Табиғи
ресурстар литосфера,
гидросфера,
атмосфера және биосфера
элементтерін біріктіреді. Бұл – табиғи классификацияның басты белгісі.
Қазақстанның жер қойнауында дүниежүзіндегі
уран қорының 1/4-і,
хромның
1/7-і,
қорғасын мен мырыштың 1/10-і орналасқан.
Біздің елде отынның, қара
және түсті
металдың, тау-кен химиясы шикізатының барлық түрлерінің үлкен
қоры бар.
Пайдалы қазбаларды өндіруді арттыру әдетте экологиялық мәселелерді
шиеленістіріп жібереді. Ғалымдардың бағалауы бойынша, жер қойнауынан
алынатын шикізаттың тек 10%-ы
ғана дайын өнімге айналады, ал
қалған
90%-ы – биосфераны ластайтын және
табиғи ландшафтты бұзатын
қалдықтар.
Табиғи ресурстарды игеруге қатысты мәселелер
Мыс өндіріс орны
Көмір өндіріс орны