Рымкүл Біләлқызы Мәшүрбековаға



Дата15.06.2016
өлшемі56.59 Kb.
#137749
Мәшүрбекова Р.

Балқаштың тағдыры - жарты ғаламның тағдыры: Балқаш қалалық табиғат қорғау бөлімінің бастығы Р.Мәшүрбековамен сүхбат/Р.Мәшүрбекова;Сүхбатты жүргізген С.Сағынтай, О.Жүнісүлы // Орталық Қазақстан.-2002.-11 мамыр.-(Экология жэне біз)

"Ерте-ерте ертеде емес, ешкі жүні бөртеде емес..." Әлқиссасы осылай орағытатын аңыз-жыр оқыған едік. Сол аңыз бүй дейді: Жү_мыр жердің элдебір бөктерінде шағын шаһар болыпты. Қала халқы сырттан келген жанға тым-тым шикіл сары реуіште шалынады екен. Оның себебі мынада. Қала қүлазыған сусыз шөлге салынған. Шаһар шетінде жалғыз түп алып алма ағашы өседі. Алма ағашының миуалы жемісін сол шүратты мекендеген алып айдаһар қорек етеді. Маңына тірі пенде жолай алмайды. Нэрлі алмаға шеңбірек ата мелдектеген мақүлық лақылдатып қү_сады-ау. Бүдан өзге кепкен кенезесін жібітер сүйық таппаған шаһар жүрты соны ішіп уланады. Дегенмен шөлі қанады. Сол себепті де у жүтқан қала түрғындарының түсі сары болып кеткен-мыс. Айдаһарды өлтірмек болып ерлер шығар сайланып, бірақ, өлтіргеннен не қайран — халық сусыз қалады..." Ертегіге біз сенбесек те оны шығарған жандар сенеді.

Осы бір "қызық емес оқиға" ойға оралғанда өміріне өндірісті өзек еткен "жалын жүтып, шоқ шайнаған" өнеркэсіпті қалалардың экологиялық ахуалы жайлы сөз еткің келеді. Кез-келген кентті орданы алайық, күнкөріс — өндірісте, ол жабылса жүрт жүмыссыз қалады. Жабылмаса, өндіріс өрлей берсе, түрғындар денсаулығы нашарлай береді. Шешімі қане?!

Осы ой жетегімен көкейде көмілген көп сүрақты көтеріп, Балқаш қалалық табиғат қорғау бөлімінің бастығы Рымкүл Біләлқызы Мәшүрбековаға жолығып, аз-кем пікір бөлістік.

— Экологиялық апат мэселесі қазір бар элемді толғандырып отыр. Бізді Балқаш көлінің тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты. 2000 жылы Алматыда өткен үлкен форум да, одан кейін Балқашта өткен Парламент мэжілісінің бір топ депутаттары мен табиғат қорғау мамандарынан қүралған көшпелі мэжіліс те, жалпы қаладағы табиғат жанашырларының бірлестік-үйымдары да бүл мэселені жан-жақты терең талқылап, саралап келеді. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен "екінші табиғат" (өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мэселелер көбейе береді. Айтарымыз үғынықты болуы үшін эңгімені эріден бастағым келеді.

Балқаш көлі — ғаламшардағы ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек, жүмбағы мол. Батыс бөлігі ерекше түщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді. "Неге?" деген сауалға ғылым элі толық жауап үстатқан жоқ. Таң қаламын: батысында 1 литр суда 0,5 грамм түз болады (бүл кейбір ауыз сулардан түщырақ), ал шығысында түздылығы он есе көп.

Бірақ, көлдің осы қалпы ғасырлар бойы сақталып келеді. Батыстан шығысқа су ауысып түрады дейді ғылым. Қисынға қүлатсақ бүл көл элдеқашан кеберсіп кеуіп, буланып үшып кетуі керек еді. Өйткені ағын сумен (өзендермен) көлге түз келеді. Түз судан ауыр, ол тереңге түнып шөге беруге тиіс. Жыл сайын түз мөлшері арта беруі керек. Бірақ олай емес. Өзге су айдындары ағынды — бір жағынан қүйылса, келесі жағынан ағып-алмасып жатады. Ал Балқаш осы алап-тағы ең төменгі ойысты өңірде ор-наласқан. Көл табиғи тепе-теңдігін түрақты сақтап келеді. Бүған қаншама қүрылтайпарда қүралды кеңес қүрған кілең дүрлер жауап жанастырмады. Мен ойлаймын: көлдің жағалауларында түзды сорлар ( мэселен, Тасарал ауылы маңындағы түзды сор — бүл жерден қазір "Балқаш Түз" кэсіпорны түз алуда) кездеседі. Қаншама уақыт бойы жиналып келе жатқан минералды түзілімдер осындай жерлерде жиылып, емдік қасиеті мол сорларға айналған. Сорларды ем үшін пайдаланатын жү_рт жетерлік. Бұ_л туралы да ғылыми зерттеу жүмыстары элі тиянақты жүргізілмеуде. Осы түзды сорлардың көл суы түщылығының табиғи тепе-теңдігін сақтауға эсер етуі эбден мүмкін.

Балқаштың тағдыры — жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады. Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді. Оған эсер ететін фактор көп. Мен айтқым келеді: Балқаштың тағдыры — Алатаудың басы-нан, қытайдың даласынан басталады деп. Себебі көл қанасына су жинайтын алабы сонау Іленің арнасына қүйылатын бастау бүлақтардан, Алатаудың мүзарт шыңдарынан, Арқаның апайтөс даласынан қүралады. Мыңжылдық мүз көбесі сөгілмеген мүздықтар мен жер асты сулары, еспе өзен, өзек-жылғалар ойыс-ойпатта орналасқан көлге арналанып ағып қүйылады. Балқаш тағдырының түйткілді түйіндерін таратып шешу үшін жаратылыстану ғылымдарының барша саласы жүйелі сараптау жүргізген жөн...

Өзіңіз айтқандай түсінікті болуы үшін жіліктеп-жіктеп, таратып айтсаңыз...

—Мэселен, жер асты суларының ағындарын зерттеу гидрогеологтардың шаруасы. Олар жер қыртысында шым-шымдап жиналған сулардың қүрамын, молаю-қүрғау ырғақтарын, оның сыртқы ортамен байланысын зерделейді. Сейсмологтар да бүл іске араласқаны жөн. Жер қыртыстарының, тау жыныстарының тіршілік ырғағы қалыптан шықса, жер асты сулары мен жер бетіндегі өзен-сулар да ағар арнасын ауыстырады.

Ол көлге жанамалай да, тікелей де эсер етеді. Сондай-ақ сонау мүзарт шыңдарды зерттейтін альпинистер мен мамандар да мүздықтардың еруін, таудан аққан судың етектегі өзен-көлге қүлоын, олардың жылдық, маусымдық мөлшерлерін қадағалайды. Осы жерде баса бір айтатын жайт: қазіргі таңда Жер шарында адам аяғы баспаған мыңжылдық мүздықтардың өзі ластануға үшырап жатыр. Бүны қалай түсінеміз?! Мэселен, ғалымдар айтады: қазір ғаламшарда аса зор жылыну процестері жүруде. Мысалы, адам дем алғанда бөлінетін көмірқышқыл газы белгілі деңгейде ауа жылынуына эсер етеді. Ал қазір жер бетіндегі алып өндіріс орындары, мыңдаған автомашиналар, қалалардың бөлетін жылулары, түрлі газды қоспалар 6улану,

ауаға үшу арқылы эуе кеңістігінің жоғарғы қабаттарында суынып, биік шыңдардағы мүздықтарға қонақтайды. Мүздықтар ластанады, ластанса ери бастайды. Ал еріген мүз суға айналып, еңіске ағады. Мінеки, қарапайым табиғи алмасу қисыны.

Балқашқа қүйылатын, жиылатын сулардың 90 проценттен астамы Іле— Жетісу өңірінен келеді. Қазір бүл аймақта адам айтса нанғысыз ластану процесстері жүріп жатыр. Оның ең басында жоғарыда сөз болған мүздықтардың ластануы түр. Менің "Балқаштың тағдыры — Алатаудың басынан басталады" дегенім осы.

Табиғи құбылысқа техногенді ластау әсерін біршама тарқатып
бердіңіз. Іле бойын жағалай орналасқан шаруашылықтардың әсері
жайлы не айтасыз?

—Бүл мэселе өткен жиындарда эркез эр деңгейде айтылып келеді. Мен бір ғана жағдайға тоқталсам. Іле суы — оңтүстік аймақтағы жү_рт үшін басты ауызсу көздерінің бірі. Халық өмірі Ілемен тікелей байланысты. Дей түрғанмен ластану көлемі үлғайып келеді. Оны жүртшылық біледі, білсе де қолдан келер қайран жоқ. Білеміз ғой — түстікте жүрт негізінен жерде өнген өніммен өзек жүбатады. Күріш секілді екпе дақылдар басты ауылшаруашылық өнімі. Осы жер өңдеу ісінде дақылдың мол өнім беруіне кері эсерін тигізетін зиянкес жэндіктерді жою үшін қүрамы күрделі химиялық препараттар пайдаланылады. Оны улы химикаттар, пестицидтер деседі. Бүл химикаттар топыраққа шашылған соң, тазартылмай өзенге түседі. Бүл ертеден-ақ байқалған. Іле көлге қүяды. Улы қосындылар да жаз-күз айларында айдынға ақтарылып, суы тартылған жағалауға сіңеді. Қыс өтсін, көктем келсін. Көктемде су деңгейі еріген мүз, тасыған өзен арқылы көтеріледі. Жағалауға сіңген улы заһар суға араласып кетеді. Көктемде Балқаштың сазаны уылдырық шашу үшін жағалауға, қопалы өзен маңына шоғырланады. Міне, сол кезде, сол кезде (!) сазан да, уылдырық та қырылып қалады. Соңғы жылдары сазанның күрт азайып кеткенін осылай түсіндіруге болады. Қазіргі сазан үсақ — "ересек" сазандар уланып қырылған, эрі бүрнағы жылдары оны аулау шектелмеген...



  • Хош делік, түстіктегі көршілер жайына қанықтық. өзіміз жайлы не
    айтасыз?


  • Иэ, оңтүстік аймақтағы ағайынға билігіміз жүрмейді. Бірақ, көл ортақ
    қой... Осыдан 25 жыл бүрын көлге қаладағы өндіріс орындарынан 10 жерден
    лас су қүйылатын — комбинаттың қалдық сақтау орнынан, жылу
    орталығынан, түсті металл өңдеу зауытынан, сауықтыру орындарынан жэне
    т.б. Сол түста жағажайдағы суды тексеру үшін жазды күндері көлге резина
    етік кимей жақындай алмайтынбыз. Жағалаулар май, мазут, т.б. сіңіп, эбден
    ластанған-түғын. Қазір бэрі көрген түс секілді. 1995 жылдан бері комбинат
    көлге пайдаланылған лас суларды ағызбайды. Мінекей, 6 жыл болды. Түрлі
    айып-тыйым шараларының арқасында осыған қол жеткіздік. Сол кездері
    комбинат өкілдері "Оңтүстікте қаншама өрескел істер бар, ал біз көлге
    түкірсек те айып төлейміз" дейтін. Талап өте жоғары болпы. Жалпы көл суы
    тазалығын екі бағамда қарастырады: Біріншісі — санитарлық норма, екіншісі

— балық шаруашылығы нормасы. Алғашқы қалыптан соңғысы жүз есе қатаң. Себебі, судағы тіршілік иелерінің өмір сүру ортасын ластау — кешірілмес күнэ.

Иэ, жоғарыда айтылды ғой — 6 жыл бүрын көлге лас су төгу тоқталды деп. Қазір жү_рт көлдің бүрынғы ахуалын айтсақ сенбейді. Мен ойлаймын: сол шаруаның бел ортасында жүріп осындай шаруаға қол жеткіздік, ендеше, бүдан да өзге игілікке қол жеткіземіз. Жақын болашақта комбинат мүржаларынан үшатын улы газ мөлшерін мейлінше азайтамыз. Мен осыған сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет