2006 жылғы 9 айда мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және 4-тоқсанға арналған міндеттер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 қарашадағы отырысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Н.А. Коржованың баяндамасы
Құрметті Даниал Кенжетайұлы!
әріптестер мен шақырылғандар!
2006 жылдың 9 айындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы нәтижелері туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.
Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 1,74 трлн. теңгені құрады, жоспардан 3,1,%-ға асып түсті, шығыстар 1,71 трлн. теңге сомаға жүргізілді немесе жоспардың 93,8%-ы. Жоспарланған 141,4 млрд. теңге тапшылықтың орнына, іс жүзінде 23,9 млрд. теңге профицит қалыптасты. (1-слайд).
Енді егжей-тегжейлі тоқталып өтсек
1. Кірістер бойынша: 9 айда мемлекеттік бюджетке 1 721,1 млрд. теңге сомасында кірістер түсті, есепті кезеңдегі жоспардың атқарылу пайызы 103,5%-ды құрады.
Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша деректер 2-слайдта беріліп отыр
Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздері корпоративтік табыс салығы, кеден төлемдері және салықтар, іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланағаны үшін түсімдер және жеке табыс салығы болып отыр (3-слайд).
Қосылған құн салығына ерекше тоқталып өткім келеді. 2006 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке қосылған құн салығы бойынша түсім 354,1 млрд. теңгені құрады және 2005 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 110 млрд. теңгеге өсті немесе өсу қарқыны 145,1%-ды құрады (4-слайд).
Ағымдағы жылдың 9 айында ҚҚС түсімдерінің озық өсуі негізінен ҚҚС ақпараттық жүйесінің шеңберінде камералдық бақылауды енгізу есебінен салық әкімшілігін жүргізудің жақсаруымен түсіндірілетінін атап өткен жөн.
Жергілікті бюджет кірістерінің түсімдер жоспары (трансферттерді есепке алмағанда) 102,8%-ға атқарылды, жоспардың негізігі артығымен орындалуы мынадай облыстар бойынша байқалады: Алматы – 112,5%, Батыс Қазақстан – 108,7%, Қостанай – 108,6%, Қызылорда – 107,9%, Ақмола – 106,4% және Шығыс Қазақстан – 104,6% (5-слайд).
Ағмыдағы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 420,2 млрд. теңге аударылды, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан - 384,6 млрд. теңге. Түсімдердің түрлері бойынша таратып жазу 6-слайдта келтірілді.
Осылайша, 9 айдағы мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша оптимистік болжам іске асырылды. Түсімдердің үрдісін талдау экономиканың әртараптандырылуы туралы айтуға мүмкіндік бермейді.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 9 айында Қаржы министрлігі 142,3 млрд. теңге сомаға айналыс мерзімі 3-тен 15 жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды, 68,9 млрд. теңге өтелді. Бағалы қағаздар нарығында жалпыға бірдей қабылданған ережелер жағына қарай қозғала бастадық, біз алғаш рет көптеген халықаралық сарапшылар мен нарық қатысушылары бірнеше жыл бойы ұсынып жүрген бағалы қағаздар эмиссиясын қайта ашуды жүзеге асырдық.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың ахуалы. Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік борыш 843,4 млрд. теңгені құрады. Осы көрсеткіш 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда негізінен Үкіметтің ішкі борышының және Ұлттық банк борышының артуы есебінен 138,8 млрд. теңгеге өсті. Үкіметтің борышы 593,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың басындағы ұқсас көрсеткішінен 57,6 млрд. теңгеге артық. Бұл ретте ЖІӨ-ге шаққанда үкімет борышының төмендеуі сақталып отыр. Осы үрдіс біздің ойымызша Қазақстанның экспортталатын тауарларына жоғары бағаның оң нәтижесі болып отыр. Тұтастай алғанда Қазақстан ЖІӨ-ге шаққанда мемлекеттік борыштың төмен қатынасы бар (10%-дан аспайды) аз елдердің бірі болып табылады. Салыстыратын болсақ, Еуропа одағының елдерінде осы көрсеткіш орташа алғанда шамамен 50%-ды құрайды.
Мемлекет кепілдік берген борыш 80,3 млрд. теңгені құрады. Осы көрсеткіш 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 1 млрд. теңгеге артты
(7-слайд).
2. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары. Құрметті Даниал Кенжетайұлы, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын игеруі туралы мәселе Сіздің басшылығыңызбен өткен 19 қазандағы кеңесте қаралғандықтан, мемлекеттік бюджнттің негізгі көрсеткіштерін қысқаша баяндап, жергілікті бюджеттің, оның ішінде нысаналы трансферттің орындалуына көшуге рұқсат етіңіз.
2006 жылғы 1 қазанға мемлекеттік бюджеттің шығыстары 1 714,4 млрд. теңгені құрады және есепті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының (1 826,8 млрд. теңге) 93,8%-ына атқарылды, оның ішінде республикалық бюджеттің шығыстары – 1 439,8 млрд. теңге және жоспардың 96,4%-ына атқарылды (1 493,2 млрд. теңге), жергілікті бюджеттер – 722,6 млрд. теңге және жоспардың (784,7 млрд. теңге) 92,1%-ына атқарылды (8-слайд).
Енді ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттер мен нысаналы трансферттердің атқарылу ахуалы туралы. Тұтастай алғанда, жергілікті бюджеттер бойынша жоспар
62,1 млрд.теңгеге пайдаланылмады. Бюджет қаражатын жете игермеудің негізгі үлесі мынадай өңірлерге келеді: Астана қаласы – 13,9 млрд.теңге, Алматы қаласы – 7,2 млрд.теңге, Оңтүстік Қазақстан – 5,0 млрд.теңге, Шығыс Қазақстан– 4,8 млрд.теңге, Ақтөбе – 4,6 млрд.теңге (9-слайд). Жергілікті атқарушы органдар шоттарындағы бюджет қаражатының қалдықтары 70,9 млрд.теңгені құрады, қалдықтардың ең көп сомасы мынадай өңірлерге келеді: Астана қаласы – 11,5 млрд.теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы – 6,1 млрд.теңге, Шығыс Қазақстан облысы – 5,9 млрд.теңге, Алматы облысы – 5,6 млрд.теңге, Ақтөбе облысы – 5,1 млрд.теңге (10-слайд)
Есепті кезеңде республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға 204,4 млрд.теңге сомасында немесе есепті кезеңдегі жоспардың 98,5%-ы нысаналы трансферттер аударылды.
Бөлінген нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар 175,2 млрд.теңге сомасына немесе 84,8%-ға игерді, жете игермеу 31,3 млрд.теңгені құрады (11-слайд).
Нысаналы транферттердің пайдаланылмаған сомалардың негізгі сомасы мынадай бағдарламаларға келеді: инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру – 4,5 млрд.теңге; денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру – 3,5 млрд.теңге; білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту – 2,8 млрд. теңге; көлік инфрақұрылымын дамыту - 2,2 млрд. теңге; денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңарту – 2,1 млрд. теңге, 12-16 слайдтарында көрсетілген.
Қаржыландыру жоспарының негізгі орындалмау себептері – мемлекеттік тапсырысты орындаушылардың жұмыстардың (қызметтердің) көлемдерін уақтылы орындамауы, өткізілмеген конкурстар және мемлекеттік сатып алуды жоспарланғанға қарағанда неғұрлым кеш мерзімде өткізу, мердігерлердің шарттардың ережелерін бұзуы.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жағдайы осыған ұқсас. Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық қорының тұрғын үйін салуға бөлінген қаражат жоспардың 78%-ына ғана пайдаланылды, игермеу 1,1 млрд. теңгені құрады (Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 0,1 млрд. теңгеден), жете игермеу себебі құрылыс бойынша жұмыстарды орындау кестесінен қалып қоюы болып отыр (17-слайд).
Тұрғын үй салуға арналған кредиттік ресурстар 14,4 млрд. теңге сомасында игерілді, 4,8 млрд. теңге немесе жоспардың 75%-ы пайдаланылған жоқ (Алматы – 1,5 млрд. теңге, Астана қаласы – 1,1 млрд. теңге, Оңтүстік Қазақстан – 0,5 млрд. теңге, Батыс Қазақстан – 0,4 млрд. теңге, Қостанай – 0,3 млрд. теңге), жеке игермеудің негізгі себептері конкурстар өткізудің ұзақ рәсімдері және мердігерлердің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кестесінен қалып қоюы болып табылады (18-слайд).
4. Бюджеттің атқарылуын бақылау
2006 жылдың 9 айында 5 637 объектіге, оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 529 мемлекеттік мекемеге, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 3 457 мемлекеттік мекемеге және 1 651 шаруашылық жүргізуші субъектіге бақылау жүзеге асырылды. 23 992,3 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 7 689,8 млн. теңгеге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, 6 522,2 млн. теңге бюджет қаражатын негізсіз пайдалану, 529,7 млн. теңге ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, 1 073,7 млн. теңге бюджет қаражаты мен кредиттерді мақсатсыз пайдалану, 502 млн. теңгеге салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы аудармау және 7 676,7 млн. теңгеге басқа да бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын тексеру 86 749,9 млн. теңге сомасына бұзушылықтар анықталды.
Енді Қаржы министрлігінің алдағы негізгі міндеті әкімшілік реформа шеңберінде Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті жағдайында жұмыс істеуге Қаржы министрлігінің тиімді әдісін құру болып таболады.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |