Жеке капиталдың ұдайы жаңғыртылуы



бет1/3
Дата01.11.2023
өлшемі2.86 Mb.
#482094
  1   2   3
1084357.pptx

Жеке капиталдың ұдайы жаңғыртылуы

Оқытушы: Алтаева Ф.Ж.

Пәні: Экономика негіздері

ВИКИПЕДИЯДА

  • Капитал нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
  • Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.

Өндірістік капитал екіге бөлінеді:

  • Өндірістік капитал екіге бөлінеді:
  • 1 НЕГІЗГІ
  • 2 Өзгермелі
  • Негізгі капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған өндірістік ғимарат, еңбек құралы,машина,техника және т.б жатады.
  • Өзгермелі капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнімге бірден толық мөлшерде аударатын өндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай формада өз иесіне 1айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат, жанармай т.б жатады. Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы амартизация деп аталады.

Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер тауарды қарызға ұсынып, қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мысалы, адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған. Өндірістің өзі капиталистік ұстанымдардың негізінде қайта құрылып, қоғамдық шаруашылық терең әлеуметтік-экономикалық өзгеріске ұшырады. Мұндай жағдайда ақша капитал ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салалардан гөрі, Маркстің тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілерді қанау арқылы пайда түсіруге жұмсалатын болды. К. түрлі нысандарда көрініс тапты. Капиталдың бастапқы нысаны болып табылатын ақша капиталы – каптал құнының ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры. Маркстің теориясына сәйкес, капталдың екінші нысаны өндіргіш капитал. Оның негізгі қызметі – қосымша құн өндіру.

  • Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер тауарды қарызға ұсынып, қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мысалы, адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған. Өндірістің өзі капиталистік ұстанымдардың негізінде қайта құрылып, қоғамдық шаруашылық терең әлеуметтік-экономикалық өзгеріске ұшырады. Мұндай жағдайда ақша капитал ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салалардан гөрі, Маркстің тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілерді қанау арқылы пайда түсіруге жұмсалатын болды. К. түрлі нысандарда көрініс тапты. Капиталдың бастапқы нысаны болып табылатын ақша капиталы – каптал құнының ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры. Маркстің теориясына сәйкес, капталдың екінші нысаны өндіргіш капитал. Оның негізгі қызметі – қосымша құн өндіру.
  • Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті — станок, машина, шикізат т.б. түрінде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет