ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Астана қаласында «Қазақстан Республикасында тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту стратегиясы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция 2013 ж. 29 қарашада өтеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
− ұлттық құндылықтардың өзгеруі жағдайындағы тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселелері
− тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесі жүйесінің теориялық-әдіснамалық негіздері
− этно-көпмәдениетті социумдағы тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің мәні, мазмұны және қызметі
− білім беру кеңістігіндегі тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің инновациялық технологиялары және әдістемесі
− отбасы әлеуметтік институты тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің жүйеқұраушы факторы ретінде
− Қазақстан мен шет елдердегі рухани-адамгершілік тәрбие (тарихи аспект).
Конференцияға қатысу үшін шақырылады:
білім беру ұйымдарының, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, мұғалімдер мен оқытушылар, докторанттар, магистранттар, мәдениет және өнер қайраткерлері және басқалар.
Көлік шығындары мен тұрғын жай шығындары конференцияға жіберуші жақтың
есебінен жүзеге асырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің атына үлгіге сәйкес өтінішті(1-қосымша) және баяндама мәтінін (баяндамаға қойылатын талаптар 2- қосымшада) 2013ж. 11 қарашаға дейін жолдау қажет.
Ынтымақтастық үшін ризашылығымызды білдіреміз!
1-қосымша
Конференцияға қатысушының өтініші
1
|
Қатысушының аты-жөні, тегі (толық)
|
|
2
|
Ғылыми дәрежесі, атағы
|
|
3
|
Жұмыс орны
|
|
4
|
Лауазымы
|
|
5
|
Секция
|
|
6
|
Баяндама тақырыбы
|
|
7
|
Е-mail
|
|
8
|
Байланыс телефондары
|
|
9
|
Аудио және бейне-аппаратураға сұранысы
|
|
2- қосымша
Мақала мәтінін ресімдеу талаптары
Хат тақырыбының шетіне «ҰБА-2013. Конференцияға» деп көрсету қажет.
Мәтін форматы Windows үшін «Word 7,0 (97,2000)».
Компьютерде терілген, парақтың бір бетінде жоларалығы дара интервалмен басып шығарылған мақала 1 данада қабылданады.
Жиектері: сол - 30 мм, оң - 15 мм, жоғарғы - 20 мм, төменгі - 20 мм. Мақала көлемі − 5-8 бет.
Мақала төмендегі талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс:
ӘОЖ – әмбебап ондық жіктеуіш кестелері бойынша;
мақаланың тақырыбы мағыналы 8-10 сөзден артық болмай, мақала мазмұнын нақты ашуы тиіс; техникалық өлшемдері: кегль - 14 пункт, гарнитура – Times New Roman, бас әріптер, қалың, азат жол ортасынан;
автор(лар)дың аты-жөні және тегі, сонымен қатар мекеменің атауы (толық) келесі техникалық өлшемдерге сәйкес болуы тиіс: кегль - 14 пункт, гарнитура - Arial, азат жол ортасынан.
Түйін мақала мәтінінің соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетіледі.
Беттер нөмірленбейді.
Мақала мазмұнына автор (лар) жауапты.
Редакция алқасы жарияланымды баспаға ұсыну немесе ұсынбауға құқылы.
Баяндамалар жинағы мүмкіндігіне қарай конференция жұмысы басталғанша ғылыми жинақ ретінде басылып шығарылады.
Бір жарияланым (бір мақала) үшін 2500 тг. 2013ж. 11 қарашаға дейін төлеу қажет.
Мақаланы және конференцияға қатысуға төлеген квитанцияны сканерден өткізіп ұйымдастыру комитетінің адресіне: tarbie_nao@mail.ru жолдау қажет.
Материалдар келесі мекен-жайға жолданады: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор даңғылы, 4, «Алтын Орда» БО, 15-қабат. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
Байланыстар:
Тел. (8 7172) 790520, 790521, 790519,790517 E-mail: _______________@mail.ru
Конференция туралы ақпаратты www.nao.kz сайтынан табуға болады.
Реквизиттер: РНН 600900611860, БИН 080940006848, ИИК KZ73826Z0KZTD2005985, БИК ALMNKZKA, Кбе 16, АО «АТФ Банк» Астана қ.
Ұйымдастыру комитеті
Мақаланы ресімдеу үлгісі
Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі
Садықова М.И.,
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық
университеті, Алматы қ.
Мәтін.
Әдебиет
-
Безрукова, В.С. О построении педагогического знания / В. С. Безрукова. – // Педагогика. – 2010. – № 10. – С. 20-46.
-
Төлеубекова Р.К. Қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізі / Р.К. Төлеубекова. – Алматы: Комплекс. – 2001. – 295 б.
-
Петракова, Т.И. Ценностный потенциал базового образования в духовно-нравственном воспитании учащихся: монография [Электронный ресурс] / Т.И. Петракова. – Режим доступа: http://www.oim.ru/
Достарыңызбен бөлісу: |