Шымкент қалалық білім бөлімінің 2014 жылы атқарған ұмыстарының есебі Білім бөліміне қарасты мекемелер



Дата23.02.2016
өлшемі194.96 Kb.
#5646
Шымкент қалалық білім бөлімінің 2014 жылы атқарған ұмыстарының есебі

Білім бөліміне қарасты мекемелер. 2013 жылдың I тоқсанында Шымкент қаласындағы мектептер саны - 84 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 70, мектептен тыс мекемелер саны - 8. 2014 жылы үш ауданның қосылуынан кейін 1 қазандағы жағдай бойынша мектептер саны - 128 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 80, мектептен тыс мекемелер саны - 9.




Жылдар

Мектептер

Балалақшалар

Мектептен тыс мекемелер

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

2013

84

108329

73

25135

8

12880

2014

128

148351

80

24377

9

15545


Ескерту: үш ауданнан білім мекемелерінің қосылуына байланысты мекемелер саны да, оқушы саны да артып отыр.

2013 жылы типтік мектеп – 71, ыңғайластырылған мектеп – 11. 2014 жылы типтік мектеп – 100, ыңғайластырылған мектеп саны – 26. Түзету мекемесінде 2 мектеп орналасқан.



Қаржыландыру. 2014 жылға білім саласын дамытуға 30 млд. 190 млн. 438 мың теңге қаралып, қаралған қаржының 30 млд. 188 млн. теңгесі немесе 99,99% игерілді.




Бюджет түрі

2013 жыл (мың теңге)

2014 жыл (мың теңге)

1

Жергілікті бюджет

21 013 939,0

22 941 967,0

2

Республикалық бюджет

2 620 242,0

6 205 76,0

3

Облыстық бюджет

744 943,0

627 995,0




Барлығы

24 379 124,0

30 190 438,0


Білім қорына бөлінген қаржы. Жалпы білім қорына, яғни жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы және оралман отбасылардың балаларына мектеп формасын, жазғы демалысын және бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2013 жылға 225597,0 мың теңге қаралып, 1,9%-ды құрады. Оның: 143364,0 мың теңгесіне 4946 бала 75 асхана, 9 буфеті бар мектептерде (100%) ыстық тамақпен қамтылған, ал мұқтаж балаларды мектепке киім – кешекпен қамтамасыз етуге 54400,0 мың теңге қаралып, оған 5440 бала, жазғы сауықтыру лагерімен 27 833,0 мың теңгеге 1413 бала қамтылды.

2014 жылы білім қорына 351 млн. 570 мың теңге қаралды, ол 2,2 %-ды құрап отыр. Оның: Ыстық тамаққа 8383 оқушыға 196725,0 мың теңге, 54 млн 970 мың теңгесіне – 3848 бала «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке қажетті киім-кешек, оқу құралдарымен жабдықталып, 99 млн 875 мың теңгеге 4415 бала қала сыртындағы лагерлерде жазғы демалыспен қамтылды.


Педагог кадрлар







Ұстаздар саны

Жоғары санат

І-санат

ІІ-санат

Санатсыз

1

2013 жыл

12384

3514

28,4%

2926

23,6%

2973

24%

2971

24%

2

2014 жыл

15691

3981

25,4%

3628

23,1%

4427

28,2%

3655

23,3%

Міндеттемеге сәйкес жоғарғы және І-санат мұғалімдер үлесі 30% болуы қажет. Бұл білім мекемелерінде 48,5%-ды құрап отыр.

Қала бойынша 2014 жылы 2345 мұғалім курстан өткен болса, оның ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы базасында 3 айлық курстан – 417 мұғалім, екі апталық курстан – 1807, ал «Педагогикалық шеберлік» орталығының базасында – 121 мұғалім курстан өтті.

Ағымдағы жөндеу. 2013 жылға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 142 614,0 мың теңге қаржыға 135 мекемеге, 2014 жылы 245 млн 702 мың теңге 179 мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Күрделі жөндеу. 2013 жылы 8 мектепке және 12 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылға 29 мектепке (№№2,3,4,6,7,15,17,20,23,25,26,29,30,31, 33,37,38,40, 42,44,45,46,51,62,82,84,93,107,113) пен 8 балабақшаға (33,47,66,68,71,74,86,100), 3 әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 40 мекеменің – 2 мектебінде (№25, 38) ЖСҚ-да қаралған қаржы 2015 жылға өтпелі, жұмыс комиссиясымен қабылданды.



Қазіргі таңда, №15, 46, 93 мектептер және №66, 74 балабақшаларының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, мемлекеттік қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Келісім шарттың мерзімі бойынша өз жұмыстарын орындай алмай қалған мекемелер болды. Атап айтсақ №3 мектептің мердігері ЖШС «EР-Ай-Б» (келісім шарт бойынша 15.05.2014 жылы бастап, 20.08.2014 жылы аяқтау) мекемесі, №30 (келісім шарт бойынша 01.06.2014 жылы бастап 01.08.2014 жылы аяқтау), №40 (келісім шарт бойынша 12.05.2014 жылы бастап 12.08.2014 жылы аяқтау) мектептердің мердігері ЖШС «Фирма қайназар» мекемесі, №25 мектептің (келісім шарт бойынша 01.06.2014 жылы бастап 20.08.2014 жылы аяқтау) мердігері ЖШС «Люкс строй» мекемесі, №15 мектептің (келісім шарт бойынша 01.06.2014 жылы бастап 20.08.2014 жылы аяқтау) мердігері ЖШС «Синтез» мекемелері келісім шарттың 36 тармағы бойынша айыппұл салынуда. Келісім шартты орындамағаны үшін жосықсыздар тізіміне енгізілетін болады. №46, 93 мектептер мен №66 «Болашақ» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстары облыстық құрылыс басқармасында қайта конкурс өткізіліп, мердігерлер анықталып, қазан айынан бастап жұмыс жүргізілуде.
Жаңа құрылыс. 2013 жылы 4 мектеп (Ворошиловка-1200, Ақтас-600, Жиделі-600, Құрсай-900 орындық), 3 балабақша (Самал-3-320, Тұлпар-320, Асар 280 орындық) құрылысы басталып, 2013 жылдың қыркүйек айында Ақтас-600 орындық мектеп, қазан айында «Жиделі» е/м (600 орындық мектеп), 1 балабақша (Асар 280) құрылысы пайдалануға берілді. Ал қалған мектептер 2014 жылға өтпелі.

Қайтару арқылы жаңадан ашылатын 2 балабақша (Күншығыс, Тұрлан м/а) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2013 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

2014 жылға өтпелі 2 балабақшаға (Самал-3-320, Тұлпар-320 орындық) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көкбұлақ -300 орындық, Бозарық-1200 орындық, Қаражол-900, Сайрам-1200 орындық мектеп және Гаражная-80, Нұртас-320, Қазығұрт-330, Жангелдин-320, Самал-2-320, Бозарық-320, Ерімбетов-320 орындық балабақшалардың құрылысы 2014 жылдың маусым айынан бастап жүргізуде.

2014 жылдың 1 қыркүйегіне Ворошиловка елді-мекеніндегі 1200 орындық және желтоқсан айында Жыланбұзған-300 орындық, Құрсай ш/а-900 орындық мектептер құрылыстары пайдалануға берілді. Қалған мектептер мен балабақшалар 2015 жылға өтпелі.



Қосымша құрылыс. 2013 жылы 6 мектепке (№6, 15, 48, 54, 58, 42) қосымша құрылыс жүргізу жоспарланып, №6, 42, 48 мектептеріндегі қосымша құрылыс, №54 мектептің спорт залы пайдалануға берілді.

Ал, №15, 58 мектептеріндегі қосымша құрылыстар 2014 жылға өтіп, 1 қыркүйекке және БЭСМ-3 мәжіліс залы желтоқсан айында пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы №22, 73, 94 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары басталды.



Апатты жағдайдағы мектептер. 2013 жылы 3 (№1, 12, 36) мектептің жекеленген ғимараттары апатты жағдайда болып танылды.

2014 жылы 6 (1, 12, 36, 105, 118, 124) мектептердің ғимараттары апатты жағдайда деп танылып, қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде №1, 105, 124 мектептерінің қайта құру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.



Үш ауысымда оқытылатын мектептер. 2013 жылы бала санының артуына байланысты 8 (49, 57, 58, 59, 69, 76, 83, 85) мектеп үш ауысымда оқыды. 2014 жылы 3 ауысымда оқитын 13 мектеп (№22, 49, 57, 59, 69, 76, 80, 83, 85, 82, 91, 103, 111). №49 мектепте құрылыс жүргізілуде, №22 жалпы негізгі мектептің құрылысы басталып, жұмыстар жүргізілуде. №57, 85 мектептері құрылысының ЖСҚ дайын, құрылыс жұмыстары басталды, №59, 69, 83 мектептерге ЖСҚ дайындалуда. №76 мектепке асхана, шеберхана, спорт, мәжіліс залдарын салуға ЖСҚ дайындалуда. №91, 111 мектептердің жанынан қосымша құрылыс салуға ЖСҚ дайын, 2015 жылы құрылысы басталады. №82 мектепке қосымша құрылыс салуға 2015 жылға ЖСҚ дайындауға сұраныс берілді. №103 жалпы орта мектептің жанында орналасқан №115 мектепке 1200 орындық құрылыс салумен шешімі табылады.

Тасымал. 2013 жылы 10 мектепте (№12,19,55,56,58,61,72,80,83,88) тасымалдау жүргізілсе, ал 2014 жылы 11 (№46,55,56,58,61,72,73,83,88,98,120) жалпы орта мектептерінің оқушылары тасымалдануда.

Шешу жолдары: №46 мектеп күрделі жөндеуден өтеді, №55 мектеп Жаңа Тұрлан ш/а-600 және 900 орындық жаңа мектеп құрылысы, №56 мектеп Самал-3 ш/а-1200 мектеп құрылысы, №58 мектеп Тұран ш/а-1200 орындық мектеп құрылысы, №61 мектеп жаңа қоныстанушылар есебінен шешіледі, №72 мектеп Қаражол ш/а-900 орындық мектеп құрылысы, №73 мектепке-200 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде, №83 мектеп Қайнар-бұлақ саяжайында-1200 орындық мектеп құрылысы, №88 мектеп Ақниет ш/а-900 орындық мектеп құрылысы, №98 мектеп Шаңырақ ш/а-900 орындық мектеп құрылысы.



Оқулық. Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай 2011 жылы 4, 6, 11 сынып, 2012 жылы 1, 7, 8 сынып, 2013 жылы 2, 9 сынып оқушыларының оқулығы және 1-ші сыныптың ағылшын тілі, 5-ші сыныптың информатика оқулықтарымен қамтылды. 2014 жылы 2-сынып ағылшын тілі оқулығы, 3, 10-сынып оқушыларының оқулығы және 6-сынып информатика пәні оқулықтары мекемелерге толық жеткізілді. 2015 жылы 4, 5, 6,11-сынып оқушыларының оқулығы, 3-сыныптың ағылшын тілі, 7-сыныптың информатика оқулығы алынады деп жоспарлануда.

Компьютер. Білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған, 2013 жылы 1 компьютерге 15 оқушыдан келді, ал 2014 жылы 1 компьютерге 19 оқушыдан келіп отыр. 2015 жылға республикалық бюджеттен 10 000 дана компьютерге сұраныс берілді. Сұраныс орындалған жағдайда міндеттемеге сәйкес 1 компьютерге 9 оқушыдан келетін болады.

e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

2013 жылы Шымкент қаласының 27 мектебі, ал 2014 жылы 36 мектебі «е-learning» бағдарламасына сәйкес толық жабдықталған.



Жобаның негізгі мақсаттары:

  • үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  • мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру;

  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту;

  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету.

Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады.

Е-Learning-те оқушылар үшін оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар.


Кабинет. Жалпы білім мекемелерінде заман талабына сай жаңа технологиямен қамтамасыз ету барысында 2013 жылы биология-34,физика-52, химия-31, лингофон-126, интерактивті тақта-356 болса, ал 2014 жылы 387 интерактивті тақта, 159 лингафон кабинеті, 47 биология, 63 физика, 57 химия кабинеттері жабдықталды. 2015 жылға 43 интерактивті тақта мен 9 лингофон кабинетін алу жоспарлануда.



Годы

Лингафондық кабинет

Интерактивтік тақта

Физика кабинеті

Химия кабинеті

Биология кабинеті

2013

126

356

52

31

34

2014

159

387

63

57

47


Спорт алаңшалары. Қала мектептеріне 2013 жылы облыстық бюджеттен 139 млн 539 мың теңгеге 12 мектептің (№3, 17, 23, 25, 39, 40, 45, 51, 62, 65, 66, 78), жергілікті бюджеттен 58 млн 635 мың теңгеге 5 мектептің (№13, 26, 34, 59, 83) аулаларына спорт алаңшалары орнатылды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу


Жыл

Мектеп саны

11- сынып бітірушілер саны

ҰБТ-ға қатыс-

қаны

Орта балл

0-49 аралығында балл жинаған оқушы саны

100-125

аралығында балл жинаған оқушы саны

«Алтын белгі» иегерлер саны

2013

84

5455

3446

78,1

365

434

56

 


2014

 125

 6428

 3928


80,1

350

635

100

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ҰБТ-тің орта балы 2 балға, алтын белгі иегерлерінің саны 44 оқушыға артты.

Шымкент қаласындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы негізінде оқушылары 25 және одан жоғары пайызы шектік деңгейден өтпеген 4 мектептің (№32, 88, 102, 119) директорларына «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы берілді. Ал, оқушыларының ҰБТ-ға қатысу деңгейі және тест нәтижесі төмен болған №37 және №48 мектептердің директорларына «сөгіс» тәртіптік шарасы көрілді.

Білім сапасын көтеру мақсатында атқарылған жұмыстар.

1. Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты барлық мектептерде 11-сынып оқушыларын ҰБТ - ға дайындау бойынша жұмыс жоспары түзілді.

2. Сабақтан тыс уақытта ақысыз қосымша сабақтар жоспарланып, өткізілуде.

3. Мектеп бітірушілерін тестілеуге алдын-ала дайындау, машықтандыру мақсатында Ustudy онлайн тест орталығымен бірлесе отырып, онлайн режімінде №№7, 10, 11, 15, 17, 20, 25 мектептерде байқау тест өткізілді.

Бұл байқау тест барасында әрбір тестіленуші ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындалады. Сонымен қатар, тестілеуден кейін қатемен жұмыс жасауға, дұрыс жауаптың шешу жолдары мен түсіндірмесін, әр пән бойынша қиындық тудыратын тақырыптармен өзіндік жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Жоғарыда көрсетілген мектептерде эксперимент ретінде өткізілген онлайн тест жүйесі 2015 жылдың қаңтар, ақпан айларында қаланың барлық мектептерінде өткізілетін болады.

2013-2014 оқу жылы ҰБТ қорытындысы бойынша түлектері жақсы нәтиже көрсеткен мектеп ұжымдарының іс - тәжірибесі таратылды:

1. №23 мектеп-лицей базасында «Болашаққа жол немесе барлығы ҰБТ туралы» тақырыбында;

2. №47 мектеп-гимназия базасында мектеп оқушыларын сапалы біліммен қамтамасыз етуде басқарушылық қызметтердің тиімді жолдарын айқындап, жүйелі түрде іске асыру мақсатында «Ұлттық бірыңғай тестілеу-білім беру сапасын жаңғырту кепілі» тақырыбында;

3. №107 мектеп-гимназия базасында мектеп оқушыларын ҰБТ және оқу материалдарын білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, қорытынды жасай білуге балу мақсатында «Мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындауды диагностикалау жұмыстарын жүргізу арқылы фундаментал білім алуына қол жеткізу» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Мектептен тыс мекемелер. Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2013 жылы 8 мектептен тыс мекемелер жұмыс істеп, оған 12880 оқушы тартылған болса, 2014 жылы мектептен тыс мекеме саны 9, тартылған оқушы саны – 15545. 2014 жылы қаламызда жұмыс істейтін 15 аула клубында 23 түрлі үйірмелерге 4321 бала тартылған. 2015 жылы қосымша 8 аула клубын ашу жоспарлануда.

2013 жылы білім мекемелері жанындағы 1181 үйірмелерге 39112 бала тартылған. Ал, 2014 жылы 1285 үйірмелерге 43569 бала тартылып отыр.



Оқушылардың жазғы демалысы. 2013 жылы 28 млн 869 мың теңгеге 1438 бала қала сыртындағы лагерде демалған болса, 2014 жылы жазғы маусымға 99 млн 875 мың теңге қаралып 4415 бала демалды.

Қаланың білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы әлеуметтік жағдайы төмен педагогтардың 500 баласына 50% жеңілдікпен жолдама бөлінді.

Жазғы маусымда демалыспен қамтылуы тиіс 121 132 баланың 27 240 мектеп жанынан ашылған 315 топтарда демалды.

Оның ішінде: 145 ыстық тамақпен қамтылған топта 12 940 бала, тамақсыз жұмыс істейтін 170 топта 14 300 оқушы демалды. 19733 жоғары сынып оқушылары іс-тәжірибе өту мақсатында көгалдандыру бригадаларына тартылып мектепте жасыл бұрыштарда және жылыжайларында іс-тәжірибеден өткізілді.



Үйірме жұмысы туралы. Мектеп оқушыларының сабақтан бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2013 жылы жалпы білім мекемелерінде жұмыс істейтін 1220 үйірмелерге – 42 720 бала, 388 спорттық секцияларға 32 715 бала тартылды. Ал, 2014 жылы 1285 үйірмеге 43569 бала тартылды. 415 спорттық секцияларға 33965 бала қамтылды.

Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихатттау мақсатында 91 спорт зал, 32 спорт алаңшалары жұмыс істеуде.



Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс. 2014 жылы аудандық ішкі істер бөліміне жасаған қылмысы мен тәртіп бұзушылық себептерімен 56 оқушы есепке тіркелген. (2013 жылы бұл көрсеткіш-64 болған).

Білім мекемелерінде мектеп инспекторларымен психологтар бірлесіп алған сауалнаманың нәтижесі бойынша 2013-2014 оқу жылында құқық бұзуға бейім девиантты мінез-құлықты 250 оқушы мектепішілік есепке алынып, тәлімгерлер бекітілді.

2014 жылы ұрлық – 11, тонау – 4, бұзақылық – 4, жарақат салу – 2, құқық бұзуға бейім – 19, наркологиялық есепте – 5 тіркелген.

Инклюзивті оқыту бойынша. Шымкент қалалық психологиялық, дәрігерлік-педагогикалық комиссияның есебінде мүмкіндігі шектеулі 7 жаспен 18 жас аралығындағы – 4662 бала есепке тіркелген, соның ішінде 1494-і, яғни 32% пайызы инклюзивті оқытумен қамтылған. Міндеттеме бойынша 15%.

56 білім мекемелерінен кіріктірілген (интегрирлі) сыныптар ашылып 590 оқушы білім алып коррекциялық қолдау көрсетілуде. 904 оқушы логопедтік топтарда білім алуда.



Балабақшадағы инклюзивті оқыту. Шымкент қаласы бойынша 3-7 жастағы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала саны – 2198. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, 2014 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің №893 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №1377 Қаулысымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету» жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасына сәйкес «2014 жылы инклюзивтік білім берумен қамтылған мектепке дейінгі жастағы балалардың үлесін 7%-ға жеткізу» бойынша Шымкент қаласы білім бөлімі және Шымкент қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесімен мектепке дейінгі мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізілді.

Сараптамасының нәтижесі бойынша 13 мектепке дейінгі мекемелеріне (№26,30,36,39,45,47,49,58,66,70,73,97,100) логопед штат бірлігі бөлу үшін мектепке дейінгі мекемелердің жарлығына өзгерістерді еңгізу бойынша 2014 жылғы 25 шілдедегі №1464 Шымкент қаласының әкімдігінің қаулысы бекітілді.

Шымкент қаласы білім бөлімінің 2014 жылғы 12 қарашадағы «Қосымша штат бірлігін ендіру туралы» №905 бұйрығына сәйкес 13 бөбекжай балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына 19,5 логопед штат бірлігі беріліп, инклюзивті оқытуға 201 (9,1%) бала қамтылды.

Ыстық тамақ. 2013 жылы мектептер саны -84, оның 3 кешкі мектеп. 81 мектептің 69 асхана, 12 буфет бар. Тұрмысы төмен отбасы балаларының 5275-і ыстық тамақпен қамтылған болса, 2014 жылы 125 мектептің 92-де асхана, 28 буфет бар. 5 мектепте асхана да, буфет те жоқ. Тұрмысы төмен отбасы балаларының 89497-і ыстық тамақпен қамтылған.

21.01.2014 ж. Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімінің «Бірінші қажетті азық-түлік тауарларының» мәліметі бойынша 7403 бала тегін тамақтандырылады, бір балаға күніне – 147 теңге қаралған, ал туберкулез ауруына шылдыққан 980 балаға күніне 165 теңгеден қаралған. 2015 жылға білім қорына бөлінген қаржыны 3 пайызға көтеріп, әр оқушы күніне 219 теңгеге тамақтанатын болады.



Балалардың әлеуметтік жағдайы. 2013 жылы білім мекемелерінде көп балалы отбасынан шыққан бала саны – 10273, аз қамтылған отбасынан – 3151, мүмкіндігі шектеулі бала-206, жартылай жетім бала – 3821, оралман отбасынан-80. Қорғаншылықтағы бала саны – 720, барлығы 18 251 бала. 2014 жылы көп балалы отбасынан шыққан бала саны – 15503, аз қамтылған отбасынан – 4879, мүмкіндігі шектеулі бала – 786, жартылай жетім бала - 4686, оралман отбасынан – 46. Қорғаншылықтағы бала саны – 723, барлығы 26623 бала.

Ал, 2013 жылы Шымкент қаласы бойынша 688 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындалса, 39 бала отбасыға патронаттық тәрбиеге берілген.

2014 жылы 723 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындалса, 45 бала отбасыға патронаттық тәрбиеге берілген.



Мектепке дейінгі білім беру. Қазіргі танда Шымкент қаласында мектепке дейінгі мекемелер саны 295 (мемлекеттік балабақшалар - 80, жекеменшік балабақшалар - 170, мектеп жанында шағын орталықтар - 45).

80 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерінде 24377 бала, 170 жекеменшік балабақшаларда 19294 бала және 45 жалпы орта мектептер жанындағы шағын орталықтарында 2706 бала қамтылған.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 46377 бала қамтылған. Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша 45020 бала қамтылып, ол 77,1%-ды құрап отыр. Міндеттемеге сәйкес қамту пайызы 76,3 болуы қажет.

2014 жылы 7 мемлекеттік, 74 жекеменшік балабақшалар және 13 мектеп жанындағы шағын орталықтар ашылды. Сонымен қатар, 1 балабақша ғимараты қайтарылды.







2013 жыл

2014 жыл

өсуі

2015 жыл

жоба

Мектепке дейінгі мекемелер

саны

бала саны

саны

бала саны

мекеме

саны

бала саны

мекеме

саны

бала саны

Мемлекеттік

73

25135

80

24377

+7

-758

87

24377

Жекеменшік

96

7714

170

19294

+74

+11580

175

23294

Мектептер жанындағы шағын орталықтар

32

2214

45

2706

+13

+492

47

2856

Барлығы:

201

35063

295

46377

+94

+11314

309

50527

Қамту пайызы

(«Балапан» бағдарламасы бойынша)



 

31314

70,5%


 

45020

77,1%





+13706

+6,6





48527

80,0%


Балабақшалармен қамтуды қажет ететін бала саны

68230 бала

65074 бала














Білім саласындағы өзекті мәселелер
1. №71 «Айкөл» мектебінде 30 оқушысы бар, білім сапасы төмен, оқушыларды басқа мектепке ауыстыру немесе тасымалдау қажет.

Шешімі: Іргелес жатқан Құрсай ш/а 900 орындық мектеп құрылысы жақын арада пайдалануға берілентіндіктен №71 Айкөл мектебінің оқушыларын №49 мектепке тасымалдап оқыту жоспарлануда.
2. Сауле ш/а №76 мектепте оқитын балаларымыз дене шынықтыру сабақтарын далада өтуде, әр түрлі мәдени шаралар өтетін мәжіліс залы жоқ.

Шешімі: №76 мектеп жанынан асхана, спорт, мәжіліс залдары және шеберхана құрылыстарын салуға ЖСҚ дайындалуда, 2015-2016 жылдарға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
3. Мектептердің компьютерлері тозығы жетіп, ескірген.

Шешімі: 2015 жылына мектептерге компьютер алуға облыстық білім басқармасы арқылы сұраныс берілді.
4. Қайнарбұлақ саяжайында 40 мыңға дейін тұрғындар бар. Аталған елді-мекендегі №83 мектеп үш ауысымда білім беруде. Балабақша мәселесі шешілмеген.

Шешімі: Қайнарбұлақ саяжайында мектеп және балабақша мәселесін шешу үшін, 1200 орындық мектеп, 320 орындық балабақша салуға мемлекеттік мұқтаждық үшін жер телімін қайтаруға жұмыстар жүргізілуде.


Бөлім басшысы Ы.Мадиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет