Құрметті ауыл тұрғындары!
Біз міне 2010 жылды қортындылап отырмыз. Ауылымызға жаңа мақсаттарды белгілейміз.2010 жыл біздің халқымыз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің,жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің жылы болды.
2010 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында және “Жол картасы” бағдарламада мемлекетіміздің экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен ЕҚЫҰ /Европадағы қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына/ төрағалық қызметін бастады, бұл біздің мемлекетіміз үшін өте үлкен жауапты , беделді міндет. 2010 жылғы 01-желтоқсанынан ЕҚЫҰ –ның 56 елдің өкілі келген Астана қаласында саммиті өтті.Бұл жиынға 38 елдің президенті, 7 елдің вице премьерлары 14 мемлекеттің сыртқы істер министрлері, 60 астам халықаралық ұйымдарының жетекшілері мен ЕҚЫҰ –ның серіктес мемлекеттерінің өкілдері қатысты.
Бірнеше күн бойы Астанаға ЕҚЫҰ кеңістігі елдері ғана емес, бүкіл әлем назарын тікті. Бұған Саммитке қатысушылардың құрамы дәлел бола алады, жиынға ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер мен әріптес елдердің 73 ресми делегациясы, сондай-ақ БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, 500-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Саммит жұмысын 1000-нан аса отандық және шетелдік журналистер, ғаламдық жетекші телеканалдар, газеттер мен ақпарат агенттіктері таратты.
Саммит қатысушыларының барлығы елімізге ең жоғары ұйымдастыру деңгейінде өткізілген кездесулер үшін ықыластарын білдірді. Бұл – біздің ұлы Отанымыздың сөзсіз жеңісі, өз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы Қазақстан халқының қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Саммитте қабылданған ұйымның негізгі қағидаларын растаған Астана декларациясы ЕҚЫҰ-ның түбірлі қайта құрылуының басталғандығын білдіріп, барлық Еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің тиімді құрылымының жаңа сапалы кезеңін бастайды.
Сонымен бірге өткен жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан мемлекетіміз өзінің әлеуметтік бағдарламаларын өзгертпестен 2009 жылы зейнетақы, еңбекақы 25 пайызға, 2010 жылы зейнетақы 25 пайызға, бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысы 1 сәуірден 25 пайызға өсірілді. 2011 жылы тағы 30 %-ға өсірілмек. Осылайша 2012 жылы зейнетақы көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге дейін өсетін болады. Мемлекетімізде «Жол картасы» бағдарламасы негізінде көптеген әлеуметтік бағдарламалар іске асырылып, мектептер, мәдениет ошақтары, емханалар, жолдар, т.б. жұмыстар атқарылуда. Жұмыссыздық деңгейі 7 % мөлшерінде сақталды.
Алдымыздағы жылы күні бұрын қабылданған әлеуметтік жобалардың бірде-біріне нұқсан келмейді және Президент жолдауында халықтың әл –ауқатын тұрғысында айтылған мәселелердің бәрінің де жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі. Осы мәселелердің бәрі мемлекеттің халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға жеке көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.
Бұл айтылғандардың сыртында,шетелден атамекеніне оралғысы келген қандастарымызды лайықты қарсы алуға негізделген «Нұрлы көш» бағдаламасының да өз кезегімен орындалатыны анық. Бұл бір жағынан біздің елімізде дағдарыспен күреске қарсы қолға алынған шаралардың жемісі.Енді баршамыз байыптылық танытып,батыл қадамдар жасау сәт келді.
Құрметті ауылдастар!
Қаратал ауылының округі аумағында 4224 адам тұрады.Жалпы жер
Жалпы жер алањы, га
|
203230 га
|
О.і: ауылшаруашылыќ жері, га
|
176324 га
|
Шабындыќ, га
|
8813 га
|
Жайылымдыќ, га
|
163010 га
|
Егістік, га
|
4501 га
|
¤зге жерлер, га
|
26906 га
|
Округте 2 орта мектеп,3 кітапхана,1 мәдениет үйі,1 пошта бөлімшесі,1 отбасылық дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік акушерлік пункт бар.Сонымен бірге округ аумағында әскери комендатура, 5 шекара бекеттері және кеден орналасқан.Ауылдық округ аумағында 18 дүкен,2 сауда үйі, 3 кафе, 2 асхана,1шаштараз, 5 май сығатын цех, 2 диірмен, 3 наубайхана жұмыс істейді. Мал басының өсімі бойынша округте ірі қара саны 7556 бас, қой –ешкінің саны 24057 бас, жылқы 1930 бас, құс саны 4300 болып бағылуда.
Ауылдық округке қарасты елді мекендер мен алыс қыстауларды тұратын тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде Қаратал ауылдық жанұялық аурухана мен 1 фельдшерлік акушерлік пункт,2 фельдшерлік пункт жұмыс істейді.онда 4 дәрігер, 3 фельдшер, 7 медбике қызмет етеді.Жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген.Медицина қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерін жауапкершілікпен атқарып келеді. Алайда науқастарды нақты нұсқаулықтарға сай емдеуге, сауықтыруға, жанұялық емханада жағдай жоқ. Осы жағдайлардан құтылу үшін және де бірден –бір үлкен елді мекен болғандықтан тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып, ауыл орталығына жаңа типті емхана салынуы тиісті деп есептеймін.
Биылғы жылы қардың өте көп мөлшерде жаууынан ауыл тұрғындарына және алыстағы шаруа қожалықтарына жол жүруге мал бағуға қиындықтар туғызылды. Осындай қиындықтарға қарамастан мал басын аман сақтауға көп жұмыстар атқарылды. Жолдардағы, көшелердегі қарды тазалауға «Бота» ш/қ жетекшісі Б.Баймуханбетов, «Әмірен» ш/қ жетекшісі Ж.Амренов, «Жөндеуші» ш/қ жетекшісі Р.Мухамбаев, ауыл тұрғындары Тоқтасынов Серікбек, Ибраев Мурат, Қабдоллин Шаяхмет, Ыдырышев Ерлан, Салықбаев Серік, Көзжанов Серік, Тоқымтаев Жәнібек, Қасымов Райымбек ат салысты. Қар тазалауға ауданнан «ДЭУ-33» мекемесінің басшысы С.Оқасов, «СМУ Шығыс» мекемесінің басшысы Қ.Әбжанов, «Зайсан- құрылыс» мекемесінің басшысы Б.Нұрасыл көп көмек жасады. Ауылдан алыс қыстақтарға қардың өте көп жаууынан жол жоқ кезде азық-түлік және тұрмысқа қажетті басқа заттарды әскери тягаштармен бірнеше мәрте жеткізген Қаратал комендатурасының коменданты Мукатаев Нұрланға және басқа сарбаздарға көп рахметімізді айтамыз. Көктемгі су тасқынының алдын алуға ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, шаруа қожалықтарының техникалары жұмылдырылды. 3 рет округ бойынша сенбілік өткізіліп 78 су өткізгіш, 36 км арықтар қардан тазаланды. Ауылды айлана тасқынға қарсы 5,8 км дамба тұрғызылды, 3 жерден дамбаға көпір, 11 жерден су өткізгіш /лотоктар/ қойылып ауыл тұрғындары бақша суымен қамтамасыз етілді.
Ауылдық мәдениет үй – жайы және оның жұмысы туралы.
Мәдениет үйіне 2003 жылы күрделі жөндеу жүргізіліп ауылдық әкімшілік пен мәдениет үйіне пайдалануға берілді. Мәдениет үйі бар мүмкіндігінше халыққа мәдени қызмет көрсетіп келе жатыр.Құрамындағы мәдениет қызметкері мәдени іс-шаралар өткізілуде. 2010 жылы «Екі Жұлдыз» ән сайысында бас жүлдені жеңіп алған Жангозин Мұқтар мен Қалиева Айнұрдың еңбектері жемісті.Мәдениет үйі жастардың кешкі демалу орнына айналуда. Мерекелік концерттер, дискотекалар қойылуда. 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні», 22-наурыз «Наурыз мейрамы», 1-мамыр «Қазақстан халық бірлігі» мерекесі, 9-мамыр «Жеңіс күні», биыл Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығы», «1-маусым балаларды қорғау күні», 30-тамыз «Конститутция күні», 116-желтоқсан «Тәуелсіздік күні», 31-желтоқсан «Жаңа жыл» мерекелері ауыл әкімдігімен бірлесіп өткізілді. Мұндағы проблема аспаптардың жетіспеушілігі, домбыра, қобыз, басқа ұлттық аспаптар және қазіргі уақыт талабына электрлік гитара, ударник, тағы басқа жоқ. Бұл мәселе жоғары орындарға қойылған алайда қазағымыздың намысты қоздыратын өнер мен спортты сүйетін кәсіпкерлеріміз аспаптар алуға көмектесіп жатса құба –құп болар еді.
Қаратал ауылында 2010 жылғы 1-мамыр күні аудандық «қазақша күрес» спорт түрінен жарыс өткізіліп 8 мектептен 72 бала 9 салмақ категориясы бойынша күш сынасты. Жеңімпаздар сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды. Мамыр айында өткен ұлттық ойын «Көкпардан» аумақтық ауданаралық жарыста С.Әміреновтың демеушілігі негізінде құрылған «Көкпар» командасы 3 орынды иеленді.
Ауыл округ өнерпаздары «Зайсаным –Шығысымның шырайы» атты ауыл округтері арасындағы аудан бойынша өткізілген көркемөнерпаздар байқауынның 2 орынын иеленді.
Ауылдастар! Бүгінгі күні ауылдық округке қарасты
Мал басын жылма жыл өсіруге одан алынатын өнім сапасын жақсартуға, мал тұқымын асылдандыруға, ауылдық округ мамандары өз мүмкініктерінше мал басын асылдандыру бағытында шаруа қожалықтарына дұрыс бағыт-бағдар берілуде.
Жылқы өсіретін «Түкібай» шаруа қожалығының жетекшісі Абильгожынов Түсіпхан 380 бас жылқы оның ішінде асыл тұқымды айғырлар Англо – араб - 5 бас,ағылшын – 4 бас әкеліп, асылдандыру жұмысын жүргізуде. Келешекте жылқы асыл тұқымды шаруашылығын құру мәселесінде, «Әмірен» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Әміренов асыл тұқымды ақалтеке, ағылшын-араб, Қостанай жылқыларын әкеліп асылдандыру жұмыстарын жүргізуде.Үлкен-Қаратал ауылында ат спортынан намысын қорғап жүрген команда үшін спорттық аттар бөлек бағылып, күтілуде.
Аудандық ат спорт түрлерінен: көкпар,аударыспақ әртүлі қашықтықтардағы бәйгелер, ас беруде өткен жарыстарда Әмреновтың, Абылғожыновтың баптаған аттары бәйгеден көрініп жүлделі орындарға ие болып жүр.
Құрметті ауылдастар!
Қаратал ауыл округі бойынша дәнді дақылдардың егіс көлемі
Дақыл түрлері
|
2009 ж
|
2010 ж
|
2009/2010 %
|
Дәнді дақылдар барлығы
|
727
|
820
|
112 %
|
бидай
|
382
|
380
|
99,4 %
|
арпа
|
250
|
350
|
140 %
|
тары
|
40
|
20
|
50 %
|
сұлы
|
55
|
70
|
127 %
|
Майлы дақылдар барлығы
|
1222
|
750
|
61,3 %
|
күнбағыс
|
1172
|
750
|
63,9 %
|
соя
|
50
|
|
%
|
Көпжылдық шөп барлығы
|
340
|
440
|
129 %
|
Осы жылы егілгені
|
90
|
100
|
111 %
|
820га, майлы дақылдардың егіс көлемі 750 га, көпжылжыдық шөп 440 га егілді. Картоп,көкеніс,бау-бақша дақылдардың толықтай егілді.
Келешекте дәнді дақылдардың егіс үлес салмағын ұлғайтуға,майлы дақылдардың егі үлес салмағын 12 пайыздан асырмау шарасы жасалынуда.
Егіс учаскелерінде мүмкіндігінше егістік түрлеріне сәйкес бірыңғайластыру жұмысы жүргізілді. Егістік жерді тыңайту, қоректендіру жұмыстары астықтың сапасын анықтау, тұқыммен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп үкіметтің ауыл шаруашылығына бөлген субсидиясын оңтайлы пайдалануымыз керек.
Елдімекендегі тұрғындардың қараусыз бос кеткен ірі қара, жылқы малдарының егістіктерге түсуінен шаруа қожалықтары жылма -жыл зардап шегіп келеді.Осы келеңсіздікті биылда қайталамас үшін тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізілді. Қаратал,Үлкен Қаратал ауылдарының маңындағы шабындық емес жайылымға арналған жерлерді кімде-кім болса да шауып алуға қақысы жоқ оған тыим салынады.Ауыл маңындағы меншік малдарды жаюға арналған жерлердің көлемінің аздығына жылдың қуаңшылығына байланысты бойдақ малдарды жайлауға, жайып,бағу үшін Жазғы жайылымға 2880 бас ірі қара, 8000 бас қой-ешкі, 750 бас жылқы 36 табынға ұйымдастырылып шығарылды.
2010 жылы округ бойынша «Қаратал» орта мектебінің спорт залының едені 2259280 тенге жергілікті бюджет қаражатына, «Қазақстан» орта мектебі ағымдағы жөндеу 9333000 тенге «Жол картасы» бағдарламасы қаражатына, мал сою пункті 263000 тенге, «Бота» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Баймуханбетовтың өз қаражатына құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Жеке кәсіпкер Ақбаева Риза өз қаражатына шаштараз салды.
Жыл басынан бері 112 адамның «Тыл ардагеріне», 53 адам «Алтын алқаға», 39 адам «Күміс алқаға» құжаттары рәсімделіп өткізілді.
Округ бойынша 103 отбасынан 289 балаға 3961000 тенге балалар жәрдемақысы, 15 отбасынан 50 мүшесіне 883400 тенге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Ауылдық округ аппараты қызметкерлерінің құрамында 4 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады.Олар көмек қажет ететін қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі балалармен жоспарлы түрде күнделікті қызмет атқарады.Қарттардың күнделікті күнкөріске байланысты тіршіліктеріне жағдай жасап көңілдерінен шыға білуде. Балалардың жалпы күтудің-практикалық машықтарын,әдістерін және баланың дамуына жәрдемдесетін тәсілдерін үйретуде.
Мемлекетіміздің мектепке дейінгі тәрбиені дамытып барлық жерлерде балабақша ұйымдастыру тапсырмасына орай, «Бота» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Баймуханбетов 2010 жылғы 30-тамызында жекеменшік мемлекеттік «Азамат» балабақшасын ашып жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шаруа қожалықтарының жетекшілерімен, кәсіпкерлермен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 3658000тенгеге меморандумға қол қойылды.
Инфляциялық үрдістерді тежеу мақсатында дүкендер иелерімен азық-түлік бағаларына 10 пайыздық үстемеақы қосу ынтымақтастық меморандумы жасалды.
Қаратал ауылдық округі бойынша салықтың орындалуы төмендегідей:
Мүлік салығы жоспарланғаны 48096 теңге, өткені 56848 теңге, орындалғаны 118,1 % .
Жер салығы жоспарланғаны 505351 теңге, өткені 516530 теңге, орындалғаны 102,2 %
Көлік салығынан 1 150 000 теңге түсті.
Барлығы 315496 тг орындалды – 118 %
Заңсыз сауда жасап отырған жеке тұлғаларға ескерту жасалып,салық басқармасына хабарлама жіберілді, жиыны 14 адам.Берешегі бар жеке тұлғалармен жұмыс жасалып, барлығы 26018 тг берешегі жабылды.
Мектептің бітіргеніне 20 жыл болған мектеп түлектері, ауылдың кіре берісіне «Қаратал ауылы» тақтасын орнатып, ауылдағы мешітке 200000 тенгеге қажетті құрал әперіп, ұлттық ат спортынан жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды бағалы заттармен марапатталды.
2010 жылдың даму бағдарламасына сәйкес елді мекендердің көшелерін жөндеу,тазалау жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерге 4180 түп көшеттер отырғызылды, 621 тонна қоқыс шығарылды.
Қаратал, Үлкен-Қаратал ауылдарына «Таза су» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары атқарылуда.
Құрметті ауылдастар!
Мемлекетіміздің жүргізіп отырған «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында ауылдық округ бойынша ата мекеніне оралған қандастарымыздың саны бүгінгі күнге 193 отбасы 848 адамды құрайды.
Олардың 82 отбасы үй-жайымен қамтамасыз етілген.Көпшілігінің мини тракторлары, тракторлары, комбайны, жүк және жеңіл автокөліктері бар. Бүгінгі күні оралмандарымыз шаруа қожалығын құрып 4949га жерге мемлекеттік акт алып, 763 га жерге егін егуде.Өкімет тарапынан субсидияларын алып отыр. Округте шаруа қожалықтарын құрып,жемісті еңбек етіп отырған «Шұғыла» ш/қ жетекшісі Әбділ Қаділбек «Қалиба»ш/қ жетекшісаі Қабаш Сайран, «Ерлік» ш/қ жетешісі Қабден Талапхан, «Жадыра»ш/қ жетекшісі Каким Бигул, мүшелері Бекет Нұрбол, Әшім Юсуп, Әдік Ынтымақ, «Алға» ш/қ жетекшісі Асанбай, «Мусай» ш/қ жетекшісі Мусаев Боқан, «Жеңіс» ш/қ жетекшісі Қалиолла Жеңіс, «Сарбұлақ» ш/қ жетекшісі Кәп Кенжебек, «Ақеділ» шаруа қожалығы жетекшісі Рақым Серікбекті атап айтуға болады.
Азаматтықтары ерте шығып қойып,квотасын ала алмай жүрген оралмандар саны 18 адам.Олардың тізімі жоғарғы бөлімдерге берілген қазір шешімін табуда.
Алдағы уақытта атқарылатын істер:
1.Қаратал ауылында, Үлкен-Қаратал ауылында “Таза су” бағдарламасына сәйкес су құбырларын тарту.
2. «Қаратал» орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу.
3.Зайсан қаласында ашылатын сүт зауытына сүт өткізуді ұйымдастыру. 4.Шағын және орта бизнестің дамуына, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу орындарының ашылуына ықпал жасау.
5.2011 жылы Үлкен- Қаратал ауылының орталық көшенісін көшесін ағымдағы жөндеуден өткізіп, жарықтандыру.
6.Қосымша салық салынатын нысандарды қарастыру.
7.Оралмандарға, ауыл тұрғындарына кешкі мектеп ұйымдастыру.
8. Санитарлық нормаларға сәйкес ауыл тазалығын сақтау.
9.Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскерге шақырылатын жастарды әскер қатарында өз борышын өтеуге дайындау.
10.Асыл тұқымды мал фермаларын , сапалы жоғары сортты тұқым шығарытын шаруа қожалықтарын ұйымдастыру.
11.Шаруа қожалықтарына өткізген өнімдері үшін субцидия алуға құжаттарын жасауға көмектесу.
Барлығымыз Отанымыз Қазақстан Республикасының дамуына, тәуелсіздігіміздің тұрақтылығына, ауылымыздың көркейіп өркендеуіне үлес қосайық. Тыңдағандарыңызға рахмет!
Ауыл әкімі: Н.Дутбаев
Достарыңызбен бөлісу: |