Республики казахстан


МАҚСАТТАРЫ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ



бет3/13
Дата26.06.2016
өлшемі448.5 Kb.
#159740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


4 МАҚСАТТАРЫ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ


  1. Нормативтік талаптардың мақсаттары

Құрылыстық нормалардың мақсаттары - ғимараттар мен имараттар орынжайларында, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындар алаңдарының, теміржол жолдарының, қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің сыртқы жарықтандыруын, қолайлы табиғи, жасанды және аралас жарықтандыруды ұйымдастыру, нысандарды, жарықтандыру көздерін және қолданыстағы нысандардың технолгиялық жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.



  1. Функционалдық талаптар

Мақсатқа жету үшін табиғи, жасанды және аралас жарықтандыру жүйелеріне

қойылатын функционалдық талаптарға мыналар жатқызылады:


  • механикалық және өрт қауіпсіздігі, адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау, тәуекелдер мен авариялардың пайда болуының алдын алу талаптарын сақтауды ескере отырып, табиғи, жасанды және аралас жарықтандыру нысандарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • әр түрлі табиғи және техногенді әсерлер мен құбылыстар кезінде ғимараттардың қажетті сақтандыру деңгейін қамтамасыз ету және қорғау;

  • табиғи және жасанды жарықтандыру тиімділігін арттыру арқылы нысандардың

жеткілікті жарықтандырылуын қамтамасыз ету;

  • нысандар құрылысын салу және пайдалану кезінде энергияны үнемдеуді,

жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және шығынын қысқартуды ескере отырып, технологиялық жабдықтардың, аспаптар мен жарықтандыру құралдарының авариясыз жұмысын қамтамасыз ету.

5 ЖҰМЫСТЫҚ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



5.1 Жалпы талаптар
5.1.1 Адамдардың қызмет етуіне жеткілікті табиғи және жасанды жарықтандыру атқарылатын жұмыстардың жоғары сапалылығын, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, еңбек жағдайларын жақсартып өнімділігін арттырады, салдарынан, жұмыс жасаушылардың психологиялық күйіне әсер етеді.

Жұмыс орындарын жарықтандыру сапасы көру жағдайы мен бағаланады да мына жағдайлармен сипатталады:

- үнемі жарықтандырылумен;

- кереғарлықтың болмауы;

- бетті және қоршаған кеңістікті жарықтандырудың жеткілікті және біркелкі таралған жарықтыктың болуы;

- көзді шағылдырмау;

- жарық түсетін беттерде айқын және терең көлеңкелердің болмауы.

5.1.2 Кәсіпорындарда, кеңселерде, кабинеттерде, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, өндірістік учаскелерде және басқа нысандарда оларды орналастыру қағидаты бойынша баолық жарықтандыру жүйелері табиғи, аралас және жасанды болып бөлінеді.

5.1.3 Табиғи жарықтандыру жарық беру ойықтары арқылы жүзеге асырылу керек, және бүйірлі, жоғарғы немесе қиыстырылған болуы мүмкін. Бүйірлі жарықтандырылу терезелер арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғысы – әр түрлі пішінді және көлемді жарық шамдары арқылы, аражабындарда орналастырылатын иллюминаторлар арқылы. Қиыстырылған(аралас)- терезелер мен шамдар арқылы.

Қиыстырылған жарықтандыру табиғи жарығы жеткіліксіз орынжайларда қолданылады да жасанды жарық көздерімен толықтырылады.

Жасанды жарықтандыру табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болғанда немесе тәуліктің қараңғы мезгілінде, сонымен бірге табиғи жарығы жоқ жерлерде орналастырылу керек.

5.1.4 Жұмыс орнындағы жарықтың жеткіліксіздігі адам денсаулығына кері әсерін тигізеді, шаршап-шалдығу ұлғаяды, еңбек өнімділігі төмендейді, жарақат алу жиілеп, ауырлығы көбейеді. Жақсы жарықтандырылған көшелерде жол-көліктік оқиғалар саны өзге де тең жағдайлардағы жарықтандырылмаған көшелермен салыстырғанда 30% -ға аз.



Жеткіліксіз жарықтандыру сығырлық пен пресбиопияның өршуіне түрткі болады, ағзаның қолайсыз құбылыстардың әсеріне төзімділігін төмендетеді.

5.1.5 Орынжайлардың жарықтандырылуының нормаланатын мәндері табиғи жарықтандырылу еселендіргішімен сипатталады (ТЖЕ), ол пайыз түрінде көрсетіледі де нормативтік құжаттарда ТЖЕ кез келген жарық көздері үшін жұмыс бетіндегі орташа жарықтандырылу үшін келтіріледі.жұмыс орындарының минимальды жарықтандырылуы нормаланатын жарықтандырылудан 10% артық төмен болмау керек.

5. 1.6 Тұрғын, қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың орынжайларының жарықтандырылуына талап етілетін (ТЖЕ, нормаланатын жарықтық, цилиндрлі жарықтық, дискомфорттың біріктірілген көрсеткіші және жарықтандырылу толықсымасының еселендіргіші)нормаланатын еселендіргіштердің мәндерін нормативтерге сәйкес қабылдау керек.

5.1.7 Табиғи, жасанды және қиыстырылған жарықтандыруды жобалаған кезде, пайдалану барысында жарықтықтың төмендеуінің орнын толтыру үшін (компенсация) қор еселендіргішін енгізу керек Kз,.

5.1.8 Орынжайлардың инсоляциясы мен күннен қорғалуына қойылатын талаптар ұлттық санитарлық-гигиеналық нормаларға сай орындалады.
5.2 Орынжайлардың табиғи жарықтандыруына қойылатын талаптар


  1. Үнемі адамдар болатын орынжайларда, ереже бойынша, табиғи жарықтандыру болу керек .

  2. Табиғи жарықтандырусыз ғимараттар мен имараттарды жобалауға арналған тиісті нормалармен, белгіленген тәртіппен бекітілген өнеркәсіптің жекелеген салаларының ғимараттары мен имараттарын құрылыстық жобалау жөніндегі нормативтік құжаттармен белгіленген орынжайларды және ғимарааттар мен имараттардың жертөлелік қабаттарда орналастыруға рұқсат берілген орынжайларды жобалауға рұқсат беріледі.

  3. Табиғи жарықтандыру бүйірлі, жоғарғы және аралас (жоғарғы және бүйірлі) болып бөлінеді.

  4. Кез келген мақсаттағы орынжайда екі жақ бүйірден жарықтандыру кезінде ТЖЕ мөлшерленетін мәні орынжай ортасындағы сипатты кескіннің тік жазықтығының жұмыстық бетпен қиылысқан жеріндегі есептік нүктеде қамтамасыз етілу керек .

  5. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда бір жақ бүйірден жарықтандыру кезінде, ТЖЕ-нің мөлшерленетін мәні мыналарды қамтамасыз ету керек:

а) тұрғын ғимараттардағы тұрғын орынжайларда – жарық түсетін тесіктерден анағұрлым қашық қабырғадан 1 м арақашықтықтағы сипатты кескіннің тік жазықтығы мен еден жазықтығының қиылысында орналасқан есептік нүктеде: 1, 2, 3 бөлмелі пәтер үшін бір бөлмесінде сонымен бірге 4 бөлмелі және одан көп бөлмелі пәтер үшін екі бөлмеде .

Қалған тұрғын ғимараттарының көп бөлмелі пәтерінің тұрғын бөлмелерінде және асүйде бүйірден жарықтандыру кезіндегі ТЖЕ-нің мөлшерленген мәні орынжайдың ортасында орналасқан еден жазықтығындағы есептік нүктеде қамтамасыз етілуге тиіс;

б) жатақханалардың тұрғын жайларында, қонақ бөлмесінде және қонақ үй нөмірлерінде –сипатты кескіннің тік жазықтығының еден жазықтығымен орынжай ортасындағы қиылысқан жерінде орналасқан есептік нүктесінде;

в) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің топтық және ойын бөлмелерінде, изоляторларда, және науқастанған балаларға арналған бөлмелерде – жарық түсетін тесіктерден анағұрлым қашық орналасқан қабырғадан 1 м арақашықтықтағы сипатты кескіннің тік жазықтығы мен еден жазықтығының қиылысында орналасқан есептік нүктеде;

г) мектептердің, мектеп-интернаттардың, кәсіптік-техникалық және арнаулы орта оқу орындарының (техникумдардың) оқу және оқу-өндірістік бөлмелерінде – жарық түсетін тесіктерден анағұрлым қашық орналасқан қабырғадан 1,2 м арақашықтықтағы сипатты кескіннің тік жазықтығы мен шартты жұмыс бетінің қиылысында орналасқан есептік нүктеде;

д) шипажайлардың, демалыс үйлерінің және пансионаттардың палаталары мен жатын бөлмелерінде – жарық түсетін тесіктерден анағұрлым қашық қабырғадан 1 м арақашықтықтағы сипатты кескіннің тік жазықтығы мен еден жазықтығының қиылысында орналасқан есептік нүктеде;

е) ауруларды қабылдайтын дәрігерлер кабинеттерінде, тексеру бөлмелерінде, қабылдау-тексеру бокстарында, жара таңу бөлмелерінде – сипатты кескіннің тік жазықтығы мен бөлме ортасындағы шартты жұмыс бетінің қиылысында орналасқан есептік нүктеде;

ж) тұрғын және қоғамдық ғимараттардың өзге орынжайларында – орынжай ортасында орналасқан жұмыстық беттегі есептік нүктеде



  1. Тереңдігі 6,0 м–ге дейінгі өндірістік орынжайларда бір жақ бүйірден жарықтандыру кезінде жарық түсетін тесіктерден анағұрлым қашық, қабырғадан немесе өңірдің ең көп тереңдету сызығынан 1,0 м арақашықтықтағы сипатты кескіннің тік жазықтығы мен шартты жұмыс бетінің қиылысында орналасқан есептік нүктеде ТЖЕ-нің минимальды мәні мөлшерленеді.

Тереңдігі 6,0м-ден астам ірі көлемді өндірістік орынжайларда бүйірлі жарықтандыру кезінде жарық түсетін тесіктерден қашықтықта орналасқан шартты жұмыс бетіндегі нүктеде ТЖЕ-нің минимальды мәні мөлшерленеді :

  1. I – IVсанаттағы көру жұмыстарына арналған жарық түсетін ойықтардың төбесіне дейін 1,5 биіктікке;

  2. V – VII санаттағы көру жұмыстарына арналған жарық түсетін ойықтардың төбесіне дейін 2 биіктікке;

в) VІІІ санаттағы көру жұмыстарына арналған жарық түсетін ойықтардың төбесіне дейін 3 биіктікке.

Кез-келген мақсаттағы орынжайларды жоғарыдан және аралас табиғи жарықтандыру кезінде бөлінген үй-жайдың қабырғасының қиылысында және жұмыс жағдайында (немесе еден) ТЖЕ орташа мөлшерленген мәні мөлшерленеді. Бірінші және соңғы нүктелер қабырға бетінен (қалқалардан) немесе қатарлардың осьтерінен 1 м арақашықтықта қолданылады.

5.2.7 Орынжайларды бүйірлі жарықтандырылатын (сыртқы қабырғалар мен терезелерге қабысатын аумақтар) және жоғарыдан жарықтандырылатын өңірлерге бөлуге жол беріледі. Әр аумақта табиғи жарықтандыруды нормалау және есептеу жұмыстары бір біріне тәуелсіз атқарылады.

5.2.8 І-ІІІ санаттағы көру арқылы жұмыс атқарылатын өндірістік орынжайларда аралас(қиыстырылған) жарықтандыруды қолданған жөн. Ірі аралықты құрастыру цехтарында, атқарылатын жұмыстар ауқымды жерді алып отырып, еденнің әр түрлі денгейінде және кеңістікте әр алуан бағдарланған жұмыстық беттерінде жасалып жүзеге асырылса, жоғарғы табиғи жарықтандыруды қолдануға рұқсат беріледі. Сонымен бірге ТЖЕ-нің нормаланған мәндері І-ІІІ санаттар үшін тиісінше 10; 7; 5 % болып қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет