес бөлігінің оптимальды құрамы таңдалды. 
Практикалық маңыздылығы. Отандық шикізаттан ағаштекті емес 
целлюлозаны алу технологиясын әзірлеу бойынша зерттеулер және оның 
физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, оны өндіруге қажет кең шикізат 
базасын, сонымен қатар ағаштекті емес өсімдік материалдарынан әзірленетін 
қазақстандық қағаз өндірушілері (Kagaz Shahary, SEZ және т.б.) мен 
шетелдік инвесторлардың қызығушы-лығын ескерсек айтарлықтай маңызды 
болып табылады. Ағаштекті емес өсімдік шикізатынан орносольвенттік 
әдіспен қайнату экологиялық жағынан қауіпі аз сонымен қатар, бір кезеңде 
бірегей қасиеттерге ие техникалық целлюлозаны жоғары көлемде құрамында 
хлорлы қосылыстары бар заттарды пайдаланбай өндіруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет