ЖОСПАР .
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Ежелгі Рим
1.1 Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері
1.2 Рим құқығының қайнар көздері
1.3 Юстиниан кодификациясы
ҚОРЫТЫНДЫ
КОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Ежелгі Рим (лат. Roma antiqua) — ерте заманның бас өркениеттеренің бірі, өз атауын Ромулдың атымен аталған астанасының есімінен алды. Рим орталығы Капитоли мен Палатин, Квиринал қоршаған батпақты жазықтықта құрылды. Рим өркениетіне этрусктер мен көне гректердің мәдениеті үлкен ықпал етті. Көне Римнің күштілігінің шыңы, б. З. II ғасырына келді. Сонда оның қол астындағы жерлер солтүстігінде қазіргі Шотландиядан, оңтүстігінде Эфиопияға дейін, шығысында Армениядан, батыста Португалияға дейін созылды.
Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері. Рим құқығының тарихи мәні.
«Рим құқығы» термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемлекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы курсында оқытылады.Рим азаматтық құқығының оқыту пәні — мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (отбасылық қатынастарда жатады).Рим құқығының негізгі институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.
Рим құқығының негізгі тарихи кезеңдеріРим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын тұтастай алып қарағанда 2 дәуірге бөлуге болады:
I дәуір — Рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты (Антикалық мәдениетімен қоса) (б.э.д. VIII – б.э. V ғғ).
II дәуір — тарихи дәстүрге байланысты Рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан) (б.э. VI ғ).Мұндағы Рим құқығының пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңге байланыстырады. Бұл кезенді кейде классикалық Рим құқығы кезеңі деп те атайды.
Рим құқығының маңызы
Рим құқығына тек мемлекет әсері ғана емес, мәдениеттің де дамуы себебін тигізді. Мәдениет саласының қалыптасуы арқасында сауда-саттықта қарқыналды, сол кездің өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер сатып алушы мен сатушы, борышқор, шарт, міндеттемелер сияқты құқықтық элементтер көріне бастады.Өзінің мәні мен маңызына байланысты Рим құқығы казіргі заңгерге өте керекті нәрсе болып тұр. Оны оқып түсіну заң тәжірибесінде де, дәл айтқанда заң шығару жұмысымен айналысушыларға да маңызды.
Рим құқығының қайнар көздері.Рим құқығына байланысты көптеген елдерде «қайнар көз» ұғымын бірнеше мағынада түсіндіреді, олар:
1) құқық нормаларының мазмұны ретінде;
2) құқық нормаларының құрылу (қалыптасу) тәсілі мен нысаны ретінде;
3) құқықты тану ретінде.
Құқық қайнар көзінің мазмұны коғам өмірінің материалдық жағдайы болып есептеледі.Заң оқулықтарында «құқықтың қайнар көзі» дегенде мына сауалдардан бастау табатындығын көрсетеді, ол: қай құқық нормасынан, қандай бағытпен және қандай жолдармен қалыптасады.Рим құқығында қайнар көздің мынадай түрлері кездеседі: 1) Әдеттік құқық (әдет-ғұрып); 2) Заңдар; 3) Магистраттық құқық; 4) Заңгерлердің іс-әрекеті; 5) Мемлекет басшысының (императордың) қаулылары.
1. Әдеттегі құқық — тәжірибеде кездесетін нормалар, яғни бұл адамдардың жүріс-тұрыстарының ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған. Тек қана мемлекеттік билігі бар коғамның мүддесіне сай заң нормасына айналған. Яғни заңды күші бар саяси өкімет жол берген әдет-ғұрыптар ғана құқықтық әдет-ғұрыпқа айналған. Әдетте олар арнайы еш жерде тіркелмеген. Олардың көбінің түп-тамыры сонау көне заманға кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан.
2. Заңдар. Рим құқығының мәдениетінде негізгі құқық ретінде заң карастырылды. Заңның заң екендігін білдіру үшін ол арнайы органнан шығуы тиіс болды және оны халық орындауға міндетті болатын. Заңдарға қаулылар жатты, олардың өзіне тән мазмұндары мен тәртіптері көзделетін.
3. Магистраттық құқық (магистраттар эдикттері). Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияны атқаратын арнайы мамандар болған жоқ. «Эдикт» деген термин магистраттың ауызша хабарлауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде – мемлекет қызметшісін білдірген.
4. Заңгерлердің іс-әрекеті. Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті кызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде катысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген.
5. Мемлекет басшысының қаулысы. Мемлекеттік-саяси мәдениеттің тұрақтануына байланысты, монарх өзінің билігін көрсету үшін түрлі қаулылар шығара бастады, Рим құқы үшін бұлда қайнар көз ретінде кірді. Қаулының мынадай түрлері қолданылды:
1) Эдикт немесе жарлық — бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген (жеке және жариялы сала).
2) Мандат — мемлекет қызметкерлеріне жүктелген қаулы, көбінесе жеке немесе қылмыстық құқық салаларына арналған.
3) Рескрипт – жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген жауабы.
4) Декрет — императордың сот шешімі.
Юстиниан кодификациясы.Кодификация (сұрыптау) — коғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және кайта қарау негізінде жүзеге асырылатын белгіні айтады.
Юстиниан кодификациясы — император Юстиниан кезінде VI ғ. Жүргізілді. Негізгі мақсаты Рим құқын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып табылған. Рим құқы ескірген нормалардан кептеген институттар пайда болып, өзгертіліп, толықтырылған.Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құрылған беделді заңгерлер құрастырған (529-534 жж). Алғашкыда Юстиниан жарлығы 3 бөліктен тұрды:
1) Рим жеке құқығының оқулығы (Институция);
2) Рим заңгерлерінің еңбектерінің жинағы (Дигестер немесе грекше Пандекттер).
3) жарғылар жинағы рим императоры Адрианнан (б.э. II ғ) бастап Юстинианға дейін, бұған әкімшілік, қылмыстық, қаржылық, шіркеулік және жеке құқықтар кірген.Кейін 4-ші бөлік болып Новеллалар қосылды. Новеллалар — 534-556 жылдары шыққан жаңа заңдар жинағы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Айжан Б. , Хусаинова А. Рим құқығы-Алматы: Жеті жарғы 2005
Лунин Э. Римское право – М. 2004
Косарев А. Римское право- М.1986
Достарыңызбен бөлісу: |