Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Дархан Бейсенбекұлының «Гиппократ анты»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата17.03.2023
өлшемі322.93 Kb.
#470925
  1   2
Гиппократ анты Д.Бейсенбекұлы



 
Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Дархан 
Бейсенбекұлының 
«Гиппократ 
анты» 
әңгімесінің осы электронды нұсқасын таратуға рұқсат 
бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris ұйымдастырған кітап 
сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді 
бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
Әңгіме сіздерге автордың арнайы рұқсатымен 
ұсынылып отыр. 
 

«Аппалон дәрігердің, Аклепийдің, Гигиел мен Панакеяның 


және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атын атап, оларды 
куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-
шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: ӛзіме 
дәрігерлік ӛнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей кӛремін, 
оған барымды бӛліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын 
табуға кӛмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп 
есептеймін, егер олар осы ӛнерді үйренгісі келсе, оларға тегін 
әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде 
айтар ақылымды ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған 
жайлардың бәрін ӛз балаларыма, ұстазымның балалары мен 


медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме 
хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режимін, зиян 
келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, шама-
шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын. 
Ешкімге кісіні ӛлімге ұшырататын дәрі бермеймін, әрі оны 
жасау тәсілін кӛрсетпеймін; тап осылай әйелге түсік түсіретін 
пессарий ұсынбаймын. Ӛмірде де, ӛнерде де таза әрі адал 
боламын. Тас ауруымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан 
кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. 
Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын, әдейі қиянат 
пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер, азат 
адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын. Емдеу 
кезінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам ӛмірінің ішіндегі 
мүлдем жариялауға болмайтын жайларды кӛргенімді немесе 
есіткенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын. 
Антты бұлжытпай орындағаным үшін ӛмірде де, ӛнерде 
де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бӛленгеймін; 
Жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын». 
Азат басын жастықтан жұлып алды. Ауа жетпей 
бастырылып қалған екен: екі иығынан ентігіп дем алады. «Ант 
атсын!.. Ант атсын!.. Ант атсын!..» Құлағы шың-шың етеді. 
«Пыссымылла, пыссымылла», − деп ішінен бірнеше мәрте 
қайталап қойды. Біраз уақыттан соң бӛлме ішіндегі қараңғыға 
да кӛзі үйренейін деді. Қолаң шашы дудырап, оң қолын 
кереуеттің сыртына сермей тастап, шалқасынан түсіп ұйықтап 
жатқан әйелінің бетіне үңіліп қарады. Жоқ, бәрі орнында. 
Ендеше жаңағының бәрі түс болды ғой. Иә, түс. Бірақ анау... 
әлгі «Гиппократ анты ше?». Тұп-тура. Сонда қалай? Азат осы 
антты институт қабырғасында оқып жүрген кезінде, түу, 
осыдан жиырма бес жыл бұрын қабылдаған. Түсінде соның 
бәрін сӛзбе-сӛз қайталап шықты. Неге бұрын түсіне кірмей, 


бүгін кіреді? Кенет Азаттың есіне кешегі емханадағы істеген ісі 
сап ете қалды. 
...Осы айдың басында Азаттың жеке емханасына бір ауру 
адамды әкеліп туысқандары жатқызды. Жүректің астын ала сол 
жақ қабырғасына оқ тиген. Азат мәнісін суыртпақтап сұрап еді, 
туысқандары аң аулап жүргенде қаңғыған оқ тиіпті-мыс деп 
жауап қайырды. Жүзіне қарасаң жап-жас жігіт. Шамасы 
Азаттың ұлымен жасты. Бірақ дене тұрқысы тым ересек. 
Байқұсты емханаға әкелгенше кӛп қан жоғалтқан екен. Үш апта 
ӛз-ӛзіне келе алмай жатты. Бір күні о баста осы жігітті емханаға 
әкелген туысқандарының бірі келіп, «жағдайы қалай?», − деді. 
«Жағдайы аса мәз емес. Ӛте кӛп мӛлшерде қан жоғалтқан. 
Бірақ бар күшімізді салып жатырмыз», − деді бұл. «Байқұс бала 
қатты қиналды ғой, − бейтаныс адам қалтасынан қол орамалын 
алып кӛзін сүрткен болып, − жүріңізші былай», − деп бұны 
сыртқа қарай сүйрей жӛнелді. «Аға, − деді сосын сыртқа 
шыққанда, − бұл баланы қинамай-ақ қойыңызшы». Азат әуеліде 
түсінбей қалды. «Қалай қинамай-ақ қойыңызшы?». «Енді, − 
анау тӛменге қарады, − енді, укол салып дегендей.., жанын 
тынышталдырыңызшы». «Қой, жігітім, сен не айтып тұрсың? 
Бұл дегенің қып-қызыл қылмыс қой. − Осы уақытқа дейін 
жүзден астам қызға түсік жасап берсе де бірде-бір адамның 
ӛмірін қыршынынан қиып кӛрмеген Азат шынымен-ақ шошып 
кетті. − Ӛ-ӛ-ӛзінің інісіне адам жамандық ойлай ма екен? Біз 
оны қайткенде де тірі алып қаламыз». «Ағасы, − беті-басы 
безеуленген қара жігіт кішкене қара сӛмкесіне қолын салды да 
бір бума ақша алып шықты. Ақша болғанда, кәдімгі 
американың жап-жасыл доллары, дәл ортасынан сары 
резеңкемен буылған, − ағасы, мұнда он мың доллар. Әзірге ала 
тұрыңыз. Ал, кешке ана ініміздің сүйегін алып кетуге келетін 
жігіттер тағы да он мың доллар тастап кетеді. Келістік қой?!» 
Ол кері бұрылып, аула сыртында тұрған сүліктей қара немістің 


темір тұлпарына қарай беттеді. Жете бергенде мәшиненің 
алдында отырған жас жігіт атып шығып, әлгіге артқы есікті 
ашып, ол ішке отырған соң ілтипат жасай иіліп, еппен ғана 
есікті жапты. Сонда ғана Азат істің мәнісіне түсінгендей болды. 
Бірақ жиырма мың долларды бұған кім бір күнде беріп жатыр? 
Ауру жігітті ӛзім қараймын деп басқа дәрігерлерді 
бӛлмеден шығарып жіберді де, есікті іштен бекітіп алды. 
«Ақшасын жақсылап тӛлеген болуы керек. Главный врачтың ӛз 
қолына алуына қарағанда», − деп екі дәрігер дәлізге шыға бере 
сыбырласты. Естіп тұрса да Азат үндеген жоқ. 
Екі дүниеден де бейхабар, келгелі бері кірпігі де 
қимылдамаған, тек жүрегінде ғана әлсіз тіршіліктің нышаны 
сақталған жас жігітке қан тамырлары арқылы құйылып жатқан 
системалардың шлангтарын түгел суырып алды. Біраз уақыт 
жүрек соғысының жиіліктерін кӛрсететін аппаратқа қарап 
отырды. Жоқ, бағанағыдай емес, жиіліктердің биіктіктері 
тӛмендей бастады. Бұл − жүрек соғысының баяулағанын 
кӛрсетеді. Азат орнынан тұрып, үстел үстінде бей-берекет 
шашылып жатқан шприцтердің бірін алды да басына болат 
ұшты инесін кигізе қойды. Жан баласына кӛрсетпей ӛз 
кабинетінен әкелген уколдың қақпағын ашты, сосын шайқап-
шайқап жіберді де ұшы тесік инемен шыны құтыдағы 
сұйықтың бәрін шприцпен сорып алды. Дәрігер атаулының 
қанына сіңген әдетпен шприцтің ине кигізілген басын жоғары 
қаратып шертіп қойды да, ауасы шығып кетсін дейтін 
түсінікпен шприцтің тұтқасын басты. Сұйық дәрі иненің ұшына 
жетті-ау деген сәтте тӛсекте талықсып жатқан жігіттің жанына 
келді. Бойын бұрын-соңды болмаған үрейлі діріл билеп алған. 
«Адам ӛлтіру оңай дейсіз бе?!» 
«Жаның жәннәтта болсын бауырым!». Азат бос қалған 
шприцті темір қалбырдың ішіне тастай салды да, шеткері 
тұрған орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Қол-аяғын билеген 


діріл әкетіп барады. Жүрегі лоблып, құсқысы келетін сияқты. 
Бағанадан бері адам денесіндегі тіршіліктен бірқалыпты, баяу 
белгі беріп тұрған кардиологиялық аппараттың дыбысы 
жылдамырақ шыға бастады. «Тың-тың-тың-тың». Азат екі 
құлағын тарс бекітіп алды. Бірақ әлгі дыбыс та қояр емес. 
Қанша уақыт отырғаны белгісіз, құлағын жауып алған екі 
қолын босатса, бағанағы үзік дыбыс бірыңғай әуенге кӛшіпті. 
Аппараттың экранына қарап еді ирелеңдей ӛрілетін ӛркешті 
сызықтың орнына түп-түзу сызық пайда болыпты. «Бәрі бітті. 
Кешір мені Жаратқан! Сен де бауырым». Ол қиралаңдай басып 
бӛлмеден шығып кетті. 
* * * 
Таңғы асқа отырған үшеуінде де үн жоқ. Кӛрер таңды 
кӛзбен атқызған Азаттың кӛзінің айналасы кӛлкілдеп ісіп 
кеткен. Мазасы да қашып тұрған тәрізді. Сабағыма кешігіп 
қаламын деп баласы алдындағы асын шала-пұла асап жатыр. 
Шай құйып отырған әйелі ғана асықпағандық кейіп танытады. 
− Пап, а, пап, − деді ұлы Марат. 
− Не болды, балам 
− Кӛзіңіз неге ісіп кеткен? 
− Жәй, әншейін, ұйқым келмей.., оның үстіне кеше қатты 
шаршадым. 
− Әкеңнің жұмысы қиын ғой балам. Үнемі елдің қамын 
ойлап жүргені. Ӛлейін деп жатқан адамдардың жанын сақтап 
қалу оңай шаруа емес қой, − деді шай құйып отырған Тоғжан. 
− Пап, машинаны бүгін мен айдайыншы. 
− Қайда барайын деп едің? 
− Ешқайда бармаймын, просто, қазір біз зауытта 
практикадан ӛтіп жатыр едік. Сәл алыстау. 
− Жарайды, бірақ байқап жүр. Алматыда машина тым кӛп. 
Сен біреуді қақпағаныңмен, сені біреу қағып кетуі мүмкін. 


− Иә, абайлап жүрші балам. Мәшинесі құрысын, ӛзіңе абай 
бол, − деді анасы әкесін қоштап. 
− Құдай сақтасын. Ештеңеге ұрынбаспын. Әумин, − деді 
ұлы дастархан басынан тұра бере бетін сипап. 
− Кілт айнаның алдында тұр. А-а, айтпақшы, Марат, 
практикаңнан шыққаннан кейін уақытың болса машинаны 
техосмотрдан ӛткізіп алшы, − деді Азат тӛргі бӛлмеге қарай 
ӛтіп бара жатқан ұлына. 
− Ага, келістік пап. 
Жұмысқа келгеннен кейін байыз тауып бір орында отыра 
алмады. Кабинетінің ішінде сенделіп жүрді де қойды. Ӛзінің 
жеке қарауындағы пациенттеріне кіріп шықты. Бәрі дұрыс. 
Бірақ құрғыр кӛңілі әлі ӛрекпіп тұр. Басылар емес. Жанын 
қоярға жер таппайды. Бұрышта тұрған теледидарды қосып еді, 
тұщымды ештеңе жоқ екен. Арналарды ары-бері ауыстырып 
кӛрді де қайтадан сӛндірді. Ақырғы тапқан ермегі күнгей жақ 
қабырғада ілулі тұрған Қазақстанның картасы болды. Батыс 
пен Шығыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің біраз қалалары мен 
ауылдарын шарлап шықты. Сосын Іле ӛзенінің бойындағы 
ӛзінің туған жерін біраз айналшықтап тұрды. Есіне бірнәрсе 
түсіп кеткендей жұмыс үстелінің үстіндегі сауыт тәріздес 
қорапшаның ішіндегі қызыл қою қаламсапты алып, туған 
ауылының атын бояп қойды. Ӛз ісіне масаттанған бала сияқты 
қызыл түске боялған Алматы мен Астана қалаларынан кейін 
тұрған ӛзінің ауылының атын қызықтай қарады. Тұра-тұра аяғы 
талғаннан соң ӛз орнына жайғасты. Шаршағаны да анық сезіліп 
тұр. Табанында дӛңгелегі бар жылжымалы орындығының 
арқалығын түсіріп, шалқая жатқаны сол еді, кірпіктері айқасып, 
қалғып кетіпті. 
− Азат Каримович, Азат Каримович. − Жұмысқа 
тұрғанына жаңадан ғана апта болған Жанар есімді хатшы қара 


қыз тақылдап тұр екен. − Азат Каримович, сізге бір кісі келіп 
тұр. Кірсін бе 
− Не қылған адам? 
− Білмеймін. Сізбен сӛйлессем дейді. 
− Жарайды, кірсін. 
Есік тарс жабылды. Арғы жақтан хатшы қыздың сӛйлеп 
жатқаны еміс-еміс естіледі. 
− Ассалаумағалейкум, ағасы, − деді есікті еппен ғана 
жапқан ақсары жігіт. Ӛңі қашып тұр. Шамасы отыздың о жақ, 
бұ жағына шығып қалған-ау. 
− Уаликім, − деді Азат жас жігіттің қолын ала бере жүзіне 
тура қарап, − иә, не шаруамен жүрсіз? Айта отырыңыз. Келіңіз, 
мұнда жайғасыңыз. 
− Аға ӛз басым жұмыс істемеймін. Шиттей тӛрт балам бар. 
Әйелім де жұмыс істемейді, баламен отыр. Оларды асырап 
жүрген жалғыз мәшинем бар еді. − Ол сәл ойланып қалды. 
«Бұны несіне маған айтып отыр? Әлде кӛмек сұрап келген 
туыс-муыс, жекжат-жұрағаттың бірі ме? Әй, осыларда алақан 
жаюын қоймайды екен». 
− Ӛзім ала таңның атысынан қас қарайғанға дейін 
таксовайт етемін. 
− Кешіріңіз, мен сіздің не айтпақ болғаныңызды түсіне 
алмадым?, − деді Азат бұдан әрі оның әңгімесін тыңдауға 
құлықсыз екенін сездіріп. 
− Общем, ағасы... 
− Тоқ етерін айтыңызшы. 
− Қысқасы ағасы, бағана үйдегі бала-шағаға нәпақа іздеп 
қара жолға шыққам. Сосын қарғыс атқыр осы кӛшеге түсе 
қалмаймын ба. Мен жүріп келе жатқан кӛше главный болғасын 
мәшиненің жылдамдығын қаттырақ басқам. Кенет күтпеген 
жерден, қайдан пайда болғанын ӛзім де білмеймін, бір қуыстан 
жасыл «тойотаның» атып шыққаны. Рӛлде жап-жас бала. Мен 


қанша тежегішті басқаныммен, машина сырғанаған күйі оны 
бүйірден соқты. 
− Сӛздің қысқасы, авария жасадыңдар. Анау «тойотадағы» 
жас бала кінәлі, да?, − деді Азат алдындағы отырған жігіттің 
жүзіне барлай қарап. 
− Иә, әрине ол кінәлі. Бірақ бала қатты жарақаттанды. 
«ГАИ-ға» да хабарламадым. «Жедел жәрдемді» шақырып, 
келгенін күтсем жүріп кететін сияқты. Сосын елдердің айтуы 
бойынша жақын маңда сіздің емханаңыз бар екенін білдім де, 
әлгі баланы осында алып келдім. − Ол терең тыныстап бір дем 
алып алды. − Осыдан бір сағат бұрын әкелгем, врачтар 
операция жасамас бұрын ақшасын тӛле деп отыр. 
− Ну, и что, бұл мемлекеттік емхана емес қой. Біз 
частныймыз. Осы операциядан түсетін ақшаға күн кӛріп 
отырмыз. 
− Дұрыс, ағасы, мен сізді түсініп отырмын. Бірақ менде 
тап қазір операцияға тӛлей қоятын екі мың доллар жоқ. Бағана 
айттым, бала-шағамды таксовайтетіп асырап жүрмін деп. 
− Не, ол баланың ата-анасы жоқ па? Неге ақшасын сен 
тӛлеу керексің? Солар тӛлесін, − деп үстел үстіндегі жасыл 
телефонды басып қалды да, − Жанар, маған емханаға жаңадан 
түскен пациентті қарап жатқан дәрігерді шақырып жіберші, − 
деді. Телефондағы дауыс құмығып естілді: − Жақсы, Азат 
Каримович. 
− Енді маған не істе демексіз? − Азат алдында отырған 
жігітті жаңадан кӛріп тұрғандай таңырқай қарады. 
− Не істе дегенде... сіздер операциясын жасай берсеңіздер. 
Мен баланың әке-шешесін тауып алып, жағдайды түсіндіріп 
айтып, ақшасын әкеп берер едім. Шындығы керек, қатты 
қиналып тұрмын. Ӛзіңізді менің орныма қойып кӛріңізші. 
Менің басыма түскен іс сіздің басыңызға түссе... 


− Неғып түседі менің басыма?! Никогда түспейді!, − деді 
Азат ала-шапқын ашуланып. − Қайдан табасың ол баланың 
туғандарын?! 
− Мен бағана оның документтерін алып қалғам. − Жігіт 
тӛс қалтасындағы әмиянды суырып алды да Азаттың алдына 
қарай ысырып қойды. 
Азат қызғылт-күрең амиянның ішкі қалталарына салынған 
құжаттарды енді аша бергені сол еді, кабинетіне осы 
емханадағы ӛзінен кейінгі аса мықты, әрі тәжірибелі деп 
саналатын Ақыл Манасұлы кіріп келді. 
− Келіңіз, Ақыл Манасович, отырыңыз, − деді Азат ӛзінің 
оң жағындағы бос тұрған орындықты нұсқап. 
− Шақырған екенсіз, келіп қалдық. 
− Аһа, рахмет келгеніңізге. Ақыл Манасович, жағдай 
былай болып тұр. Сіз қабылдап алған бала автокӛлік 
авариясына түскен екен. Бірақ мына кісінің айтуына қарағанда 
бала ӛзі кінәлі сияқты. Енді бұл кісі операцияға тӛлейтін менде 
ақша жоқ деп отыр. Не істейміз? 
− Жасайсыңдар ма жасамайсыңдар ма?! Маған соны 
айтыңдаршы?! − Ақсары жігіт ашудан қалш-қалш етеді. − Адам 
мына жақта ӛлейін деп жатса, сендер ақша сұрап отырсыңдар! 
− Кешіріңіз, ашуланбаңыз, сабыр сақтаңыз. Сабыр, сабыр. 
Бұл сізге айқайлайтын ӛз үйіңіз емес. Бұл емхана, − деді Азат 
жігітті сабасына түсірмек оймен. 
− Қайдағы емхана, бұл − нағыз адам ӛлтіретін жер! Сендер 
ӛстіп езіліп отырғанда ана жақтағы ақ халаттылардан үміт күтіп 
жатқан байқұстар бақилық боп кетеді! 
− Қойыңыз, тіл тигізбеңіз. Дәрігер атаулы адам жанының 
арашашысы. Ақ халатты абзал жандар... 
Ақыл сӛзін аяқтай алмай қалды. 
− Қайдағы адам жанының арашашысы?! Анда бала ӛлейін 
деп жатыр, мұнда сендер ӛздеріңді адам жанының 


арашашысымын деп бӛсіп отырсыңдар. Ақ халатты абзал 
жаннан садақа кетіңдер, албасты жан... Еще «Гиппократқа» ант 
береді. Адал боламыз деп. 
− Отырыңыз! − Азат орнынан атып тұрды. − Отырыңыз!.. 
− Ақыл Манасович, − деді Азат араға орнаған сәл 
үнсіздіктен кейін, − баланың жағдайы қалай? 
− Жағдайы мәз емес. Ауыр хәлде. Операцияға ӛзіңіз 
түспесеңіз болмайды. Іш құрылыстарының бәрі аса қатты 
жарақаттанған. Ішке қан ұйып қалған және де менің болжауым 
бойынша ішектер үзілген сияқты. 
− 
Айналайын 
ағатайлар-ау, 
тезірек 
операциясын 
жасаңыздаршы. Әлі аузынан ана сүті кеппеген бала ғой. Ең 
құрығанда ӛмірін сақтап қалыңыздаршы. Мен сіздерге ақшасын 
екі есе қып тӛлейін. Уәде берем. 
Жас жігіттің жалынышты үнінен екеуі мырс етіп күліп 
қойды. 
− Жарайды, ӛзіңіздің құжаттарыңызды тастап кетіңіз. Біз 
сізді осында күтіп отырамыз. Қашан ақшасын толық тӛлейсіз, 
сол кезде операция басталады. 
Осы кезде телефон безілдеп қоя берді. 
− Алло, − деді Азат тұтқаны құлағына тақай бере, − иә, иә, 
мен. А-а, Ақыл Манасович па, ол да менде отыр. Не боп қалды? 
Жағдайы ауырлап бара жатыр. Жақсы, түсінікті. 
Ақыл орындығынан кӛтеріліп кетті. 
− Азат Каримович, бағанағы бала ма? 
− Иә, жағдайы қиындап бара жатыр екен. Тез барыңыз. 
Артыңыздан мен де барам. 
− Дәрігер мырза, маған ана баланың құжаттарын берсеңіз. 
Әйтпесе мен оның адресін, ата-анасын қалай табам? − деді 
ақсары жігіт кетуге ыңғайланып. 
− Ә, иә, қазір берем. − Орнынан кӛтерілген Азат шашылып 
жатқан қағаздардың арасынан қызғылт-күрең әмиянды алды да 


ішкі қалтасында тұрған жеке тӛлқұжатты суырып алды. Кенет 
кӛзі шарасынан шыға жаздап бақырайып кетті. Тұп-тура 
айнымаған ӛз баласы. Тӛлқұжаттың суретіндегі. Тағы да 
бажайлап қарады. «Тегі: Каримов. Аты: Марат». Ӛмірінде бір 
мәрте болса да Алланың атын атап кӛрмеген Азат бірнеше 
секундтың ішінде құдайға мың мәрте жалынып, қалған 
мәліметтердің сәйкеспеуін тіледі. Кӛзін бір саты тӛменге салды. 
«Әкесінің аты: Азатович. Туған күні, айы, жылы: 07.11.1986». 
Азат сылқ етіп отырып қалды. 
Осыдан жиырма бес жыл бұрынғы, сона-а-а-у студент 
кезіндегі қабылдаған анты қайта-қайта құлағына келе береді: 
«Антты бұлжытпай орындағаным үшін ӛмірде де, ӛнерде де 
бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бӛленгеймін; 
Жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын!». 
Ақсары жігіт түкке түсінбеген күйі аңырып тұр. Кенет 
алдындағы дәрігер орнынан атып тұрып, сыртқа қарай 
жанұшырып жүгіре жӛнелді. Бұл да артынан жүгіріп шыққан. 
Дәрігер дәлізді бойлай, операциялық бӛлмені бағыттап, құстай 
ұшып барады екен. Бұл орнында тұрып қалды. Бәрібір 
бӛтендерге кіруге болмайды. 
«Жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын!». 
«Ант атсын! Ант атсын! Ант атсын!». Құлағы шулап қоя 
берген. «Расыменен-ақ мені ант ұрғаны ма?» 
Жылжымалы тӛсекке таңылған баласының жүзіне үңілді: 
сұлқ жатыр. Құлағы құрғыр ештеңені естімейді. Оған тӛніп 
тұрған Ақыл Манасұлына қарады: оның бас шайқағанын ғана 
кӛрді. Тура қарсы алдындағы кардиологиялық аппаратқа кӛзін 
салды: түп-түзу сызық. «Ты-ы-ы-ы-ң». 
Ақыл қолындағы резеңке қолғабын шешкен кезде 
айналасындағы дәрігерлер мен медбикелер ақырындап сыртқа 
шыға бастады. Ең соңында Ақылдың ӛзі де есікті жауып, 
ұзынша созылған орындыққа отыра кетті. 


Баласының ӛлі денесіне қарап тұрған Азаттың жылағысы 
келген. Бірақ кӛзінен жауынның тамшысындай да жас 
шықпады. Кӛз алдынан ӛткен жолғы жігіттің жазықсыз бейнесі 
кетер емес. «Ӛлтірмеңізші, ӛтінемін, құтқарыңызшы!». 
Кенет оның жүрегі бордай езілді. Не болғанын енді ғана 
түсінгендей аңырап қоя берген. Буындары босап, ӛлі дененің 
үстіне бар салмағымен құлап түсті. Басы дәл жүректің үстін 
ұрған екен, баласының жүрегіне құлағын тосқан күйі тәңіріне 
жалбарына берді, жалбарына берді. Екінші мәрте антты 
бұзбайтындығына, егер баласы тірі қалса ақ халатпен мүлдем 
қоштасатынына уәде берді. Баласының жазығы жоқтығын, 
кінәлі ӛзі екендігін естімей қалмасын дегендей айқайлап 
айтқан. Ары қарай ештеңе есінде жоқ. Шаршаған дене 
талықсып түскен. 
Есін жиғанда әуелі құлағына кардиологиялық аппараттың 
дыбысы естілді. Адам денесінде тіршіліктің барын білдіретін 
үзілмелі әуен. Азат баласының денесінен басын кӛтермеген 
күйі кӛзін тӛңкере экранға қарады. «Мүмкін емес». Ӛз кӛзіне 
сенбеген адамның кейпінде басын шайқап-шайқап қойып тағы 
да қарады. «Шыққыр кӛзім шын кӛріп тұр ма?». Кӛзін жұмып, 
тағы да ашты. Тағы да үңіле қарады: ирелеңдеген сызық... 
...Ирелеңдеген ӛмір... 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет