Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының


Тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу торабын іске қосуға рұқсат беру



бет3/3
Дата17.06.2016
өлшемі1.12 Mb.
#141820
1   2   3

9. Тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу торабын іске қосуға рұқсат беру
9.1. Тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу тораптарын іске қосуға рұқсат беру тұтынушының өкілінің қатысуымен Қызмет көрсетушінің өкілімен жүзеге асырылады, ол туралы акт жасалынады. Тұтынушы - жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және /немесе тұрғын үйлердің жалпы үйлік есептеу түйіндері үшін акт 3-қосымшада берілген нысан бойынша, тұрмыстық тұтынушылар үшін 4-қосымшада берілген нысан бойынша жасалынады.

9.2. Тұрғын үйлік емес ғимараттарда және/немесе тұрғын үйлердің жалпы үйлік есептеу түйіндерін пайдалануға беру үшін Тұтынушының өкілі мыналарды көрсетуі қажет:

- қызмет көрсетушімен келісілген есептеу торабы жобасын;

- есептеу торабы құралының төлқұжатын;

- есептеу торабы құралдарының алғашқы немесе кезеңдік тексерісі (тексеріс таңбасы, өзі жапсырылатын лейбл, пластиктік пломба) туралы құжат);

- қызмет көрсетушімен келісілген шығынды өлшеу құралдарының есептеулері (судың массасын немесе көлемін ауыспалы қысым әдісімен өлшейтін құралдар бойынша ғана);

- қызмет көрсетуші ұйымның өлшеу құралының нақты осы түрін монтаждауға құқығы бар екендігін растайтын құжат;

- қызмет көрсетуші ұйымның АӨЖ нақты осы түрін монтаждауға құқығы бар екендігін растайтын құжат;

- судың параметрлерін тіркеуші құралдарды қоса алғанда, монтаждалған және жұмыс істей алатындығы тексерілген суды есептеу түйіні.

Тұтынушылар – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және /немесе тұрғын үйлердің жалпы үйлік есептеу тораптарын пайдалануға рұқсат берерде мыналар тексеріледі:

- есептеу құралдарының зауыттық нөмірлерінің олардың төлқұжаттарында көрсетілген нөмірлерге сәйкес келуі;

- қызмет көрсетушімен жобада келісілген диаметрге суесептегіштің өту жолы диаметрінің сәйкес келуі;

- өлшеу құрылғыларын, байланыс желілерін, АӨЖ орнату мен жұмыс істей алатындығын монтаждаудың сапасы;

- есептеу құралдарының құжаттарымен қарастырылған есептеу түйіндерінің құралдары мен органдарында пломбалардың болуы.

9.3. Жеке есептеу түйінін пайдалануға рұқсат алу үшін тұрмыстық тұтынушы мына құжаттарды көрсетуі қажет:

- есептеу түйіні құралының төлқұжаты;

- сенушінің жұмыс істейтің таңбасымен есепке алуды түйінің құралдарының тексерісі туралы құжаттар;

- осындай қызмет көрсетуге құқығы бар ұйымның есептеу түйінін монтаждағанын растайтын құжат;

- монтаждалған және жұмыс істеу сапасы тексерілген суды есептеу түйіні.

Жеке есептеу түйінін пайдалануға рұқсат алу үшін мыналар тексеріледі:

- есептеу құралдарының зауыттық номерлерінің олардың төлқұжаттарында көрсетілген номерлерге сәйкес келу;

- суесептегіштің шартты өту жолы диаметрінің және нақтылықтың метрологиялық класының Қызмет көрсетушінің техникалық талаптарына сәйкес болуы;

- өлшеу құралдарының монтажының сапасы, сондай-ақ монтаждың төлқұжаттар мен жобалық құжаттарға сәйкес болуы;

- есептеу құралдарының құжаттарымен қарастырылған есептеу түйіндерінің құралдары мен органдарында пломбалардың болуы.

9.4. Тұрғын үйлік ғимаратта осы Әдістеменің 7.1.3. тармақтары бойынша Қызмет көрсетушімен АӨЖ орнатылғанда процедураны бастамас бұрын немесе оны өткізу барысында Қызмет көрсетуші жеке немесе жалпыүйлік суды есептеу құралдарын АӨЖ қосады.

9.5. Қызмет көрсетуші Актілерге қол қойылғаннан соң оларды пайдалуға бергенде Тұтынушылардың суды есептеу құралдарына пломба қояды ( 2, 3 қосымшалар).

9.6. Тұтынушының есептеу түйіні тұтынылған суды есептеуді бастауға Қызмет көрсетушінің өкілі мен Тұтынушының өкілі Актіге қол қойған сәттен бастап кіріседі деп саналады.

Тұтынушының суын есептеу оның есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру Актісіне қол қойылған сәттен бастап жүзеге асырылады.

9.7. Тұтынушының Қызмет көрсетушінің өкілін есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру үшін шақырту оны жабдықтау күнінен үш күн бұрын жүзеге асырылады, ал есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру турлы шешім тұтынушының өтініш берген күнінен бес күннен кем емес мерзім ішінде қабылдануы керек.

10. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу торабын пайдалану
10.1. Суды есептеу түйіндері осы Әдістеменің 8.2-тармағында көрсетілген техникалық құжаттарға сәйкес пайдаланылады.

10.2. Есептеу құралдарының техникалық құжаттармен анықталған пайдалану талаптарын бұзу суды есептеу торабының бұзылуымен бірдей болып саналады.

10.3. Пайдалану кезінде суды есептеу тораптарының құралдарының техникалық жағдайына есептеу торабы оның балансында орналасқан ұйымның лауазымды тұлғасы жауапты болып табылады.

10.4. Суды есептеу торабын пайдалану және оның жұмыс істеу мүмкіншілігін қадағалауды ол монтаждалған нысанның қызмет көрсетуші персоналы жүзеге асырады.

Тұтынушының есептеу құралдары Қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау жүйелерінде орналасқан болса, Тұтынушының өкілімен кедергісіз оларды қарау мүмкіншілігі қамтамасыз етіледі.

10.5. Суды есептеу түйінінің істен шығу мерзімі кезекші персоналдың журналында жазылынады.

10.6. Суды есептеу түйіні істен шыққан болып мына жағдайларда саналады:

- оның жұмысына рұқсатсыз араласу;

- суды есептеу түйінінің жабдықтарында пломбалардың, электрлік байланыс желілерінің бұзылуы;

- есептеу түйіндерінің құралдары мен элементтерінің механикалық зақымдануы;

- 8.2.2-тармақшада белгіленген нақтылық нормалар шегінен асып жұмыс істеу.

10.7. Есептеу құралы істен шыққан жағдайда тұтынылған/берілген суды есептеуді жүргізудің тәртібі алдыңғы айдағы судың берілуінің орташа мәнімен жүзеге асырылады.

10.8. Пайдалануға берілген есептеу құралына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызмет көрсетудің қосымша келісім-шарты бойынша қызмет көрсету компаниясымен жүзеге асырылуы мүмкін.

10.9. Пайдаланудың тексеру мерзімі өткеннен соң, тіркеу бойынша орган тіркелген сынау зертханалары есеп алу құралдарының мерзімді тексерісті жүргізеді.



11. Тұтынушының суды есептеу тораптарын және өлшеулік-ақпараттық жүйелерін пайдалану
11.1. Тұтынушының суды есептеу тораптары осы Әдістеменің 9.2, 9.3-тармақтарында көрсетілген техникалық құжаттарға сәйкес пайдалануы қажет.

11.2. Тұтынушылар – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаларға тиесілі аумақтарда орналастырылған есептеу тораптары мен АӨЖ жабдықтарын пайдалануға беру үшін жауаптылық, ағымды қызмет көрсету, сақтау үшін жауаптылыққа осы есептеу түйіні соның балансындағы ұйымның басшысымен тағайындалған лауазымды тұлға ие. Тұрмыстық тұтынушылардың жеке және жалпыүйлік су есептеу тораптары мен АӨЖ жабдықтарын пайдалануға беру үшін жауаптылық, ағымды қызмет көрсету, сақтау үшін жауаптылыққа тұрмыстық тұтынушылар және/немесе кондоминиум басқармасының органдары ие. Қызмет көрсетушімен арнайы ғимараттарда жеке және жалпыүйлік су есептеу түйіндері орнатылған жағдайда олардың сақталуы үшін Қызмет көрсетуші жауапты болып табылады.

11.3. Тұтынушылардың су есептеу тораптары мен АӨЖ жабдықтарына кедергісіз қолжетімділік Қызмет көрсетушінің өкілдерінің, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы өкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Мемстандарының бірінші талабы бойынша қамтамасыз етіледі.

11.4. Тұтынушылардың пайдалануға берілген су есептеу тораптарының көрсеткіштері әрбір тәулік бойында АӨЖ тіркеледі. Бұл көрсеткіштерді негізге ала отырып Қызмет көрсетуші есептеу кезеңінде тұтынушылардың төлеуге тиіс су көлемін анықтайды.

Тұтынушының АӨЖ алынған суесептегіш құралының көрсеткіштерімен келіспейтін жағдайында Қызмет көрсетуші суесептегіштің индикаторының көрсеткіштерін шынайы уақыт мерзімінде салыстырылып, тексеріледі. Егер олардың көрсеткіштері әртүрлі болса, төлеуге негіз болып суесептегіштің индикаторының көрсеткіштері алынады да, Қызмет көрсетуші тұтынылған суға төленетін ақыны қайта санайды.

11.5. Осы Әдістеменің 9.2, 9.3-тармақтарында көрсетілген техникалық құжаттарында көрсетілген пайдалану талаптарын, сондай-ақ ҚР СТ СТБ ИСО 4064-2-2009 талаптарын бұзу суды есептеу түйінінің Тұтынушының кінәсінен істен шығарылған болып саналады.

11.6. Суды есептеу түйінінің Тұтынушының кінәсінен емес тұрғыдан істен шығарылған жағдайында белгіленген тәртіп бойынша есептеу құралының орта айлық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

11.7. Суды есептеу тораптарының Тұтынушының кінәсінен істен шығарылған жағдайда:

- тұтынушының су есептеу сызбасының бұзылуы фактілері анықталғанда;

- есептеу түйінінде (оның ішінде қоршау желісінің жабу арматурасында), есептеу құралдарында (тексеру пломбаларында, өзі жапсырылатын лейблдерге), электрлік желілерде (есептеу құралдарының импульстік шығу жолдарында) пломбаға зақым келтірілгенде;

- олардың сақталуы үшін тұрмыстық тұтынушылар және/немесе кондоминиум басқармасының органдары жауапты болып табылатын есептеу түйіндерінің және АӨЖ құралдарының, элементтерінің механикалық зақымдануы;

- оның жұмысына рұқсатыз араласу, есептеу көрсеткіштерін қате көрсететін құрылғыларды орнату;

- нәтижесінде суды талан-таражға салуға алып келген, бұрын Қызмет көрсетушімен байқалынбаған әрекеттер,

Мұндай Тұтынушылармен есептесуді Қызмет көрсетуші белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырады. Сонымен қатар, 11.6-тармағының ережелері мұндай Тұтынушыларға қатысты қолданылмайды.

11.8. Есептеу шиелінісінің дұрыс жұмыс істемей тұрғандығы туралы Қызмет көрсетушіге хабарланбаған жағдайда есептеу түйіні Тұтынушының кінәсінен істен шығарылған болып есептеледі және есептеуді жүзеге жүргізу Әдістемеге сәйкес жүргізіледі.

11.9. Суды есептеу тораптарының біреуінің болса да тексеру мерзімі өткеннен кейін бұл есептеу торабының құралының көрсеткіштері Қызмет көрсетуші мен Тұтынушының арасындағы өзара есеп айырысуда есепке алынбайды. Осы Әдістеме нұсқауларының 11.8-тармағына сәйкес есептеу түйіні Тұтынушының кінәсінен істен шығарылған болып есептеледі.

11.10. Тұтынушының су есептеу түйіндерінің жұмыс істеуі қалпына келтірілгеннен соң оны пайдалануға рұқсат беру Осы Әдістеме нұсқауларының 9-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады, ол туралы 3, 4-қосымшаларда берілген нысан бойынша акт жасалынады.

11.11. Үш айда бір рет Қызмет көрсетушінің өкілі Тұтынушының өкілімен бірге кемшіліктерінің бар-жоғын тексеру мақсатында есептеу түйінінің және АӨЖ құрылғыларының техникалық тексерісін өткізеді.

__________________________

1-қосымша



Суды есептеу құралдарының әртүрлі үлгілерінің сипаттамалары


1. Мәліметтерді дистанциялық түрде беру мен мұрағаттау модульдері бар қанаттық және турбиндік су есептегіштері
1.1. Жұмыс істеу қағидасы тахометрлік.

1.2. Артықшылықтары:

- есептеу құралының жұмыс істеуі үшін сыртқы қуат көздерінің болуын талап етпейді;

- есептеу құралының салыстырмалы түрде алғанда арзан бағада болуы;

- жиынтығында көрсеткіштерді мұрағаттауды (1 сағ. тереңдікте) және оларды суесептегіштердің шартты түрдегі өткізу жерлерінің 15-тен 40 мм дейінгі диаметрлері үшін дистанциялық тұрғыда беруді жүзеге асырушы құрылғысы бар есептеу құралының салыстырмалы түрде алғанда арзан бағада болуы.

- ұзын тік желілі учаскелерді қажет етпейді (оны орнатқанға дейін 5 диаметр және 3 диаметр орнатқаннан кейін);

-пайдаланудағы, қызмет көрсетудегі және жөндеу жұмыстарын жүргізудегі қарапайымдылық.

1.3. Кемшіліктері:

- өзгеріс диапазоны 1:50 аспайды;

- суды есептеудің тез арада жүргізілуін қамтамасыз ете алмайды;

- шығынды есептеу құралын пайдалану процессінде минималды шығын мағынасы жоғарылайды;

- судағы қатты және былжырақ қосындылардан зақымдануы мүмкін;

- шығынның жоғары мағынасын өлшеу кезінде пайдалану мерзімі шектеледі;

- лас қосындларды тазартқыштарды және сүзгіштерді орнатуды қажет етеді;

- қызмет көрсету мерзімі 8 жылдан аспайды.

2. Электромагниттік шығын өлшеуші құралдар
2.1. Жұмыс істеу принципі.

Судың электромагнитті алаңнан ағуы барысында потенциалы судың ағу жылдамдығына тең электрлік алаң туындайды. Электрлік потенциалдың электрлік белгіге айналуы шығын өлшеуші құралдың денесіне енгізілген электродтардың көмегімен жүзеге асырылады. Шығынды есептеу ағынның өлшенген жылдамдығы базасында және оның шартты диаметріне байланысты шығынды өлшегіш құралдың алаңының базасында анықталады.

2.2. Артықшылықтары:

- өлшеудің кең диапазоны 1: 150-ден 1: 500 дейінгі шекте болады.

- шығынның өлшенген минималды мағынасы 50л/сағ. аспайды;

- шығынды есептеу құралы толық өтпелі құрылғыларға жатады, сондықтан қосымша гидравликалық қарсылық көрсетпейді;

- ағанның профилін өзгертпейді;

- аз мөлшердегі тікжелілі учаскелерді, нақтырақ айтқанда шығынды есептеу құралына дейін үш және одан кейін үш диаметрді талап етеді;

- лас қосындыларды тазартқыштарды және сүзгіштерді орнатуды қажет етпейді, судағы қатты және былжырақ қосындылардан зақымданбайды;

- оларды өлшеу жүйелеріне қосуға және құралға дистанциялық қолжетімділікті қамтамасыз ететін интерфейстік шығыстарға, электрондық мұрағаттарға ие;

- құралдың жұмыс істеу мерзімін бақылауды және оған диагностика жасауды қамтамасыз етеді;

- қызмет көрсету мерзімі 12 жыл;

- инерцияның аз уақытына ие, динамикалық өлшеулерде тиімді (артезиандық және басқа да скважиналар);

- өлшеудің нақтылығы жоғары, өлшеулердің нақты емес болу мүмкіншілігі ±1,0 % аспайды.

2.3. Кемшіліктері:

- энергияға тәуелді шығын өлшеуші құралдар қатарына жатады, 220В қуат көзін қажет етеді;

- құбырлардың тік учаскелерінде орнатуға жол берілмейді ;

- құбырдың 200 мм кем емес диаметрі бойынша шектеулер;

- судың пәтерлік есепке алынуында көрсеткіштерді мұрағаттауды және деректерді дистанциялық тұрғыда берудің салыстырмалы қымбаттылығы.

3. Ультрадыбыстық шығын өлшеуші құралдар
3.1. Жұмыс істеу принципі.

Шығынды ультрадыбстық өлшеудің бірнеше түрлері бар:

- уақытимпульсті, доплерлік, корреляциалық.

Барлық жағдайда бақыланып отырған ағын ультрадыбыстыұ белгімен белгіленеді. Сонымен қатар, ағын жылдамдығы белгілердің өту мерзімімен анықталады.

3.2. Артықшылықтары:

- ағында конструкция элементтері жоқ, толық өтімді өлшеу құралы болып табылады, қосымша жергілікті қарсылықтарды тудырмайды;

- салынбалы түрлендіргіштерді қолданушы шығын өлшеуші құралдардың құрастырылымы ағынды тоқтатуды және монтаждау кезінде құбырлардың босатылуын қажет етпейді;

- салынбалы түрлендіргіштері және кесінді түрлендіргіш бар шығын өлшеуші құралдарды тексеру ағынды тоқтатуды және монтаждау кезінде құбырлардың босатылуын қажет етпейді;

- 50мм-ден 4000 мм дейінгі диаметрлі кез келген құбырларда орналастырыла алады;

- қуаттану тәсілі бойынша әртүрлі орындауларға ие. Ультрадыбыстық шығын өлшеуші құралдардың арсеналында энергияға тәуелді және тәуелсіз модификациялар бар;

- лас қосындыларды тазартқыштарды және сүзгіштерді орнатуды қажет етпейді;

- Өлшеу нақтылығының орындалуы әртүрлі болады. Өлшеулердің нақты емес болу мүмкіншілігі ±0,5-ден 2,0% дейінгі аралықта болады;

- мәліметтердің электрондық мұрағаттарының және штаттан тыс жағдайлардың болуы 4 жылға дейінгі тереңдікте;

- стандартты интерфейсті шығулардың болуы ақпараттық жүйелердің элементтері болып табылады, дистанциялық қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

- шығындарды тез есептей алады, динамикалық мағыналарды бақылау мүмкіндігі бар;

- өлшемдердегі инерцияның аздығы;

- қышқылдық және тесіктік орталарды қоса алғанда әртүрлі орталарды өлшеу мүмкіндігі;

-сапа көрсеткіштері өте жоғары, қызмет көрсету мерзімі 12 жыл.

3.3. Кемшіліктері:

- құбырларда ауаның жиналып қалуының көп мөлшерлігі. Босату қақпақшаларын қолдану қажеттілігі;

- шығын өлшеуші құралдың орналасқан жерінде турбуленттіліктің жоғарылылығы.

- алғашқы түрлендіргішті орнатқанға дейін және кейін көп мөлшерде тікжелілі учаскелердің болуын талап етеді;

- дтікжелілі учаскенің ұзындығы жергілікті гидравликалық қарсылықтың типіне байланысты болады;

- шығын өлшеуші құралдардың кейбір модификациялары энергоқуаттарының көздерін қажет етеді. Сыртқы қуат көздерін қажет етеді.

- судың пәтерлік есепке алынуында көрсеткіштерді мұрағаттауды және деректерді дистанциялық тұрғыда берудің салыстырмалы қымбаттылығы.

Жоғарыда сипатталған барлық есептеу құралдарының негізгі параметрлері:




Көлемнің атауы

Суды есептеу құралының типі

су есептегіштері

электромагнитті

ультрадыбысты

Шығын диапазоны, м3/сағ.










0,05 – 3,5

+







0,05 – 500




+




0,1 – 1 500




+

+

D, мм










50 дейін

+







200 дейін




+




200 жоғары







+

2-қосымша

Сумен жабдықтау жүйелерінде суды есептеу тораптарын пайдалануға рұқсат беру актісі

Есептеу торап құралдарына техникалық тексеріс жүргізілді ______________________________________________________________

(нысанның, тұтынушының атауы және оның абоненттік нөмері)

мына мекен-жай бойынша ___________________________________________________________

қажетті техникалық құжаттар жиынтығы тексерілді және оның нәтижесінде анықталды: __________________________________________________________________

(Осы Әдістемелік нұсқаулардың тармақтарына сәйкес келуін немесе келмеуін көрсету қажет)

Жоғарыда айтылғандардың негізінде есептеу түйінін мынадай құрамда "___" ________ 20__ жылдан "____" _________ 20 ____жылғы дейін пайдалануға рұқсат етіледі (немесе рұқсат етілмейді):


Есептеу құралының

(шартты өту жолының диаметрі) және АӨЖ құралының типі




Зауыттық номері

Есептеу құралын тексеру мерзімі және тексеру мерзімінің аяқталу уақыты

Пайдалануға берілген кездегі құралдың көрсеткіштері

Орнатылған жері және Қызмет көрсетушінің пломбасының барлығы

(пломба номері)




1

2

3

4

5











































































Суды есептеу құралын монтаждауды жүзеге асырған ұйымның атауы ______________________________________________________________ (көрсетілген бекітуші құжатқа сәйкес)

АӨЖ құралдарын монтаждауды жүзеге асырған ұйымның атауы __________________________________________________________________

(көрсетілген бекітуші құжатқа сәйкес)



Қызмет көрсетушінің өкілі ____________________________________

(қызметі, аты-жөні, телефон номері)



қолы ______________

Тұтынушының (нысанның) жауапты өкілі ______________________

__________________________________________________________

(қызметі, аты-жөні, телефон номері)

қолы ______________

Қызмет көрсетуші ұйымның өкілі _____________________________

(қызметі, аты-жөні, телефон номері)



қолы ______________

3-қосымша



Тұтынушы-жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың суды есептеу тораптарын және /немесе тұрғын үй ғимараттарының жалпы үйлік тораптарын пайдалануға рұқсат беру актісі
Есептеу торабы құралдарына техникалық тексеріс жүргізілді ______________________________________________________________

(нысанның, тұтынушының атауы және оның абоненттік нөмері)

мына мекен-жай бойынша ___________________________________________________________

қажетті техникалық құжаттар жиынтығы тексерілді және оның нәтижесінде анықталды:

______________________________________________________________

(Осы Әдістемелік нұсқаулардың тармақтарына сәйкес келуін немесе келмеуін көрсету қажет)

Жоғарыда айтылғандардың негізінде есептеу түйінін мынадай құрамда "___" ________ 20__ жылдан "____" _________ 20 ____жылғы дейін пайдалануға рұқсат етіледі (немесе рұқсат етілмейді):


Есептеу құралының

(шартты өту жолының диаметрі) және АӨЖ құралының типі




Зауыттық номері

Есептеу құралын тексеру мерзімі және тексеру мерзімінің аяқталу уақыты

Пайдалануға берілген кездегі құралдың көрсеткіштері

Орнатылған жері және Қызмет көрсетушінің пломбасының барлығы

(пломба номері)




1

2

3

4

5





























































 

 

 

 



Құбырдың баланстық тиеісілігі шегінен суды есептеу құралын орнату жеріне дейінгі сипаты (жалпы үйлік суды есептеутүйіндері мен тұрғын үйлік емес ғимараттарда суды есептеу түйіндері үшін):

Құбырдың шартты өту жолының диаметрі, мм ______________________

Құбырдың ұзындығы, мм _________________________________

Суды есептеу құралын монтаждауды жүзеге асырған ұйымның атауы ______________________________________________________________ (көрсетілген бекітуші құжатқа сәйкес)

АӨЖ құралдарын монтаждауды жүзеге асырған ұйымның атауы __________________________________________________________________

(көрсетілген бекітуші құжатқа сәйкес)
Қызмет көрсетушінің өкілі _____________________________________

(қызметі, аты-жөні, телефон номері)



қолы ______________

Тұтынушының (объектінің) жауапты өкілі ____________________ __________________________________________________________________

(қызметі, аты-жөні, телефон номері)



қолы ______________

4-қосымша



Тұрмыстық тұтынушының суды есептеу тораптарын пайдалануға рұқсат беру актісі
Тұтынушының суды есептеу торабы құралдарына техникалық тексеріс жүргізілді ______________________________________________________________

( тұтынушының атауы және оның абоненттік нөмері)

мына мекен-жай бойынша

___________________________________________________________

қажетті техникалық құжаттар жиынтығы тексерілді және оның нәтижесінде анықталды:

__________________________________________________________________

(Осы Әдістемелік нұсқаулардың тармақтарына сәйкес келуін немесе келмеуін көрсету қажет)

Жоғарыда айтылғандардың негізінде есептеу торабын мынадай құрамда "___" ________ 20__ жылдан "____" _________ 20 ____жылғы дейін пайдалануға рұқсат етіледі (немесе рұқсат етілмейді):




Есептеу құралының

(шартты өту жолының диаметрі) және АӨЖ құралының типі




Зауыттық номері

Есептеу құралын тексеру мерзімі және тексеру мерзімінің аяқталу уақыты

Пайдалануға берілген кездегі құралдың көрсеткіштері

Орнатылған жері және Қызмет көрсетушінің пломбасының барлығы

(пломба номері)




1

2

3

4

5































 

 

 

 




 

 

 

 



Суды есептеу құралын монтаждауды жүзеге асырған ұйымның атауы ______________________________________________________________ (көрсетілген бекітуші құжатқа сәйкес)

АӨЖ құралдарын монтаждауды жүзеге асырған ұйымның атауы __________________________________________________________________

(көрсетілген бекітуші құжатқа сәйкес)


Қызмет көрсетушінің өкілі _____________________________________

(қызметі, аты-жөні, телефон номері)



қолы ______________
Тұтынушының (нысанның) жауапты өкілі ____________________ __________________________________________________________________

(қызметі, аты-жөні, телефон номері)



қолы ______________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет