Құрметті аудан тұрғындары !



Дата24.02.2016
өлшемі204.6 Kb.
#11807


Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі Абдуллин Мавр Ерғалиұлының ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған міндеттер туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ
Құрметті   аудан тұрғындары !

 

        Елбасының 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес халықты елде жүргізіліп жатырған реформалар туралы хабардар етіп, мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарту мақсатында әкімдердің есеп беру кездесулері өткізілгелі отыр.

Есептік кездесулер-өткен жылы атқарылған жұмысқа баға беріп, алдымызда тұрған міндеттерді анықтау арқылы тұрғындардың әлеуметтік ауқаттылығын арттыру және аудан экономикасының тұрақтылығын сақтау жолдарын талқылау маңыздылығымен ерекшеленуде.

Өткен жылғы есеп беру кездесулерде елді мекен аралығындағы автокөлік жолдарын жөндеу , бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының құрылысына жүргізу жөндеу жүргізу жөнінде 8 мәселе көтерiлген болатын. Бүгінгі таңда 7 ұсыныс орындалып, облыстық деңгейдегі 1 ұсыныс шешілу сатысында тұр.

100 км аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын жөндеу үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жөнінде ұсыныс берілді.

Аудан тұрғындарының асыға күтіп жүрген ауданға табиғи газ құбырын жүргізу мәселесі шешімін тауып, алғашқы 20 км газ құбыры тартылды.

Өткен 2014 жыл - Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудан басталып, 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау және жүзеге асырумен жалғасын табуда.

Осыған орай аудан әкімдігі жанындағы ақпараттық-насихаттау тобы, облыстық, республикалық ақпараттық насихаттау тобымен жыл бойы бекітілген кестеге сәйкес Елбасының халыққа арнаған Жолдауларын кеңінен насихаттау мен түсіндіру мақсатында , елді мекендерде кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды.

Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру аудан экономикасының ілгері дамуын қамтамасыз етті.

Ауданда демографиялық жағдай тұрақтанып, халық саны жыл сайын өсіп келеді. Өткен жылғы табиғи өсім көрсеткіші 100,0 мың тұрғынға шаққанда 17,0 бірлікті құрап, бүгінде ауданда 18965 адам тұрады.

Аудан экономикасының нақты секторында негізгі көрсеткіштердің орындалуына тоқталар болсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 458,1 млн.теңгені құрады, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 6млрд297,5 млн.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,3 пайызға артты, негізгі капиталға салынған инвестиция 2,9 млрд. теңгені құрап, 176,9 пайызға өсті.

Бюджетті қалыптастыру саласында:

Жергілікті бюджеттің кірісі 232,1 млн.теңгені құрап, жоспардан тыс 7,1 млн. теңге түсіріліп, 103,2 пайызға орындалды.

Бюджеттің шығыс жағының нақтыланған төлемдер жоспары 3 281,6 мың теңге болып, 99,8 пайызға атқарылды.

2015 жылғы мақсат:

Бюджеттік тапшылықты барынша қысқарту;

ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытына жоспарланған бюджеттік қаржының мақсатты да тиімді жұмсалуына тұрақты бақылау ;

аудан кәсіпкерлерінің қалыпты жұмыс жасауына қолдау көрсете отырып, жергілікті бюджеттік кіріс түсімдерін ұлғайту;

аудан тұрғындарының жер, мүлік, көлік салықтарын уақытында төлеуіне байланысты түсінік жұмыстарын жүргізіп, шаралар қабылдау.

Аудан экономикасының негізін қалап отырған ауыл шаруашылығы саласында мал басы сақталып, өндірілген өнім артты. Бүгінде ауданда қолда бар төрт түлік мал мал азығымен толық қамтамасыз етіліп қыстатылуда.

2014 жылғы көктемде егілген 60,7 га жерге картоптан 656,8 тонна, 59,6 га көкөністен 740,2 тонна, 22,0 га бақшадан 589,6 тонна өнім алынды.

Өткен жылмен салыстырғанда өнім ұлғайып, 58766 ц ет, 114923 ц сүт , 1873 мың дана жұмыртқа , 3351 ц жүн өндірілді.

Салада мемлекеттік бағдарламалар бойынша жоспар толық орындалды, оның ішінде:

«Құлан» бағдарламасы бойынша Көптоғай ауылдық округінен «Балтас» шаруа қожалығы 91 бас асыл тұқымды жылқы малын алса,

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалығы 1220 бас асыл тұқымды қой сатып алды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 47,485 млн теңгеге 261 бас мал сатып алынып, жоспар 106,9 пайыз болып асыра орындалды.

«Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы ауданда алғаш рет асыл тұқымды мүйізді ірі қара өсіру қолға алынып, Саралжын ауылдық округінің Қоңырат елді мекенінде бүгінгі таңда 106 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас мүйізді ірі малдары өсірілуде .

Мемлекеттік «Ірі қара малдың етін экспортқа шығару әлеуітін дамыту» жобасын іске асыру бойынша мал бордақылау алаңына 534 бас ірі қара мал тапсырылып, экспортқа 27,2 тонна ет өткізілді .

Қоғамдық табындарға 53 бас асыл тұқымды аталық мал қосылып, жоспар толық орындалды. Бұдан басқа лизингтік жүйемен 24 шаруашылық 30 бас асыл тұқымды аталық мал сатып алып, өз малдарына қосты.

Шаруашылықтардың мал басын көбейту, мал тұқымын асылдандыру мен мал азығын дайындау жұмыстары мен қоғамдық табындарға аталық мал қосқаны үшін Үкімет тарапынан мемлекеттік қолдау шаралары жалғасын табуда . Өткен жыл ішінде 166 аудан шаруашылықтарына - 95млн. теңге субсидия берілді.

Ауданың 14 шаруашылығына «КазАгро Қаржы», «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» ЖШС арқылы лизингтік жүйемен 18 шаруа қожалығына 62млн.238мың теңгеге жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуларына қолдау көрсетілді.

Мал дәрігерлік қамту шаралары бойынша жоспардағы белгіленген аурулардың барлық түрлері бойынша алдын алу-емдеу, тексеру жұмыстары артығымен орындалып, республикалық бюджеттен бөлінген 46,0 млн. теңге игерілді.

Бруцеллезге 33 000 бас мүйізді ірі қара тексеріліп, оң нәтиже берген 439 бас , 94000 бас қой-ешкі тексеріліп, оң нәтиже берген - 992 бас жойылды.

Жойылған қой-ешкі иелеріне тапсырған құжаттарына сәйкес бюджеттен тиісті өтемақы берілуде.

Ауру малдар анықталған 28869 шаршы метр 207 аула-қораларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Өткен жыл ішінде10320 бас мүйізді ірі қара, 55311 бас қой-ешкі, 926 бас жылқы бірдейлендіріліп, жоспар толық орындалды.

Аудан тұрғындарының анықталған бруцеллез малдарын дер кезінде жоймау фактілері әлі де кездесуде. Өткен жылы аудандық аумақтық инспекция арқылы бруцеллез малдарды уақытында жоймаған 11 тұрғынға 190,7 мың теңге айыппұл салынып өндірілген.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғындардан бірдейлендірілген малдарының құлақ жапсырмалары мен ветеринариялық паспорттар құнының өтелу деңгейі жоғарылап, 13343,1 мың теңге бюджетке қайтарылды.

2015 жылғы міндеттер:

1. Мал шаруашылығында: «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субьектілерінің ұсынылған жобаларына қолдау көрсету;

Ауданның 1 елді мекенінде мал бордақылау алаңын ашу;

Мемлекеттік бағдарламалар негізінде шаруашылықтардың мал сатып алу үшін ауыл шаруашылық құрылымдарының несие алуларына, лизингтік жүйемен жаңа техникалар алуына, малды асылдандыру жұмыстарына қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыру;

малдардың тері , жүн өнімдерін өңдеу кәсіпкерлігін ашуға инвесторлар іздестіру;

жұқпалы мал ауруларына қарсы ветеринариялық жұмыстар деңгейін одан әрі жоғарылату;

өсімдік шаруашылығында: жергілікті көкөніс, картоп, бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етуді одан әрі жақсарту .

Жер ресурстарын басқару.

Өткен жылы 28 шаруа қожалдығының пайдаланылмай отырған 6737 га жер учакскелерін қайта айналымға енгізу арқылы жаңадан ашылған 18 шаруа қожалығына жаңадан 32310 га және 43 шаруа қожалығына қосымша 59888 га жер учаскелері беріліп, өткен жылмен салыстырғанда шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалануы 92198 гектарға өсті. Оған қосымша жаңадан ашылған 3 серіктестікке 20869 га жер учаскесі берілді.

Ауданның кәсiпкерлiк құрылымдары экономиканың дамуына, халықты жұмыспен қамту мәселесiн шешуге, қызмет көрсету саласының кеңеюiне өз үлестерiн қосуда.

Өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік субьектілер саны 56 бірлікке артып, 109,7 пайызға өсуі нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілерінен бюджетке түскен түсім өткен жылмен салыстырғанда 111,6 пайызға артты.

Өткен жыл ішінде заңды тұлға белсенділігі- 75,0 пайызға , шаруа қожалықтар белсенділігі-96,3 пайызға, ал жеке кәсіпкерлер белсенділігі-85,5 пайызға жеткізілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткен жылы 34 адамға 43,0 млн.теңге несие беріліп, аудан елді мекендерінде жаңадан 12 кәсіпкерлік субьектілері ашылды, оның ішінде 34 адамға мал шаруашылығын дамытуға 42600,0 мың теңге, такси қызметін көрсету үшін 800,0 мың теңге, шаштараз ашуға 500,0 мың теңге, тігін цехын ашуға 700,0 мың теңге, мейрамхана салуға 3000,0 мың теңге, монша салуға 2200,0 мың теңге шағын несиелер берілді.

15 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып жоспар толық орындалды.

Аталған бағдарлама аясында жетіспейтін инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша "Жастық" сауда үйі мен "Көптоғай селосында "Монша" нысанының сыртқы желілерінің құрылысы жұмыстары жүргізіліп, 3 шаруа қожалығының малшы үйлеріне күн сәулесімен электр қуатын беретін құрылғы қондырылып, мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Облыстық «Ақтөбе-Стартап » конкурсы арқылы мемлекеттік грантқа ұсынылған 8 жоба ішінен Екпетал елді мекені тұрғынының жеміс ағаштарын егу, құлпынай өнімін өндіру жобасы 2500,0 мың теңгенің грантын иеленді.

2015 жылғы жоспар:

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында ұсынылған кәсіпкерлік жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету;

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бөлінген несиелелерді бірінші кезекте аудан елді мекендерінде қызмет көрсету орындарын ашуға бағыттау;

аталған бағдарлама асясында кәсіпкерлік субьектілердің жетіспейтін инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру

Әлеуметтік салада жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерiне ерекше көңiл аударылуда.

Жыл ішінде өтініш білдірген жұмыссыздардың 64,6 пайызы немесе 455 адам жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 130 пайызға орындалды.

Жергілікті бюджеттен 11,4 млн. теңге игеріліп, 200 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға, 6,0 млн. теңге жұмсалып, 34 жас жастар тәжірибесіне тартылып , 2,9 млн. теңгеге 36 әлеуметтік жұмыстары ашылды.

Өткен жыл ішінде ұйымдастырылған 16 бос жұмыс орындарының жармеңкесіне 122 жұмыс берушілер қатысып, 145 адамның жұмысқа орналасуына ықпал етіліп, 35 адам қоғамдық жұмысқа орналастырылды, 21 адамға ауданға қажетті кәсіптік білім алу жөнінде кеңес берілді.

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы » бағдарламасының маңызы артып келеді.

Бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілген нысандарда 206 адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша өткен жылы 36 әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, 23 адам тұрақты жұмысқа орналасса, Жастар тәжірибесіне 60 адам тартылып, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

20 адам кәсіптік оқуға жіберіліп, 21 адам қайта даярлау , 3 адам біліктілігін арттыру курстарынан өткізіліп, барлығы да жұмыспен қамтылды.

Аз қамтылған отбасылар мен әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қамту бойынша бөлінген қаржылар да уақытында игерілуде. Өткен жылы 18 жасқа дейінгі 452 отбасының 1455 балалары үшін 25,5 млн.теңге жәрдемақы , 1217 әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша 9,0 млн. теңге әлеуметтік көмек берілді.

2015 жылға республикалық бюджеттен 42 әлеуметтік жұмыс орындарын ашу үшін 9173,0 мың теңге; 40 жасты Жастар тәжірибесіне тарту үшін - 8562,0 мың теңге; 4 адамның біліктілігін арттыруға 194,0 мың теңге; 15 жұмыссызды қайта даярлауға 1604,0 мың теңге, 10 жұмыссызды кәсіптік даярлауға 6978,0 мың тенге қаралып отыр.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2018 жылдарға дейінгі іс-шаралар жоспары аясында мүгедектердің оңалту Бағдарламасына сәйкес 16 адамға санаториялық жолдама беріліп, 1 мүгедек сурдо-тифлотехникалық және 36 міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Бірінші топтағы 10 мүгедекке жеке көмекші қызмет көрсетеді. Өздігінен жүру мүмкіндігі жоқ 10 мүгедек қол арбамен қамтамасыз етілді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж 2 мүгедек облыстағы медициналық-әлеуметтік мекемелерге орналастырылды.

Өткен жыл ішінде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар 24 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылып, 10 мүгедек қоғамдық, 6 мүгедек әлеуметтік жұмысқа тартылды.

«Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету» қолға алынып, 9 мамыр Жеңіс күніне 232 адамға 4520,0 мың теңге , мүгедектер күнінде 430 азаматқа 12855,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, өткен жылы туберкулездің әртүрлі нысандарымен және онкологиялық аурулармен ауыратын тұрғындарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 43 адамға 4463,3 мың теңге көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер демографиялық жағдайды одан әрі жақсартуға негіз болуда. Ағымдағы жылдың 11 айында 378 сәби дүниеге келіп, табиғи өсім көрсеткіші 16,29 бірліктен 17,60 бірлікке өсті.

Еліміздің денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің екінші кезеңі басталып денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастыру мәселелері, түрлі аурулардың (соның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар: туберкулез т.б.) алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде іс шаралар жүйелі жүзеге  асырылуда.


Аталған бағдарлама шщеңберінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын-алу бойынша 12885 адам тегін скринингтік тексерулерден, 8227 адам флюорографиялық тексеруден өткізіліп, аурулығы анықталған 703 адам, оның ішінде туберкулезбен алғашқы сырқаттанған 11 адам есепке алынып, емделуде.

Аудандық орталық аурухана арқылы 1 жасқа дейінгі балаларға 1,2 млн. теңгені сүті мен қобдишасы, 0 жастан 5 жасқа дейінгі балалар мен «Д» есептегі сырқаттарға 23,4 млн. теңгенің тегін дәрілері берілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 37,0 млн.теңгеге Қараой дәрігерлік амбулаториясына жаңа ғимарат салынып пайдалануға берілді.

Аудандық орталық ауруханаға 12,0 млн.теңгеге реамобиль автокөлігі алынып, 2,0 млн.теңгеге материалдықтехникалық базасы нығайтылды.

Өткен жылмен салыстырғанда туберкулезбен алғашқы сырқаттанғандар санының кемімеуі туберкулезге қарсы шараларды күшейтуді одан әрі талап етуде .

Өткен жылы аудандық аурухана 2 жас маманмен толықты. Жұмысқа орналасқан 2 маманға 259,2 мың теңге көтермежәрдемақы, бір маманға 1289,5 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін кредит берілді.

2015 жылғы жоспар:

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізуді одан әрі қалыптастыра отырып, әлеуметтік маңызы бар аурулар санын азайту мақсатында профилактикалық шараларды одан әрі күшейту;



тұрғындардың туберкулезге қарсы толық тексерумен қамтылуы бойынша шаралар қабылдау, осы мақсатта жаңа жылжымалы флюороқондырғылы автокөлік алу шараларын қабылдау;

емдеу мекемелерін жоғары кәсіби медициналық кадрлармен қамтамасыз ету шараларын жалғастыру;

емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын одан әрі жақсарту;

Екпетал,Теректі және Қарасу дәрігерлік пункттерін күрделі жөндеуге ұсыну.

Білім беру саласында жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселелері аудан әкімдігінің басты назарында ұсталуда.

Ауданда 1 аграрлық колледж, 1 мектеп гимназия, 23 мектеп пен мектеп балабақшалар, 8 дербес балабақша жұмыс жасауда.

Қабылданған шаралар өз нәтижесін беріп өткен жылмен салыстырғанда осы саладағы көрсеткіштердің өсуіне септігін тигізді . Жалпы орта білім беру ұйымдарында өткен жылғы оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа балл көрсеткіш – 80,9 балл болып, өткен жылмен салыстырғанда 14,5 баллға жоғарылады.

Өткен жазда жергілікті бюджеттен 5,0 млн.теңге игеріліп мектеп оқушыларының 91,0 пайызы немесе 2571 оқушы баланың жазғы демалысы ұйымдастырылды.

Бюджеттен 41,5 млн.теңге бөлініп, 1-4 сыныптардағы 1324 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда, оған қосымша жергілікті бюджеттен 21,3 млн.теңге бөлініп, аз қамтылған көп балалары отбасындағы 798 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда.

Оқушыларға сапалы білім беру мектептердің мактериалдық-техникалық жағдайына тығыз байланысты. Осы себепті жыл санап аудан елді мекендерінде жаңа мектеп ғимараттары көбейіп, бірқатары талапқа сай күрделі жөндеуден өткізілуде.

Өткен жылы ғана Көптоғай ауылдық округінің Амангелді елді мекенінде 100 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 448 млн.теңгеге Саға мектеп балабақшасы , Саралжын, Сапақкөл, Құрман, Ш.Берсиев орта мектептері мен Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің интернат ғимараттарына және облыстық бюджеттегі Ойыл аграрлық колледжі ғимаратына күрделі жұмыстары жүргізіліп, 1 балабақша ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізілді .



Өңірлік даму бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржыларға Құбасай бастауыш мектебіне және Қаракөл негізгі мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Республикалық бюджеттен бөлінген 4097,0 мың теңгеге жаңадан салынған Амангелді орта мектебі химия кабинетімен жабдықталды.

Бүгінгі таңда аудан мектептерінің 80,0 пайызы кең жолақты интернет желісіне қосылып, 13 химия, 14 физика,7 биология және 9 мультимедиялық кабинеттер жұмыс жасауда.

Балаларды мектепке дейінгі  тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында жүргізілген іс-шаралар негізінде 3 пен 6 жас аралығында балалар мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен толық қамтылып, 1-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы -95,4 пайызға жеткізілді.

Өткен жылы ауданның білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасқан 25 маманға 3241,0 мың теңге көтерме жәрдемақы, 11 маманға 24165,0 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін кредит берілді.

Білім беру жүйесінде әр педагогқа өз білімдерін Назарбаев зияткерлік мектебі бағдарламасы бойынша меңгеру талабы қойылып , мұғалімдер аталған бағдарлама бойынша арнайы курстардан өткізілуде.

2015 жылғы жоспар:

оқушыларға білім беру сапасын одан әрі арттыру бойынша шараларды,оның ішінде мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату шараларын жалғастыру;

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде мектептер мен бала бақша ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыну;

Жамбыл мектеп балабақшасы мен Жақсыбайкөл негізгі мектебіне жаңа ғимараттар салуды ұсыну;


аудан орталығында 280 орындық балабақша ғимаратын салу бойынша тиісті құжаттарын әзірлеп, ұсыну

Халықтың рухани байлығын молайтып, мәдениетін арттыру, ұлттық мәдениетті сақтауда кітапханалар мен түрлі мәдени мекемелердің алар орыны ерекше.

Ауданның мәдениет саласында ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттау шаралары жалғасып, мемлекеттік тілді қолдау бағдарламаларын, салауатты өмір салты мен жастар саясатын насихаттау мен отбасы мәртебесі мен оның құндылықтарын арттыру бойынша көпшілік мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласының 145 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Байғанин аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен мемлекеттік мерекелер күніне орай ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар аудан тұрғындарының көңілінен шықса, өткен күзде өткізілген «Ұлы жібек жолында жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» этнофестиваліне еліміздегі атақты «Құрманғазы» оркестрінің және белгілі өнер қайраткерлері мен жыршы-термешілердің келуі аудан абыройын асқақтатып, оны елімізге насихаттауда ерекше маңызға ие болды.

Аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтар жергілікті бюджет және өздерінің ақылы қызметтерінен түскен қаржылар арқылы материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын жүргізуде.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 29,0 млн.теңгеге «Ойыл балалар кітапханасы» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдармасы бойынша 1200,0 мың теңге Ш.Берсиев атындағы ауылдық округіне қарасты Құмжарған ауылдық клубына, 640,0 мың теңгеге Көптоғай ауылдық округінің Амангелді ауылдық клубына жылу жүйесі және 1116,0 мың теңгеге Ш.Берсиев атындағы ауылдық кітапханаға және 1248,0 мың теңгеге Ақжар ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Орталық кітапханалар жүйесі 5232 жаңа кітаптарымен толықтырылып, Қайыңды ауылдық кітапханасы модельді кітапхана болып қайта жарақтандырылды.

«Ойыл патриоттық тәрбие беру орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны өткен жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығы болып қайта құрылып, тұрғындарға ақылы қызмет көрсету бойынша жұмыс ауқымы кеңейіп, өткен жылмен салыстырғанда ақылы кызмет көрсетуі 5,7 есе өсіп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы орталық саябақ балалардың демалуларына қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылды.

2015 жылғы жоспар:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде мәдени мекемелерді күрделі жөндеуге ұсынуды жалғастыру;

Еліміздің дәстүрлі мерекелері мен бағдарламалармен қоса, Қазақ хандығының 450 жылдығын, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтап, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру;

мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау;

ақылы қызмет көрсету ауқымын кеңейту шараларын қабылдау.

Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша 2013 жылы қолға алынған ауыл және жастар күндері өткен жылы да жалғастырылып, жастарымыздың жаңалыққа, өнерге құштарлықтары мен отаншылдық сезімдерін одан әрі нығайтуға септігін тигізді .

Жыл ішінде «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау, жастар арасында патриотизмді нығайту жұмыстары тұрақты жүргізілді.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен өткен жылғы қыркүйек айында «Мәңгілік ел – кемел келешек!» Ойыл-Қобда велошеруі ұйымдастырылды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша 1600,0 мың теңге игеріліп, аудандық Ресурстық орталығы мен «Жігерлі жас» қоғамдық бірлестігі арқылы жастардың азаматтық бастамаларын, рухани - адамгершілік, зияткерік шығармашылық және дене күш - қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру мақсатында ауқымды шаралар ұйымдастырылды.

«Жасыл ел» көгалдандыру жасақтары жобасына 64 жас тартылып, еңбек маусымының қорытындысы бойынша 5 жас жолдамамен республикалық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының Х слетіне қатынасты.

Жастар арасында ұйымдастырылған «Жақсылық жасауға асығайық» атты акциясы барысында, аудан орталығындағы кәсіпкерлердің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған қайырымдық акциясы ұйымдастырылса, «Қамқорлық» , «Таза су айдындары», «Асар» әлеуметтік акциясы және «Мейірімді іс» акциясы аясында аға буынның қолдауымен жастарымыз туған өлкенің таза болуына үлес қосып, қамқорлықты қажет ететіндерге қолкөмек ұйымдастырып, бірқатар игі істер атқарды.

Аудан жастары көршілес облыстар Атырау және Батыс Қазақстан облысы жастарымен бірлесіп жыл сайын өткізіліп келе жатқан жастар форумына белсенді қатынасып, аудандық, облыстық, республикалық шараларда жүлделі орындарға ие болуда.

Өткен жылы алғашқы рет облыстық «Дельфий» ойындарына қатысқан 2 жас ән жанры бойынша жүлделі орындарды иеленсе, би жанры бойынша «Әсем» би тобы үздіктер қатарында танылды. «Жастардың ісі - ауылды дамыту!» атты облыстық форумға қатысқан жастарымыз футбол спортынан жақсы нәтижелерімен көзге түсті.

Өткен кездесулерде жастардың басты мәселе ретінде көтерген спорт алаңдарын дамыту мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде .

Елбасының тапсырмасына орай халықтың жаппай спортпен шұғылдануын жақсарту мақсатында аудандағы барлық мектептердің спорт залдары қазіргі заман талабына сай жөнделіп жылдың кез келген мерзімінде жаттығу жасауға мүмкіндік туғызылды.

Өткен жылы 53 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға 3983 адам қатысты, оның ішінде Қараой ауылдық округінде спортттың 7 түрінен өткен спартакиадаға 291 спортшылар қатынасты.

Өткен жылы спортшылардың облыстық жарыстарға қатынасуы мен аудандық спорттық шараларды өткізу жұмыстарында жергілікті бюджеттен бөлінген 1,9 млн.теңге игерілді.

Республикалық бюджеттен бөлінген 70 млн.теңгеге аудандық балалар және спорт мектебі жанынан жасанды жамылғылы стадион салынып пайдалануға берілді. Жақында Сарбие ауылында спорт кешені іске қосылды.

Осындай мемлекеттік қолдаулардың арқасында ауданның волейбол құрамасы соңғы 2 жыл бойы облыстық ойындарында бас жүлдені жеңіп алып, республика көлемінде Ақтөбе облысының намысын қорғап келеді.

2015 жылғы мақсат:

2020 жылға қарай 30%-ға дейінгі қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тарту жөніндегі Елбасының тапсырмасының одан әрі толық жүйелі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету ;

мектептерді спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шараларын жалғастыру ;

елді мекендердегі спорт алаңдарын жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру;

Құрылыс саласында аудан бойынша 3966 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 100,6 пайызға артты, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 11 жалдамалы-коммуналды тұрғын үй салынып пайдалануға берілді.

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында 21 млн.теңге игеріліп, 3 елді мекен көшелері жарықтандырылып, 6 әлеуметтік нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылға жоспар:

жалдамалы-коммуналды тұрғын үйлер салу және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыларды толық игеру;

тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысын салуға қолдау көрсетіп инженерлік-коммуналдық жүйемен жабдықталған тегін жер учаскелерін беруді одан әрі жалғастыру ;

Ойыл селосы көшелерін асфальттау жұмыстарын жалғастыру;

аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау орната отырып, бөлінген қаржының мақсатты игеріліп, құрылыс –жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде сапалы аяқталуын қамтамасыз ету.

Облыстық «Энергожүйе» серіктестігі арқылы 6,0 млн.теңгеге 52,8 км электр әуе желілері күрделі жөндеуден өткізіліп, 5 елді мекенде жаңа трансформаторлар қондырылды.

Ауданның телекоммуникация және интернет жүйесін дамыту бойынша өткен жылы телефон пайдаланушылар саны артып, жоспарланған профилактикалық жұмыстар толығымен орындалды.

Өткен жылы жаңадан 138 телефон нүктесі қосылып,барлық абоненттер саны 2638 ге жеткізілді.

Кемер, Қайынды елді мекендерінде әкімшілік ғимараттарына спутник арқылы интернет желісі қосылды. Кеңжолақты интернет қызмет көрсетілетін абоненттер саны 501 ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 111,0 пайызға өсті.

Алда озық интернет жүйесі мен тұрғындарының сандық телевидение қызметін пайдалануына қол жеткізу мақсатында оптикалық талшықты байланыс жүйесін енгізу мәселесі көтеріліп отыр .

Аудандық маңыздағы 312 км автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп баптау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7798,2 мың теңге игерілді.

Осы тезис барысында баяндалып өткендей бірқатар елді мекен аралығында автокөлік жолдары жергілікті бюджет және демеушілік қаржылармен бор төселіп, тегістеу жұмыстары және мүмкіндікке қарай су жырған жерлері жөнделді.

2015 жылғы жоспар:

аудан елді мекендері аралығындағы автокөлік жолдарын күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс жасау;

қыс айларында автокөлік жолдарын қардан аршу жұмыстарына түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, елді мекендердегі шаруашылықтар иелігіндегі техникаларды қосымша жұмылдыру;

Тұрғындарды орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылып, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша өткен жылы Көптоғай ауылдық округінің Амангелді елді мекеніне ауыз су құбырын жүргізу үшін облыстық тұрғын үй –комм.шаруашылық басқармасы арқылы жобалау-сметалық құжаттары дайындалды.

Қайыңды елді мекенінде ауыз су құбырын жүргізу бойынша облыстық тұрғын үй –комм.шаруашылық басқармасы арқылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды.

Аудан елді мекендерінің санитарлық тазалығы мен жасыл желектендіру, абаттандыру жұмыстары аудан әкімдігінің басты назарында ұсталуда.

2014 жылы жергілікті бюджеттен аудан бойынша елді мекендерді жарықтандыру жұмыстарында 6419,0 мың теңге , көркейту жұмыстарында 8909,0 мың теңге, санитариялық тазалық жұмыстарына 640,0 мың теңге игерілді.

Барлық ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл-көше, елді мекен аралығындағы автокөлік жолдары аймағының тазалығы тұрақты бақылауда ұсталды.

Аудан елді мекендерінде жарияланған «Үздік үй» конкурсы бойынша Ойыл селосының тұрғыны Мәденбай Тумышевтің тұрғын үйі жеңімпаз болып танылса, «Үлгілі аула» атағын Мақсот Бисембин жеңіп алды. Конкурсқа қатысқан аудан елді мекендеріндегі үлгілі үй, үлгілі аула иелері Б.Ертеміров, Ж.Бисалиев, Е.Сисенов, Л.Жүсіпов, С Жұмабаев, М.Тәтебаевалар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Қадірлі аудан тұрғындары, аудан әкімдігі тарапынан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген жерлестеріміз облыс , республика деңгейінде танылып, марапаттауға ұсынылуда.

Өткен жылы Саралжын ауылдық округінің тұрғыны Жақсылық Бисалиев пен Қайыңды ауылдық округінің тұрғыны Мұрат Тілегенов «Еңбек даңқы» орденін иеленсе,

50,0 млн.теңгеден астам қаржылай демеушілік жасап, ауданның әлеуметтік саласын дамытуға үлкен үлесін қосқан жерлесіміз Сальфиков Талғат Маратұлы еліміздің «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталды.

Бірқатар білім және денсаулық сақтау саласындағы қызметшілер өз қызмет ететін саладағы ұзақ жылғы абыройлы қызметі үшін мемлекеттік наградалармен, республикалық дәрежедегі төсбелгілермен марапатталғанын білесіздер.

Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Байсейіт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бузекеев Сәбит Амангелдіұлына және Францияның Ножан Сюр Марн қаласында өткен Халықаралық конференциясында ІІ дәрежелі лауреат атанғаны және білім саласындағы жоғары жетістігі үшін Құрман орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сембаева Асылай Ерланқызына «Ойыл ауданының жыл адамы - 2014» атағы беріліп, өздерінің жоғары кәсіби қызметімен көзге түскен қызметшілерге аудан әкімінің 2014 жылғы сыйлықтары берілді.



Аудан экономикасының одан әрі нығаюына үлес қосып, тұрғындарға көрсеткен үлгілі қызметтері үшін 17 кәсіпкер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жеткен жетістіктеріміз біздің ортақ жемісіміз.

Ауданның өркендеуіне үлес қосқан баршаңызға ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта да барша аудан халқының ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге белсенді қатынасатына сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет